Авариялық химиялық қауіпті заттармен туындайтын төтенше жағдайлар
Өндірісте қолданылатын мейлінше көп таралған өте-мөте күшті улы заттар хлор мен аммиак болып табылады.
Хлор- адамды тұншықтыратын, иісі күшті жасыл сарғыш түсті газ. 5-7 атмосфералық қысым кезінде сұйыққа айналады. Осындай жағдайда жабық сақталады және тасылады. Суда жақсы ериді. Өндірістің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оның басым көпшілігі коммуналдық шаруашылық саласындағы ауыз сулар мен ағын суларды тазарту мен зиянсыздандыруға қолданылады.
Адамның жоғарғы тыныс жолдарына қатты әсер етеді. Газдың көп шоғырланған жағдайында өкпе ісінеді. Сондықтан да хлормен зақымданған кезде жасанды түрде тыныс алдыруға болмайды. Газ түріндегі хлор/ауада буланған кезде/ ауадан 2,5 есе ауыр болады. Сондықтан да ол бұлт түрінде жер бетіне таяу шөгеді, неғұрлым төмендегі қуыстарға, подвалдарға және басқа да терең орындарға жинақталады. Ондай жерге шоғырланған хлор концентраты адамды уландырып өлтіреді.
Аммиак- мүсәтір тәрізді иісті күшті түссіз газ. Суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан құрғақ түрі /4:3/мөлшерінде қопарылыс жасауға қабілетті. Ол -33 С температураға дейін салқындаған кезде түссіз сұйыққа айналады. Оның өте жоғарғы улы қасиеттері болады. Адамның жоғарғы тыныс жолдарына және көзіне қатты әсер етеді. Жоғарғы контрциялы болған кезде орталық нерв жүйесіне әсер етіп,адамның тұла бойын қалшылдатады. Көздің күйіп қалуы немесе үсіп кетуі теріні күйдіріп үсітуі де мүмкін.
Хлормен, аммиакпен немесе басқа да күшті әсер ететін улы заттармен зақымданған кезде химиялық зақымданған ошақтардың пада болғаны жөніндегі хабарды ести салысымен өзіңіз тұратын аудандағы немес жұмыс орынындағы үйдің есік-терезелерін неңұрлым тығыздап жабыңыз, газ құбырларын және электрмен жылытатын құралдарды тез өшіріңіз. Егер уақыт мұрша беретін болса, есіктердің, терезелердің қуыс-қуысының бәрін де ескі-құсқы қалдық заттарды суға малып алып, мұқият бітеп тастаңыз. Егер қажет болса әлбетте улы заттың буын байқасаңыз немесе иісін сезсеңіз, өндіріс орнында «В» маркалы сары түсті қорапқа салынған /хлорға қарсы/ немес «ҚД» маркалы сұрғылт түсті қорапқа салынған /аммиакка қарсы/ өнеркәсіптік противогазды киіңіз.
Ондай өнеркәсіптік противогаздар өндірісте не үйде жоқ болған жағдайда кез-келген маркадағы /егер ондай противогаздар сізге берілген болса/ азаматтық противогаздарды пайдаланыңыз. Олар тыныс алу органдары 30-100 минутқа дейін сенімді түрле сақтай алады. Бирақ аммиактың, метилхлоридтің және винилхлоридтің улы заттарынан сақтау екі-талай.
Ал протвогаздардың ешқандай түрлері жоқ болған жағдайда тыныс алу органдарына кез-келген кездемені суға батырып немес ас содасының 2 проценттік ерітіндісіне малып алып /бір стакан суға 1-2 шай қасық ас содасы ерітіледі/, немес киімнің түкті немесе мақта салынған бөлігін /жаға, мойынорағыш, жер/ баса қоюға болады. Тыныс алу органдарын хлордан сенімді түрде қорғаудың бір түрі өз несібіңізге немесе балаңыздың несібіне малынған кездеме байлама болып табылатынын да ұмытпаңыз.
Егер сіз химиялық зақымданған жерде бола қалсаңыз, газға толған пәтерде не үйде болсаңыз, тыныс алу органдарын қорғайтын жоғарыда көрсетілген қолда бар құралдарды немесе штатты құралдарды пайдалана отырып, ол зақымданған жерден радио хабарын берген диктордың айтқан жағына қарай шығуға асығыңыз. Онда желдің бағытына келсе көлденең жүру керек. Хлормен уланған жерде үйдің неғұрлым жоғарғы қабаттарына көтеріліп кетуге болады.
