Мұсылман құқығы бойынша неке-отбасылық жəне мұрагерлік қатынастарды реттеу.
Неке-екі жақтың, әйел мен еркектің келісімі негізіндегі нәтиже. Некенің шарты: екі адамның келісуі, неке жөнінде жұрт алдында және ашық түрде жариялау.
Құқықтанушылардың көпшілігі келесі жағдай некеге тұру үшін керекті деп есептейді: екі жақтың әлеуметтік теңдігі; мұсылман дінін тұтыну; бостандықта, еркіндікте болуы, денсаулығы күшті, шындықты айтуы, жұбайының жұмысы бар болуы.
Некенің түрлері. Сунниттерде тек бір неке. Ол мәңгілік және мерзымсіз. Шейіттер тағы уақытша неке қосады, бір жұбайының жақындығынан бастап ондаған жылдарға дейінгң аралықта. Бұл некеден туған балалардың өз мәртебесі бар. Бұл неке мұрагерлік алуға мүмкіндік бермейді.
Құран қандас туысқандардың некесіне тыйым салады. Туысқандарға жататындар: ана, әпке, екі жақтың апайлары, ағалары мен қарындастарының қыздары, асыраушысы, емшектес қарындастары, келіндері. Апа-сіңілілеріді бірдей әйелдікке алуға болмайды. Құран еркек пен әкенің толық басшылығын қолдайды. Еркек әйелдерден жоғары тұрады. Себебі құдай дүниені оған бұрын берді. Сондықтан олар өз дүниесін әйелдер үшін жұмсайды.
Құран төрт әйел алуға дейін рұқсат етеді. Ері әйелін азық-түлікпен, баспанамен, киімдермен қамтамасыз етуге міндетті. әйел дүниесінің жағдайы талапқа сай келуі және ерінің әйелмен бірдей қарым-қатынаста болуы талап етіледі.
Еркектерге үйінен басқа жерде тұруына да рұқсат берілген. Ал әйелі өзінің ар, ұят тазалығы мен еріне сенімділігін таза ұстауы керек. Неке заттық келісімге ұқсайды, әйел қандай да бір зат ретінде алынады. Ажырасу жағдайында кезектегі уақыт белгіленеді. Некелескен адамдардың ажырасу құқығы бүтіндей еркектің қолында.
Тек «Құранның» бір жерінде сатып алған қалың малын қайтарған жағдайда әйелге ажырасуға әйелінің кішігірім кінәсі де себеп бола алады. Ажырасу еш сылтаусыз болуы да мүмкін. Ажырасу жағдайында тек тиісті салт жорасын өткізсе болды. Бірақ ажырасқан әйел үш ай ерінің үйінде қала алады. өйткеі балалар ерінің қаморлығында қалады. Құран бойынша ажырасудың үш түрі бар: ТАЛАҚ. Егер жұбайлар иддат кезінде бір-бірімен жанаспаса, ал оның бітуінен кейін үш ай ері әйеліне қайтармайды. Талақтың тұрақты қағидасы: «сен аластатылдың! Сен кесілдің,! Сен жабылдың! Тізгінің өз мойыныңда! Өзіңнің руына барып қосыл! Сен айырылдың! Мен сені төркініңе қайтарамын! Таза бол! Сен боссың! Кет, жоғал! Баста! Кет! Жолдасыңды ізде!»
Иддат біткеннен кейін әйел үйден кетеді. Ері иддат ажырасу бітіп, келесі некесінен кейін қайтарып ала алады.
Талақ-иддат біткеннен кейін салыстыру басталады. Ажырасудың екінші түрі: ЗИХАР. өзіннің әйелін өз жотасы деп атай отырып, ері некені бұзады. Бұл ажырасу аяқталмаған, сатып алуынан кейін жоққа шығарылғанымен бірдей болуы мүмкін. Ажырасудың үшінші түрі: АЙМАН. Еркек әйелімен жұбайылық қатынасқа түспеуге ант береді. Бұл аяқталған ажырасу.
