Ашық және жабық жүйелер

1. Ашық жүйенің ерекше сыртқы ортамен тығыз байланысты энергия, мәліметтер, материалдар.Жүйе шекарасы арқылы енетін сыртқы ортадан мәліметтер енетін объектілер экономикалық, саяси бәсекелестік.

2.Жабық жүйенің белгілерінің нақты шекарасы болды. Оның іс – әрекеті қоршаған орта жүйенің бір шама тәуелсіз.

Ашық жүйе өзін – өзі қамтамасыз ете алмайды. Оның өмір сүруі сыртынан келетін мәліметтерде және материалдарға тәуелді болады. Басшылар ашық жүйелерін жұмыс істеу ұйым сыртқы ортадан мәліметтер капитал адам ресурстарын материалдарды алады. Осы өнімдерін қызметтер ұйымның сыртқы ортаға шығын компонентер болып саналады.

Басекелестік және оның түрлері.Бәсеке-ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным.Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс қимыл жасайтын салада ұнамды нәтежиеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір бірімен күресі. Екінші жағынан ол нарық обьектілерінің өнімді өндірумен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің мемлекеттік және жеке құрылымдардың дерективалары мен іс қимыл әдістерінің жүйесі.

Жетілген бәсеке . Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалауына негізделеді. Өндірушілер бір бірімен тек нарық арқылы байланысады. Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса онда осындай болмыс бәсекеліік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылады жетілген бәсеке деп аталады.

Басқару ғылымы немесе сандық ықпал (1950 жылдан күні бүгінге дейін).Шет елдегі басқару теориясының жаңа бағыттардың бірі – «басқару ғылымы» деп аталатын – басқару ғылымына сандық тәсілдер мен дәл ғылым аппаратын енгізуге тырысуымен сипатталады.

«Жаңа» мектептің ең көрнекті өкілдеріне Р. Акофф, Л. Берланфи, С. Бир, А. Гольдбергер, Н. Джорджекску – Реган, Р. Каллиен, П. Клейн, Р. Люс, Д. Форрестер секілді ғалымдар жатады. Бұл мектептің қалыптасуы кибернетика мен операцияны зерттеудің пайда болуына байлансты. Алғашында операцияны зерттеу сандық талдау әдістерін тұтастай, бөлімдерге жіктемей дайындаумен шектеледі.

Кейіннен операцияны зерттеу ғылымының дербес саласы ретінде қалыптасып, негізгі екі бағытта дамытылады.

Біріншісі, басқаруда неғұрлым жиірек кездесетін құбылыстың матиматикалық моделін құруға, запастарды басқаруға, ресурстарды бөлуге, бұқаралық қызмет көрсету міндеттеріне, ескі жабдықтарды ауыстыруға, жұмыс уақытын реттеуге т.б. байлансты болады.

Екіншісі, жүйені зерттеуге – «жүйе техникаларын» құрауға айрықша мән береді.

Әрі қарай дербес ғылыми пән – басқару шешімдерінің теориясы қалыптасты.

Басқарудағы билік.Басқару – ұйымдасқан жүйеге нысыаналы түрде ықпал жасау, оның беогіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдану.

Билік- көп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелері арасындағы әлеуметтік табиғи айырмашылықтарға, субьективті-обьективтіқарым қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның мақсаты-қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән мазмұны –үстемділік пен бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, саяси құқықтық, әскери, рухани және отбасылық билік түрлерінің арасындағы қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Үкіметтің ерік қалауын топтастыру, айрықша басқару аппаратын иелену арнаулы органдар дербестігін қамтамассыз етіп, қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға қарым қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету билікке тән белгілер болып табылады. Субьектінің мақсатына орай биліктің нысанына ықпал ету үшін құралдардың барлығы « билік рессурстарын» құрайды.

Басқарудың атқаратын қызметтер.Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі,ұйымдасқан жүйеге нысыаналы түрде ықпал жасау, оның беогіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдану. Бұл қызметтің мән мазмұнын айқындау үшін оның анықтамасынан бастайық. Басқару – бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.

Осы анықтамадан бірқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен ықпал ету, демек мұның өзі сол әрекетке билік ету қажеттігін көрсетеді.

«Мақсаттылық» анықтамасы басқару міндетін – ұжымның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді. Оның үстіне мақсат қою да басқару міндеті.

«Жүйелілік» анықтамасы дүркін-дүркін емес, жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді.

Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі (1920-1950).Ғылыми басқару өкілдері өз зерттеген негізінен өндіріс басқаруға арнады. Олар басқару деңгейінен төменгі сатыдағы еңбек өнімінен артуымен шұғылданып, әкімшілік мектебі пайда болды. Кейінен мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принцптерін ойластырды. Бұл мәселелер Файольдің есімімен тікелей байланысты. Ол әкімшілік басқару мектептің көрнекті ғалымы деп есептелді.

Файоль пікірінше әкімшілік ету жан – жақты қызмет алқымымен қамтамасызданды. Басқарудың бір бөлігін және техникалық, компаниялық сатып алу,қорғаныстық, бухгалтер, әкімшілік әкімшілік функцияны талдайды. Файоль оны 5 элементке бөліп көрсетті:

1. Жоспарлау

2. Ұжымдастыру

3. Басшылық ету

4. Үлестіру

5. Бақылау

Файоль әкімшілік басқарудың бір қатар принцптерін ойластырды. Оның пікірінше олар кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің осындай әмбебап принцптері менеджерді өз қызметтерін қалай орындау екендігін көрсетеді. Оның менеджментке арналған 14 принцпінде басқарушылардың қызмет қалай орындау екендігін көрсетеді.