Зақымданған территорияда тез жүруге тырысыңыз, бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын шығармаңыз. Жабық аулалар, үйлердің кіре берісіндегі өтпе есіктер арқылы жүруден сақтаныңыз, сондай-ақ құрылыс жиі салынған учаскелерден, неғұрлым ойпаң жерлер мен жыралардан аулақ кетуге тырысыңыз. Өйткені ондай жерлерде улы заттардың қалдығы ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Желдің неғұрлым жақсы соғатын жағына қарай шығып кетуге тырысыңыз.
Зақымданған аймақтан шыққан бойда жақындарыңызға, балаларға, қарттарға, әсіресе уланып қалған адамдарға көмек көрсетуге тырысыңыз.
Егер сіз қауіпті химиялық кәсіпорында жұмыс істейтін болсаңыз, апат бола қалған жағдайда техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі нұсқауда көрсетілген шараларды орындауға тырысыңыз.
Хлордың буымен уланған адамды зақымданған аймақтан тезірек алып шығу керек, сөйтіп, мүсәтір спиртін иіскету қажет. Ас содасының ерітіндісімен оның көзін, мұрынын, ауызын және тамағын жуып шаю керек. Ыстық сүт немесе шай ішкізіп, жылы орынға жайлы жатқызуға тырысу керек. Өз несебіңізге немесе балаңыздың несебіне малынған кезде ме байлама болып табылатынын да ұмытпаңыз.
Егер сіз химиялық зақымданған жерде бола қалсаңыз, газға толған пәтерде не үйде бола қалсаңыз, тыныс алу органдарын қорғайтын жоғарыда корсетілген қолда бар құралдарды немесе штатты құралдарды пайдалана отырып, ол зақымданған жерден радио хабарын берген диктордың айтқан жағына қарай шығуғу асығыңыз. Онда желдің бағытына кесе – көлденең жүру керек. Хлормен уланған жерде үйдің неғұрылым жоғарға қабаттарына көтеріліп кетуге де болады.
Зақымданған территорияда тез жүруге тырысыңыз, бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын шығармаңыз. Жабық аулалар, үйлердің кіре берісіндегі өтпе есіктер арқылы жүріден сақтаныңыз. Сондай-ақ құрылыс жиі салынған учаскелерден, неғұрылым ойпан жерлер мен жыралардан аулақ кетуге тырысыңыз. Өйткенң ондай жерлерде улы заттардың қалдығы ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Желдің неғұрылым жақсы соғатын жағына қарай шығып кетуге тырысыңыз.
Зақымданған аймақтан шыққан бойда жақыңдарыңызға, балаларға, қарттарға, әсіресе уланып қалған адамдарға көмек көрсетуге тырысыңыз.
Егер сіз қауіпті химиялық кәсіпорында жұмыс істейтін болсаңыз, апат бола қалған жағдайда техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі нұсқауда көрсетілген шараларды рындауға тырысыңыз.
Хлордың буымен уланған адамды зақымданған аймақтан тезірек алып шығу керек, сөйтіп , мүсәтір спиртін иіскету қажет. Ас содасының ерітіндісімен оның көзін, мұрнын, ауызын және тамағын жуып-шаю керек,. Ыстық сүт немесе шай ішкізіп,жылы орынға жайлы жатқызуға тырысу керек.
Аммиактың буымен уланған адамды зақымданған аймақтан тез алып шағап, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Қажет болған жағдайда жасанды түрде тыныс алуына жәрдемдесу қажет.
Ауылшаруашылық малдары уланып қалатындай қауіп төнген кезде оларды мал қораларына қамап, оның есік-терезелерін, қуыс-қуыстарын мықтап бітеу керек. Сондай-ақ қауіпсіз аймаққа, жел жақсы соғатын орынға айдап шығу керек.
1.3.4 Соғыс кезінде туындайтын төтенше жағдайлар
Соғыстың түрлері:
1 Индивидтер арасындағы соғыс (төбелес)
2 Топтар арасындағы соғыс (қақтығыстар)
3 Ұлттар арасындағы қақтығыстар
4 Расалар арасындағы соғыс
6 Этностар арасындағы соғыс (қақтығыстар)
7 Мемлекетаралық соғыс
8 Цивилизация аралық соғыс
Индивидтер арасындағы соғыс екі адам арасындағы кикілжің , төбелес оның біреуі арандатушы (провакатор), екіншісі сол арандату іс-әрекетіне еліктеуші ( поддающийся к провакцию) Индивиддер арасындағы соғыстар топтар арасындағы соғыстарға (төбелес) ұласады.