Мұрагерлік құқық.. Өсиет-васипа. Мүліктің 1/3 бөлігі кімге тиесілі болса, өсиетте соның атына қалады. Бірақ 2/3-і міндетті түрде заң негізінде туысқандарына таратылады. Мұнымен мұрагерлік заттарға бөтен біреулердің көздеу мақсатына кедергі жасайды және оның отбасы үшін жүзеге асырады. Тек мұсылмандарға ғана емес, сол сияқты мұсылман еместерге де өсиет қалдыруға болады.
Заңды мұрагерлер. Бұл құранның ең күрделі бөлімі. әйелдердің үлесі еркектердің ½ үлесімімен тең. Ирс-қайтыс болғандардан қалған мүлікке құқық пен міндеттіліктің жинағы.
Мұрагерлік келесі түрде таратылады:
1. көмгендігі үшін ұстап қалу
2. қарыздарын төлеу
3. өсиеттің 1/3 өлшемде болуы
4. заңды мұрагерлердің арасында бөлінетін қалған мүліктер.
Мұрагерлер мыналарға бөлінеді:
1. фарди ер екіден бірі, егер әйелде мұрагер болмаса, егер бар болса, төрттен бірі. Әйел немесе әйелдері, егер мұрагер болмаса ¼ ,егер бар болса, сегізден бірі. әкесі алтыдан бірі, егер әкесі болмаса онда нақ осы үлес атасына тиесілі. Балалар барлығын алады. әрі қарай әйелдің үлесі еркектің үлесінінің жартысына тең.
2. Асаба –мұрагерлердің екінші категориясы. Бұған еркектің туыстары жатады.
3. зуль-ахрам қайтыс болған адамның мұрагері болмайтын және мұрагерлікке құқығы жоқ адамдар.
Мұрагерлік құқын жоғалтқандар: кісі өлтірген мұрагерлер, дінге сенбейтін адам, құлдыққа түсіп қалғандар.
ХҮІІ ғ. ағылшын революциясы кезеңіңде шығарылған заңдар: 1628 ж. Құқық туралы петиция, 1641 ж. Үш жылдық акт, 1641 ж. Ұлы ремонстрация.
Англияда конституциялық монархия құрылды.Оның негізін құрған конституциялық актілерге 1628 ж. Құқық туралы петиция, 1641 ж. Үш жылдық акт, 1641 ж. Ұлы ремонстрация жатады.
Карл Бірінші1628 жылы парламент мəжілісін шақырды. Парламент оның қолына "Құқық туралы петиция" деген актіні ұстатты. Бұл құжатта Англияның бұрыннан келе жатқан еріктері мен əдеттері, парламенттің құқықтары туралы айтылған.
Бұл петицияның 1-бабында Эдуард Бірінші жəне Эдуард Үшінші корольдердің XIII ғасырда алынған заңдарына сүйеніп, ешқандай салықты король парламенттің келісімінсіз сала алмайды делінген. Соңғы уақытта заңға қайшы салықтар болды. Оларға парламент рұқсат еткен жоқ 3,4- баптарында Еркіндік Ұлы Хартиясы бойынша Англияның бір де бір адамы сотсыз құқығынан айырылуға, түрмеге қамалуға, жерден айырылуға, жауапқа тартылуға тиіс емес.
5 - бабында Жұлдызды палатаның қызметі заңды емес делінген. Бұл ерекше трибунал саяси қылмысты істерді қарайтын. Басқа дінге қарсы істерді ерекше сот органының "Жоғарғы комиссиясы" қарайтын. Бұл екі сот та корольдің қолында болды. Бұлар Еркіндік Хартияның бостандықтарына қайшы еді.
6 - бапта солдаттар мен матростардың жеке адамдардың үйлерінде тұруы ежелгі əдеттерге қарсы деп көрсетіледі. Бұл жағдай ел заңдарына қайшы болатын.
7 - бапта солдаттар мен матростарды əскери жағдайдың соттарымен соттаудың дұрыс еместігі айтылған. Бұндай жағдай тек соғыс кезінде қолданылуға тиісті. Бұл заңға жəне елдің салтына қарсы енгізілген, ал осы уақытта нағыз қылмыскерлер бос жүреді.
8,9- баптарда өлім туралы көптеген бұйрықтардың нəтижесіз қалып отырғаны айтылған.