Файольдің функциямен принцптері уақыт кезінен ойдағыдай өтіп жаппай қолдана бастады.Файоль былай деп бастады басқару процес ретінде тәуелсіз саламен функцияға бөлінуі мүмкін. Классикалық мектептің өкілі Урвин Файольдің негізгі қағидаларын одан әрі дамытып тереңдете түсті. Урвинде Файоль секілді әкімшілік қызметтің негізгі элементтерін тұжырымдап, бұған жоспарлауды, ұйымдастыруды, штабты жинақтауды, басшылықты үйлестіруді, есеп беруді және бюджет жасауды жатқызды. Бұл элементтер күні бүгінге дейін шетел авторларының көптеген зертеулерінің түп қағазы ретінде пайдаланып отыр. Урвин формалді ұйым құру принцптеріне ерекше көңіл бөледі.

1.Құрлымның сәйкестігінде атап көрсетілетін әуелі ұйымдастыру құрлымын мұқият ойластыру, содан кейін құрылым талаптарына неғұрлым сәйкес келетін мамандарды таңдап алу қажет. Арнайы және басштабты құру.

2.Басқаруды күрделене түсу ескеріп Урвин ұйымдастыруда штабтық мамандандардың маңыздылығын жете түсінді. Бар штабтың міндетіне басшылардың бұйрық дайындаудың және таратуын күнделікті жұмыстарды бақылауды және штабтық мамандар қызметін үйлестіруде басшылар көмек жасауға жатады.

3.Құқықпен жауапкершіліктің салыстырмашылығы.

4.Бақылау өрісі – басшыға тікелей бағынатын адамдар саны.

5.Мамандандыру басшы қызметкерлерге мамандандырудың 3 түрі болуы мүмкін:

1. Мақсат белгісі

2. Операциялар бойынша

3.Тұтыну түрлері немесе географиялық белгілер бойынша

6.Анықтық ұйымдағы әрбір қызметкер үшін міндеті жауапкершілігі басқа адамдармен өзара қатынасы мен байланысы жаз болса анықтауы тиіс тек сонда ғана ұйым қызметінің айқындығына қол жеткізуге болады.

Бәсекелестік күресті қалай жүргізу керек.Бәсеке – (лат. Conkurentia - қақтығысу, жарысу) тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық, тауарларды өндіру мен өткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда алу.

Бәсеке факторлары. Бәсекелесушілерді талдауға төрт диагностикалық элемент қатысады:

1. бәсекелесушілердің болашақ мақсатын талдау

2. бәсекелесушілердің ағымдағы стратегиясын бағалау

3. бәсекелесушілерге қатысты саланың, сонда жұмыс істейтін компанияның алғышарттарын шолу

4. бәсекелесушілердің күшті және осал жақтарын мұқият зерттеу.

Бизнес жоспар бөлімдерінің мәні.Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады. Бизнес-жоспар – кәсіпорынды белгілі-бір кезеңге дамыту мақсатында кәсіпорынның іскерлік белсенділігін арттыруға арналған ұзақ мерзімді, стратегиялық жоспар

Бизнес жоспарлау шығыны.Бизнес-жоспардың қолдану мынадай бағыттары бар:

Банктер, инвестициялық компаниялар мен басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың және шетелдік инвесторлар несиелер алуға қолданыстағы және жаңа бизнестің инвестициялық өтінімдерді · дайындау

Кәсіпорындарды жекешелендіру жөніндегі ұсыныстарды · негіздемесі

Жеке компаниялардың құру бойынша жобалардың · әзірлеу

Дамыту және жаңа ортаға компанияның оң қаржылық нәтижеге қол жеткізу жолдарын тиімді бағыттарының · таңдау

Бағалы қағаздар компаниялардың (акциялар, облигациялар және т.б.) шығару үшін жоспарларын · бизнес-жоспарды әзірлеу кезінде және мынадай міндеттер қойылады:

Қуаты мен Өнім нарығы келешегі · анықтамасын

Өнімдерін өндіру және сату сметалық шығыстарды · бағалауды

Пайда болжау үшін өнімдердің бағасының ықтимал іске асыру шығындарды салыстыру

Қазіргі экономикалық жағдайында өндірісті дамыту орындылығын · анықтау

Бихевиористік мінез-құлық мектебі (1950 жылдан күні бүгінге дейін).Екінші дүнйе жүзілік соғыстан кейін психология мен социологияның даму, зерттеу әдістерінің жетілдіру жұмыс орнында мінез-құлықты зерттеуді ғылыми жолға қойды. Крис Арджирис, Ренсис Лайкерт, Дуглас Мак Грегор, Фредрик Герцберг, бихевиористік мінез-құлық мектебінің басқа да өкілдері әлеуметтік өзара әрекеттесудің, мотивацияның, билік пен бедел сипаттың, ұйымдық құрылымдардың, ұйымдастырудағы жетекшіліктің, жұмыс мазмұнын ескертудің және еңбек тұрмысы сапасының алуан түрін жайларын зерттеді.Бихевористің мектеп адамгершілік қатнас мектебінен едәуір ауытқып, адамдар арасындағы қатнасты орнықтыру тәсілдеріне назар аударды. Бұл жаңа бағытта көбінесе адамдардың өз мүмкіндігіне ықпал етуге, ұйымды құруға және басқаруға негізделген. Тұтастай алғанда, бұл мектептің басты мақсаты адам ресурстарын тиімділігін арттыру арқылы ұйымдастыру тиімділігін арттыру болады.Мұндағы басты мәселе мынада: мінез-құлық туралы ғылымды дұрыс қолдану жеке жұмыскерлерді де тиімділігін акртыруға ықпал етеді. Алайда, менеджментті зерттеушілердің атап көрсеткендей, жұмыс мазмұнын, өзгертудің және жұмыскерлердің басқаруға қатысуы секілді амалдар тек кейбір жұмыскерлерге ғана, әрі кейбір жағдайда ғана тиімді болады екен.

