Резервуарлардағы мұнайдың жеңiл фракцияларының шығынын анықтау
Резервуарларда сақталатын мұнайдың жеңiл фракциялары негiзiнен тыныс алу клапандары арқылы буланып ұшып кетедi. Резервуарларда сақталатын мұнайдың жеңiл фракцияларының шығынын анықтаудың бiрнеше әдiстерi бар. Негізі олардың барлығы мыналарды өлшеуге негiзделген:
- резервуарға мұнайдың құйылу биiктiгiн;
- газды есептегіштердің көмегiмен резервуардан шығатын жеңiл фракциялардың мөлшерiн;
- газ кеңiстiгiнiң биіктiгi бойынша көмiрсутектердiң концентрациясын;
- мұнайдың резервуарда сақталуға дейінгі және одан шыққаннан кейінгі мұнайдың қаныққан бу қысымдарының айырмашылығын;
- мұнайды резервуарда сақтауға дейiнгi және сақтағаннан кейiнгi мұнайдың салыстырмалы тығыздығын анықтау.
Резервуарлардан атмосфераға шығатын көмiрсутектердiң массалық шығыны мына формула бойынша анықталады:
(7.1.)
Мұндағы: Vо –қалыпты жағдайға келтірілген өлшенетін уақыт аралығында резервуардан шыққан газды-ауалы қоспаның көлемi, м3; с – бiрлiк үлестегi газды-ауалы қоспадағы көмiрсутектердiң орташа концентрациясы; ρ - қалыпты жағдайға келтірілген резервуардан шыққан көмiрсутектердiң тығыздығы, кг/м3.
Мұнайдың физика-химиялық қасиеттерiне байланысты резервуардағы газ кеңiстiгiнiң биiктiгi бойынша көмiрсутектердiң концентрациясы бiр қалыпты және бiр қалыпсыз болуы мүмкiн.
Резервуарларды жеңiл мұнаймен толтырғанда және босатқан кезде резервуардың газды кеңiстiгiнiң биiктiгi бойынша көмiрсутектердiң концентрациясы (ρ=800¸820кг/м3) бір қалыпты сақталады, бiрақта уақыт бойынша тұрақты болмайды, ал ауыр мұнайлар үшiн (ρ =820¸920кг/м3) бiр қалыпсыз және тұрақсыз болады (себебі, ауыр мұнайларға қарағанда жеңiл мұнайларда еріген газдың булануы және бөліну қарқыны едәуір жоғары). Резервуарлардың газ кеңiстiгiндегi көмiрсутектердiң орташа концентрациясы қабылдау-тапсыру операциясын (яғни, резервуарды мұнаймен толтыру немесе босату кезінде) жүзеге асыру барысында резервуарлардағы мұнай деңгейiнiң көтерiлу немесе түсу жылдамдығына да тәуелдi болады. Газдыауалы қоспаның көлемiн қалыпты жағдайға келтіру мына формула бойынша жүргiзiледi:
(7.2)
мұндағы: Рр және Тр – резервуардың газдыауалы кеңiстiгiндегi қысым мен температура; Ро және То- қалыпты жағдайдағы қысым мен температура (Ро=0,1МПа, То=273К); z- газдың жоғары сығымдылық коэффициентi,төменгi қысым кезiнде оны 1-тең деп қабылдауға болады.
Көмiрсутектердiң орташа концентрациясы мұнайдың булану қарқынына -q және булану ауданынан -F мұнайдың буланып ұшып кету ұзақтығына -t (резервуарды босату, толтыру және мұнайды сақтау кездері) тәуелдi болады. Ол келесi өрнектен анықталады:
(7.3.)
мұндағы: Vгп – резервуардың газдыауалы кеңiстiгiнiң көлемi.
Есептеу кезінде тәжiрибелiк мәлiметтерге сүйене отырып көмiрсутектердiң орташа концентрациясын 0,1-0,5 деп алады.
Резервуардағы мұнайдан көмiрсутектердiң булану қарқынын резервуарды толтыру, босату және мұнайды сақтау процесстерi үшiн бөлек жеке-жеке анықталады.