Ортағасылық Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттері.
Ақ орда мемлекеті
Қазақ жеріндегі Монғол империясының ыдырауына байланысты,жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда болды.Солардың бірі –XIII ғ мен XVғ басында ШығысДешті Қыпшақта өмір сүрген Ақ Орда мемлекеті.Ақ Орда- Қаз аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемл.Орталығы Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы.АО аумағы Жошы ханның екі баласы Орда Ежен мен Шайбан хандардың жерін қамтыды.АО Жайық өзенінен Бат Сібір ойпатына дейінгі,Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығындағы кең-байтақ аумақты алып жатты.АОжергілікті түрік тілдес тайпалардан құрылған патриархалдық-феодалдық мемл.XIV ғ 2-жартысында Ерзен мен Мүбарак хандар тұсында АО Алтын Ордадан бөліне бастайды,әсіресе Орыс хан кезінде Алтын Ордадан мүлде оқшауланады.Мүбарак хан 1327-1328 жж өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады.Алтын Орда билеушілері бұл жағдайға қарсы болып,Өзбек пен Мүбарак хан арасындағы күресте Мүбарак жеңіліске ұшырап,қырғыздар жері мен Алтайға кетуге мәжбүр болады.XIVғ Алтын Ордада Өзбек ханның баласы Жәнібек кезіндегі аласапыран төңкерісті дер кезінде пайдаланған Орыс Ақ Орда билігін өз қолына алып,мемл.тің күш-қуатын нығайтады.Хан1368-1369жж өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтыртады.Ол 1374-1375жж Еділ бойына қарай жорық жасап,Алтын Орданың астанасы Сарайды,Қажы-Тарханды алып,Кама бұлғарларын бағындырады.Бірақ Алтын Орда билеушісі Мамайды жеңе алмайды.Орта Азияда Әмір Темірдің сескенгендігінен Орыс хан Сырдария бойындағы өз иелігіне қайтар жолда өзіне көмектесуден бас тартқан Түй-Қожаны жазалайды.Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Әмір Темір Тоқтамысқа қару-жарақ беріп,АОны басып алуға жібереді.Бұл жорықтан еш нәтиже шықпағандықтан,ӘТ Орыс хан мен оның баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Тоқтамысты АО тағына отырғызып,Алтын орданы өзіне тәуелді етті.Бірақ Тоқтамыс Орыс ханның 2-ші баласы Темір Мәліктен Сауран түбінде жеңіліске ұшырайды. 1379 ж жорығында Тоқтамыс Темір-Мәлікті ӘТ көмегімен жеңеді де оның өзіне қарсы әрекет жасай бастайды.Тоқтамыс1380 жылдан бастап Алтын орданың бірқатар жерін өзіне қаратып,Мамай ордасын басып алады.1391-1395жж ӘТ жасаған аса үлкен үш жорықтан кейін Алтын орда тас талқан болып қиратылды.XIV ғ аяғында Тоқтамысқа қарсы әрекет жасай бастаған ӘТ оның орнына 1395 ж АО тағына Орыс ханның тағы бір баласы Қойыршақ оғланды хан етіп қойды.1423-1428жж Ақ ордада Орыс ханның немересі Барақ билік құрып,Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасады.Алайда 1428ж Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани әулетінің ұрпағы Әбілқайыр ханға тиеді.Ол Ақ орданың біраз жерін жаулап алып,өз хандығын құрады.АО өмір сүруін тоқтатады.
Моғолстан мемлекеті (XIVғ. ортасы-XVI ғ. басы)
XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке – шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шағатай ұлысы қоныс еткен Мәуеренахрдың батыс бөлігінде 50–60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады. «Моғолстан» тарихи-жағрафиялық термині «моңғол» атауынан шыққан. Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмірлерінің бірі – Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымынан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандықтан, Болат өзінің айтқанына көнетін әрі жас 18 жастағы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды.
Моғолстан мемлекетінің құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Мемлекет шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қаласына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймақтарына дейін созылып жатты. Моғолстан мемлекетінің орталығы – Алмалық қаласы. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің бірінің баласы – Тоғылық-Темір хан (1348–1362 жж.). Моғолстан құрамына кіретін тайпалар: дулаттар, қаңлылар, керейлер, арғындар, баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары.
Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болды. Бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойұрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл тұрғындарынан, егінші мен көшпелі халықтан күпшір, зекет, тағар, баж, карадж және тағы басқа да салықтар жиналды. Мемлекетті басқару ісінде ханға Ұлысбек көмектесті. Ол дулат тайпасы әмірлерінен тағайындалған.
Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өзі билеген түркі тілдес мұсылман халықтары арасында беделін арттырып, үстемдігін нығайту үшін ислам дінін қабылдаған. 1362 жылы Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәуеренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп, бір аяғы жаншылды. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған соң, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша – ақсақ) Ақсақ Темір атанды.
Тоғылық Темірден кейін Моғолстанның ханы болған Ілияс-Қожа 1365 жылы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге әрекет жасады. «Батпақты шайқасында» Әмір Темір жеңіліп қашып құтылды. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған алғаш жорығы 1371 жылы басталды. 1372 жылы Әмір Темірдің өзі Моғолстанға қайта жорық жасап, Ыстықкөл маңындағы Сегізағашқа дейін барып, сансыз тұтқын, сан жетпейтін олжа түсіріп оралады. Осыдан кейін Әмір Темірдің сол кездегі Моғолстанның ең ірі билеушісі болған әмір Қамар-ад-дин дуғлатқа қарсы 1375–1377 жж. аралығында бірнеше жорықтары жүрді.