Болжау әдістері.Кәсіпорынның (фирманың, компанияның), оның бқлімшелерінің, басқарудың басқа деңгейлеріндегі болжамдары мен жоспарларын әзірлеу тәсілдері. Неғұрлым әмбебап және басқарудың барлық деңгейлерінде таралған түрі- жоспарлаудың теңгерілімдік әдісі. Оның мәнісі ресурстардың бары жоғынан немесе олардың құралу көздерінен және тиісті қажеттіліктерден құралатын өзара теңгерімді кестелер нысанындағы тпңгерім жасауда. Болжауда нормативтік әдіс қолданылады.

Болжаудың түрлері.Экономикалық болжаулар төмендегі классификацияға сәйкес төрт топқа жіктеледі:

Болжау кеңістігіне( масштабына) байланысты.

Болжау мерзіміне байланысты

Зерттеу обьектісіне байланысты

Функцианалды белгісі бойынша

Ғылыми басқару (1856-1920).Осы мектептің пайда болуы Ф. Тейлормен байланысты. Оның басты еңбегі Фабриканы басқару ғылыми менеджмент принцптері арнайы комисия алдында көрсетті. 1880 жылы инженер білімі алғаш американ ғалымы Ф. Тейлор еңбек процесін зертеп бастаған. Тейлор еңбегін жалғастырған Генрик Форт болды. И. Гант, Ф. Гилборт, Л. Гилберт, К. Стенфорт, Ф. Тейлордың негізгі қағидалары:

1.Практикасы қалыптасып дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми ірге тасын құру. Әрбір элементтің ғылыми тұрғыдан зертеген .

2. Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау.

3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластыру практикаға енгізу жүргізгенде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.

4. Еңбекті бір келкі бөлісу және әкімшілік арасындағы жауапкершілік.

Тейлор – пікірінше еңбек өнімдерінің артуы қожайынға да, жұмысшыға да молшылық әкеледі. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да психологиялық түбегейлі өзгерту қажет. Тейлор өз теориясын тұжырымдап отырып, мынаған келеді. Дәстүрлі әдістердің орнына ғылым, қарама – қарсылықтың орнына үйлесімдік, дербес жұмысшының орнына ынтымақтастық, еңбек өндіруші мектептің орнына еңбек өнімдері барынша арттыру. Оларға барынша қолайлы жағдай жасау, Тейлор жұмысының басты жүйе жекелеген жұмысшының еңбегін ұтымды ету, өндіріс процесін және соған сәйкес басқару прцесін ұйымдастыру қайта құру болды.

Гилберт прибор ойлап шығарып, оны микропораметр деп атады. Оны кино камерамен қоса қолданылады. Белгілі бір операцияда қандай қозғалыстың және олардың әр қайсысы қаншама уақыт алатындығын дәл анықтау үшін пайдаланады.

Эмерсон ойлап шығарған өнімдердің “ 10 принцпі ” деген жұмысында жұртқа кеңінен мәлім болды. Ол кәсіпорының басқаруының принцптерін қарастырады, әрі тұжырымдады. Эмерсонның 10 принцпі:

1.Дәл тұжырымдама мақсат. Басқарудың басқа деңгейде бұған жетуле әрбір басшы және оның қоласындағылар ұмтылды.

2.Болашақ мақсатты ескере отырып әрбір жаңа процесті таңдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу.

3.Білікті кеңес беру, өндіріске және басқаруға байланысты арналған білімнің қажеттілігі және барлық мәселелерде білікті кеңес бірлесіп ғана нәтижелі болды.

4. Барлық ұжым мүшелерінің белгіленген тәртіппен ережелерге бағыну.

5. Қызметкерлерге әділ төрелік.

6.Басшыны қажетті мәліметтерін қамтамасыз ететін жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп.

7.Ұжым қызметтің мұқият жедел басқаруды қамтамасыз ететін дисперчилік жұмыс.

8. Ұйымдастырудың бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін шығарды. Азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері.

9.Ең тиімді нәтижеге жетуде мүмкіндік беретін уақыт. Күш қуат және өзімдік құнының үлесін қамтамасыз ететін жағдайды халыққа келтіру.

10.Уақытты белгілеуді және әрбір операцияның кезегінен ұсынатын операцияның нормасы.

Ғылыми басқару қозғалыста АҚШ тыс жерлерге қала жерлерге Германия, Англия, Франция, Шведция және т.б Европа елдеріне кеңінен мәлім болды. Мұның өзі оларды басқару, ғылыми басқару, рациянализациялау, еібек ғылымын ұйымдастыру және т.б аттармен жайылды. Егер объектіні өндіріс бизнеске ғана көңіл бөлген болса, кейіннен адамдар саласында бірдей қолданылған басқа ұйымның ғылыми принцптер концепциясы қалыптасты.

