Антропогенез мәселесі және адам қоғамының пайда болуы
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих факультеті
Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасы
5В020300-«Тарих»
1 курс студенттеріне арналған
гуманитарлық оқыту бағыты бойынша
«Алғашқы қоғам тарихы» пәні бойынша семинарлық сабақтарға
әдістемелік нұсқаулық
Орындаушы(лар)
Отан тарихы және тарихи пәндер
кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. ____________ Мәден А.Т.
“___”____________2016 ж.
КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № __ “__” _______________ 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі
Т.ғ.д., доцент ________________ Исмағұлов Ұ.Ш.
Тақырыбы: Алғашқы қоғам тарихы курсының теориялық және методологиялық аспектілері: Алғашқы қоғам тарихының деректері
Жоспары: 1.Алғашқы қоғам тарихының деректері түсінігі
2.Алғашқы қоғам тарихы деректерінің түрлері мен жалпы сипаттамасы
3.Алғашқы қоғам тарихын синтетикалық реконструкциялау ерекшеліктері
Мақсаты: Алғашқы қоғам тарихының деректері туралы түсінік қалыптастыру, деректерінің түрлерімен таныстыру және Алғашқы қоғам тарихын синтетикалық реконструкциялау ерекшеліктерін түсіндіру
Бақылау сұрақтары:
1. Тарихи дерек дегенді қалай түсінесіз? Адамзат қызметі процесінде пайда болған нәрселер қандай жағдайда дерек бола алады?
2. Алғашқы қоғам тарихы деректерінің қандай түрлері бар, олардың әрқайсысына тоқталыңыз.
3. Алғашқы қоғам тарихын синтетикалық реконструкциялау деген не, оның ерекшеліктері қандай?
Глоссарий:
Антропология- (грек. Anthropos-адам, logos-ілім)- адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология терминін алғаш рет Аристотель енгізді.
Археология- (грек. Archaios-ескі, logos-ілім) тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырлардағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Басты зерттеу объектісі алғашқы қауымнан, ерте заман мен ерте ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару- жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар, т. б. Адамдар қолымен жасалған осы аталған заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Топыраққа көміліп, жер астында қалған қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады.
Археологиялық ескерткіштер -материалдық ескерткіштердің жиынтық атауы.Көне тас дәуірінен орта ғасырлардың ақырына дейінгі аралықта өмір сүрген адамдар қалдырған құрал-саймандар, үңгірлердегі тұрақжайлар, қоныстар, молалар, зираттар,т б.
Археологиялық мәдениет- бір уақытқа жататын, жергілікті өзгешеліктерімен ерекшеленетін және белгілі бір аймақта шоғырланған археологиялық ескерткіштерді атау үшін пайдаланылатын ұғым. Археологиялық ескерткіштер еңбек құралдарының, тұрмыстық заттардың, әшекейлер мен қарулардың, сондай- ақ жерлеу және басқа да құрылыстар мен әдет- ғұрпының ұқсастығына қарай біріктіріледі.Археологиялық мәдениет аты ескерткіштердің көп шоғырланған жерінің немесе ең алғаш зерттелген жердің атымен аталады.
Биогеоценоз(грек.bios-өмір, geo-жер және koinos-жалпы)- жанды организмдер (биоценоз) мен жансыз компонеттердің жиынтығын зат алмасу мен энергия негізінде біріктіретін күрделі табиғи жүйе.
Глоттохронология(грек.glotta-тіл және chronos-уақыт)-тілдегі лексикалық өзгерістерге байланысты даталау (дата қою) әдісі.
Дендохронологиялық әдіс(грек.dendron- ағаш, тал және chronos-уақыт)-ағаштың жылдық сақиналарына қарап даталау әдісі.
Доместикация( грек.domesticus-үйдікі, мысалы үйдің заты) өсімдіктер мен жануарларды үй өсімдіктері мен жануарларына айналдыру деген мағынада айтылатын ұғым.
Ономастика(грек. onota-аты, есімі)- атауларды зерттейтін тілтану бөлімі, атаулар туралы ғылым.
Палеодемография(грек.palaios-ежелгі, demos-халық және grapho-жазамын)-алғашқы қауымдық қоғамда халықтың құрылымы мен қозғалысын зерттейтін демография бөлімі.
Популяция (лат.populus-халық)-өз ішінде некелесетін адамдар тобы.
Топонимика( грек.topos-орын, onota- аты)-географиялық атауларды зерттейтін ономастика бөлімі.