Қарудың түрлері:
1 Ядролық қару
2 Химиялық қару
3 Биологиялық қару
4 Гендік қару
5 Психопропты қару : гипноздау, кодтау, зомбылау
1.3.4.1 Ядролық қару
Ядролық қару –уран және плутоний изотоптарының ауыр ядроларының ыдырауы кезіндегі тізбектелген реакцияларға немесе сутегі(декйтрий, тритий) изотоптарының жеңіл ядролары мен гелий изотоптарының ауыр ядроларының ыдырауы кезінднгі термоядролық реакцияларға негізделген жаппай қырып-жою ұаруы.
Ядролық қарудың негізгі зақымдаушы факторлары:
- соққы толқыны;
- жарық сәулесі;
- өткіш радиация;
- жарлыс орнының радиобелсенді заттармен залалдануы;
- электромагниттік импульс.
Соққы толқыны- бұл жарлыс ошағының дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен барлық бағытта тарайтын, кенеттен қысылған ауа қозғалысы.
Ядролық қарудың қуаты (q) тротилды эквивалентпен өлшенеді, демек белгілі бір мөлшердегі жарылғыш зат тротил жарылғанда қанша энергия бөлінсе, қуаты сол мөлшердегі ядролық қару жарылғанда сонша энергия бөлініп шығады.
Тротилды эквивалент тоннамен, килотоннамен, мегатоннамен белгіленеді.
Соғу толқынының фронтындағы артық қысым дегеніміз – соғу толқынының фронтындағы максималды қысым мен қалыпты атмосфералық қысымның айырмасына тең.
Артық қысымның бірлігі – паскаль (Па) немесе бір сантиметр квадрат ауданға түсетін килограммен өлшенетін күш (кгк/см2).
Ядролық зақымдану ошақтары шартты түрде төрт аймаққа бөлінеді: толық, күшті, орташа және әлсіз
Ядролық зақымдану ошағының мөлшері жарылыстың қуатына, түріне, жер бедеріне, құрылыстың сипатына, ауа райы жағдайларына байланысты болады.
Толық бүліну аймағы соғу толқынының фронтындағы артық қысым 50 және одан көп болғанда пайда болады. Толық бүліну аймағы бүкіл зақымдану аймағының 12%-ін құрайды.
Бұл аймақта тұрғын үйлер, өнеркәсіп ғимараттары, радиациядан қорғайтын баспаналар толығымен бүлінеді, жарылыс центрінің айналасындағы жер асты комунальды – энергетикалық торлар зақымдалынады.
Іздестіру – құтқару жұмыстары өте қиын жағдайда жүргізіледі. Баспаналарды үйінділерден тазартып, ішіндегі адамдарды құтқару жұмыстары жүргізіледі. Ең бірінші кезекте баспанаға ауа жіберіледі. Мұнда өрт болмайды, тек үйінділерде тұтанып, бықсып жану байқалады.
Күшті бүліну аймағы соғу толқынының фронтындағы артық қысымның 50-ден 30 кПа-ға дейінгі аралығында пайда болады. Бүкіл зақымдану ошағының 10%-ін құрайды.
Жер бетіндегі ғимараттар мен құрылыстар күшті бүлінуге ұшырайды. Баспаналар және жер асты комунальды – энергетикалық торлар сақталады. Ғимараттар мен құрылыстардың бүлінуінен жергілікті үйінділер пайда болады.
Халықтың қорғалмаған бөлігі бірталай шығынға ұшырайды. Адамдар үйінділер астында қалуы мүмкін немесе жарақаттар, орта дәрежелі күйіктер алуы мүмкін.
