Тақырып. Негізгі капитал
Негізгі өндірістік қорлар белгіленуіне байланысты өндірістік және өндірістік емес деп жіктеледі.
Өндірістік – бұл өндірістік процесте қолдану үшін арналған, ал өндірістік емес – бұл кәсіпорын балансындағы жұмысшылардың мәдени-тұрмыстық және басқа да қасиеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылатын медициналық бөлімшелер, қоймалар және т.б.
НӨҚ өндірістік процеске қатысу дәрежесіне байланысты екі топқа бөлінеді:
А) активті ӨҚ;
Б) пассивті ӨҚ;
Активті бөлігі (ӨҚ) (машиналар және құрал-жабдықтар) өндіріске, өнімнің саны мен сапасына тікелей әсер етеді, ал пассивті бөлігі (ӨҚ) өндірістік процесс үшін қажетті шарттарды жасайтын элементтер (құрылыстар және ғимараттар).
Кәсіпорынның – НӨҚ өзінің функцияларын орындаған кезде шаруашылық айналымды жасайды, ол келесі кезеңдерден тұрады:
· НҚ тозуы;
· НҚ аммортизациясы;
· НҚ толық қайтару үшін қор жинау;
· оларды ауыстыру;
НҚ кез келген объектілеріне физикалық және моральдық тозуға ұшырайды.
Физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен олар біртіндеп өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтады, жарамсыз болып қалады және өзінің функцияларын одан әрі орындай алмайды. Физикалық тозуды жөндеу және модернизация жолдарымен қалпына келтіру болады. Ал моральды тозу – құрылысы, өнімділігі және шығаратын өнімнің сапасы жағынан ескерген ӨҚ-лар техникасының жаңа үлгісінен (дамуы жағын) қалып қойғандықтан, оларды ауыстыру қажеттілігі туындайды, әсіресе, активті бөлігі. Қазіргі экономикада НӨҚ ауыстыру қажеттілігін анықтайтын негізгі фактор – моральды тозу болып табылады.
Шет ел компанияларының жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, лизинг түрде құрал-жабдықпен сауда-саттық жүргізу жалғыз капитал-салымды төмендетуге мүмкіндік береді, демек, бизнестің тез көтеріліп, дамуы үшін, қолайлы жағдай жасайды.
Барлық кәсіпорындар НҚ қозғалысының есебін жүргізу керек, бұл есеп НҚ-дың жалпы көлемін, оның динамикасын, өндірістік шығын деңгейін және шығарылатын өнім сапасын, т.б. жоғарылатуға мүмкіндік береді.
2. НӨҚ амортизациялануы.Негізгі қорлардың ерекшелігі болып – оның құнының бір бөлігі дайын өнімнің құнына көшуі (ауысуы) болып табылады. Бұл ауысу келесі түрде жүргізіледі: НҚ эксплуатациясы кезінде олардың толтырылуы жүргізілуі тиіс (орындалуы). Өнімді шығаруға және орындалған жұмысқа кететін шығынға НҚ құнын ауыстыру жолымен оның орнын толтыру – аммортизациясы деп аталады. Аммортизация НҚ біртіндеп немесе толық қайтару мақсатымен ақшалай жинақталудың көмегімен жүзеге асырылады.
Амортизациялық шығарылымдардың көлемі кәсіпорын экономикасына маңызды әсер етеді. Шығарылым көп болса, бір жағынан, кәсіпорынның шығын көлемін жоғарылатады, сондықтан, өнімнің бәсекеге қабілеттігі және пайда көлемі төмендейді. Ал, екінші жағынан, шығарылымдардың азаюы – НҚ алуға жұмсалған қаражаттың айналым мерзімін созады, ал ол дегеніміз бәсекелестіктің төмендеуіне және нарықта өзінің позициясын жоғалтуға алып келеді.
Амортизация нормасы – бұл бір жылға НҚ әрбір түріне аммортизациялық шығарылымның процент бойынша бекітілген (орнатылған) өлшемі. Амортизациялық норма (Н) келесі формула бойынша анықталады:
Н= *100
мұндағы: Фn - НӨҚ-ның бастапқы (алғашқы) құны;
Т – берілген НӨҚ нормативті жұмыс істеу уақыты (мерзімі).
Мысалы, егер НӨҚ бастапқы құны (станоктың) 40 мың теңге құраса, ал қолдану уақыты – 5 жыл болса, онда жылдық амортизация нормасы мынаны құрайды:
Н= *100=20%
Амортизациялық шығарылымдардың жылдық суммасы (қосындысы):
А=
НҚ станоктың бастапқы құны 40 мың теңге және оны қолдану уақыты 5 жыл болған кезде:
5+4+3+2+1=15 жыл
Объектіні қолдану жылдары бойынша амортизациялау:
1 жыл: 5/15=3373%; 40 мың т. *33.3%=13.32 мың т.
1 жыл: 4/15=2677%;40 мың т. *26.7%=10.68 мың т. және т.б.
Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні.
Заңды тұлға ретінде тіркеуден өткенде банк шотын жарғылық капиталды, нақты ақша сомасын енгізу.
Жарғылық қор – болашақтағы міндеттемелері бойынша заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізуге және оперативті жүргізуге мүлікті енгізу.
Жарғылық капитал келесі есептен артады:
а) пайда; б) акцияны, субсидияны шығарудан.
Шығыс нәтижесі:
а) мүлікті шығындау; б) физикалық және моральдық тозу; в) тиімсіз пайдаланғандықтан.
