І бөлім. Ғимарат қаңқасының компоновкасы
Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы
«Құрылыс конструкциялары ІІІ» пәні бойынша
№2 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАХАТЫ
Тақырыбы: ²Болат конструкциялы бір қабатты өндірістік ғимараттың қанқасын конструкцияларың есептеу және өңдеу²
Орындаған СТР-12-1 тобының студенті: Сисен Айбозын.
Қабылдаған «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының
Аға оқытушы: Длимбетов Т.К.
Қызылорда 2015 ж.
Кіріспе
“Металл конструкциялар” түсінігі өзіне олардың конструктивті формаларын, дайындау технологиясын және жинақтау тәсілдерін қосады. Металл констркуциялардың даму деңгейі бір жағынан оларға халық шаруашылығының қажеттілігінен, ал екінші жағынан –– техникалық базаның мүмкіндігімен (металлургияның, металл өңдеудің, құрылыс ғылымы мен техниканың дамуы) анықталады.
Машина және аппарат құрылысы –– халық шаруашылығының барлық саласын машиналармен, аппараттармен, құрылғылармен, құралдармен және автоматика құралдарымен қамтамасыз ететін әлеуметтік экономиканың негізгі саласы болып табылады.
Қазіргі кезде металл конструкциялар ғимараттардың барлық түрінде және арнайы үймереттерде және де өткіннің, биіктіктің және жүктеменің үлкен мәні керек кезінде ерекше қолданылады. Металл конструкцияларға қажеттілік өте үлкен және ол ұдайы өсу үстінде. Бұл қажеттілікті қанағаттандыратын база болып елде өндірілетін болаттың үлкен көлемі, металл конструкциялар заводтары, арнайы техникамен жабдықталған мамандандырылған монтаждық мекемелер, мамандандырылған жобалық мекемелер және ғылыми институттары табылады.
Өнеркәсіптік ғимараттар темірбетон ұстындар бойынша ғимарат жабынының металл конструкциялары және кранасты жолдары орнатылатын тұтас металл немесе аралас қаңқа түрінде орындалады.
Тұтас металл қаңқалар негізінен өткіні мен биіктігі үлкен және үлкен жүк көтергішті көпірлік крандармен жабдықталған ғимараттарда қолданылады.
Өнеркәсіптік ғимараттардың қаңқалары ең қиын және ең металлды конструктивті кешен болып табылады. Бірақ та барлық осы әр түрлі конструкциялар оларды бір түр ретінде қарастыратын екі негізгі факторлармен біріктірілген.
Біріншіден, барлық конструкциялар үшін бастапқы материал болып бірдей стандартпен шығарылатын прокатты металл табылады: табақ, бұрыш, швеллер, қоставр, құбыр және т.с.с. осы материалдар әр түрлі конструктивті формалардың барлығы құрастырылады.
Екіншіден, барлық конструкциялар оларды дайындаудағы бір технологиялық процеспен біріктірілген, оның негізінде металды салқын өңдеу және бөлшектердің конструктивті элементтерге және комплекстерге байланысуы жатыр.
Мекемені жобалау кезінде өндіріс түрімен анықталатын олардың спецификациясын ескеру қажет. Өндіріс түрі дегеніміз –– бұйымның шығарылу номенклатурасы үздіксіздігі, тұрақтылығы және көлемі көрсеткіштері бойынша бөлінетін өндірістің классификационды категориясы.
Өндіріс түрі жүргізуші цехтың негізгі түрімен анықталады. Өндірістің үш түрі бар: бірлік, сериялық және көпшілік.
І Бөлім. Ғимарат қаңқасының компоновкасы
Ригель мен бағананың ілінісуін қатты деп аламыз. Жобаланушы цех жылытылатын болғандықтан, өлшемдері мм, мм и м темірбетонды, үш қабатты қабырға панелін таңдаймыз. Жабын екі қабатты бикростан тұрады, мм. Жабынды белдемесіз деп, ал итарқалы ферманың еңісін i=1/8 тең деп аламыз. Б 6-7 кранасты арқалығын таңдаймыз.
Көпірлі кранның параметрлері 1-кесте.
Жүк көтергіштігі | Өткін, м | Өлшемдері, мм | Дөңгелектің максимальды қысымы, кН | Масса, т | Кран рельсінің типі | Рельс биіктігі, мм | ||||||
Басты ілмек | Қосым-ша ілмек | Нк | В1 | В2 | К | Fк1,max | Fк2,max | Арба | Кран мен арба | |||
- | 43,5 | КР-70 | ||||||||||
КР-120 |
1.1. Көлденең раманың вертикальды өлшемдері
Кран рельсінің басынан жабынның жүк көтергіш конструкцияларының төменіне дейінгі қашықтық: , мұнда, Нк – кран биіктігі, 100 мм – кран дайындауға берілетін жіберме, f – итарқалы ферманың иілуін ескеретін көлем. мм. мм (қосымша 200 мм).