Жарық шығарудан тегіс өрт аймақтары пайда болады. Негізгі жүргізілетін іздестіру-құтқару жұмыстары:
- үйінділерден тазарту;
- өрттерді өшіру;
- үйінділер астында қалған баспаналардағы, радиацияға қарсы баспаналардағы адамдарды құтқару
Орташа бүліну аймағы соғу толқынының фронтындағы артық қысымның 30-дан 20 кПА-ға дейінгі аралықта пайда болады. Бүкіл зақымдану ошағының 18%-ін құрайды. Ағаштан салынған ғимараттар күшті және толық бүлінуге ұшырайды, тастан салынған ғимараттар орташа және әлсіз бүлінуге ұшырайды. Баспаналар, радиацияға қарсы баспаналар толығымен сақталады, көшелерде жекеленген үйінділер пайда болады.
Халықтың қорғалмаған бөлігі жаппай санитарлық шығындарға ұшырайды. Жарық импульсының әсерінен жаппай өрттер пайда болады.
Негізгі іздестіру-құтқару жұмыстары: өрттерді өшіру, бүлінген және жанып жатқан ғимараттардан адамдарды құтқару.
Әлсіз бүліну аймағы соғу толқынының фронтындағы артық қысымның 20-дан 10 кПа-ға дейінгі аралықта пайда болды. Бүкіл зақымдану ошағының 60%-ін құрайды.
Бұл аймақта ғимараттар мен құрылыстар әлсіз бүлінуге ұшырайды. Жарық импульсының әсерінен жекеленген өрттер пайда болады, адамдар жеңіл жарақаттар алады.
Негізгі іздестіру-құтқару жұмыстары: өрттерді өшіру, бүлінген және өртенген ғимараттар бөліктерінен адамдарды құтқару.
Жарық сәулесі –спектрдің ультракүлгін, инфрақызыл аймақтарындағы және көрінетін көрінетін оптикалық жиіліктегі электромагниттік сәулелену.
Жарық сәулесінің зақымдау қабілетін анықтайтын негізгі көрсеткіш – жарық импульсі.
Жарық импульсы – жарық энергия мөлшерінің сол жарық түскен беттің ауданына қатынасы. Бет жарық таралу бағытына перпендикуляр орналасқан.
Жарық импульсының бірлігі – бір квадрат метр бетті жарықтандыратын, джоульмен өлшенетін энергия, джоуль/м2 немесе кал/с2.
Құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында, өрт аймақтары мынандай аймақтарға бөлінеді:
- үйінділерде тұтанып жану U≥2000 кДж/м2;
- тегіс өрт аймағы U=2000-800 кДж/м2;
- жекеленген өрт аймағы U=800-100 кДж/м2
Жарық сәулесінің адамға әсері, ол – дененің ашық бөліктерін күйік шалу, көрмей қалу немесе көз қабыршықтарын күйдіру.
Күйіктке ауырлығы бойынша төрт дәрежеге бөлінеді.
Бірінші дәрежелі күйікте тері қызарады, ашып ауырады, үлбіреген ісіктер шығады.
Екінші дәрежелі күйік теріде көпіршіктердің түзілуімен сипатталады.
Үшінші дәрежелі күйік терінің жансыздануымен сипатталады.
Төртінші дәрежелі күйік терінің және теріасты клеткаларының ісінуімен сипатталады.
Иондағыш сәулелер
Өтімділік радиация – жарылыс болған аймақтан қоршаған ортаға таралатын – гамма сәулелері мен нейтрондар ағыны.
Бұдан басқа иондағыш сәулелер бета және альфа бөлшектер бөлінеді.
Гамма сәулелері көптеген радиоактивті заттардың ыдырауынан, ядролық реакциялар нәтижесінде бөлінеді. Гамма сәулелері – электромагнитті толқындар, рентген және жарық сәулелері тәрізді 300 000 км/сек жылдамдықпен таралады.
Бета сәулелері – электрондар мен позитрондар ағыны. Бета бөлшектері теріс зарядпен зарядталған. Олар радиоактивті ыдырау кезінде атом ядросынан бөлініп шығады. Қорғану үшін бірнеше миллиметр (қалыңдығы) алюминий қаңылтыны жеткілікті.
Сыртқы сәулену кезінде терінің ашық жерлерінде әр түрлі дәрежедегі радиациялық күйіктер пайда болады. - сәулелері тамақпен, сумен , ауамен ұшырайды және бұл жағдайда организм сәуле ауруларына ұшырайды.
Альфа сәулелері – оң зарядталған ауыр бөлшектер ағыны. Физикалық табиғаты жөнінен – бөлшектер гели атомының ядросы болып табылады және екі оң зарядталған электр заряды болады.