Этнология(бұрынғы орысша атауы этнография грек. ethos-тайпа, халық және …графия), этнология, халықтану, әлем халықтарының тұрмыстық, мәдени ерекшеліктерін, шығу (этногенез) проблемаларын, қоныстануын (этногеография) және халықтардың мәдени-тарихи қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым. Ғылым ретінде19 ғасырда қалыптасты.
Этнонимика- Ономастика ғылымының бір саласы.
Схемалар,тапсырмала,жағдаяттар:
1.Тақырып бойынша өз білімдерінізді тексеру сұрақтарын құрыңыз, өзара тексеру сұрақтарын қойыңыз.
2.Тақырыптың глоссарийі негізінде кроссворд құрыңыз
3. Екі баған түрінде берілген мына кестені толтырыңыз
№ | Дерек түрлерінің атауы | Белгілі дерек түріне жататындар |
Блиц тест:
1. Кіші Азия халықтары туралы құнды дерек қалдырған А) Цезарь В) Тацит С) Ксенофонт Д) Страбон Е) Геродот
2. Европа мен Азия халықтары туралы құнды дерек қалдырған А) Цезарь В) Тацит С) Ксенофонт Д) Страбон Е) Геродот
3. Аңыз әңгімелер деректің қай түріне жатадыА)Палеоботаникалық В)Археологиялық С) Антропологиялық Д) Лингвистикалық Е) Этнографиялық
4. Үңгірлер, қорымдар-қабірлер, ежелгі суландыру жүйелері, жолдар, каналдардеректің қай түріне жатады А) Этнографиялық В) Лингвистикалық С) Антропологиялық Д) Палеоботаникалық Е) Археологиялық
5. Этнография нені зерттейді? А)Жер шары халықтарының мәдениеті мен тұрмысының ерекшеліктерін, тайпалар мен халықтардың тұрмысында сақталып қалған сарқыншақтарды В) Адам сүйегінің қалдықтарын С) Еңбек құралдарын Д) Адамның бас сүйегінің қалдықтарын Е) Қоғамдық қатынастарын
6. Тобырлық және алғашқы рулық кезеңді негізінен қандай ескерткіштер арқылы білуге болады А) Жазба ескерткіштер арқылы В) Заттай ескерткіштер арқылы С) Нумизматикалық ескерткіштер арқылы Д) Геральдикалық ескерткіштер арқылы Е) Этнографиялық мәліметтер
7. Ресми жазба дерек қалай аталады? А) Нарративтік В) Актілік С) Этнографиялық Д) Антропологиялық Е) Археологиялық
8.Атаулар туралы ғылым А) Ономастика В) Этнотарих С) Нумизматика Д) Геральдика Е) Антропология
9. Палеоантропологиялық деректер
А) Алғашқы қоғам адамдары қаңқасының қалдықтары В) Анорганикалық бұйымдарС) Этнографиялық мәліметтер Д) Геологиялық мәліметтер Е) Палеоантологиялық мәліметтер
10.Адам аттары туралы ғылым
А) Анторпонимика В) Этнонимика С) Гералдика Д) ОномастикаЕ) Нумизматика
Әдебиет:
1.Алексеев В.П., Монгайт А.Л., Першиц А.И. Алғашқы қоғам тарихы. А., 1974.
2.Алексеев В.П. Первобытное общество. Основные проблемы развития. М., 1975.
3.Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М., 1990.
4.История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М., 1986.
5.Першиц А.И., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. Алғашқы қоғам тарихы. Алматы.,1974.
Алғашқы қоғам тарихы пәнінің теориялық және методологиялық аспектілері: Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы (ХХ ғ.)
Жоспары: 1. Алғашқы қоғам тарихы ғылымының ХХғ. дамуы
2. Алғашқы қоғам тарихы ғылымын зерттеу әдістері
Мақсаты: Алғашқы қоғам тарихы ғылымының дамуымен және зерттеу әдістерімен, ерекшеліктерімен таныстыру
Бақылау сұрақтары:
1. Алғашқы қоғам тарихы ғылымының ХХғ. дамуын сипаттаңыз
2. Алғашқы қоғам тарихы ғылымын зерттеу әдістері қандай? Олардың маңызы неде?
Схемалар,тапсырмала,жағдаяттар:
1.Тақырып бойынша өзара білімдерін тексеру сұрақтарын құрыңыз
2.Тақырыптың глоссарийі негізінде кроссворд құрыңыз
3.Алғашқы қоғам тарихы ғылымының ХХІғ. дамуы туралы хабарлама дайындаңыз
Оқытудың интерактивті әдістері (түрлері мен формалары):
Реферат тақырыбы:
1. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының ғылым ретінде қалыптасуы.
1. XIX-XX ғғ. Батыстағы алғашқы қоғам тарихы концепциясы.
Глоссарий:
Гетеризм(грек. hetaira- ашына) - алғашқы тұрмыстық және ертетаптық қоғамда некеге дейінгі және некеден тыс қатынастардың еркіндігін белгілеу үшін бекітілген термин.
Калий-аргон әдісі - радиоактивті элементтердің ыдырауына байланысты археологиялық ескерткіштердің абсолютті жасын анықтаудың жаратылыстану ғылымындағы әдісі.
Клан (гэльск. тілінен clan, clainne ру, тайпа) - ру. Бірқатар авторлардың пікірінше-әке руы ғана немесе қауымның рулық ядросы.
Матрилокальдік( лат.mater- ана және lokus -орын) - ерлі-зайыптылардың әйелінің тобында тұруы.
Ностратикалық ортақтық ( лат.noster - біз, біздікі, nostras - осы жерлік) - Ескі дүние тілдерінің көпшілігінің реконстукцияланған бастапқы ортақтығы.
Патрилокальдік ( лат.pater - әке, loku s- орын) ерлі-зайыптылардың ерінің тобында тұруы.
Потлач (үндіс-нуткалардың «патсхатл» - сыйлық беру деген сөзінен) - өмірде болатын маңызды оқиғаларға байланысты жиналған байлықты арнайы мерекеде тарату.
Промискуитет(лат. Promiscuus - аралас, жалпының қолы жететін) - жыныстар арасындағы қатынастың еш нәрсемен шектелмейтін еркіндігі.
Эндогамия (грек.endon - ішкі және gamos - неке) - қауым ішінде некелесу.
Экзогамия(грек.exo - тыс және gamos - неке) - өз тобының ішінде некелесуге тиым салу.
Блиц тест:
1. Адамзат тарихын еңбек құралдарының жасалу затына қарай үшке бөлген
А) Геродот В) Л.Кар С) Страбон Д) Чан ЧунЕ) Марко Поло
2. Ресейде 1715 ж. жазылған алғашқы этнографиялық еңбек
А) «Камчатка жерін сипаттау» В) «Остяцк халқы туралы қысқаша сипаттау»
С) «Үш теңіздің ар жағына саяхат» Д) «Заттар табиғаты туралы» Е) « Ежелгі қоғам...»
3. Ресейде бірінші Академиялық экспедицияның жинаған этнографиялық материалдары негізінде жазылған құнды еңбектің авторы
А) Крашенников В) Гмелин С) Миллер Д) НовицкийЕ) Крузернштерн
4. Жаңа Гвинеяда папуастар арасында болып ғылыми құндылығы зор этнографиялық материал жинаған гуманист-ғалым
А) Вениаминов В) Загоскин С) Лисянский Д) Крузенштерн Е) Миклухо Маклай
5. Археологиялық қазба кезінде табылған заттық деректерді тарихи зерттеу обьектісіне айналдыру үшін классификациясын жасаған дат археологы
А) Томсен В) Ворсо С) Нельсон Д) Ламарк Е) Мак-Инерн
6.Археологиялық қазба кезінде табылған заттық деректерді тарихи зерттеу обьектісіне айналдыру үшін классификациясын жасаған дат археологы
А) Томсен В) Ворсо С) Нельсон Д) Ламарк Е) Дарвин
7. Хронологияны анықтауда қолданылатын әдіс
А) Салыстырмалы-тарихи әдіс В)Бақылау С) Салыстырмалы-талдау әдісі Д)Эксперимент Е) Калийаргон әдісі
8.Алғашқы қоғамды алғаш дәуірлеген
А) Л.Г.Морган В) Ф.Энгельс С) С.П.Толстов Д) Ю.И.Семенов Е) Н.А.Бутинов
9. Неолиттік революция концепциясын ұсынған ғалым
А) Л.Г.Морган В) Гордон Чайлд С) Гуго Обермайер Д) Ю.И.Семенов Е) Н.А.Бутинов
10.1907 ж. жазылған испан археологы Гуго Обермайердің еңбегі
А) «Тарихқа дейінгі адам» В) «Остяцк халқы туралы қысқаша сипаттау»
С)«Үш теңіздің ар жағына саяхат» Д)«Заттар табиғаты туралы» Е)«Табиғат
диалектикасы»
Әдебиет:
1.Алексеев В.П., Монгайт А.Л., Першиц А.И. Алғашқы қоғам тарихы. А., 1974.
2.Алексеев В.П. Первобытное общество. Основные проблемы развития. М., 1975.
3.Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М., 1990.