Еден деңгейінен жабын конструкциясының төменіне дейінгі цехтың жалпы биіктігі:
,
мұнда, Н1 – кран рельсінің ұшы деңгейінің белгісі. мм.
Бағананың жоғарғы бөлігінің биіктігі: ,
мұнда, hб – кранасты арқалықтың биіктігі, hр – рельс биіктігі.
Кранасты арқалықтың биіктігі: ,
мұнда, В – бағана адымы. мм. мм.
Рельс биіктігі hр=170 мм. 750+170+4600=5520 мм 5600 мм (қосымша 200 мм).
Бағананың жоғарғы бөлігінің нақты биіктігі: , мұнда, Hсфо – тіректегі итарқалы ферманың биіктігі. =5600+2200=7800 мм.
Бағананың тереңдігі еден деңгейінен төмен мм, онда бағананың төменгі бөлігі:
НН=18600-5600+1000=14000 мм.
Базаның төменінен ригельдің төменіне дейінгі бағананың жалпы биіктігі:
Н=5600+14000=19600 мм.
1.2. Көлденең раманың горизонтальды өлшемдері
а=250 мм болғанда, ферманың бөлу осімен байланысын ескере отыра а’=200 мм және өтпе жол болмаған кездегі бағананың жоғарғы бөлігі қимасының биіктігі:
Үлкен мәнін аламыз = 450 мм.
Кранасты арқалықтың осінен бағананың осіне дейінгі арақашықтық: ,
мұнда, В1 – рельс осі ретінде қабылданатын көпірлі кранның бөлігі, (hв-a) – ғимараттың бойлық осінен бағананың ішіне дейінгі арақашықтық, 75 мм – кран мен бағана арасындағы саңылау.
l1=400+(450-250)+75=675 мм, 750 мм (қосымша 250 мм).
Кранасты арқалықтың осінің, бағананың кранасты тармағы осімен бірігуін ескергенде, бағананың төменгі бөлігі қимасының биіктігі:
Максимальды мәнді аламыз 1000 мм.
Бағананың өлшемдері кранның қозғалуына кедергі болмайтындығын тексереміз, яғни төмендегі талаптар орындалуы тиіс: , 1000-450 ≥ 400+75, 550 ≥ 475
Талап орындалды. Бағана өлшемдері дұрыс.
hв=450мм<1000мм тең, онда бағананың жоғарғы бөлігін тегіс қоставрлы қима ретінде орындаймыз. Ал hн=1000мм ≥ 1000мм, сондықтан бағананың төменгі бөлігін өткінді қоставрлы қима ретінде орындаймыз.
Ригель мен бағананың ілінісуін қатты деп алғандықтан, ригельдің конструктивті ұзындығы төмендегідей: ,
мұнда, L – өткін. Lр=30000-2*200=29600
мм.
1-сурет. Ғимарат қаңқасы
Байланыстарды орнату
2.1. Бағаналар арасындағы байланыс
Бағаналар арасындағы байланыстар жүйесі эксплуатациялау және монтаждау кезінде қаңқаның геометриялық өлшемдерінің өзгермеуін, рамалардың жалпақтығынан бағаналардың тұрақты болуын, ғимараттың жанынан әсер ететін жүктемелерді қабылдап, оларды іргетасқа беруін, сонымен қатар бағаналарды монтаждауда ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
2-сурет. Бағаналар арасындағы байланыстар
1 – бағаналар;
2 – тіректер;
3 – кранасты арқалықтар;
4 – байланыстырғыш ферма;
5 – крест тәрізді байланыстар.
Ғимарат жеткілікті ұзын, сондықтан температурлық деформациялардан бағаналардың жылжып кетпеуі үшін вертикальды байланыстарды екі панельден қояды және олардың осьтерінің арақашықтығы шекті мәннен аспауы керек (60 м).
2.2. Фермалар арасындағы байланыстар
Фермалардың арасындағы байланыстар қаңқаның жалпы кеңістіктік қаттылығын түзе отыра жабын конструкциясының геометриялық өлшем бірліктерін және монтаждаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді, бір рамаға түсетін жергілікті жүктемелерді көршілес рамаларға таратады.
Жабынның байланыстар жүйесі горизонтальды және вертикальды байланыстардан тұрады. Горизонтальды байланыстар фермалардың төменгі белдігінің жазықтығына, ал вертикальды байланыстарды фермалардың тіреу және басқа тіректерінің жазықтығына орналастырады.
3-сурет. Фермалардың төменгі белдіктеріндегі байланыстар
1 – ферманың төменгі белдігіндегі көлденең горизонтальды байланыстар;
2 – ферманың төменгі белдігіндегі кермелер;
3 – ферманың төменгі белдігіндегі бойлық горизонтальды байланыстар;
4 – жабынның вертикальды байланыстары.