Жоғалту түрлері мен тәуекелдікҚаржылық тәуекелдер – экономикалық ортаның дүдәмал жағдайында сыртқы әрі ішкі даму факторларының ықпалындағы Банк қызметі нәтижесінде келешекте шығынның туындауына, табыс алмауға, қосымша табысты толық алмауға немесе алуға апарып соқтыруы мүмкін оқиғалардың орын алу ықтималдылығы.Қаржылық тәуекелдерді басқару мақсатында тәуекел-менеджмент бөлімшесі тәуекелдерді басқару саясатын, Банк активтері мен пассивтерін басқару саясатын басшылыққа алады.

Кредиттік тәуекелдер

Нарықтық тәуекелдер

Өтімділікті жоғалту тәуекелі

Жоспарлау типтері Қамту дәрежесі бойынша: жалпы және бөлшектеп жоспарлау; кәсіпкерлік саясат аспектісіндегі жоспарлау мазмұны бойынша - стратегиялық, тактикалық және оперативті жоспарлау; жоспарлау бұйымы бойынша (жоспарлау объектілері) - мақсатты, құралдарды, бағдарламалық және әрекеттерді жоспарлау; қызмет көрсету саласы бойынша - өткізуді, персоналды, дайындауды, инвестициялық, қаржылық және кеңейтілген жалпы жоспарлау; жоспарлау тереңдігі бойынша - берілген рамкамен шектелген глобалды, контурлы және бөлшектеп жоспарлау; мерзімі бойынша - қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау; құрылымдық ұйымдастыру көзқарасы бойынша – жалпы жоспарлау (өндірісті ең жоғары жоспарлау) және кәсіпорынның орналасу жерін, қызмет көрсету саласын, учаскелер мен бөлімдерін жоспарлау; жеке жоспарлардың орындалу уақыттарын байланыстыру бойынша - тізбектеп және бір уақытты жоспарлау; деректердің өзгерісін есепке алу бойынша - қатаң және икемді жоспарлау; уақыт бойындағы кезегі бойынша - реттелген ағымдағы, сырғанақ және кезектен тыс, эвентуалды жоспарлау.

Жоспарлаудың басқарудағы маңыздылығы.Жоспарлау – жоспар жасау процесі, онда нақты объектінің мақсаты. Мазмұны, көлемі, әдістері мен құралдары, орындалу мерзімі көрсетіліп, нақты кезеңге межеленген бағдарламасын жүзеге асырудың белгіленген тәртібі, реті тәптіштеледі

Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:

• Ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;

• Алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;

• Міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.

Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс-жолдарын таңдап алу табылады. Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады. Фирма ішілік жоспарлаудың басқару қызметі ретінде міндеттері мен мазмұны нарық сұранысы мен оны қамтамасыз ететін материалдық көздерін есепке ала отырып өндірісті дамыту және негізгі бағыттарды анықтау болып табылады. Жоспарлаудың қалыптасуы фирманың және әрбір жекелеген бөлімшенің берілген кезеңдегі даму барысындағы мақсаттарын нақтылауда, шаруашылық міндеттерін, оларға жету құралдарын,мерзімі мен жүзеге асырылуын; алдыға қойылған міндеттерді шешуге қажет еңбек, қаржы, материалдық ресурстарды анықтау.

Мазмұнына, мақсаттарына және міндеттеріне байланысты жоспарлаудын келесі формаларын көрсетуге болады: стратегиялық немесе дамушы; ағымдық немесе оперативтік.

Жоспарлаудың қажеттілігін анықтау.Жоспарлау техникасы жоспар құрылуында уақыт аралығын анықтайды; кезекті жоспарлау, қатаң және икемді жоспарлауға бөлінеді.

Жоспарлау жүйесі – кәсіпорынның бір-бірімен өзара келісімдерімен және тәуелділігімен жоспарлау процесі. Жоспарлау процесі іс-қимылдың шекараларын анықтаса, басқаға қарағанда жоғары тұрады, ал төмен тұратын процесс оларды есепке алады (жоғары тұрған жоспардың басымдылығы). Бұдан басқа, иерархиямен байланысты жоспар кейбір «туынды қатынаста» бір-бірін толықтырады, яғни төмен тұратын жағдай қажет болғанда жоғарыдан шығады.

Жоспарлаудың бір-біріне бағыныштылығына байланысты келесі түрлерін көрсетуге болады:

а) жалпы жоспарлау - ұзақ мерзімді негізін қалаушы жоспарлау, кәсіпорын концепциясы;

б) мақсатқа бағытталған стратегиялық жоспарлау, мысалы, өндірісті, өткізу саласын, қаржыландыруды, персоналды дамытуды бес не он жылдық жоспарлау;

в) тактикалық жоспарлау – шаруашылық операциялардың жағдайын жоспарлау;

г) оперативті жоспарлау – ақшалар мен істердің нақты бағдарламасын жоспарлау.

Жүйелердің негізгі үғымы.Бұл кәсіпорынды басқарған қажетті мәліметтердің барлық түрі. Кең мағынада мәліметтер жүйесі – бұл қажетті және дәлме-дәл мәліметтерді басқару жүйесінің барлық буындарына дер кезінде жеткізілуіне ықпал ететін, басқару процесіндегі мәліметтерді қамтамасыз ету құралы.

Мәліметтер жүйесінің элементтері:

• мәліметтер қоры;

• өңдейтін техникалық құралдар,

• айналымдағы мәліметтер каналы;

• мәліметпен жұмыс істейтін қызметкерлер тобы.

