Азақстан Ресупубликасындағы туризмнің дамуына жалпы сипаттама
Бүгiнгi күнi бiздiң мемлекетте туризмнiң дамуы 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы заңымен, 1997 жылғы 30 сәуiрдегi №3476 Түркi тiлдес мемлекет басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО және ҚР Ұлы Жiбек жолындағы туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша БТҰ жобаларын орындау туралы ҚР Президентiнiң жарлығымен және 1998 жылғы 27 ақпандағы Туризм инфрақұрылымын құру, түркi тiлдес мемлекеттердiң мәдени мұрасын дамыту және сақтау, Ұлы Жiбек жолындағы тарихи орталықтарды жаңғырту туралы ҚР мемлекеттiк бағдарламасымен реттеледi. Сонымен қатар, мәдени ережелерiн және визалық құжаттарды хаттау, туристiк iс-әрекеттi лицензиялау ережесiн регламенттейтiн, бiрқатар заңдармен жүзеге асырылады. Барлық заң актiлерiн қабылдау Қазақстандық туристiк нарығын дамытуда өз үлесін қосуда..
Туризм сферасындағы бүкiләлемдiк қатынасты дамыту қадамдарының бiрi, Қазақстанның 1993 жылғы Бүкiләлемдiк Туристiк Ұйымға (БТҰ) нақты мүше ретiнде кiруi, туризм облысындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келiсiмдi бекiтуi. Шетел мемлекеттерiнiң Үкiметiмен Қазақстан бай туристiк потенциалға иелiк етушi, тиiмдi серiктес ретiнде танылды.
46)Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) — халықаралық ұйым.
1970 жылы ресми туристік ұйымдардың үкіметаралық одағы ретінде құрылды. Дүниежүзілік туристік ұйым мүшелері: толық, қауымдасқан және біріккен мүшелерге бөлінеді. Туристік ұйымның мақсаты — экономикадамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу. Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Хатшылықтың тұрған жері — Мадрид қаласы (Испания).[1]
Дүниежүзілік Туристік Ұйым (World Tourism Organization) - Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі болып табылады. Туризм сферасындағы бас халықаралық ұйым болады. ДТҰ Бас Ассамблеясы өздерінің мекемесінің жаңа қысқартылған атауын БҰ ДТҰ - ЮНВТО (UNWTO) бекітті. Ол атауға ООН (UN) Біріккен Ұлттар Ұйымы (United Nations) қосылды. Мекеменің штаб-пәтері Мадрид (Испания) қаласында орналасқан. Дүниежүзілік Туристік Ұйым тұрақты және барлық қауымға колжетімді туризмді дамытумен айналысады. Бас хатшысы - Талеб Рифаи (Иордания).
Тарихы
1925 ж. Гаагада Ресми Туристік Ассоциациялардың Халықаралық конгресі ретінде құрылған болатын. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Ресми Туристік Ұйымдардың Халықаралық кеңесі деген атауға өзгертіледі ( штаб-пәтері - Женева қаласында), оған - 109 ұлттық туристік ұйымдар мен 88 ассоциациялық мүшелер кіреді. 1967 ж. Үкіметаралық ұйымға айналып, ЮНЕСКО, ВОЗ және т.б. көптеген халықаралық деңгейдегі ұйымдармен қызмет істейді. 1969 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ресми Туристік Ұйымдардың Халықаралық кеңесінің туризмдегі ролінің маңыздылығын атап өтеді. 1974 ж. Халықаралық кеңес Дүниежүзілік Туристік Ұйымға өзгертіледі. Ең бірінші Бас Aссамблея 1975 ж. Мадрид қаласында өтеді. Хатшылығы Мадрид қаласында жергілікті Испанияның үкіметінің шақылуымен осы жерде орналасады. 2003 ж. БҰ ДТҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі мәртебесін алады. 2006 ж. Дүниежүзілік Туристік Ұйымының құрамына 150 мемлекет, 7 аумақ және 300-ге жуық жеке сектор, оқу орындары, туристік ассоциациялар және жергілікті туристік әкімшіліктерді көрсететін ассоциация мүшелері кірген. 2011 ж. Дүниежүзілік Туристік Ұйымының құрамына 154 мемлекет кіреді. Бас Ассамблеяның 19-ші сессиясы -Kореяның Кенджу қаласында өткен. 2010 ж. ДТҰ өте маңызды деген жобаны бастайды. Бұл жобаны қарастыру 2010 ж. қазан айында Ұлы Жібек жолын дамытумен байланысты болады. Қабылданған шаралар 2010-2011 жж. аралығында жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жоба маңыздылығы оның тарихының тереңнен бастау алуында болып келеді. Ол көптеген ғасырлар бойы елдер мен континеттерді байланыстырған магистраль болды
47)Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралықконвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялықпарктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Қазақстанның Қызыл кітабы
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің жәнеөсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
48)Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 наурыз N 333
Туризмнің ел экономикасындағы рөлін арттыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың
тұжырымдамасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, 2001 жылдың 1 қазанына дейін Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлесін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 наурыздағы N 333 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың тұжырымдамасы Кiрiспе
Туризм әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша ол әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi. Туризмнiң қазiргi индустриясы табысы жоғары және серпiндi дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бiрi болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесi экспортқа шығарылатын дүние жүзiлiк табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнiмдерi және автомобиль экспортының табысынан кейiн тұрақты үшiншi орында келедi. Мұндай оң үрдiс жаңа мыңжылдықтың бас кезiнде де сақталады деп күтiлуде. Әлемдiк туристiк рыноктың дәстүрлi аудандары өзiнiң рекреациялық сыйымдылығының шегiне iс жүзiнде жеткендiктен, туризмнiң өсуi туристер баратын жаңа аумақтар есебiнен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдiк туристiк рынокта өзiнiң лайықты орнын табуға бiрегей мүмкiндiгi бар. Қазiргi туризм еңбекшiлердiң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзi адамның демалуға және бос уақытын өткiзуге негiзгi құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсiнiстiктi дамытудың факторына айналды. ДТҰ, туризм жөнiндегi мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерiнiң талдауына, сондай-ақ мемлекеттердiң туризмдi дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттiң әлеуметтiк, мәдени және экономикалық өмiрiне тiкелей ықпал ететiн қызмет ретiнде түсiніледi. Қазiргi туризм - бұл әлемдiк экономиканың құлдырауды білмейтiн саласы. Мамандардың есебi бойынша, орташа есеппен, бiр шетелдiк туристiң беретiн табысын алу үшiн оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмiр немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдiк рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикiзат сату елдiң энергия көздерiн азайтады, ал туристiк өндiрiс таусылмайтын ресурстармен жұмыс iстейдi. Шетелдiк экономистердiң есебi бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екi сағат болған кезде кемiнде 350 мың доллар немесе адам басына бiр сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтiп, шикiзат сату өзiндiк экономикалық тығырыққа тiрелу болса, ал туризмдi дамыту - ұзақ мерзiмдi, экономикалық тиiмдi болашақ. 49) Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы