Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары.
«Статистика» термині кейінгі латынның status – мемлекет деген сөзінен шығады. Ол бірнеше мағынада қолданылады: 1) қоғамдық ғылымдар саласы ретінде, 2) қандай-да бір құбылыс немесе үрдіс туралы мәліметтер жиынтығы ретінде; 3) құбылыстың қандай-да бір жалпылауыш сипаттамасы ретінде.
Дербес қоғамдық ғылым ретінде статистиканың пәні - жаппай қоғамдық құбылыстардың мөлшерлік жағын олардың сапалық жағымен, нақты уақыт және орын жағдайларында құбылыстардың әлеуметтік-экономикалық мағынасымен тұтас байланыста зерделеу болып келеді. Статистика- қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым- қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақыт және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Статистикалық ғылым міндеттері Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылым ретінде басты міндеті қоғамдық даму үрдістерінің көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде және оларды өлшеу әдістерінде жатыр. Бұл міндеттің ішіне әлеуметтік-экономикалық үрдістердің әртүрлі жақтарындағы динамика көрсеткіштерінің өзара байланысын және есептеу әдістерін құру, үрдістердің даму беталыстарын білу және болжауларды әзірлеу кіреді. Статистика - мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық
2.ҚР-дағы қазіргі уақыттағы статистиканың ұйымдастырылуы.
Қазақстанда статистиканың басқарушы ұйымдастырушылық және әдістемелік орталығы ретінде 1995 жылы Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитет болып, ал 1996 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері мыналар: статистикалық мәліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан экономикалық және әлеуметтік үрдістер мен олардың даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту менталдау; статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі мен орындауын қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасын егемен мемлекет ретінде сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, обьективтілігі мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету; Халықаралық ережелер мен стандарттарға сай статистикалық деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзге асыру; Мемлекеттік өкімет пен басқару құрылымдарын, қоғамға жүйелі түрде респуібликада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстар туралы мәліметтерді, статистикалық ақпаратты тарату, халықаралық статистикалық ынтымақтастықты орнықтыру және өзара статистикалық ақпараттармен алмасып отыру. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы заңына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы статистиканы жетілдіру жөніндегі бағдарламаны дайындайтын және жүзеге асыратын, статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырушы және іске асыратын уәкілетті орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік басқару органдарын одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган болып саналады. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі бөлінген қаржыландыру шеңберінде ғана статистикалық есеп жүргізудің әдістемесі мен методология мәселелерінде тәуелсіздікке ие бола отырып, өзінің аумақтық бөлімшелері желісін қалыптастырады, оларға және басқа ведомствоға қарайтын ұйымдарға басшылық жасайды. Қазіргі кезде Қазаөстанда статистиканы ұйымдастыру мен алғашқы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті органның нормативті актілері барлық заңды тұлғалар үшін міндетті болып саналады. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай қызметтерді орындайды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен шаруашылық субъектілері қызметін статистикалық деректер ақпаратымен қамтамасыз етуді іске асырады; Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі бағдарламаны дайындайды және іске асырады.
әлеуметтік- экономикалық және демографиялық процестерді бейнелейтін мемлекет және салалық статистикалық есеп беру көрсеткіштерінің ең төменгі құрамын анықтайды, халық санағын жүргізеді, кәсіпорындарда жағдаяттық пікіртерімді, халықтың тұрмыс деңгейін зерттеу мен басқа да арнаулы тексерулер жөнінде сұрақтарды ұйымдастырады, т.б.