Экономикалық дамудың өтпелі моделі тән елдердің экономика-географиялыық және геосаяси даму факторлары

Экономиканың өтпелі моделі тән елдердің сыртқы экономикалық байланыстарын экономико-географиялық және геосаяси факторлын зерттеудің теориялық мәселелері

Экономикалық дамудың өтпелі моделі тән елдердің экономика-географиялыық және геосаяси даму факторлары

Қазақстанның эконоомикалық тұрғыда тұрақты даму үшін, қол жеткізген экономикалық көрсеткіштерді, экономикалық даму жолы мен артықшылықтарды таңдау, аймақтық интеграциялық процесстерді,сонымен қатар ілемдік экономикаға интеграциялану (қосылу) жолдарын саралау қажет.

экономиканың өтпелі моделі тән елдердің сыртқы экономикалық байланыстарын экономико-географиялық және геосаяси факторлын зерттеудің теориялық мәселелері географияның жеке салаларының қалыптасқан дәрежесін саралайды, атап айтсақ оның зерттеу пәні болып табылатын, экономикалық, әкімшілік және саяси география ,соңғы онжылдықта жиналған білімді теориялық синтездеудің қажеттілігіне тоқталады.

Экономикалық және саяси географияның «классикалық» мұрағаты Н.Н.Баранский, Н.Н.Колосовский, Ю.Г.Саушкин, А.Т.Хрущев, П.Хаггета және басқалардың еңбектері арқылы көрсетілген. Осы еңбектердің негізгі мәні-Өндірістік күштерді орналастыру мен аумақтық-өндірістік жағадайларды үйлестірудің жалпы заңдары мен заңдылықтарын анықтау болып табылады.

Географиялық кеңістікте соңғы 20-25 жыл ішінде болып өткен өзгерістер, әсіресе посткеңестік мемлекеттер аумағындағы өзгерістер, бүгінгі күннің қажеттілігіне қарай сыни тұрғыдан қайта қарастыруды талап етеді.

Экономикалық –географиялық және геосаяси фактор арасындағы байланыстар анық өзара әрекеттескен, алайда өзара байланыстылық бағалау дәрежесі қиын міндеттердің бірі болып саналады. Орталық Азия аумағындағы елдердің экономикалық-географиялық жағдайы біздің көзқарасымыз бойынша, геогстратегиялық қызығушылық танытып отырған жетекші геосаяси ойыншылардың әрекетіне байланысты.Орталық Азия , Чжао Хуашен –(ҚХР Фудан Университетінің Ресей және Орталық Азия елдерін зерттеу Орталығынның директоры) айтуынша, аумақтағы ірі державалық елдерінің белсенді әрекеттерінің жалдмасына айналуда. Ресей,Қытай,АҚШ; ЕО; Турция, Иран, Жапония және Үндістан сияқты мемлекеттер өз биліктерін ұлғайтп, белсенді әрекет етуде. Олар өз мақсаттары мен көзқарастары арқылы Орталық Азияға тиесілі. Бұл өз кезегінде ОА елдерінде әр түрлі мемлекеттердің: үлкен және орташа болуына әсер етті, ал әлем бойынша әртүрлі мемлекеттердің бір аумақта орналасуы сирек кездесетін құбылыстардың бірі. Көптеген мемлекеттердің орналасуы Орталық Азия аумағына қосымша мән мен маңыз береді, аумақтық қажеттілігін арттырады.

Сондықтан да ,география ,қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының шекарасында орналаса отырып, өз бойына жаратылыстанушылық және қоғамдық-экономикалық ,саяси и геосаяси құбылыстар жайлы мағынаны жинайды.

Ескі геосаясат евроцентрлік кезеңге сәйкес келеді,сонымен қатар Вестфильдік жүйенің инфрақұрылымына негізделді.Адамзат тарихында 20 ғасыр жүзжылдық та болған құбылыстар ішіндегі оқиғаларға ең қанық кезең болды, яғни ол соғыстар, революциялық көтерілістер.Көптеген елдер мен мемлекеттер ,ғасырдың басында , аграрлық және аграрлық-өндірістік қоғамда өмір сүрген, кейін индустриаландыруды өткен соң, ғасырдың соңына қарай индустриалдықтан кейінгі және ақпараттық қоғамға аяқ басып танымастай өзгерді. 20 ғасырдың тағы бір маңызды ерекшелігі ,ғасырдың басында Ұлы географиялық ашылулар заманында басталған әлемдік кеңістікті игеру мен қосу процесі ,қоныстану, яғни ойкумендер аяқталды. Евроцентрлік әлем өз шырқау шегіне ғасырдың басында жетіп, өз орынын бүкіл әлемді қамтыған көп полярлы әлемге берді.

