Дәріс тақырыбы №5. ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ САНАСЫ МЕН МЕНТАЛИТЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
1. Оралман-репатриант қазақтардың этникалық дүниетанымы.
2. Шетелдегі Қазақ диаспорасыныңның хал-жағдайы.
Оралман-репатриант қазақтардың этникалық дүниетанымы.Қазақ диаспорасыныңның кешенді мәселелерін зерттеу барысында назар аударатын ерекше мәселе –алыс және жақын шет елдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың өзіндік ұлттық санасының әр түрлі деңгейдегі көріністері және оралман-репатриант қазақтардың этникалық дүниетанымындағы күрделі өзгерістерді зерделеу.Әрбір халықтың ғасырлар бойы қордаланатын рухани әлемі болады.Оның тарихи қалыптасуына,дамуына және келесі ұрпаққа сабақтастықпен жалғасып отыруына себепкер болатын көптеген факторлар мен жағдайлар жүйесі болуы тиіс.Солардың қатарына этнопсихологиялық аспектілер жатады.Яғни ол халықтың көптеген жылдар бойы бейімделген әлемді түсіну, түйсіну, сезіну, игеру әдеттері мен мүмкіндіктерінің жүйеленуі,бейнеленуі болып табылады.
«Қазақ диаспорасының» құбылысы соңғы уақытта елімізде әлеуметтік, гуманитарлық зерттеулер обьектісіне айналуда.Бұл үрдіс көптеген тарихи дүниетанымдық мәселелерді нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді,этникалық ауқымды бағдарларға теориялық сипат жасалуға негіз болады.
«Ғасырлар бойы өтуге тиісті әлеуметтік уақытты еліміз ондаған жылда тездетіп,өтеді» деген социалистік-утопистік идея тарих доңғалағын келеңсіз,ауытқулы жолдарға бұрған болатын.Міне соның арқасында шет жердегі қандастарымыздың тағдырынан жасанды түрде алыстау болдық..
Жоғарыда айтылған теріс бағыттағы әлеуметтік құбылыстар дүниенің әр бұрышына таралған Қазақ диаспорасыныңның сан-тараулы қасиеттерге толы үлкен құрылымын түзеді.Олардағы отандастарымыздың хал-жағдайы,салт-дәстүрі, тілі, діні, мәдениеті және менталитеті сол өмір сүріп жатқан елдерінің саяси-әлеуметтік жүйелерінің,діни бағыттыры мен экономикалық құрылымдарының басымдық танытатын дәстүрлері мен салттарына тәуелді болып келгені де заңды құбылыстарға жатады.
Менталитет немесе ментальдылық деген ұғым латынның mens –ақыл,ой,ойлау тәсілі,пайымдау,жан дүниесі деген түсініктерден туындайды.Сөйтіп,менталитет дегеніміз жеке адамның немесе әлеуметтік топтың әлемді белгілі бір кейіпте,қалыпта сезіну,түйсіну және іс-әрекеттер жасау мақсатында қордалаған дайындықтары мен ыңғайларының жүйесі.Ол- жеке және ұжымдық сананың терең іргетастық деңгейіндегі құбылыстарын қамтиды және бейсаналық, одан тысқары жағдайда жүзеге асып отыратын үрдістерді (процестерді) де бойында ұстайды.Менталитетті мәселен мынандай түрлерге бөлуге болады: балалық(жасқа байланысты), ұлттық (этникалық), азиялық(континенттік)орта ғасырлық (өркениеттік), бюрократиялық (мемлекеттік),мұсылмандық(діни) және басқа түрлері. Әрине, әр түрлі елдегі Қазақ диаспорасыныңның бәріне тән түпкі (қандық) гендік негіздер мен ұқсастықтар да бар,сонымен қатар әлеуметтік дүниеде өзіндік түзетуден өткізіп,екшелеген ерекшеліктер де кездеседі.
Қазақ халқының үлкен бір бөлігінің басқа этникалық кеңістіктерге әр түрлі себептермен ауысып кетуі негізінен Қазақ диаспорасының мәселесін туындатқаны белгілі. Әрине, ирреденталық жағдайдағы қандастарымызды да диаспора деп жүрміз. Соған байланысты нақты тарихи дәуірде «өз бауырластарымыздың қазіргі кезеңдегі этнодиаспоралық әлеуметтік кеңістігі олардың ұлттық бет-бедерін сақтап қалуға ,өсіп-өркендеуіне қолайлы ма,әлде қолайсыз ба?» деген саяси-әлеуметтік, этнопсихологиялық, демографиялық сұрақ туындатады. Жалпы бұл сияқты сұрақтарға бір мағынада жауап беру оңай емес екенін ескере отырып, мәселе өрісі әлеуметтік болмыстың сан-саласын қамтығанда ғана дәйекті және терең астарлы шешімдер жасалатынына сенуге болады. Диаспоралық немесе ирреденталық жағдайдағы қазақ халқының өкілдері (алыс шетел болса да ,жақын шетел болса да) өздерінің ұлттық мәдениетін,ұлттық дәстүрін, өмір салтын,рухани байлығын ,құндылықтарын сақтап қалуға қазіргі кезеңге дейін барынша тырысып келді.Бұл әрекеттің, талпыныстың негізгі түпкі тамырлары табиғи-әлеуметтік дамудың заңдылықтарына сәйкес келеді. Сондықтан бұл тарихи құбылыстар қисынын талдау барысында біз негізінен басымдық танытатын бағдарлар мен жағдайлардың құрылымына әлеуметтік-мәдени сипаттама беруден бастаймыз.
Дәстүрлі мәдениетке тән әр түрлі ұлттық ерекшеліктер өз уақытында көбінесе сынға түсіп отырды. Сондықтан Қазақстанда болсын,көрші Ресей мен Өзбекстанда, Қырғызстан мен Түркіменстанда болсын рухани әлем «социалистік өмір салтының» ықпалында болатын. Осындай ұқсас жалпы жағдайдың өзінің қазіргі кезеңдегі ұлттың іштегі өзара қарым-қатынастары үшін,әлеуметтік-психологиялық түсіністігі үшін өзіндік оң мағынасы да байқалады.
Ресей республикасында тұратын 700 мыңға жуық қазақтардың жартысына жуығы өздерінің өмір сүріп жатқан жерлерін ежелгі мекеніміз деп есептейді. Ресейде халқының саны жағынан Қазақ диаспорасының он бірінші орында деп есептелінеді.Шынымен де қазіргі Ресей мен Қазақстанның шекарасы кезінде Кеңес үкіметінің орашолақ жүргізе салған сызығымен анықталған.Ресей жеріндегі Саха(Якут) жерінде де Қазақ диаспорасының бар.Олар негізінен алмаз шығаратын шахталарда жұмыс істейді.Кейбірі 18-20 жылдай Якут жерінде өмір сүруде.Атамекенге келу екенін білдріп тұрады.Мәңгілік мұзды елінде тұратын қазақ жастары ана тілін білмейді,өзара тек орыс тілінде ғана түсініседі.Ресейдегі Қазақ диаспорасыныңның саналы азаматтары соңғы кезеңде өздерінің жас ұрпақтарына ана тілінде білім беріп,тәрбиелеу мақсатында көптеген талпыныстар жасауда,бірақ қазіргі кезеңнің экономикалық қиындығы, тапшылық пен қымбатшылық оған қол байлау болып отыр.Осы деректің өзінен Ресейдегі қазақ қауымы бір үлкен этникалық күш және Қазақстан үшін саяси әлеуметтік одақтас екенін байқаймыз.
Шетелдегі Қазақ диаспорасыныңның хал-жағдайы. Қазақ диаспорасыныңның хал-жағдайын Кеңес өкіметі тұсында зерттеу мүмкіндігі шектеулі болатын.Дегенмен шет елдерге жолы түсіп,қазақ этносының шоғырланған жерлерінде болған ғалымдарымыз, жазушыларымыз өздерінің пікірлерін, көзқарастарын білдіріп отырған. Мәселен,қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқанов Моңғолия жерінде болған сапарында былай деген екен: «Моңғолия қазағынан үш түрлі олжа таптым.Біріншісі,қазақтың әдет-ғұрып, салт-санасы қаймағы бұзылмай сақталыпты. Екіншісі,сыбызғы деген ата-бабамыздың музыка мұрасы сендерде оркестрдің аспабында ойналады екен. Үшіншісі,мұндағы қазақтар оқығыш,білімдар,сауатты зиялылар мол екенін көріп,көңілім толды». Міне,осы пікірдің астарында түсінген адамға екі жақтың бірлігін ұштастыру қажеттігін аңсап тұрған көңіл,арман бар екенін байқауға болады.