Басқарушы ақпараттық жүйелер кезекпен кезек ақпараттың өндірістік процесінің біртұтастығы және математикалық, статистикалық және аналитикалық әдістері мен болжаулық-аналитикалық есептеулер модельдерін үйлестіру арқылы ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу, таратудың техникалық құралдарын қолдану жолымен ұйымдастыру қағидаларын жүзеге асырады.

Инновация бизнес жоспарлаудың құралы ретінде. Инновацияларды басқару стратегиясының ұйымның жалпы даму стратегиясындағы орны мен маңыздылығы. Инновациялық стратегия түрлерi. Ұйымның инновациялық саясаты. Жаппай өндiрiс саласындағы стратегиялар – виоленттер стратегиясы. Өнiм дифференциациясы және нарықты сегметтеу стратегиялары – патиенттiк фирмалар стратегиясы. Инновациялық және зерттеу жұмыстарын жүргiзушi кәсiпорындар стратегиясы – эксплерент стратегиясы. Маманданбаған бизнес саласындағы – коммутант фирмалардың стратегиясы.

Инновациялық кәсіпорынның ұйымдастыру қалыптары.Инновацияның жалпы экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тиімділігі. Инновация мен инвестицияның экономикалық тиімділігі. Инновациялық қызметтің инвестициялық тартымдылық критерилері (өзіндік капитал құны, тартылған капитал құны, капитал құны). Инновациялық жобалардың экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау әдiстерi. Ұйымның инновациялық потенциалы ұғымын қарастыру. Ұйымның инновациялық потенциал деңгейін зерттеу және анықтау. Ұйымның инновациялық қызмет деңгейін анықтайтын көрсеткіштер. Инновациялық климат. «Инновациялық белсенділік» категориясының мазмұны. Инновациялық белсенділік ұйымның бәсекеге қабілеттілігінің артықшылығы ретінде. Ұйымның инновациялық белсенділігін жоғарылату мәселелері

Контроллингтің мәні, пайда болу себептері, функциялары және мақсаттары.Контроллинг – компанияның ұзақ өмір сүруіне бағытталған басшылардың философиясы және ойлау қабілеттері.Ғылыми-техникалық прогресс және сыртқы ортаның динамикасы кәсіпорындарды күрделі жүйеге айналуға мәжбүрлейді, ал олар басқаруда жаңа әдістерді керек етеді. Осы жерден кәсіпорынның тиімді қызметі қаржыны, қызметкерлерді, өнімді сату мен сатып алуды және өндіріс процесін басқаруды біріктіретін біртұтас күрделі жүйе - контроллинг негізінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.Контроллинг бизнестің негізгі мақсаттарына (өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру, өндіріс көлемін ұлғайту, нарықта жетекші орынға ие болу және өз бәсекелестерін жеңу) жету құралдары ретінде қарастырыла бастады.Контроллинг – кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелерінің ұзақ уақыт қызмет етуін қамтамасыз ету үшін болашақты басқару болып табылады.Контроллинг теориясы мен тәжірибесінің, соның ішінде стратегиялық контроллингтің дамуы оның келесі даму кезеңін ашуға мүмкіндік береді. Осылайша, стратегиялық контроллингтің ерекшелігі оның болашаққа бағытталуы, нәтижеге жетуге жағдай жасайтын факторларды талдау негізінде кәсіпорынның ары қарай даму жолдарын іздеу болып табылады. Контроллинг экономикалық тұрғыда басқару және бақылау дегенді білдіреді.Контроллинг менеджер мен контроллер қызметінің өзара байланысуы, түйісуі кезінде көрінеді, яғни менеджер мен контроллер бірігіп жұмыс жасайды. Кәсіпорын қызметіндегі контроллинг – бұл пайда алуға байланысты мүмкіндіктер мен кедергілерді анықтауға бағытталған кәсіпорындарды басқарудың бұртұтас тұжырымдамасы.Контроллинг стратегиялық мәселелерді шешуге бағытталған, басқарудың тиімді құралы ретінде көрінеді. Кәсіпорынды басқару жағдайында контроллердің міндеті мынада:

1. Кәсіпорынның өндірістік ресурстарының жағдайын бағалаудағы басты нәрсе өндіріс ресурстарын ұйымдастыру, олардың түрлері бойынша және қалыптасу қайнар көздері бойынша қатынасы болып табылады. Кәсіпорынның өндіріс ресурстарын қалыптастыру саясатының негізгі бағыттары осы жағдайлар арқылы анықталады:

- өндірістік ресурстарының оңтайлы құрылымын анықтау;

- нарықтағы жағдайды есепке ала отырып меншікті және қарыз қайнар көздердің қатынасындағы өзгерістерді есепке алу;

- қарыз қайнар көздерінің қатынасындағы өзгерістерді есепке алу.

Контроллингтің түрлері және оның құралдары.Уақыттық арадан қарағанда контроллингтің екі түрін бөліп көрсетуге болады:

- оперативтік (0.5 – 1 жыл)

- стратегиялық (3 – 5 жыл)

Стратегиялық және оперативтік контроллинг жиі ұйымдастырылып таратылады.

Контроллинг бойынша іс-шараларды жүргізу кезінде бенчмаркинг (benchmarking-БМ) немесе контроллинг құралы ретіндегі «эталонды тестілеу» қолданылады. Бенчмаркинг ұғымы әртүрлі компанияларды салыстыру әдісі болып табылады. Бұл тұрақты жүйелі түрде ізденіс жасау және еңбек өнімділігінің артуына әкелетін озық тәжірибелерді енгізу ретінде қарастырылады.