4.История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М., 1986.
5.Першиц А.И., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. Алғашқы қоғам тарихы. Алматы.,1974.
6. Токарев С.А. История зарубежной этнографии. М., 1978.
7. Токарев С.А. История этнографической науки (до середины ХІХ в.) М., 1978.
Антропогенез мәселесі және адам қоғамының пайда болуы
Жоспары:
1. Антропогенез мәселесі
2.Адам өлшемдері.Адам қоғамының пайда болуы
4. Түпқоғамдағы аңшылық пен ұжымшылдық
Мақсаты: Адам қоғамының пайда болуының критерилерін ұғындыру,антропогенез процесінің негізгі қозғаушы күші ретінде еңбектің рөлін түсіну.
Бақылау сұрақтары:
1.Адам қоғамының пайда болуының белгілері қандай?
2.Антропогенез процесінің қозғаушы күші не?
3.Ол жөнінде қандай пікірлер бар?
4.Адам қоғамының дамуындағы аңшылық рөлі қандай?
5.Алғашқы тұрмыстық ұжымшылдықтың пайда болу факторлары неде?
6.Алғашқы тұрмыстық қоғамда эгоистік тәртіп болды ма?
Глоссарий:.
Антропогенез- (грек. Anthropos-адам, genesis-шығу тегі)-антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке билогиялық түрінде болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропология,эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімді сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді.
Австралопитек( лат.australis-оңтүстік, pitekos-маймыл)-адам тектілер тобы.
Гоминид (лат.homo-адам) -приматтар тобы. Оған адам тектес маймылдардың барлық түрі мен қазбадан табылған адам тегі (архантроп, палеонтроп, питекантроп, синантроп, гейдельберг адамы, атлантроп) жатады. Олар шамамен бұдан 1400 мың жыл бұрын өмір сүрген. Таралған аймағы – Оңт. Азия (Ява аралы), Солт. Қытай, Африка (Алжир). Г-дің эволюциясы қоғамдық еңбек прогресіне байланысты дамыды. Оның даму сатылары осы күнгі адамның пайда болу кезеңіне дейін жеткізді. Жалпы Г-дің көне түрлерінен кейінгі адамның морфологиясындағы өзгерістер, ерекшеліктер тек қана қоғамдық - әлеуметтік заңдылықтарға байланысты болды.
Диастема(грек.diastema-аралық )- азу тіс пен күрек тіс аралығы
Диморфизм(грек. di-екі рет, morphe- форма)-екі формада көріну қасиеті, жыныстық диморфизм-екіжыныстық.
Дриопитектер(грек.drus-орман, pithekos-маймыл)- қазбадан табылған адам тәрізді маймылдардың бір түрі. Ғалымдардың пікірі бойынша, дриопитек ағаш басында, ашық жерде де тіршілік еткен және адам тәрізді маймылдардың арғы тегі болған. Олардың ішінде Дарвин дриопитек деген түрі басқаларына қарағанда адамға жақындау. Оның қаңқа қалдықтары Австрия жеріндегі миоцен қабаттарынан табылған. Дриопитектің сыртқы пішіні қазіргі шимпанзе, бонобо маймылдарына ұқсас. Бұдан 14 млн. жыл бұрын өмір сүрген Кения жерінен табылған Африка дриопитегінің тісінің құрылысы адам тісіне ұқсастығы анықталды. Дриопитектің орт. жүйке жүйесі жақсы дамыған. Олардың тісінің, басқа қаңқа сүйектерінің қалдығы Батыс Еуропа, Оңтүстік Азия, Шығыс Африка жерлерінен табылды. Бұдан 7- 12 млн. жыл бұрын тіршілік еткен дриопитектен горилланың, шимпанзенің арғы тегі таралған және дриопитек 9 млн. жыл бұрын біржола жойылып кеткен деген пікірлер де бар.
Локомиция(лат. lokus-орын, motio-қозғалыс)- орын ауыстыру, басқа жерге қоныс аудару.
Микроцефал( грек.mikros-шағын, kephale-бас)-шағын басты адам, басы кішкентай адам.
Неандерталдық адамдар- 1856 ж. Дюссельдорф маңындағы Неандертал алқабынан табылған ертеде өмір сүрген адам сүйегінің атауы. Неандерталдық адамдар архантроптар мен қазбадан табылған қазіргі физиол. тектегі адамдар аралығына жатады.
Неосфера(грек. noos-таным, ес, sphaira-шар)-танымның(ақыл-естің) өмір сүру аймағы.
Остеодентокератикалық индустрия(лат. os-сүйек, logos-сөз, ғылым)-сүйектерді зерттейтін анатомия бөлімі немесе саласы.
