Азақ журналистикасының тарихы» пәнінен тест сұрақтары

1. Нәзір Төреқұлұлы редакторлық еткен мерзімді басылымдар:

А. “Қазақ тiлi”, “Сарыарқа”, “Абай”
Ә.“Алаш”, “Бiрлiк туы”, “Сана”
Б. “Шолпан”, “Сәуле”, “Ақ жол”
В.“Қазақ мұңы”, “Темiр қазық”

Г. “Тiршiлiк”, “Еңбекшi қазақ”

2. “Серке” газетінің шығарушылары:

А. А. Құрманбаев, Д. Сұлтанғазин

Ә.Е. Абылайханов, Ж. Сейдалин

Б.Е. Иманбаев, Ж. Андреев

В.Б. Қаратаев, Ғ. Қараш

Г. Ш. Қосщығұлов, Х. Ибрагимов

3. “Серке” газетіндегі М. Дулатұлының жарияланымдары:

А. "Оян, қазақ!", "Асыл мұра"

Ә."Жер туралы", "Дума хақында"

Б."Жастарға", "Бiздiң мақсатымыз"

В."Алашқа", "Самодержавие туралы"

Г. "Бұратана ел", "Ғылым ғаламаты"

4. Қазақ баспасөзінің тарихында таралып үлгірмей цензураның күшімен тұтқындалып, жойылған басылым:

А. “Қазақстан” газеті

Ә.“Алаш” газеті

Б.“Сарыарқа” газеті

В.“Бірлік туы” газеті

Г. “Серке” газеті

5. “Айқап” журналы бетінде жарияланған қандай пікірталас мәселелері қазақ зиялыларының идеялық ұстанған көзқарасын айқындады:

А. Көшпелi тұрмыс пен отырықшылық, съезд шақыру мен төлтума жазу емлесi

Ә.Мектеп-медресе мен өнер-бiлiм, оқу-оқыту, халық емі мен дәрiгерлiк

Б.Дүниежүзiлiк экономика мен саясаттағы дағдарыстар мен шиеленiстер

В.Өнеркәсiп пен мал шаруашылығы, бау-бақша мен мақта өндiру кәсiбiн игеру

Г. Ұлттық саяси партия мен ұйым құру, алашорда автономиясын ресми айқындау

6. “Айқап” журналы бетінде араб қаріпті қазақ әліпбиіне тұңғыш рет реформалық жаңалық енгізген тұлға:

А. А.Байтұрсынұлы

Ә.Н.Күзембайұлы
Б.Ж.Сейдалин

В.М.Дулатұлы

Г. М.Сералин

7. 1905 жылы Қарқаралы жәрмеңкесінде патша ағзам атына жазылған арыз-тілекті (петицияны) қазақ зиялыларынан ұйымдастырғандар:

А.Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы

Ә.Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, А.Мәметұлы

Б.И.Арабайұлы, Д.Қашқымбайұғлы, Ә.Ғалимов

В.Ж.Тiлеубергенұлы, К.Тоғысұлы, Е.Сатыбалды баласы

Г. Б.Тәшенұлы, Х.Тұрсыналы баласы, Қ.Мамақанұғлы

8. “Қазақстан” газеті қашан, қайда жарық көрген:

А. 1911 ж., Орда мен Орал

Ә.1902 ж., Орынбор

Б.1905 ж., Ташкент

В.1900 ж., Омбы

Г. 1907 ж., Уфа

9. “Қазақстан” газеті редакторы мен авторлары:

А. С. Қожанұлы, М. Дулатұлы, С. Сейфуллин

Ә.М. Сералин, Ғ. Байдiлдин, М. Жұмабайұлы

Б.Е. Бұйрин, Ғ. Қараш, Б.Қаратаев, С. Меңдешұлы

В.Ж. Аймауытұлы, Р. Дүйсенбаев, Б. Майлин

Г. С. Садуақасұлы, Қ. Кемеңгерұлы, М. Тынышбайұлы

10. «Айқап ” журналы қашан, қайда жарық көрді:

А. 1900 ж., Уфа

Ә.1905 ж., Қазан

Б.1907 ж., Омбы

В.1911 ж., Троицкi

Г. 1910 ж., Орынбор

11. «Айқап ” журналының тұрақты айдарлары:

А.“Асыл мұра”, “Әдебиет майданы”, “Тiл тұғыры”, “Асылдың сынығы”

Ә.“Телеграммалар”, “Оқу-ағарту”, “Әйел теңдiгi”, “Жер – ел болашағы”

Б.“Өлең-жыр”, “Фельетон”, “Хабаршыларымыздан”, “Ашық хат”, “Басқармадан жауап”

В.“Жер-жерден”, “Ел-елден”, “Iшкi хабар”, “Сыртқы хабар”, “Ауылдан хабар”

Г. “Сырт елдерде”, “Хат-хабар”, “Оқшау сөз”, “Фельетон”.

