Intersport» қонақ үйі мен ерекше үлгідегі қонақ үйлер

Өткен оқу жылының соңында біз Түркияның Кемер қаласында орналасқан «Intersport» қонақ үйінде халықаралық практикадан өткен болатынбыз. Біз практикадан өткен қонақ үй Кемер қаласының Бельдиби ауданында орналасқан. Бельдиби – Анталияның батыс бөлігінде, өзінде ағатын шағын өзеннің есімімен аталған теңіздік курорт. Ұзына бойы созылған көшелерімен қала бір жағынан теңіз суымен шайылса, екінші жағынан Тавр тауының баурайымен шектеседі [5].

«Intersport» қонақ үйі Анталия әуежайынан 38 шақырым жерде, Кемер қаласынан 13 шақырым жердегі Бельдиби ауданында, өзінің жекелей теңіз жағалауынан 50 метр жерде жолдың арғы бетінде орналасқан (сурет 4).

Intersport» қонақ үйі мен ерекше үлгідегі қонақ үйлер - student2.ru

Сурет 4. «Intersport» қонақ үйі

Бельдиби туристердің қызықты демалуы үшін орналастыру орындары мен көптеген мейрамхана, барларымен, дүкендерімен, дамыған инфрақұрылымымен мақтана алады. Әсіресе, Анталия қаласына жақын орналасуы туристерге теңіз жағалауындағы демалысты ұйымдастыруға, аквапарк пен дельфинарияға саяхат және де «Мигрос» сияқты сауда орталықтарына шоппинг жасауға кең мүмкіндік береді.

Қонақ үйдегі орналасу орындарына келер болсақ: 4 қабаттан, 117 нөмірден тұрады. Қонақтарға мейрамхана қызметі мен 4 бар, ашық хауыз, балалар хауызы өз қызметтерін ұсынады (сурет 5). Қосымша: төсек-жабдықтар, қолшатыр, бар, сүлгі (ақылы), т.б. ұсынатын, жастарға лайықталған қымбат емес әрі көңілге қонымды тағамдар мен жақсы деңгейдегі нөмірлері бар қонақ үйлердің бірі саналады [5].

Intersport» қонақ үйі мен ерекше үлгідегі қонақ үйлер - student2.ru

Сурет 5. «Intersport» қонақ үйінің жағажай бары

Қонақ үйдегі қызмет көрсету түрлері:

-дәрігердің қызметі (ақылы),

-төлем айырбастау.

Қосымша қызмет түрлері:

сауна (ақылы), хаммам (монша), дайвинг (ақылы),

сыртқы хауыз, судағы ойын-сауық (ақылы), үстел теннисі.

Қонақ үйде нөмірді тазалау – күн сайын, төсек-жабдық ауыстыру – аптасына 3 рет жүргізіледі. Әрбір нөмірде: балкон, сейф, телефон, орталық ауа баптағыш, теледидар, мини-бар, ал ванна бөлмесінде: ванна/душ, фен, әжетхана, қолжуғыш бар (сурет 6).

Intersport» қонақ үйі мен ерекше үлгідегі қонақ үйлер - student2.ru

Сурет 6. Қонақ үй нөмірі

Мейрамханадағы тамақтану түрлері: таңғы ас 7.30 – 10.00

түскі ас 12.30 – 14.00

кешкі ас 19.00 – 21.00

«Барлығы қосылған» жүйесінде жергілікті жердің салқын әрі алкогольді сусындары (сыра, раки, джин, бренди, шарап, шәй, кофе, кола, фанта, спрайт, минералды сусын 10.00 – 23.00 уақыт аралығында тегін ұсынылады. Ал жағажайда сағат 18.00-ден кейін импорттық өндірісті сусындар, балмұздақ, фреш-сусындар, каппучино, эспрессо, түрік шәйі, сусын түрлері ақылы беріледі. Сонымен қатар тамақтанудың швед үстелі әдісі қолданылады [5].

Қонақ үйдегі мейрамхана мен барлар қызметі:

· 200 адамға лайықталған қонақ үйдің жабық бөлігінде (швед үстелі), ал ашық бөлігінде 250 адамдық мейрамхана (швед үстелі). Бұл мейрамханаларда: таңғы ас, кешіктірілген таңғы ас, түскі ас, кешкі ас пен кешіктірілген кешкі асқа арналған жеңіл тағамдар қонақтарға беріледі.

· 4 бар: жағажайдағы «Фаст Фуд Снек» бары, хауыз маңындағы бар, залдағы бар және фитнес орталықтағы витамин бар [5].

Біз халықаралық практикадан өту барысында қаладағы әр түрлі деңгейдегі қонақ үйлерге экскурсия жасаған болатынбыз. Солардың бірі бізге қатты ұнап, ерекшелігімен қызықтырған Кемер қаласындағы 5* қонақ үйлердің бірі әйгілі «Kemer Resort» қонақ үйі (сурет 7).

Intersport» қонақ үйі мен ерекше үлгідегі қонақ үйлер - student2.ru

Сурет 7. «Kemer Resort» қонақ үйі

Қонақ үй Анталия әуежайынан 55 шақырым жерде теңіз жағалауында орналасқан. 5* қонақ үй туристерге өз ойлағандарынан да сапалы әрі жоғары демалысты ұсынады, бұл жай демалыс емес – бұл өмір сүру стилі (сурет 8).

Intersport» қонақ үйі мен ерекше үлгідегі қонақ үйлер - student2.ru

Сурет 8. «Kemer Resort» қонақ үйі көрінісі

Жалпы нөмірлер саны 354. Соның ішінде: 136 теңізге шығатын стандарт нөмір, 175 бақшаға шығатын стандарт, 24 отбасылық екі қабатты нөмір, 14 deluxe suite, 3 отбасылық suite, 2 king suites , 3 нөмір мүгедектерге арналған, 10 нөмір - non smoking rooms деп аталады [6].

Қонақ үйдің инфрақұрылымы 9 мейрамханадан (8 A’la Carte), 6 бардан, 9 конференц-залдан, 4 бассейн (1 жабық, 3 ашық), теннис корты, сұлулық салоны, SPA-орталықтар, фитнес-орталық, су спорт түрлері және т.б. қосымша қызмет көрсету орындарынан тұрады [6].

Біздің экскурсия жасау барысымыздағы тартымды әрі ерекшеленген келесі қонақ үйлердің бірі Magic Hotel 4* қонақ үй. Ол Кемер қаласынан 8 шақырым жерде Кириш ауданында орналасқан. Қонақ үйдегі барлық қонақтарға бар, мейрамхана, 2 бассейн (ашық және жабық), амфитеатр, казино, мини-футбол, бананасейлинг, парасейлинг, су шаңғылары, катамаран қызмет көрсетеді (суреттер 9, 10).

Intersport» қонақ үйі мен ерекше үлгідегі қонақ үйлер - student2.ru

Сурет 9. Magic Hotel қонақ үйі

Қонақ үйде 259 стандартты 2 орындық бір бөлмелі De Luxe Bellavista және Hillside, 48 стандартты 2 орындық бірбөлмелі Junior Villa бунгало, 16 екі бөлмелі Junior Suite, 7 екібөлмелі Executive Suite, 6 екі қабатты үш бөлмелі Duplex Suite, 18 үш бөлмелі жеке орналасқан виллалар бар [1].

Intersport» қонақ үйі мен ерекше үлгідегі қонақ үйлер - student2.ru

Сурет 10. Magic Hotel қонақ үйіндегі жабық хауыз

Наши рекомендации