Көптеген ғалымдардың болжамы бойынша геосаясат, саяси ғылымдар мен саяси география аралығында орналасқан мәселерді қамтиды.Л.Кристоф тың пайымдауынша, геосаясат және саяси георафия арасында ешқандай айырмашылық жоқ, себебі олар зерттеу аумағы мен зерттеудің ортақ әдістерін қолданады. Өзгешелік келесі жағдайда, яғни саяси география географиялық құбылыстарға тоқталады, ал геосаясат саяси құбылыстарды талдайды және осы құбылыстардың географиялық көрінісін беруге ұмтылады. Осы себептіде, саяси география мен геосаясаттың ара жігін ажыратуға болады. Бірінші өзгешелік, мемлекеттерді кеңстікте қарастыру, ал екіншісі керісінше, кеңістікті мемлекттер арқылы тану.

Жиырмасыншы ғасырдың басында марксизм көзқарасына негізделген ғылыми-теориялық және идеологиялық ұстанымдар, геосаясат тың толыққанды ғылым екендігін мойындамады. Қазіргі заман шындығын түсіну үшін қажет болған геосаяси білімнің жетіспеушілігінен осы көзқарас көп уақыт бойы негізгі көзқарас болып келді. Дәстүрлі геосаси ойлардың қалыптасу мен эволюциясына келесі ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады, олар О. В. Витковский, Р. Джонсон, А. Дугин, Н. В. Каледин, К. Плешаков, В. В. Разуваев, К. Э. Сорокин, С. С. Сатубалдин.

Осылайша, атап өткен жөн он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасыр тоғысында бұрынғы, жиі бөлшектік түсініктердін, білімдердін, пікірлердін принципті айырмашылығы- мемлекеттің географиялық жағдайларын дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық өміріне сапалы өсіміне олардың әсері жайлы болды. Мұндай күрт секіру кездейсоқ емес, өйткені оның негізінде түрлі бөлшектенген білімдердің өзінің жаңа интегралдық сапасына көшу ғана емес ол арқылы әлем екі ғасырлар тоғысында алдын ала айқындалған, терең және елеулі,ең объективті өзгерістерге келді.

"Сонымен бірге жаңа заманға көшумен байланысты емес, көптеген ғасырлар бойы созылған түрлі жеке тұжырымдамалар: географиялық детерминизм, физикалық, жер кеңістігі жайлы көзқарастармен араласа, толықтырыла отырып, өздеріне алдымен саяси географиялық кескін алып, содан кейін –жиырмасыншы ғасырдың туындысы- геосаясатқа айналған" [2].

Академик В. С. Пирумов өзінің " ұлттық қауіпсіздіктің мәселелерін зерттеу әдіснамаларының кейбір аспектілері "деген еңбегінде, іргелі өзгерістер болып жатқан қазіргі заманғы әлемде геосаясат тұжырымдамаларын күшейту қажеттілігіне назар аударады.В. С. Пирумов геосаясатқа мынадай факторларды жатқызады: географиялық, саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, демографиялық, мәдени, діни, этникалық [3].

Саяси географияның өкілі В. А. Колосов қазіргі динамикалық дәуірде барлық бұрынғы геосаяси тұрақтылар – географиялық орналасу, қашықтық және геокеңістік, аумақтық орналасу, саяси және әскери-стратегиялық күштер және т. б өзгерістерге ұшырайды деп санайды. Алайда, бұл геосаяси факторлардың, олар: географиялық, саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, демографиялық, мәдени, діни, этникалық тұтастай алғанда маңызының азаюын білдірмейді. В. А. Колосовтың пікірі бойынша, жаңа геосаясаттың мәні- бұл өзгерістерді түсіну 4].

С. В. Калесник географиялық білімдер жүйесіне арнайы арналған жұмысында атап өткендей, "кейде тәжірибе, түрлі ғылымдармен өндірілген деректер әрі, пайдалану қолайлылығы үшін біріктірілген бір жерде жинақталуын талап етеді; басқа жағдайларда кейбір белгілі бір мәселелер жөнінде үнемі кешенді түрде бірнеше салаларын қамтыған білім маңызды болып табылады," [5].

Осылайша, геосаясаттың ғылым ретінде дамуындағы Н. К. Мукитановпен ұсынылған географиялық білімдерін барлық үш деңгейінде: мазмұндық, формалды және формалданған білімдер маңызды (қызығушылық тудыратын) географиялық аспект ретінде танылады [6].

Қазақстанның соңғы 6-7 жыл экономикалық өзгерістерді жүзеге асырудағы басты жетістіктері қаржылық тұрақтандыру, инфляция қарқынын төмендетуге әкелді.2000-2005 жылдары тіркелген ІЖӨ көлемінің , жыл сайын айтарлықтай өсуі 9-10% - ға экономиканың барлық салаларында өсім – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлік және байланыс, сауда және т. б. салаларда байқалды. Әрине, Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы, тек қана экономикалық емес, геосаяси міндет ол Қазақстанның және шектес мемлекеттердің экономикалық-географиялық және геосаяси факторлардың дамуын тиісті бағалауды талап етеді.

