Журналистика негіздері» пәні бойынша тест сұрақтары
1. Журналистика дегеніміз:
А. БАҚ жүйесі;
Ә. Телевизия хабарлары;
Б.Баспасөз мәтіндері;
В. Радио хабарлары;
Г. Таралушы, әсер етуші материалдар.
2. Қазақ даласында жарық көрген алғашқы басылым:
А. Қазақстан;
Ә. Айқап;
Б.Серке;
В. Дала уалаятының газеті;
Г. Түркістан уалаятының газеті.
3. «Журналистика» терминінің арғы тегі:
А. Қолжазба;
Ә. Күнделік;
Б. Оқиға;
В. Деректер тізбегі;
Г. Жазу стилі.
4. Профессор Қайыржан Бекхожиннің ғылыми дәрежесі:
А. Филология ғылымдарының докторы;
Ә. Философия ғылымдарының докторы;
Б. Саясат ғылымдарының докторы;
В. Педагогика ғылымдарының докторы;
Г.Тарих ғылымдарының докторы.
5. «Ғылым туралы» заңның негізгі мақсаты:
А. Ғалыми кадрларды заң аясында жұмыс істеуге үйрету;
Ә. Ғылыми зерттеулерді реттеу;
Б. Ғылыми инновация арқылы білім мен ғылымды дамыту;
В. Ғалымдардың тұрмыс-тіршілігін жеңілдету;
Г. Шет ел ғалымдарымен идеялар алмасуды оңтайландыру.
6. Қазақ фантастикасын зерттеуші ғалым, жазушы:
А. С.Қ. Қозыбаев;
Ә. С.Х. Барлыбаева;
Б.А.Қ. Мектеп:
В. А.Ф. Мархабаев;
Г. Ә.Ы. Ыдырысов.
7. Бұқаралық ақпарат туралы заңның мақсаты:
А. Баспасөз бостандығын шектеу;
Ә. Баламалы арналарды тұншықтыру;
Б. БАҚ қызметін демократиялық заң аясында реттеу;
В. Ресми басылымдарға оңтайлы жағдай жасау;
Г.Баспасөз қызметін бақылау.
8. Ноосфера ұғымы:
А. Ақыл-ой, сана әлемі.
Ә. Геометриялық фигура;
Б.Аспан кеңістігі;
В. Эфирдің қамту ауқымы;
Г.БАҚ-тың таралу кеңістігі.
9. Судың ақпарат тасымалдау қабілеттін зерттеп жүрген ғалым:
А. Борис Раушенбах;
Ә. Бақытжан Жұмағұлов;
Б.Ғалымқайыр Мұтанов;
В.Масару Эмото;
Г.Комаки Курихара.
10. «Жармақ» публицистикалық романының авторы:
А.Дүкенбай Досжанов;
Ә.Сәбит Досанов;
Б.Мұхтар Мағауин;
В. Ғаббас Қабышев;
Г. Амантай Сатаев.
11. Сетература ұғымы:
А. Интернет әдебиеті;
Ә. Торап;
Б.Желі;
В.Таралым;
Г.Сандық көрсеткіш.
12. Профессор Асқар Егеубаев аударған ортағасырлық автор:
А. Әбілғазы баһадүр хан;
Ә. Мұхаммед Хайдар Дулати;
Б.Жүсіп Хас Қажы Баласағұн;
В.Заһир әд-дин Мұхаммед Бабыр;
Г.Қадырғали Жалаири.
13. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саясаттағы ұстанымы: көпвекторлық
А. Әділеттілік;
Ә. Бейтараптық;
Б.Тепе-теңдік;
В.Көпвекторлық:
Г.Моновекторлық.
14. «Жебе» анимациялық орталығы жұмыс істейтін қала:
А.Алматы;
Ә.Астана;
Б.Шымкент;
В.Жамбыл;
Г.Қызылорда.
15. Семейде алғаш рет киім үлгілері (морда) көрсетілуін жазған басылым:
А. Айқап;
Ә. Тәржіман;
Б.Серке;
В.Еңбекші қазақ;
Г.Екпінді.
16. Эпистема:
А. Еркіндік;
Ә. Таным;
Б.Ұйғарым;
В.Шешім;
Г.Бұйрық.
17. Орыс ақыны А. Майковқа «Емшан» балладасының сюжетін айтып берген қазақтың аса көрнекті ғалымы:
А. Қаныш Сәтбаев;
Ә. Ебней Бөкетов;
Б. Өмірбек Жолдасбеков;
В. Шоқан Уәлиханов;
Г.Мәшһүр-Жүсіп Көпеев.
18. Интеллект:
А. Білім;
Ә. Мәдениет;
Б.Әдеп.
В.Ақыл-ес;
Г.Ізденіс.
19. БАҚ :
А. Ақпаратты өңдеуші, тасымалдаушы;
Ә. Ақпарат құралдарының жиынтығы;
Б.Көпшілікке таратылар хабар;
В.Қоғамдық үдерістерді реттеуші;
Г.Аудиторияға ықпал етуші бірлестік.
20. М.В. Ломоносовтың ғылыми еңбегі:
А. Әйнектің пайдасы туралы;
Ә. Екатерина патшайымның таққа отыруына арналған ода;
Б.Журналистика қызметі туралы диссертация;
В.Найзағайдың сипаттамасы хақында;
Г.Сібір жерлерін игеру туралы ойлар.
21. Баспасөз мәтіні:
А. Қаламгер жазбалары;
Ә. Жариялауға жарамды журналист өнімі;
Б.Мақсатты аудиторияны қызықтырар ойлар;
В.Аудиторияны зерттеу әдісі;
Г.Қоғамдық пікір.
22. Публицистика терминінің мәні:
А.Арнаулы;
Ә.Халықтық;
Б.Жалпы;
В.Көпшілік.
Г.Қоғамдық.
23. Е.П. Прохоровтың журналист тұлғасы әлемі сызбасының сыртқы шеңбері:
А. Өзіндік ерекшелік;
Ә. Қабілет;
Б. Білім;
В. Жауапкершілік;
Г.Тәжірибе.
24. Қ. Жұмаділовтің «Прометей алауы» романының басты идеясы:
А. Грек мифологиясын насихаттау;
Ә. Ислам діні арқылы халықты ұйыстыру;
Б.Заратустра танымын дәйектеу;
В.Отарлау ықпалын баян ету;
Г.Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін көрсету.
25. Джон және Матильда Райлилердің журналистика жүйесінің іргетасы:
А.Таптық модель;
Ә. Нәсілдік модель;
Б.Әлеуметтік модель;
В.Партиялық модель;
Г.Рухани модель.
26. Жюль Верннің «Капитан Гранттың балалары» романындағы тыйым салу:
А. Цензура;
Ә. Табу;
Б.Астар;
В.Қадағалау;
Г.Жасыру.
27. Г. Лассуэлдің журналистика жүйесі туралы сипаттамасы:
А. Үштаған;
Ә. Төрттаған;
Б.Пентада;
В.Легион;
Г.Фаланга.
28. «Алматы» телеарнасының «Тіл сақшысы» бағдарламасының жүргізушісі:
А. Ләззат Танысбай;
Ә. Самал Мейрамқызы;
Б. Нәзира Бердалы;
В. Айгүл Мүкей;
Г.Жанат Ертілесова:
29. А.П. Чеховтың «Қуаныш» әңгімесінің басты кейіпкері:
А. Егор Пятигоров;
Ә. Митя Кулдаров;
Б. Андрей Пересолин;
В. Денис Григорьев;
Г.Григорий Петров.