Жалақы: мәнi, формалары, жүйелерi
Табыстардың құрылуы
Нарық үрдістерiн зерттейтiн бүгiнгi экономикалық теорияда – еңбек күмәнсiз өндiрiс факторы, ал жалақы – жұмыскердiң еңбегiн пайдалану бағасы деп есептеледi. Еңбек кең тараптан қаралып, пайда алушының кандайы болмасын, ол соның iс-әрекетi деп түсiнiледi. Осы бағыттан қарағанда, елдiң ұлттық табысының көлемiндегi жалақының үлесi елеулi болады.
Жалақының жалпы (орташа) дәрежесi iс-әрекет түрлерiне байланысты жiктелiп дараланады. Бұған жалақының кең деңгейлi әр түрлi нақты ставкалары жатады. Осымен қатар еңбек нарығындағы бәсекенiң әр түрлi факторлары, кәсiподақтарының ықпалы, мемлекеттiң жұмыспен қамту саясаты, кәсiпкердiң жұмыскер жалдауға жұмсайтын шығындары, қолданылып жүрген еңбекақы жүйесiнiң ерекшелiктерi әсер етедi.
Жалақының нақты мөлшерлемелері, нарық экономикасында еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен белгiленедi. Таза бәсеке нарығы мына жағдайларда талап етедi: жұмыскерлердi жалдайтын бәсекелес фирмалардың көп болуын, жұмыс орнын таңдауда балама мүмкiндiгi болатын, бiрдей квалификациясы бар жұмыскерлердiң көп болуын, жалақының нарықтық ставкасына кәсiпкерлер мен жұмысшы жағынан бақылаудың болмауын, жұмыссыздық пен кәсiподағының ықпалының болмауын талап етедi. Осындай жағдайларда балама жұмыс орындарынан еңбектiң осы түрiне жаңа жұмыскерлердi тарту үшiн фирмалар жалақы ставкаларын көтеруге мәжбүр болады. Жалақы ставкасы уақыттың балама пайдалану мүмкiндiгiн жiберiп алғандықтан болған шығындарды өтеуге (орнын жабуға) тиiстi. Жоғары дәрежедегi жалақы осы жұмыс орнына көп жұмыскерлер тартады. Бiрақ кәсiпкерлердiң әрқайсысы жалпы жалақы ставкасына ықпал етпейтiн жұмыскерлер санын жалдайды.
Жалақыны реттеуге мемлекет пен кәсiподақтар елеулi әсер етедi.
Монопсонияжағдайында жұмыскерлер жалдауға кәсiпкердiң монополистiк күшi болады және жұмыскерлерге, олардың санына тiкелей байланысты, жалақының белгiленген көлемiне келiсуге мәжбүр етедi. Егер фирма еңбектiң нақты түрiнiң жалпы ұсынысының елеулi бөлшегiн жалдаса, онда жалданатын жұмыскерлердiң саны олар үшiн белгiленген жалақының мөлшерлемесiне әсер етуi мүмкiн. Егер осы фирма үшiн еңбек ұсынысының қисық сызығы және еңбек нарығындағы жиынтық ұсыныстың қисық сызығы тура келiп беттескен болса, онда жұмыскерлердiң көбiрек санын тарту үшiн және осымен бiрге еңбектiң осы түрiмен айналысып отырған жұмыскерлер үшiн, бәсекелес нарықпен салыстырғанда, жалақы мөлшерлемесiн өсiруге мәжбүр болады. Басқаша айтқанда, монополистер үшiн ресурстың (еңбектiң) шектi шығындары жалақының мөлшерлемесiнен артық болады. Осындай жағдайда пайданы барынша өсiруi үшiн монополист бәсекелiк жағдайдағыдай емес, жалақының төмендеу мөлшерлемесiне жұмыскерлердiң азырақ санын жалдауға тырысады. Жұмыскерлер, олардың шектi өнiмнiң ақшаға шаққан көлемiнен мөлшерлемесi төмен жалақы алады.
Егер нарықта олигополияның (3-4 фирмалар белгiлi нақты еңбек нарығында ұсынылған еңбектiң басым көбiн жалдайды) үстемдiгi болса, онда фирмалар әдетте бiрлесiп, монополист тәрiздi әрекет етедi.
Еңбек төлемiн реттеуге мемлекет және кәсiподақтары мәндi ықпал етедi. Дамыған елдерде салыстырмалы жоғары жалақықамтамасыз етiлiп, олардың осы замандағы рөлi елеулi өсiп отыр.
Фирма жалдайтын жұмыскерлердiң жалақы мөлшерлемесiнiң қалаыптасуына кәсiподақтарына ықпалы көп бағытта жүрiп отырады.
Атап өткен жөн, кәсiподағының мүшесi емес жұмыскерлер және жұмыссыздар да жалақының мөлшерлемесiнiң қалыптасуына ықпал етедi. Олар кәсiподақтары монополияландырылмаған салаларға беттейдi және еңбек ұсынысының өсуi арқылы жалақының салалық тепе-теңдiк бағасын түсiредi.