Моңғолияға тәуелсіздік кезеңінде Қазақстаннан қайта көшіп барғандардың жалпы саны 10000 адамға жетіп отыр (2000 отбасы). Біздің ойымызша бұл құбылыстың әлеуметтік шындықта бірнеше себебі бар:
Біріншісі,қазақ оралмандарының республикада бытыраңқы орналасуы,бұл процестегі жүйеліліктің болмауы;
Екіншісі,еңбекке араласып кетудегі қиыншылықтар. (Жұмыссыздық,әркімнің өзін-өзі асырай);
Үшіншісі,азаматтық алудағы кешеуілдеулер,құқықтық дағдарыс- тар болып табылады.
Төртіншісі, оралмандарға қажетті әлеуметтік психологиялық бейімделудің төмен деңгейі,оларда елге сіңісіп кетудің болмауы.
Қытай жерінде өмір сүріп жатқан қазақ халқының үлкен бір тобы (1,2 млн-нан аса)жайлы айта кететін болсақ,онда бұл мәселе үлкен дипломатиялық көрегендікті талап етеді.
Дегенмен Қытайдағы қазақтардың ұлттық өзіндік санасында болашаққа деген сенім біртіңдеп орнығып келе жатқандай.Себебі,екі елдің арасында қазіргі кезеңде бірталай саяси,құқықтық мәселелер халықаралық деңгейде шешімін күтіп тұрған күрделі нәрселер де өте көп.Соның біреуі ақпараттық байланыстың өте төменгі деңгейлігі, мәдени қатынастардың шектеулілігі болып табылады.
Ал енді Түркиядағы қазақтардың тағдыры өзіндік ерекшеліктерге толы: бұл елге негізінен қазақтар XX ғасырдың ортасында Шығыс Түркістаннан қоныс аударған (Үндістан, Ауғанстан, Пәкстан, Ирак жерлері арқылы арып-ашып жеткен қандастар). Ал қазіргі кезеңде Түркия жеріне барынша бейімделген қандастарымыз Еуропаны «бағындыруға», «мойындатуға» бет бұрған десе де болады. Еуропа елдеріндегі көптеген диаспора өкілдері осы Түркия жерінен тарағандар.Ұлыстың негіздері –наймандар мен керейлер.
Ал енді Орталық Азиядағы өзіндік ерекшелігі бар Қазақ диаспорасыныңның әр түрлі проблемаларына тоқтала кетелік. Өзбекстан- да өмір сүріп жатқан Қазақ диаспорасыныңның өзіндік санасына келетін болсақ,онда бұл республикадағы қазақтар өздерінің ұлттық келбетін, салт-дәстүрін,әдет –ғұрпын, тілін, дінін (мұсылмандық діни сананың да ықпалы зор) және бұл рухани құрылымдарды қоғамда негізінен жақсы сақтай білгенін байқаймыз. Әрине елдегі этникалық үлкен және түпкілікті халық- өзбектердің өмір салты,мәдениеті мен салт –дәстүрі өзінің ықпалын этникалық топтарға тигізуі заңды құбылыс.Бірақ кезінде тарихи тұрғылықты азақтармен қрса аштық заманда көшіп барған қазақ жұртының өз тілінде мектептерден сауат ашуға мүмкіндіктері аз жерлерде өзбекше білім алу тіпті өзбек ұлтының өкілімін деп жаздыру деректері айтылуда.
Өзбекстандағы қазақтардың саны жөнінде әр түрлі деректер көрініс беріп жүр.Өзбектеніп кеткен қазақтардың санын айқындау өте қиын мәселе.Оның басқа да мәселелер ауқымы Қазақ диаспорасының үшін жеткілікті мәселе.
Қарақалпақстандағы қазақтардың көбісі Қазақсианға көшіп келуге ниетті.Себебі,ол аймақта экологиялық,әлеуметтік ,экономикалық дағдарыс адамдардың қалыпты тіршілік етуге өте қолайсыз болып отыр.Сондықтан бұл мәселеге мемлекеттік тұрғыдан көмек керек.Ол жердегі қазақтар негізінен Сыр бойынан, немесе Маңғыстау жағынан өткен ғасырда көшіп барған қандастарымыз болады.