1375 жылы Жетісу жеріндегі Шарын өзені бойында болып, Моғол әскерлері талқандалды. 1376 жылдың көктемінде Хорезмді жаулап алумен айналысып жатқан Темір Моғолстанға Камар-ад-динге қарсы 30 мың әскерімен әмір Сасы-Бұға қыпшақты, Әділ-шақты және басқа да әмірлерін аттандырды. 1377 жылы Камар-ад-дин екі рет: біріншісінде – Қаратау етегінде, екіншісінде – Шу бойымен Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында Әмір Темірден жеңіліске ұшырап, өзі қашып құтылды. Ол Моғолстанды біржолата басып алуды көздеді. Оған жету үшін 1380–1390 жж. арасында Темір балаларымен бірігіп, Моғолстан жеріне бірнеше рет жойқын жорықтар ұйымдастырды.
Ақсақ Темір басқан ізінен қан сорғалатып, тек Моғолстанды ғана емес, сонымен бірге тағы басқа да көптеген елдерді жаулап алды. Мәуеренахрдан өзінің қанды жорығын бастаған ол әмірші болған 35 жыл ішінде (1370–1405 жж.) Хорезмді, Персияны, Әзірбайжанды, Гератты, Грузияны, Арменияны, Ақ Орданы, Ауғанстанды, Үндістанды, Египетті, Бағдатты, Сирияны, Кіші Азияны жаулап алып, табан астына салды. Әмір Темір құрған орасан зор мемлекет, 1405 жылы ол өлгеннен кейін бытырап тарап кетті. Моғол билігі Қызыр Қожа ханның немересі Уәйіс оғлан қолына көшті.
1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін, хандық үшін оның екі баласы Жүніс пен Есенбұғы арасында талас басталды. 1434 жылы Есенбұғы хан тағына отырды. 1462 жылы Жүніс Есенбұғы ханның қайтыс болғанын естіп, өзінің Моғолстанға хандық өкіметке заңды мирасқор екендігін жариялап, онда 1487 жылға дейін билігін жүргізді.
XVI ғасырдың басында Жүніс хан ұрпақтары арасындағы алауыздық пен ішкі феодалдық қырқыс Моғолстан хандығының біржолата ыдырауына әкеліп соқты. Нәтижесінде ежелден Жетісу мен Іле өңірін мекендеген үйсін, дулат, қаңлы, жалайыр және тағы басқа қазақ ру-тайпалары Жетісуда құрылған Қазақ хандығының құрамына бірікті.
22. Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанға жорықтары.
Ақ Орда билеушілері мен Темір арасындағы соғыс қимылдарына мұрындық болған соңғысы еді. Алтын Орданың астанасы Сарайды жаулап алуға қатысудан бас тартқаны үшін Ұрұс хан өлтірткен, Маңғыстаудың үлесті билеушісі, Жошы ұрпағы Түй-Қожа оғланның баласы Тоқтамыс Ақ Ордадан Темірге қашып барды. Ұрұс хан Алтын Ордада болған кезде Темір өзінің солтүстіктегі көршісінің істеріне араласу үшін қолайлы жағдайды пайдаланып, Тоқтамыстың Ақ Ордада орнығып алуы үшін оған әскер берді. Сауран түбегінде Тоқтамыспен шайқаста Ұрұс хан балаларының бірі Құтлығ-Бұға қаза тапқанымен, Тоқтамыстың хижра бойынша 776 жылы (1374-75 жж.) алғашқы әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Тоқтамыстың Самарқандтағы өз қамқоршысына қашып баруына тура келді. Темірден тағы да әскер алып, Тоқтамыс Сауранға дейін жетті, бірақ Ұрұс ханның үлкен ұлы Тоқтақия оны тағы да тас-талқан етті.
Темірдің Ақ Орданың оңтүстігіндегі әрекеттері, оның әулет ішіндегі араздық пен талас-тартыстарға араласуы Ұрұс ханды Сарайдан асығыс шығып, өзінің байырғы жұртына қайтып оралуға мәжбүр етті. Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады. Сол кезде, 1375— 76 жылғы қыста, Ұрұс ханнан Тоқтамысты қайтаруды талап еткен және Ұрұс хан әскерлерінің Түркістан жеріне аяқ басқанын хабарлаған елші келді. Оған жауап ретінде Темірдің өзі Сырдариядан өтіп, әскерімен Отырар маңына орналасты. Ұрұс хан Сығанаққа жетіп тоқтады. Алайда екі әскер осылайша бір-біріне жақындамай, аталған мекендерде 3 айға жуық тұрды.
Ұрұс хан Сығанақтан кеткеннен кейін әмір Темір Ұрұс ханның ұлы Темір-Мәлік оғланның 10 мыңдық әскерін талқандады. Низам ад-дин Шами мен Шараф ад-дин Йаздидің мәліметтеріне қарағанда, 1376 жылы Үрұс хан елген. Көп ұзамай оның ұлы әрі мұрагері Тоқтақия қайтыс болды. Темір Сауранда Тоқтамысты таққа отырғызып, «оған бүкіл Дешті Қыпшақ патшалығы мен» әлі де жаулап алынбаған «Жошы ұлысын берді» де, өзі Мәуераннахрға қайтты.
Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі.
16 ғ. аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.
Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.
Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмірі Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген.
Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті.