Саяси лидерлік түсінігі, функциялары.
Саяси лидер-партияның,саяси ұйымның немесе қозғалыстың басшысы. Оған халықтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерлерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Саяси лидер болудың 2 жолы бар: көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; ол мүдделерді талмай зерттеу нәтижесінде. Саяси жетекшілік мынадай принциптерде жіктелінеді; 1)Тарихи принцип – мұнда жетекшінің тұрпатын дәуірмен байланыстырады, ол өмір сүрген әлеуметтік ортаның жемісі ретінде қаралады. 2)Ықпал ету көлеміне қарай жалпы ұлттың, аймақтық, қалалық, аудандық саяси жетекші болып бөлінеді. 3)Таптық принцип - бұған жұмысшылар, шаруалар, буржуазияның, әлеуметтік топтың жетекшілері жатады. 4)Қазіргі әлеуметтік құрылысқа қатынасы жағынан оны жақтайтын, оған қарсы шығатындар болып бөлінеді. 5)Қабілеттілігі жағынан өзінің жеке басының қасиеттері, дарындылығының арқасында немесе жағдайға қарай көтерілген жетекші дейді. 6)Бастамашы, ру беруші жетекші немесе басталған істі орындау. Саяси серкенің жұмысы мынандай кезеңдерден тұратын 3-қызметті атқарады: 1) “диагностикалық” міндет: саяси серкелер қалыптасатын деп кележатқан жағдайды зерттеу арқылы оған баға береді; 2) саясатты белгілеу: жетекші өз табының, жақтастарының мақсатына сай шешілетіндей саясатты тауып, соны орындауға тапсырма береді; 3) іске тарту: жетекші өзінің белгілеген санатын іске асыруға тырысады.
9/Саяси билік түсінігі,белгілері,функциялары.Билік-өз еркін жүзеге асыру мүмкіндігі,адамдардың іс-әрекетіне қандай да бір амал арқ/ы ықпал жасау.Саяси биліктің қызметтеріне:қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру;оның саяси өмірін ұйымдастыру;саяси институттар;мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары;әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару;өкімет органдары;саяси емес процестерге басшылық жасау;саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде,белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін,саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты,ашық не жабық қоғамды құру,қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау;дау-дамай,миеленістерді ашып,оларға шек қою және дер кезінде шешу;қоғамдық келісімге,мәмілеге келу және т.б. Функциялары: 1) Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; 2)Қоғам мен мемлекетті басқару; 3)өкімет органдарына басшылық жасау; 4)саяси қатынастарды бақылау; 5)саяси шиеленістерді шешу.
10/Саяси жүйе: түсінігі,құрылымы және функциялары.«Жүйе»ұғымын ХХғ-дың 20 ж-дары алғаш енгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи(1901-1972).Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп,қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін,әлеуметтік топтар,таптар,ұлттар,мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады.Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі 4 бөлігін айтады:1)саяси институттармемлекет,саяси партиялар,кәсіподақтар, кооперативтер,жастар,әйелдер,т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады.Бұл ұйымдардың бәрі таптық,топтық,ұлттық,жыныстық,кәсіби,жас мөлшеріне қарай және т.с.сбайланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп,қорғау үшін құрылады;2)саяси қатынастар-оған таптардың,этникалық бірлестіктердің,тұлғалар мен қоғамның,азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.Олардың басқа қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді;3)саяси ережелер-олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды.Олардың ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады;4)саяси мәдениет-ол саяси сана мен іс-әрекетте,саяси көзқарастарда,бағдарламаларда, шешімдерде,саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.Саяси мәдениеттің реттеушілік қызметі адамдардың іс-әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді.
13/Саяси үрдіс түсінігі,оның негізгі сипаты.Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі процесс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады.Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейміз. Жалпыұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресмиұйымдар, ақпарат құралдары қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді саяси институттар атқарады. Себебі саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын солар. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынға мемлекеттік билікті ауыстыруы мүмкін, соның легитимдігін көрсетеді.Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылауСаясатта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесін қалыптастыру екенідігі белгілі. Ал мұндай баламаны ойлау жүйесінің бұған дейінгі тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары саяси және құқықтық жолда болашақты дұрыс таңдай білуі оның бұрынғы тарихын жақсы оқып, үйренуге байланысты.