Бұл өз шешімін күтетін ғылыми міндеттердің бірі.Біздің ойымызша, бұл жерде саяси география синтездеу әдістері мен тәсілдерін қолдануды, сондай-ақ қазақстандық ғылымда жеткілікті дамымаған геосаясатқа қатысты жаңа бағыттарын дамытуды қажет етеді.

Кез келген қазіргі заманғы мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы, белгілі бір мағынада дүниежүзілік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастардың құрамдас бөлшегі болып табылады..Сондықтан ұлттық экономиканың сыртқы экономикалық секторы - бұл мемлекеттің дүниежүзілік еңбек бөлінісіне тартылу дәрежесін көрсететін және осы елдің экономикалық даму деңгейін көрсететін өзіндік индикатор.

Диссертациялық жұмыста біз сыртқы экономикалық қызметтің жалпы даму факторларын топтауға тырыстық .Топтау келесідей болды:

Адами, шикізаттық, қаржылық ресурстардың айырмашылықтары. Әлемде жыл сайын жұмыс іздеп 25 млн. адам өз орынын ауыстырады.Еңбек ресурстары шектен тыс мемлекеттер: Үндістан, Қытай, Бангладеш, Пәкістан, Нигерия және басқалар. Сондай-ақ: Батыс Еуропа, АҚШ, Таяу Шығыс, Оңтүстік Америка сияқты аумақтар, қосымша жұмыс қолдарының легіне мұқтаж.Сондықтан жұмысшылардың бір елден,екінші елге орын ауыстыруы Халықаралық еңбек ұйымымен реттелетін, сыртқы экономикалық қызмет дамуына себепші болатын объективті қажетті процесс.

Саяси қарым-қатынастардың сипаты. Сыртқы экономикалық қызметке екі ел арасындағы саяси қарым-қатынастарды, достықты нығайту ықпал етеді . Және, керісінше, саяси конфронтация сыртқы сауда айналымының күрт төмендеуі мен экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеледі.

Ғылыми-техникалық дамудың әртүрлі деңгейі . Сыртқы экономикалық қызметті қалыптастыруға елдер арасында студенттер, тағылымдамадан өтушілер, ғылыми қызметкерлері, оқытушыларды тәжірибе ауысуға жіберу ықпал етеді; бірлескен зерттеулер, эксперименттерге қатысу; геологиялық және археологиялық экспедицияларға; келісім-шарттардың орындалуын жүргізу бойынша жобалық, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар да оң нәтижесін береді.

Әлемдік экономикадағы сыртқы экономикалық қызметтің дамуының нәтижелеріне келсілерді жатқызуға болады:

- халықаралық еңбек бөлінісін одан әрі тереңдету ;

- интенсивті және тиімді нәтижелерімен алмасу;

- одан әрі нығайту, саяси, ғылыми, техникалы , мәдени және басқа да байланыстар;

- нарықтық экономиканы құрушы әлем мемлекеттерінің санын ұлғайту,;

- трансұлттық корпорациялар мен концерндердің табысты жұмыс істеуі

- елдердің валюталар ауқымын толған, толық өтімділігіне кеңейту [7].

Жоғарыда аталған сыртқы экономикалық қызметін дамыту факторларын талдай отырып, әр түрлі елдердің бастапқы ұстанымын, олардың басқа елдермен ынтымақтастық облысына әсер етеді деген қорытынды жасауға болады.

Орталық Азия аймағының елдері арасында Қазақстанның жақсы мүмкіндіктері бар, бұл, ең алдымен, қолда бар үдемелі экономикалық өсуді қамтамасыз ететін мұнай-газ ресурстарымен байланысты.Қол жеткізілген әр түрлі тыныс-тіршілік салаларындағы (экономикалық реформаларды аяқтау, нарықтық институттардың), прогрессіне сүйене отырып, Қазақстан, бүкіл Орталық Азияның қозғаушы күшіне айналып өңірлік даму және ықпалдастықты жаңғырта алар еді. Ұқсас көзқарастарды, соңғы жылдары жетекші батыстық мемлекеттер және халықаралық ұйымдар білдіреді, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан , аймақ бойынша көршілеріне оң әсер ететін болады деп есептей [8].

Соңғы уақытта орталық азия және Каспий өңірлері Ресейдің, АҚШтың және Қытайдың елеулі энергетикалық бәсекелестік алаңына айналған , ең алдымен, жүйе құраушы жеке мүдделері жүзеге асырылатын жобаларын дамытуға ниетті.