12. «Айқап ” журналының редакторы мен авторлары:

А. Ж.Аймауытұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Тынышбайұлы

Ә.М.Сералин, Ә.Ғалимов, С.Торайғырұлы, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев

Б.Р.Дүйсенбаев, М.Бекетов, Ғ.Балғымбаев, Б.Адықов

В.Ғ.Тоғжанұлы, Ш.Айманов, Қ.Жаленұлы, Т.Жүргенұлы

Г. А.Шонанұлы, Н.Төреқұлұлы, И.Қашқымбайұлы, О.Әлжанұлы

13. “Серке”газетінің жарыққа шығуын алдын ала жар салып, хабарландырған татар басылымы:

А. “Уақыт” газеті

Ә.“Халық” газеті

Б.“Аң” журналы

В.“Улфат” газеті

Г. “Юлдуз” газеті

14. “Қазақ” газеті қашан, қайда жарық көрді:

А. 1900 ж., Орал

Ә.1907 ж., Омбы

Б.1910 ж., Қазан

В.1911 ж., Троицкi

Г. 1913 ж., Орынбор

15. “Қазақ” газетінің редакторы мен авторлары:

А. Х. Сосновский, Е. Иманбаев, Ж. Андреев, М.Ж. Көпеев, Ж. Ақбайұлы

Ә.С. Қожанұлы, М. Шоқай, Б. Жүндiбайұлы, М. Тынышбайұлы, М. Сералин

Б.А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ә. Бөкейхан, Ш. Құдайбердіұлы, Х.Досмұхамедұлы

В.Б. Қаратаев, М. Жолдыбаев, Б. Бекжанов, Н. Айтмұханбетов, Е. Хасаболатов

Г. Р. Дүйсенбаев, Ж. Аппасов, Д. Иманқұлов, Қ. Жаңатаев, А. Құрманбаев

16. А. Байтұрсынұлының “Қазақ” газетінде оқу мәселесіне арналған жарияланымдар:

А. “Оқу жайы”, “Қазақша оқу жайы”, “Бастауыш мектеп”, “Мектеп керектерi”, “Оқу мезгiлi”

Ә.“Оқу туралы”, “Бiлiм мәселелерi”, “Мектеп қандай болу керек”, “Жаңа оқулықтар”

Б.“Жаңа әлiппе”, “Бiлiм – болашақтың қамы”, “Бiз неге артта қалдық”

В.“Жаңаша оқу”, “Қазаққа не керек?”, “Ертеңнiң қамы бүгiннен”, “Ғылым-бiлiм бiлгенге”

Г. “Мектеп мерейi”, “Оқу туралы бiрер сөз”, “Мәдениет ошағы”, “Алтын дiңгек”

17. Қазақ зиялыларын алған бір ортақ ұлттық мүдде төңірегіне топтастырып, қоғамдық пікір туғызған басылым:

А. “Дала уалаяты газеті”

Ә.“Түркістан уалаяты газеті”

Б.“Қазақстан” газеті

В.“Айқап” журналы

Г. “Серке” газеті

18. Ә. Бөкейханның "Қазақ" газетіндегі жарияланымдары:

А. "Жер iздеген қазақтар", "Бас қосу турасында", "Азып-тозып кетпеске не амал бар?"

Ә."Жер мәселесi", "Қазақ hәм жер мәселесi", "Сайлау саясаты"

Б."Донос", "Қайсысы пайдалы", "Жер жоспарлану және жерге орналасу мәселесi"

В."Қазынаға кеткен жерлер", "Орыс, қазақ ауылдары", "Балқан жайынан"

5. "Неміс мәдениеті", "Башқұрт жерi", "Мен кадет партиясынан неге шықтым", "Мұсылман сиезі"

19. М. Дулатұлының "Қазақ" газетіндегі жарияланымдары:

А. "Бұл қалай?", "Ұйым керек", "Қала болудан қайту"

Ә."Жер жалдау", "Жер сату", "Қазақ hәм жер мәселесi"

Б."Мұсылман iстерi хақында", "Шоқан Шыңғыс ұғлы Уәлихан", "Чума жайынан"

В."Қазақ керегi", "Қайсысы пайдалы", "Жер мәселесi"

Г. "Бас қосу", "Қазынаға кеткен жерлер", "Қоныс аудару саясатына қарсылық"

20. "Қазақ " газетінің 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты ұстанымы:

А.Патша жарлығына қарсы шығу, тыл жұмысына барудан бас тарту қазақ халқына жазалау әскерін шығарып, үлкен шығынға әкеліп соғады, сондықтан ел амандығы үшін жарлықты орындауға шақырды

Ә.Көтерілісшілерді қолдады

Б.Ұлт-азаттық көтерілісіне саяси басшылық жасап, ұйымдастырушысы болды

В.Екіұшты саясат ұстанды

Г. Қазақты оққа айдап салды

21. Таза қазақ емлесімен жарық көрген тұңғыш басылым:

А. “Қазақстан” газеті

Ә.“Айқап” журналы

Б.“Алаш” газеті

В.“Сарыарқа” газеті

Г. “Қазақ” газеті

22. Қолжазба "Садақ " журналы қашан, қай қалада таратылған:

А. 1907 ж., Петербург

Ә.1913 ж., Орынбор

Б.1911 ж., Троицкi

В.1914 ж., Омбы

Г. 1915 ж., Уфа

Наши рекомендации