Тозудың проценттік құны мен есебінің өзгеруі жыл сайын кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде сипатталады. Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың бөлінуі: а) негізгі капитал (қор); б) айналым капиталы (қор).
Негізгі капиталға (қор) үй-жайлар, ғимараттар, ұзақ мерзім пайдаланатын жабдықтар, қызмет көрсету мерзімі 12 айдан асатын техника жатады.
Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорларға да бөлінеді.
Негізгі өндірістік қорларға жататаындар, оған өндірістік циклға қатысатындар жатады (ғимарат, машиналар, технологиялық жабдықтар және т.б.).
Негізгі өндірістік емес қорларға жататындар: медицина ұйымының объектілері, мектептер, емдеу санаториялары, асханалар және т.б.
Өндірістік негізгі қорлар пайдалануына байланысты салаларға бөлінеді: өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация т.б.
Пайдалану мерзіміне сәйкес активті және пассивті негізгі қорларға бөлінеді. Активтілер бір жыл ішінде қолданылады. Ал пассивтілер белгілі мерзімде қолданылады.
Өнеркәсіптерде негізгі өндірістік қорларды пайдалану мерзімі бойынша бөледі: 5 жылға дейін бөлу, 5-тен 10 жылға дейін; 10-нан 20 жылға, 20 жылдан жоғары. 20 жылдан кейін жабдықтардың кейбір түрлері физикалық және моральдық тозып отырады. Бұл жөндеуге кететін шығындарды арттырады, әрі тиімсіз болады. Негізгі қорлар құрылымына әсер ететіндер:
- тауарлық өнімнің өндірістік көлемі; климаттық жағдай; өндірілетін тауарды сипаттау.
Негізгі қорлар алғашқы құн, тұрақтандыру, қалдық құны бойынша бағаланады.
Жабдықтың тозуына жататындар:
- табиғи күштердің, технико-экономикалық сипатының физикалық тиімсіздігі.
Ұдайы өндіріс - өндірістік қатынасқа жұмысшылар күшін, материалдық жетістікті енгізе отырып, өндіріс процесін тұрақты жаңартып отыру.
Қарапайым ұдайы өндірісті бөлу – онда өндіріс кеңейтілген көлемде масштабын арттыру.
Кеңейтілген ұдайы өндірісте қосымша өнімнің бір бөлігі нақты өндірістің технологиясын арттырып және жаңарту үшін қолданылады.
Бөлінеді: экстенсивті ұдайы өндіріс, яғни нақты жабдыққа материалдық және еңбек ресурстарын қосымша қолдану.
Интенсивті – шығарылатын өнімнің бір бірлігіне есептегенде материалдық және капитал ресурстарының сақталуы, жабдықты тиімді пайдалану.
Өндірістік және қаржылық лизинг
Лизинг – лизинг алушымен (кәсіпорын) және лизингке берушінің арасындағы ұзақ мерзімді келісімді (келісім, контракт) айтамыз.
Тәртіп бойынша, лизингтік келісім 3 жылдан 7 жылға дейін бекітіледі, бірақ кейде одан да ұзақ мерзімде жүргізіледі. Жалға алушы алғашқы салымды техниканы немесе ғимаратты алу барысында төлейді – жылына рет. Қызмет мерзімі айлық 80% лизингтік ставканы құрайды. Лизинг құрамының құны мына формуламен есептеледі:
Ле=(Ц+П+Н+С)/М
Мұндағы: Ц – жабдықтың, техниканың сатып алу бағасы; П – несие бойынша процент (лизингтік компанияның пайдасы есептеледі); Н – салықтар; С – сақтандыру; М – жалдау мерзімінің айлық саны.
Лизинг (ағыл – leaz - аренда) – мүлікті жалға алу (автокөлік құралдарын, жабдықты, машина) яғни төлем соммасын жүргізбей тұрып қазіргі техниканы пайдалану мүмкіндігі бар. Қаржылық лизинг – жалға беру мерзімі аралығында жалға берушінің пайдасы мен амортизация соммасын максималды жабатын келісім формасы. Келісім мерзімі аяқталған соң, жалға алушы жалға алынған техниканы қайтарып береді немесе жалға алу мерзімін ұзартып отырады. Негізгі қорлардың қызмет көрсету мерзімі бойынша физикалық тозу келесі формуламен есептеледі:
Инегіз қор.тозуы =Фқызметмерзімі / Нормат. Қызмет мерзімі
Әр жыл сайын жабдықтың құны инвентаризация нәтижесі бойынша 1 жылға қайта бағаланады және оның алғашқы құнынан 10-12%-ке төмендейді.
3.Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері
Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерін анықтау үшін негізгі қорлардың өндірісін (олардың баланстық құнын) және оны тұтынуға және күрделі жөндеуге кеткен шығындар соммасын оның қызмет көрсеткен нормативті кезеңіне бөледі.
Негізгі қорларды тиімді пайдалану бірнеше көрсеткішпен сипаттайды. Олардың ішінде қор қайтарымы мен қор сиымдылығы бар. Қор қайтарымы негізгі қорлардың бір бірлігіне есептегендегі алынған нәтижемен сипаттайды.
Атап өтерлік жайт, күрделі жөндеудің кейбір түрлері капитал салымына кірмей, жеке түрде есептеледі. Оған негізгі қорды қалыптастыруға және күрделі жөндеуге кеткен шығындар жатады. Капитал салымының жалпы және салыстырмалы тиімділігін жеке сипатталады.