Сол энергетикалық бәсекелестік өрістеген державалардың аймақ масштабындағы өз бағытын беріктендіруі мен өзіндік «саласындағы мүдделерінің» айқындалуы жаңа кезеңінің геосаяси әрекеттерін өзектендіру кезеңіне сәйкес болуы қауіп туғызады.

Қазақстанның әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы өзара ынтымақтастықтық принциптері мен жаңа экономикалық құрылымдарда көрініс табуы қажет.

Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне тереңдеуі және сыртқы экономикалық байланыстарды күшейту, оның дамуына байланысты қазіргі заманғы үрдістеріне өндіргіш күштердің әсерінен ғылыми және ғылыми-техникалық процессті дамытудан объективті түрде анықталады.

Посткеңестік кеңістіктің геосаяси проблемаларын талдау кезінде геосаясат саяси факторлар физика-географиялық және әлеуметтік-экономикалық ортаның және оған әсер ету мүддесінде әскери, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті ашу және зерттеу мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды өз назарына бағыттайтындығын ескеру керек . 1-суретте мемлекеттің геосаяси жағдайын анықтайтын негізгі факторлар келтірілген.

Экономикалық-географиялық жағдай, табиғи-климаттық жағдай, демографиялық факторлар, ресурспен қамтылу, елдің экономикалық даму деңгейі, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны, сыртқы экономикалық қарым-қатынастардың даму дәрежесі

( 1-сурет- мемлекеттің геосаяси жағдайын анықтайтын негізгі факторлар )

Сонымен қатар, осы мәселелерді шешу көбінесе өндіргіш күштерді орналастыру географиясына әсерін тигізеді. Өндіргіш күштерді орналастыру контурлары қазірдің өзінде айқындалуда. Экономикалық белсенділіктің төмендеуі экологиялық депрессивті аудандарда, келешегі жоқ экономикалық және демографиялық қатынастар аудандарында: Арал өңірінің бірқатар аудандары іле-Балқаш аймағының жекелеген аудандарында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батыс бөлігінде Орталық Қазақстан. Керісінше, өнеркәсіп өндірісін жандандыру жүреді, Батыс қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Ақмола облыстарында байқалады.. Сондай-ақ, өндірістік күштердің шоғырлануы көлік дәліздерінің бойында жүреді.Осылайша салалық және аумақтық құрылымында өндіргіш күштер өзгереді .Осылайша салалық және аумақтық құрылымы өндіргіш күштер өзгереді . Бірте-бірте геосаяси болмысына қалыптасқан ахуал, әлемдік экономикадағы жағдайлар ескерілетін кеңістіктік құрылымы өндіргіш күштерде трансформация жүреді .Еуроазиялық материкте экономикалық-географиялық жағдай және айтарлықтай экономикалық және ресурстық әлеует пен 2000 жылы жоғары өсу қарқыны орталық-азия өңірі мен ТМД елдері арасында Қазақстанды объективті түрде көшбасшылардың бірі ретінде рөлін айқындады. 2-сурет көрсеткендей жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі Қазақстан Республикасында 13 001 $/адам құрайды.

Қазақстан бұрынғы КСРО- жиынтық деңгейі бойынша ең соңғы орындарды иеленген. Бір ғана санды келтіру жеткілікті : 1990 жылы ЖІӨ жан басына шаққанда әрең дегенде 600 долларға жеткен. 2014 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш шамамен. 20 есе өскен.Жаһандық имиджіне гүлдену кезеңін қамтитын 142 елдің ішінде Қазақстан 56 орынды иеленген – бұл ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғандағы ең жоғары көрсеткіш. Адамдық даму индексінде Қазақстан БҰҰ-190 елдің ішінде 56 орынды иеленіп отыр.

2-сурет – елдердің жан басына шаққанда ЖІӨ көрсеткіші бойынша рейтингі

Осылайша, Орталық Азия елдерінде, ТМД және атап айтқанда Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал көбінесе геосаяси орталықтар және олардың геостратегиялық бағыттылығымен анықталады .

Мұндай жүйе халықаралық қарым-қатынастардың жалпы көлемін, құрылымы мен бағыттылығын, сыртқы экономикалық байланыстарын негіздейді . Мұндай жүйе халықаралық қарым-қатынастардың жалпы көлемін, құрылымы мен бағыттылығын, сыртқы экономикалық байланыстарын негіздейді .Сонымен қатар бұл күрделі процестерді елемеуге болмайды , әлемдік шаруашылық байланыстар көптеген экономикалық-географиялық факторлардың болуы мүмкін немесе осы қатынастарды жақсартуы, не нашарлатуы инвестициялық климатты елдерде-реципиенттер және бірқатар жағдайларда тікелей немесе жанама түрде маңызды рөл атқарады .

Наши рекомендации