Дәріс. сатып алу логистикасы
1. Сатып алу логистикасының мәні
2. Сатып алу логистикасының міндеттері
3. Жабдықтаушыны таңдау мәселелері
Негізгі түсініктер:сатып алулогистикасы, логистикалық ағым, материалды-техникалық база, жабдықтаушы.
Сатып алушылық логистика – бұл материалдық ағымдарды кәсіпорынды материалдық ресурстармен қамтамасыз ету процесінде басқару. Онымен арнайы қызмет – жабдықтау қызметі айналысады. Бұл қызметтің іс-әрекеті үш деңгейде қарастырылуы мүмкін, себебі жабдықтау қызметі бір мезгілде:
- кәсіпорын кіретін микрологистикалық жүйенің мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ететін элемент;
- Микрологистикалық жүйе элементі, яғни кәсіпорын мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ететін осы кәсіпорынның бөлімшелерінің бірі;
- элементтері, құрылымы, дербес мақсаттары бар дербесжүйе болып табылады.
Аталған деңгейлердің әр қайсысында жабдықтау қызметінің мақсаттарын қарастырайық:
1. Макрологистикалық жүйенің элементі ретінде жабдықтау қызметі тауарды жеткізіп берумен байланысты техника-технологиялық, экономикалық және әдістемелік мәселелерді келістіріп, жеткізіп берушілермен шаруашылық байланыстарды бекітеді. Логистиканың негізгі идеясы –барлық қатысушылардың келісімді әрекеттерінен қосымша пайда алу. Осы ой жабдықтау қызметі өз кәсіпорынның мақсаттарына оны жекелеген объект ретінде емес, бүкіл логистикалық макрожүйенің звеносы ретінде қарастыра отырып жетуін талап етеді. Бұл жабдықтау қызметі өз кәсіпорынына жұмыс істей отырып, бүкіл макрологистикалық жүйенің әрекет етуінің тиімділігін арттыру мақсатына жетуді ойлауды білдіреді.
2. жабдықтау қызметі оны ұйымдастырған кәсіпорынның элементі болғандықтан микрологистикалық жүйеге үйлесімді болуы тиіс. Жабдықтау қызметі және өндіріс пен өткізу қызметтерінің арасында материалдық ағымдарды басқару жөніндегі әрекеттердің үйлесушілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жалпы кәсіпорынның логикалық жүйесінің міндеті болып табылады. «Жабдықтау - өндіріс - өткізу» тізбегі маркетингтің қазіргі концепциясының негізінде құрылуы керек.
3. жабдықтау қызметінің әрекет етуінің тиімділігі, аталған мақсаттарды кәсіпорын деңгейінде де, макрологистика деңгейінде де жабдықтау қызметінің өзінің жүйелік ұйымдастырылуына байланысты болады.
Кәсіпорынды еңбек заттарымен қамтамасыз ету үшін келесі міндеттерді шешу керек: не, қанша, кімнен, қандай шартпен сатып алу қажет?
Сонымен қатар, келесі жұмыстарды орындау қажет:
· келісім-шарт жасау;
· келісім-шарттың орындалуын бақылау;
· жеткізіп беруді ұйымдастыру;
· қоймаларды ұйымдастыру.
«Нені сатып алу» міндетіекі альтернативтік шешімнің біреуін қабылдауды қамтиды – комплекттеуші бұйымды өзіне өндіргені дұрыс па, әлде басқа өндірушілерден сатып алған дұрыс па? («жасау немесе сатып алу» міндеті). Мұнда экономикада логистиканың дамуының деңгейі маңызды сыртқы фактор болып табылады. Комплекттеуші бұйымдардың дербес өндірісі кәсіпорынның нарықтық конъюктура өзгерістеріне тәуелділігін төмендетеді, яғни кәсіпорын нарықта қалыптасқан жағдайға байланыссыз тұрақты жұмыс істей алады. Бірақ комплекттеуші бұйымдардың жоғары сапасы мен төмен өзіндік құнын оларды өндіруге маманданған өндіруші қамтамасыз ете алады. Қоғамда логистиканың дамуының деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорын комплекттеуші бұйымдардың өз өндірісінен жеңіл бас тартып, бұл міндетті мамандандырылған өндірушіге тапсырады.