Ал Түркіменстанның ерекше жағдайы, ондағы кейбір тұрғындарға берілетін әлеуметтік кепілдіктер (газ бен электрдың тегіндігі және т.б.) Қазақ диаспорасының өкілдерінің біршама бөлігінің қоныс аудару талпынысын шектейді.
Сонымен Қазақ диаспорасыныңның этникалық мәдениетінің барынша деформациялануы тек қана біздің елімізде ғана болған процесс емес.Ол жағдай басқа көршілес мемлекеттерде де көрініс беріп келеді. Бұл үрдістің қалыптасуына қазақ халқының негізгі тобының өз диаспорасымен жеткілікті түрдегі байланыс құра алмай келуінде осы мәселенің кейбір себептері жатқандай.Әлі күнге дейін алыстағы ағайындармен қарым-қатынасымыз көптеген бюрократиялық шырмаулардың әсерінен биік деңгейге көтерілмей отыр.Бұл тіптен еліміздегі тәуелсіздіктің іргесі нығайған қазіргі кезеңде де көрініс беруде.
Қазақ елінің өзін-өзі ұлт ретінде сақтап қалуға мүмкіндік беретін жері Қазақстан Республикасы болғандықтан. этнодиаспоралық кеңістіктерден Атамекенге қоныс аудармақшы болған ұлт өкілдеріне мемлекет тұрғысынан заңды түрде көмек көрсетілгені жөн.Бұл құбылысты реттеудің өзіндік қисыны мен бағыт – бағдары әрбір тұлғаның өмірлік таңдау еркіндігімен сәйкестенгенде ғана ұтымды жүзеге асады.
Қазіргі тарихи кезеңде Қазақстан Республикасы өзінің мемлекет -тілігін барынша нығайту үстінде.Өтпелі кезеңдегі көптеген қиыншылықтар әрбір қазақстандықтың өмірінде елеулі із қалдырғанмен,болашаққа деген үміт, жақсылыққа деген сенім көп ұлтты мемлекетіміздің рухани негізі бола білді.1991 жылдан бастап елімізге этнодиаспоралық өкілдердің қоныс аудара бастауы,оған мемлекеттің тиесілі мән бере түсуі жатады.
Кез-келген мемлекеттің егемендікке жеткеннен кейін түгендей бастайтын құрылымдары, құндылықтары болады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы адам тағдырына байланысты сала болып табылады. Қазақстан Республикасы да соңғы уақытта бұл мәселеге елеулі назар аудара бастады.Мәселен,шет елдердегі Қазақ диаспорасыныңн қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылы жарияланды.Осы құжат бойынша соңғы уақытта кешенді істератқарылуда.
Кез-келген әлеуметтік –саяси құрылымда өзіндік құндылықтар жүйесі, бағдарлар мен түсініктер қисыны қалыптасады.Көптеген жылдар бойы социалистік қоғамда болған қазақстан қазіргі кезеңде тәуелсіз мемлекеттілігін нығайту үстінде.Сондықтан бұл елдегі құндылықтар да біршама өзгерістерге ұшырап,өзіндік жаңа күйге енуде.Оған соңғы кезеңде әлемді қамтып келе жатқан жаһандану процестері де әсер етуде.
Ал енді Қазақ диаспорасыныңның өкілдеріндегі құндылықтар жүйесі әр түрлі елдерде алуан сипатта көрініс беретіні де табиғи нәрсе. Өйткені,қандастарымыз өздері өмір сүріп жатқан социумдарын -дағы басымдық танытатын құндылықтарменсанасуға тура келеді.
Қазіргі кезеңде әр түрлі елдерден келген оралмандар үшін әрбір облыста бейімделу орталықтары өз қызметін атқаруда.Әрине,барлық жерде бірдей бұл орталықтың жұмысы жоғары деңгейде болмағанмен алыстан келген ағайындар үшін үлкен демеу болары анық.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 7, 8, 9, 11, 12, 14, 15.
Қосымша әдебиеттер: 15, 16, 22, 23, 24, 25, 27, 29, 30, 33.