Оперативті контроллинг қазіргі заманғы ақпараттар жүйесін қолдау негізінде оперативті жоспарлау, бақылау, кәсіпорындағы есепке алу, және есеп беру үдерісін үйлестіру.

Оперативті контроллинг міндеттері:

- қысқа мерзімді кезеңде жоспарлы пайда деңгейі, табыстылық және тиімділікке жету үшін кәсіпорын менеджерлерін әдістемелік, ақпараттық және инструментальды қолдау;

- келесі шаруашылық жылға жоспар құру және ағымдық тексерулер жүргізу.

Старегиялық контроллинг пен оперативті конроллингтің салыстырмалы талдауы келесі кестеде көрсетілген.

Кәсіпорында стратегияның жүзеге асырылуы барысында стратегиялық контроллингтің әдістерін енгізу қажеттігі туралы тқжырым жасауға болады.

Әртүрлі қызмет мысалында стратегиялық конроллинг әдістері мен факторларының әрекеттерін қарастыруға болады.

Стратегиялық контроллинг әдістері:

- бәсекелік ортаны, саланың инвестициялық тартымдылығын талдау;

- логистика;

- өнімдік бағдарламаны портфельді талдау;

- кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтарын талдау.

Қысқа уақытқа жоспарлау.(1 жылға) ширек, айға байланысты бірнеше формаға ие. Оның бірі ортақ мерзімді жоспарлауды нақтылап және қысқарту. Сонымен қатар, бір жылға өндірістік жоспар, қаржылық жоспар маркетинг бойынша жоспар құрылады. Ағымдағы жоспарлаудың үшінші формасы саясатты рәсімдеу, механизмді бақылау, болашақта болатын жағдайларға байланысты алдын ала компанияның жағдайын дұрыс анықтап алу керек.

Мерзімі бойынша:

- қысқа мерзімді (жарты жылдық, кварталдық, айлық, апталық, жылдық жоспар);

- орта мерзімді (1-5 жыл);

- ұзақ мерзімді (5-20 жыл).

Менеджер және оның іс- әрекетінің бағыты.Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, бассшылық ету деген сөз. Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды. Ағылшынның «to manage» деген сөзінен шыққан және басқарушы, меңгеруші, әкімшілік деген ұғымды білдіреді.Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зертттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, емхана меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады. Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл – басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.

Менеджерге қойылатын талаптар.Барлық менеджерлер үшін олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

Біріншіден,менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, менеджер-ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді және т.б.

Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті –сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.

Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдіруі, қызмет жағынан жоғарылап не төмендеуі де ұжым бірлігінің нығаюы не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері.Барлық менеджерлер үшін олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

Біріншіден,менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, менеджер-ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді және т.б.

Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті –сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.

Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдіруі, қызмет жағынан жоғарылап не төмендеуі де ұжым бірлігінің нығаюы не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты

Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері.Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді.

Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Ф. Тейлор кәсіпорынды басқару тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.

Орта уақытқа жоспарлау.Орталық жоспарлау қызметі жоспар формасын өндіреді және бөлімдерге ұйымның мақсатын тану шегін жасайды. Әр бөлімде өндірістік жоспарлау және бақылау барысы болады, олар жоспарлауды құраумен және олардың орындалуының бақылауын жүргізеді. Батыс елдерінде соңғы 10 жылда жоспарлау және ішкі ортада басқару сияқты бейімділік жүйесі, үрдісі жүріп жатыр. Ұзақ мерзімді жоспар болашақтан қазіргі уақытта, ауыстыру бұрынғыдан болашаққа емес болашақтан қазіргі уақытқа ауыстыру үрдісімен жүріп жатыр. Ұзақ мерзімді жоспарлау стратегиялық жоспарлауға айналады, стратегиялық жоспарлау үрдісі 4 сатылы кезеңнен тұрады, олар: бағалау, таңдау, орындау және қорытындылау мағынасы стратегиялық жоспарлауда көрсетілген. Ал ортамерзімді жоспарлау (5 жылға дейін) қай жол арқылы мақсатқа жетуге болатынын шешу. Бұл жоспарларда ортақ кадрлық саясат, ортақ өндірістік стратегияны, ортақ қаржылық саясат, ортақ маркетингілік саясат анықталады.

Өзін-өзі басқару әдістері.Басқару әдістері – басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуі үшін басқару объектісіне ықпал етуде қолданатын құралдар мен тәсілдердің жиынтығы. Басқару әдістері мен басқару процесінің әдістері бөліп көрсетіледі. Мұның соңғысы басқару процесін қалыптастыратын жеклееген операцияларды, процедураларды, жұмысты орындаудың тәсілдерін береді. Бұған кіретіңдер:

- мақсаттарды анықтаудың ережесі;

- басқару шешімдерін әзірлеу мен оңтайландыру әдістері;

- Нақты ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;

- Жекелеген міндетті істерді орындау әдістері: болжау және т.б.

Стратегиялық жоспарлау.Стратегиялық жоспарлау. “Стратегия” ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында “генерал шеберлігін” береді. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді. Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан – жақты жоспар жиынтығы болып саналады. Старатегиялық жоспарлау – ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтаң қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда старатегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлесімдікті орындау және ұйымдық стратегияны ұғыну әрекеттері орындалады.

Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу; сыртқы ортаға бейімделу; ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжаудау.Ресурстарды бөлу қызметі барлық қоғамдық ресурстардың шектеулігімен байланысты. Яғни, ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиімді бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталады.

Сыртқы ортаға бейімделу. Басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени, техникалық факторлардың әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп, солар тарапынан төнетін қауіп-қатерді анықтайды.