Палеоантология(грек.palaios-ежелгі,on-бар,өмір сүрген, logos-ілім)-қазба организмдер туралы ғылым.
Парантроптар(грек. para-жанында, anthropos-адам)-австралопитекке жақын қазбадан табылған адам тектес маймыл.
Плезиантроптар(грек.plesios-жақын, anthropos-адам)-австралопитекке жақын қазбадан табылған адам тектес маймыл.
Приматтар(лат. primus- бірінші,)-жартылай маймыл, маймыл және адамнан тұратын сүт қоректілердің жоғары отряды.
Этилология ( грек.aitia – себеп) –себептерді түсіндіру, шығуды түсіндіру.
Схемалар,тапсырмала,жағдаяттар:
1. Адамның мәнін бағалаудың екі өлшеуішін атаңыз. Әрқайсысына түсініктеме беріңіз:
а)-------------------------------------------
в)--------------------------------------------
2. Приматтар эволюциясын ретімен атаңыз
Оқытудың интерактивті әдістері (түрлері мен формалары):дискуссия элементтері бар топтық жұмыс
Реферат тақырыбы:
3. Адамзат қоғамы шығуының теориялық проблемалары.
4. Ертедегі және кейінгі адамдар тобыры.
5. Көне адамдар қоғамының қалыптасуы.
6. Алғашқа адамдар отаны проблемасы.
Блиц тест:
1. Антропогенез мәселесіне жатады:
А) шығу тегі, адамға айналу факторлары, о бастағы мекені мәселесі В) адам қоғамының пайда болу мәселесі С) жеке меншіктің пайда болу мәселесі Д) алғашқы қоғамның ыдырау мәселесі Е) мемлекеттің пайда болу мәселесі
2.Адамның физиологиялық дамуына жол салған
А) еңбек В) тік жүруі С) миы Д) қолы Е) аяғы
3.Адамның шыққан ең алғашқы мекені таулы жер деген кім? А) Сушкин П.П., Дебец Г.Ф. В) Серебровский П.В.С) Серебровский П.В., Дебец Г.Ф.
Д) Дарвин ч., Дебец Г.Ф. Е) Сушкин П.П., Дарвин Ч.
4.Адамның шыққан ең алғашқы мекені таулы жер деген кім? А) Сушкин П.П., Дебец Г.Ф. В) Серебровский П.В. С) Серебровский П.В., Дебец Г.Ф.
Д) Дарвин ч., Дебец Г.Ф. Е) Сушкин П.П., Дарвин Ч.
5.Қолданылуы жағынан бір мақсатқа негізделген, өңделуі неғұрлым жетілген , түрі әр алуан құралдар қай кезеңге тән? А) Неолит В) Ерте палеолит С) Мезолит Д) Кейінгі палеолит Е) Энеолит
6.Кейінгі палеолит қай кезеңді қамтиды?
А) Б.з.б. 40-14 мың ж. В) Б.з.б. 100-40 мың ж. С) Б.з.б. 2 млн- 5 мың ж. Д) Б.з. б. 5-40 мың ж. Е) Б.з.б. 5-3 млн ж.
7.Адам от жағуды үйренген дәуір А) Мустье В) Шелль С) Ашель Д) Шелль мен мустье Е)Шелль мен ашель
8.Неандертальдықтың шығуы адам эволюциясының нешінші кезеңімен байланысты
А) 1-ші В) 3-ші С) 2-ші Д) 5-ші Е) 4-ші
9. Синантроп адамы адам эволюциясының нешінші кезеңіне жатады? А) 5-ші В) 3-ші С) 1-ші Д) 2-ші Е) 4-ші
10.Осы заманғы адамға жақын адам
А) неандертальдық В) неоантроп С) кроманьондық Д) архантроп Е) гримальдилік
Әдебиет:
1.Алексеев В.П., Монгайт А.Л., Першиц А.И. Алғашқы қоғам тарихы. А., 1974.
2.Алексеев В.П. Первобытное общество. Основные проблемы развития. М., 1975.
3.Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М., 1990.
4.История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М., 1986.
5.Першиц А.И., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. Алғашқы қоғам тарихы. Алматы.,1974.
6. Алексеев В.П. От животных к человеку. М., 1969.
7. Алексеев В.П. В поисках предков. Антропология и история. М., 1972.
8. Нестурх М.Ф. Приматология и антропогенез. М., 1960.
9. Рогинский Я.Я. Проблемы антропогенеза. М.,1969.
10. Семенов Ю.И. Как возникло человечество. М.,1966.