Сыртқы ортадағы жағдайға байланыссыз кәсіпорынның өзінде өз өндірісінен бас тартуды ұйғаратын факторлар әрекет етуі мүмкін.
Комплекттеуші бұйымдарды сатып алуды дұрыс көріп, яғни өз өндірісінен бас тарту жөніндегі шешімді келесі жағдайда қабылдау керек:
· егер комплекттеуші бұйым қажеттілігі шамалы ғана болса;
· комплекттеуші бұйымдарды өндіру үшін қажетті қуаттар жоқ болса;
· қажетті мамандық кадрлары жоқ болса.
Керісінше шешімді мына жағдайда қабылдайды:
· егер комплекттеуші бұйымдар қажеттілігі тұрақты және үлкен болса;
· егер оларды бар құрал-жабдықта өндіруге болса.
Қазақстан көлік инфрақұрылымының қойма шаруашылығы, қызмет көрсетуінің төмен деңгейде болуы, мамандарға тәжірибенің жетіспеушілігі сарапшылар тарапынан төмен баға алды. Алайда үлкен даму мен серпілістер де жоқ емес. Мысалы, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізі мен «ЭКСПО-2017» жобасы осы логистика саласын дамыту негізінде жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ 2013 жылы маусым айының он екінші жұлдызында өткен Қазақ-Неміс логистика Форумы Қазақстан мемлекеті отандық өндірісінің көлік құрылымын дамытуға үлкен мүмкіндіктері бар екендігін көрсетті.
Қазақстанның логистика жүйесі күрделілігімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда өнеркәсіп орындары алыс қашықтықтағы қолданушыларды тауарлармен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмай келеді. Сол себептен де осы логистика мәселесін шешетін компаниялар: тасымал, өнімді қысқа мерзімде жеткізу, заттың сапасын жоғары дәрежеде сақтап, ешқандай зақымсыз, көзделген жерге жеткізу секілді міндеттемелерді орындауы қажет. Мұндай мәселелерді реттеу үшін жоғары дәрежелі мамандар дайындап, ішкі нарықтың коммуникациялық байланыс түрлерін бір жолға қою керек.
Осыған орай, үкімет басшылары 2010 жылдан бастап логистика саласын дамыту шарасы ретінде күрделі жобалар ұсынып, соны жүзеге асыру барысында мамандар мен тасымал жұмыстарымен айналысатын компанияларға семинар, курс, тренинг сабақтарын өткізіп, оны тәжірибе ретінде жүзеге асыруға қолдау білдіріп келеді.
Бүгінде еліміздің көлік-логистика саласындағы маман дайындау ісінде кейбір ауыртпалықтар туындап отыр. Дәлірек айтсақ, бүгінгі білім беру жүйесі дайындаған мамандар жұмыс берушілер талап етіп отырған үдеден шыға алмауда. Бұл еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бұзылуына әкеп соқты. Кәсіби-техникалық білім берудің қазіргі маман даярлау жүйесі қажетті деңгейдегі мамандарды әзірлеуге мүмкіндік бермейді. Бұл жаңа бағыттағы кәсіби мамандықтарды даярлауға деген сұраныстың барлығын көрсетеді. Мемлекеттік органның бекітуімен көлік және логистика саласында біліктілік деңгейін арттыратын бірыңғай орталық құру қажеттілігі туды. Екі салалық қауымдастықтың базасында біліктілікті айқындайтын тәуелсіз орталық құру жөнінде мемлекет басшысының тапсырмасы да бар. Көлік-логистика саласындағы негізгі үдерісті ескере отырып, аймақтық еңбек нарығындағы кадр сұранысының бүгінгі түйіткілі, сапалы маман даярлау ісі, жұмыс берушілер мен оқу орындарының өзара байланысы талқылануда.