Ішкі үйлесімділікті орындау дегеніміз – стратегияны іс жүзінде асырудағы ұйымның ішкі мүмкіндіктерін, жетістіктер мен әлсіз тұстарын басқарушылық зерттеуге ұйымдағы өндіріс, қаржы, маркетинг қызметкерлер және мәдениет бөлімі қызметтері еңгізілді.

Ұйымдық стратегияны ұғыну басқарудағы осыған дейіңгі орын алған тәжірибе, кешенді жоспарлар мен деректерге сүйене отырып дамудың бағытын белгілеуді ұсынады. Ал енді осы айтылғандарды қортындылай келе, ұйымдаодағы стратегияны анықтап өтейік.

Сценарий жасау әдістері.Сценарий әдісі терминін алғаш рет 1960 жылы футуролог Х.Кан әскери саладағы стратегиялық мәселелерді шешу үшін қолданған. Сценарий әдісі шындыққа жақын болжамдарды есепке ала отырып құрылған болашақтың картинасы. Сценарий әдетте алдын-ала болжам мен болжам обьектілерінің дамуы бойынша бастапқы материалдар негізінде жасалады. Бастапқы материалға ғылыми және өндірістік бағалаудың негізгі көрсеткіштерін жатқызамыз. Сценарий – бұл міндетті жүйелі, детальді шешуді көздейтін картина, онда мүмкін болатын кедергілер, маңызды кемшіліктер анықталып, тіпті жүргізіліп отырған жұмысты тоқтату мүмкіндігі не одан әрі жүргізу мәселесі де алдын-ала шешіледі

Тактикалық жоспарлау.«Тактика» термині грек сөзінен шыққан әскери термин (алғашқы шығуында), мақсатты іске асыру үшін қажетті күштермен маневр жасау ұғымын білдіреді.Тактикалық жоспарлау стратегиялық мақсаттарды ұтымды орындау үшін ұйым мүмкіндіктері, ресурстары қалай бөлінуі, ұйымдастырылуы керек екендігін білдіреді. Тактикалық жоспарлау қысқа және орта кезеңдерді қамтиды, яғни орта және төменгі деңгейдегі басқару буындарының іс - әрекет жағдайларын.

Тактикалық жоспарлау қызметі төмендегідей үш сұраққа жауап береді:

1. Қазір біз қандай жағдайдамыз, немесе қай жердеміз?

2. Қандай бағытта дамығымыз келеді?

3. Мұны қалай іске асырмақпыз?

Тактика – ұзақ мерзімді, кешенді стратегияны орындаудағы нақтылы іс-қимылдың қысқа мерзімді үйлестірілуі.Ұйымның дамуын бейнелейтін кешенді стратегиялық жоспарды орындауда басшылық қысқа мерзімге есептелінген, егжей-тегжейлі тактикалық жоспарға сүйенеді. Тактиканың сипатты белгілері:

1. Стратегиның дамуында әзірленуі;

2. Орта буындағы басшылықтың қабылдауы;

3. Стратегияға қарағанда, қысқа мерзімге есептелінуі;

4. Нәтижені бағалау тез уақытта нақтылы іс-әрекеттің орындалуына қарай жүргізілуі.

Тәуекелдік көрсеткіштері және оны бағалау.Аудиторлық тексеруді жоспарлау мен оларды жүргізу үшін қажетті ресурстарды анықтаудың негізгі болып табылатын кәсіпорының қандайда бір бөлімшесіне тән тәуекелдіктерді жүйелі түрде бағалау процессі. Мұндай бағалаулар аудиторлық қызметтің басшыларына аудиттің қандайда бір объектісінің «тәуекелдігін» есепке ала отырып тексерудің жоспарлауға мүмкіндік береді. Аудиттің объектісін алдын - ала зерттеу мәліметтері, оған қолданылатын нормативтер мен бухгалтерлік есеп процедуралары арқылы аудиторлық ең басты тәуекелдіктерді анықтайды және осы тәуекелдіктерге сай келетін аудиттің міндеттерін қалыптастырады. Тәуекелдіктіті бағалаудың қажетті алғы шарты болып аудиттің объектісінің сипаттамасын алу саналады. Объекті жөнінде құжатталған ақпараттың массиві операциялардың әртүрлі типтерін, ақпаратық алмасуларды ішкі бақылау сауаларын, жұмысқа таратылған қызметкерлерді, қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп шоттарын қамтиды.

Қателіктерді және дұрыс емес әрекеттерді анықтау мен олардың алдын – ала тұрғысынан ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін анықтау ретінде нашар бақылаудың тәуекелдігі бағалау осы кезеңнің басты элементі болып табылады. Ол келесі іс – әрекеттерді алдын – ала қарастырады:

• Осы объектіге тән тәуекелдіктер мен болашақ қателіктерді анықтау;

• Қателіктердің ықтималдылығын немесе қандай да бір тәуекелділікті төмендететін бақылаудың істеп тұрған жүйелерін таңдау;

• Бақылаудың таңдалған жүйелерінің жұмыс істеуін жан – жақты тексерудің қажеттілігін анықтау.

Аудит қызметі төмендегі бөлімдер бойынша ұйымның қаржы – шаруашылық қызметімен және оның ақпараттық жүйелерімен, корпаративтік басқарумен байланысты тәуекелдіктерді бағалауға тиісті:

• Қаржы – шаруашылық қызметі жайлы ақпараттың толықтығы мен растығы;

• Шаруашылық қызметінің тиімділігі мен нәтижелігі;

• Активтердің сақталуы;

• Келісілген міндеттемелер мен нормативтік актілердің, заңдардың сақталуы.

