Арпа дақылын жалға өсіру технологиясы
Күріш ауыспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдарын жалға егіп өсіру технологиясын зерттеген Қ.Б. Бәкірұлы т.б. [23] мәліметінше Қазақстандық Арал өңіріндегі өсімдік шаруашылығының дамуын талдау, оның келешекте су ресурстарының тапшылығы жағдайында жүретінін көрсетіп отыр. Сондықтан аумақтың агроөнеркәсіп кешенінің даму тұғырламасы жер және су ресурстарын пайдалануда ауыртпалықты облыстағы негізгі дақыл күріштен басқа, бәсекелестікке қабілетті әртараптандыру дақылдарына қарай ығыстыру бағытында болуы тиіс.
Ал күріш ауыспалы егісінде дәнді дақылдардың ішінде арпа дақылының алатын орны ерекше.Оны жарма ретінде, сыра өндірісінде, спирт өндіруде және мал азығындық дақыл ретінде пайдалануға болады.
Арпаны таза егіс етіп немесе көпжылдық өсімдіктермен бірге бүркеме дақыл ретінде де пайдаланады.
Алайда, Қазақстандық Арал өңірі жағдайында бұл дақылдың жаңа әдістерді қолданып өсіру технологияларды осы кезге дейін толық зерттелмеген.
Казіргі таңда аумақта егілетін ақ дақылдардың көпшілігі күріш егісі жүйелерінде өсіріліп, инженерлік жүйеге келтірілген жерлерді тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады. Мәдени дақылдар күріштен кейін негізінен жаппай су жіберу тәсілімен суарылады. Бұл жағдайда минералданған жер асты сулары көтерілуіне байланысты топырақ бетінде қабыршақ пайда болып, өсімдіктердің өліп қалуына әкеліп соғады. Бұдан құтылу үшін қолданылатын тиімді әдістердің біріне күріш өсіруде зерттеліп, тиімділігі дәлелденген және Қазақстан мен Орта Азия республикаларында ақ дақылдарды өсіруде кеңінен зерттелген жалға жүйектеп егу технологиясын қолдануға болады(5, 6).
Сол себепті Қ.Б. Бәкірұлы т.б. 2009 жылдан бастап арпа, рапс, және қытай бұршақ әртараптандыру дақылдарының күріш ауыспалы егісінде жалға егіп өсіру технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу жұмыстарымен айналысуда (9-кесте).
9-кесте. Арпа дақылы мен арамшөптердің жалға егіп өсіргенде себу нормасына байланысты өсімдік жиілігі
Тәжірибе нұсқасы | Өсімдіктер саны,дана/ш.м. | |||||
дақыл | Тұқымды себу нормасы,кг/га | Негізгі дақылдың | Арамшөптердің, оның ішінде | |||
қамыстың | қоғаның | Басқа арамшөп тердің | Барлық арамшөп тердің | |||
арпа | ||||||
Дақылдар егістігіндегі негізгі арамшөптер санын анықтау нәтижелері дақылдың себу нормасы мен арамшөптер өсімдіктерінің жиілігі арасында айтарлықтай заңдылық өзгерістер жоқтығын көрсетті. Тек қана арпа дақылының төменгі нормалармен (60-90 кг/га) себілген нұсқаларында (41-36 дана/ш.м) жалпы арамшөптер саны 120 дана/га нұсқасымен салыстырғанда 7-12 дана /ш.м. көбірек болды.
Тәжірибелік егістіктерден жинау алдында өсімдік тығыздығы анықталып, өнім құрылымы элементтеріне биометриялық талдау жүргізу мақсатында әр мөлдектен 20 өсімдіктен үлгілер алынды, олар зертханалық талдаудан өткізілді. Нұсқалардағы дақыл өнімділігі эр мөлдекті жеке орып бастыру арқылы анықталды.
Жинар алдында арпа өсімдіктерінің жиілігі себу нормасына байланысты, әр шаршы метрде 31-51-ге жейін құрады. (10- кесте)
10-кесте –Арпа дақылының жалға егіп өсіргенде себу нормасына байланысты өнім құрылымының өзгеруі
Себу нормасы, кг/га | Өсімдіктер саны,дана/ш.м | Өсімдік биіктігі,см | Бас масағы | 1 өсімдік өнімі | 1000 дән нің мас сасы | өнім ділігі,ц/га | ||||
өнімді түптенуі, дана | Ұзын дығы,см | Дән саны, дана | Дән масса сы,г | Дән саны, дана | Дән масса сы,г | |||||
3,2 | 7,2 | 0,83 | 2,48 | 40,8 | 24,5 | |||||
3,1 | 6,5 | 0,78 | 2,26 | 39,0 | 28,6 | |||||
2,9 | 6,3 | 0,74 | 2,18 | 37,8 | 35,0 |
Биометриялық талдау нәтижесі бойынша ең жоғарғы өсімдік биіктігі (50см) себу нормасы 60 кг/га нұсқасында байқалды. Бұл нұсқа басқа да сандық белгілері бойынша көзге түсті. Тек өсімдік жиілігінің басқа нұсқалардан төмендігіне (7-20 дана/м дейін) байланысты бұл нұсқаның өнімділігі де (24,5 ц/га) 4,1 және 10,5 ц/га төмен болды. Барлық сандақ белгілері бойынша 90 кг/га нормалы нұсқа орташа көрсеткіштерге ие болды. Ал жоғары нормалы (120 кг/га) нұсқада өсімдіктер санының көптігіне байланысты басқа нұсқалардан 6,4-10,5 ц/га жоғары өнім алынды.