10 - бапта осы тоғыз бапта айтылған талаптардың бəрін бірге түйіндеп корольдің алдына қою принципі бар. Парламент Ұлы Еркіндік Хартиясының баптарын корольдің есіне салып дəлелдеген болатьін. Бірақ король парламенттің айтқан талаптарына көңіл бөлген жоқ. Парламент бұған наразылық білдіргеннен кейін король парламентті таратып жіберді. Ол 11 жыл парламентсіз мемлекетті басқарды. Парламенттің басқарушысы Тауэр түрмесіне қамалып, сол жерде қайтыс болды.
1641 жылы парламент Үш жылдық акт деген заңды қабылдады. Бұл заң бойынша парламенттің екі мəжілісінің арасындағы үзіліс үш жылдан кем болуға тиісті емес. Король парламенттің мəжілісі басталғаннан кейін оны 50 күн тоқтата алмаған болатын. Сөз бостандығы туралы заң қабылданды. Англияда буржуазиясының арқасында абсолюттік монархия орнына шектеулі монархия құрылды. 1641 жылдың аяғында парламентте корольге қарсы көтеріліске шығуды қауіпті деп есептейтін мүшелер кобейді.
1641жылдың аяғында парламент корольге Ұлы ремонстраңияны берді. Парламент бұл заңды соғысып қабылдады дегенмен, король оны қабылдаған жоқ. Бұдан кейін парламент корольге 19 баптан тұратын ұсыныс енгізді. Бұл талаптарда корольдің билігін шектеу туралы айтылған болатын. Бірақ король бұған да көңіл аударған жоқ. Ал 1642 жылы король мен парламенттің арасында ашық шиеленіс басталды. Король өзі бұрыннан келе жатқан əдеттерді бұзып, парламентке оппозицияның өкілдері қамауға келді. Бірақ олар тығылып, ұстатқан жоқ.
ХҮІІ ғ. соңы - ХҮІІІ ғ. бас кезіндегі конституциялық актілер (Хабеас корпус акт, Құқық туралы билль, Тақ мұрагерлігі туралы заң). Англияда конституциялық монархияның қалыптасуы.
1679 жылы вигилар парламентінде көпшілік дауысқа ие болуының нəтижесінде “Хабеас корпус акт” немесе “Азаматтардың бостандығын жақсы қамтамасыз ету жəне теңіздің аржағында қамауға алудың алдын алу актісін қабылдады. Бұл заңға сəйкес, қамауға алынған адам өзіне немесе туыстары арқылы “Хабеас корпусты” туралы бұйрық беру талабымен Англияның жоғары соттарының біріне жолдану құқығын иеленді. Бұл бұйрыққа сəйкес, қамауға алған тұлға оны сотқа əкелуі тиіс болатын жəне мүмкінболса, ол үшін ақшалай құн төленсе, оны босатуға тиіс болатын. “Хабеас корпусты” ІІ Карл бекітті, алайда ол вигилердің ІІ Яковтың таққа отыруына қарсы болмауын шарт етіп қойды.
Жаңа патша ІІ Яков (1633-1701) буржуазияға қарсы саясатты жүргізді, сөйтіп, парламент вигилармен біріге (парламенттің құрамында негізінен торилар болатын), “революцияны” жүзеге асырды. 1689 жылы таққа Нидерланды штатгальтері Вильгельм Оранский (1650-1702) отырды. Осы кезден бастап Англияда конституциялық монархия түбірімен орнады. Жаңа патша, таққа отырған соң, “Құқықтар туралы биллді” бекітті, оның негізгі мəні парламенттің заңнама саласындағы үстемдігін бекітуде болды. Алайда, патшада парламенттің заң жобаларына абсолюттік вето құқығы сақталып қалды.Осы құжат Англияның конституциясы болып саналады.1701 жылы конституциялық заң — “Тақты мұрагерлікке алу туралы заң” қабылданды. Бұл заң екі маңызды ережені орнықтырды: контрассигнатура ережесі, оған сəйкес, патшаның заң шығару актілері тек министр бекіткенде ғана күшіне енетін, жəне соттардың ауыстырылмайтындығы.