Тәуекелдікті жіктеу.Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық тәуекел– бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық тәуекел– қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.

Инвестициялық тәуекел– бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық тәуекел– бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.

Тәуекелдікті талдау және жоспарлау.Тәуекелді талдаудысандық және сапалық тұрғыда жүргізуге болады.

Сапалық талдау – тәуекелдіктің басқарудың 2-ші кезеңі болып табылады. Сапалық талдаудың басты мақсаты тәуекел пайда болатын кезеңдер мен жұмысшылардың анықтау, яғни сапалық талдау арқылы мүмкін болатын тәуекел салаларын анықтап мөлшерін белгілеуге болады.

Тәуекелдіктің талдау келесідей реті бойынша жүзеге асырылады:

• Нақты бір тәуекел түрін артуға немесе кемітуге әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды анықтау;

• Анықталған фактор бойынша талдау жүргізу;

• Нақты тәуекел түрінің қаржылық әсерін анықтап бағалау;

• Ұйымның қаржылық жағдайын бағалау (жобаның өтімділігін анықтау);

• Экономикалық тиімділігін бағалау қаржылық ресурстарының салудың тиімділігін анықтау;

• Мүмкін болатын тәуекел деңгейіне сәйкес келетін жекелеген операцияларға талдау жасау.

Тәуекел дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті (экономикалық және саяси дағдарыс, инфляция, бәсеке, экология,кеден салығы және т.б. ұйымға тәуелсіз) және субъективті (ұйымға тәуекелді,ұйымның өндірістік қуаты, мамандар құрамы, шауруашылық байланыстары, қаржылық жағдайы және т.б.) деп екіге бөлуге болады.

Тәуекелділіктің сандық талдау – Қаржылық тәуекел бойынша жалпылама, немесе оның жекелеген түрлері бойынша келтірілетін залалды ақшалай өлшем бірлігінде анықтауы.

Ұзақ уақытқа жоспарлау.Жоспарлау. Менеджмент функциясы сияқты мақсатты анықтау және бағдарламаның өнімді болу үшін болжау, тактикалық жоспарлау. Л.Д. Залевский жоспарлауды басқарушылық шешімді өндіру, бұл үрдіс барлық нұсқалар бағаланады және қорытындылайды, ішінен жақсы әсер ететінін таңдап дұрыс шешім анықталады.К. Киллен «Жоспарлау - ол не, кіммен, қалай деген сұраққа жауап беруге дайындық» деп санайды. Жоспарлау мақсатты анықтау және оның орындалуының жолдарын қарастыру. Жоспарлау ұйымның әртүрлі деңгейін қамтып ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Ұзақмерзімді жоспарлауда (15-20 ж) фирманың мақсаты мен стратегиясы анықталады.

Ұйымға қойылатын талаптар.Әрбір топтың ұйым болып есептелуіне төмендегідей талаптар қойылады:

1. 0сы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның бар болуы керек.

2. Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.

3. Топтың мақсатына жетуі үшін топ мүшелерінің бірегей арнайы еңбектенуі керек.

Ұйымдар түсінігі, олардың негізгі түрлері мен жалпы сипаты. Ұйым дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірі луі .Мақсатты орындауда нәтижеге қол жеткізуде ұйымдар құралады және олар:

1. Ресми ұйымдар

2. Бейресми ұйымдар

3. Күрделі ұйымдар болып жіктеледі.

Ресми ұйымдар дегеніміз - мақсатты орындауда басқару принципін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.

Бейресми ұйымдар дегеніміз - қызмет барысындағы әлеуметтік қатнастарға, ішкі еңбектерге байланысты ойламаған жерден құрылады.

Күрделі ұйымдар дегеніміз - құрылым мен мақсаттарды жан-жақты кешенде сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар мен мүмкіндіктер, мақсаттар басымдылығына қарай тиімді үйлестіруді талап етеді.

Ұйымдастыру басқару қызметі ретінде Ұйымдастыруды басқару қызметі өндірісті дамыту белгілі алты принциптері бойынша құралады: а) мамандандыру ә)пропорционалдық б) параллельдәк в) дәлділік г) үздіксіздік және д) ырғақтылық.

Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялықжәне әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін біріктіруге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, әрі белгілі біл ұйымдық құрылымда шығында аз жұмсауды қажет етуі мүмкін.Ұйымдастыру –бұл кәсіпорын құрылымын құру процессі, оның өзі адамдардың өз мақсаттарына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Ұйымдық құрылым түрлері.Ұйымның әрбір бөлімшесі белгіленген қызмет түрін орындап отырғандықтан оларды функционалдық бөлімдер деп аталады. Ұйым құрылымы – бұл басқару деңгейлері мен функционалдық бөлімдердің ұйым мақсатына барынша тиімді жолмен жетуге мүмкіндік беретін формада құрылған логикалық қарым-қатынастары. Функционалды бөлімдер мен сәйкес бөлімшелердің пайда болуы бұл көлденең еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылады. Функционалы облыстардың саны ұйымның негізге құрылымын анықтайды. Басқару деңгейлерінің иерархиясын қалыптастыратын еңбектің тік бөлінісі де ұйымда үлкен маңызға ие. Бұл иерархияның негізгі белгісіне әрбір деңгейдегі қызметкерлердің ресми бағыныштылығын жатқызуға болады.

Наши рекомендации