Жұмыскерлердi жоғары өнiмдiлiкке және еңбектiң тиiмдiлiгiне ынталандыратын сыйақымен қамтамасыз ету прициптерiн таңдауда, еңбекақы жүйесiнiң реформасы кәсiпорындарына дербестiк бередi, отандық жалақы жүйесiн құруда шетел кәсiпкерлерiнiң тәжiрибесiн пайдалану артық болмайды. Шетелдер кең қолданатын еңбекақы жүйелерi мыналар:
· жұмыскер белгiленген еңбек өнiмдiлiгiнiң дәрежесiн игермесе де, оны кепiлдiк минималдық жалақымен (тарифтiк ставка) қамтамасыз ететiн жүйе;
· қол жеткен еңбек өнiмдiлiгi дәрежесiнен тәуелдi пропорцияда жалақыны, оның минималдық шегiнен максималдық шегiне дейiн өзгертетiн жүйе;
· жұмыскерлердiң пайдаға және жұмыскерлiк меншiк жасауға қатынасу жүйесi.
Ақырғы жалдары шетел фирмалары жұмыскерлердiң мотивациясын күшейту үшiн олардың пайдаға қатысуы мен жұмыскерлiк меншiктi жасауына қатысуының әр түрлi жүйесiн ұтымды қолданып отыр.
Тәжiрибеге сүйенсек, осы жүйенiң екi жыл бойы енгiзiлiп қолданылуы еңбек өнiмдiлiгiн орта есепппен 10-15% көтередi. Осыған жетудi қамтамасыз жұмысына бұрынғыдан да айқын «тығыз қатынасуы.
Жұмыскерлердiң фирма жұмысын нәтижесiне «тығызң қатынасуы, меншiктi иелену мотивациясын оятып жандандыру, жүрiп жатқан барлық iс-әрекеттерге қатынасты екендiктi жауапкершiлiкпен сезiнудi тәрбиелеу – осы және басқа жағдайлар жоғарыда айтылған нәтижеге жеткiзген. Жұмыскерлердiң пайдаға қатынасуы, салық жеңiлдiгiн қолданып, осы жылғы пайдадан олардың үлесiн «жұмысшылар қорларынаң аударым формасында жасау арқылы жүредi. Жұмысшы меншiгiнiң құрылуы жалақыдан жасалған аударымдар жинағын жеңiлдiктер қолданып өндiрiске салу арқылы орындалады.
Пайдаға жұмысшының қатынасуы әр елдерде мемлекеттiк заңдармен реттелiп отырады. АҚШ пен Англия дәстүрге сай пайдаға қатысудың реттелмейтiн нысаны қалыптасқан. Бұл фирма қызметтерiне мемлекеттiң араласу тәжiрибесiнiң өте төмен екенiн сипаттайды. Скандинавия елдерiнде, Франция мен ФРГ-да еңбекшiлердiң қаржылық қатынасулары мемлекеттiк реттеу арқылы жүредi.
Американдық және ағылшындық кәсiпорындарының жұмысшы қорлары салық жеңiлдiктерiн қолданады және бұларға акциялар алу үшiн жеңiлдiктер берiледi. Американдық және ағылшындық компаниялардың қатынасуға бөлiнген барлық қаражаттарына салық салынбайды. Осымен қатар олардың арзан несие пайдалануға және инвестициялық жеңiлдiктерге құқы бар.
ФРГ, Франция және Скандинавиялық елдердiң еңбекшiлерiнiң қаржылық қатынасы жүйелерiнiң ерекшелiгi – ол осы елдердiң кәсiподақтарының күштi әсерi. Осының көрiнiсi – жұмысшы қорларының басқару органдарында олардың кең қатынасуы және персоналының өкiлеттiлiгi.
ХХ ғ. 80-жылдардың бастапқы кезеңiнде батыс елдерiнде, меншiкке қатысудың төменде көрсетiлген нысандары кең тарады:
· ФРГ-да жалақыдан төлем аудару, жұмысшылық қорлану және қызметшiлер акционерлiгi арқылы «жұмысшыларда меншiктiн құрылуың;
· Францияда жүзеге асқан кәсiпорын пайдасынан және әлеуметтiк акционерлiгiнен «арнаулы қатынасу резервiнң құру (қалыптастыру) арқылы пайдаларға қатынасу;
· Швецияда пайдаларға жалақыдан аудару арқылы, инвестицияландырудың жұмысшы қорларын құру;
· Нидерландияда – пайдаларға қатынасу, сыйлық қорлануы және жұмыстың қорлануы (өнеркәсiп және мемлекеттiк мекемелер секторында);
· Данияда – пайдаларға қатынасу және әлеуметтiк акционерлiктiң болуы.
Барлық аталған елдерде жұмысшыны қорландыру жоспарлары кең тараған. Мұнда компаниялардың акцияларына салынған, немесе, әр түрлi пайыздық қағаздарға салынған қаражаттардың белгiлi максимумын жұмысшының есепшотына аудару көзделген.
Жұмысшыны қорландыру акционрелiк компаниялардың, тiптi мемлекеттiң қатынасумен толықтырылып отыр. Жұмысшы жинақтары акционерлiк компаниялардың, мемлекеттiң белсендi қатынасуы арқылы, толықтырылып өсiп отырады. ФРГ мен Нидерландыда жұмыскерлер сыйлықақы төлемдерi арқылы өздерiнiң салымдарына мемлекеттiк субсидия жасауға құқы бар.
ФРГ-да бұлар жылдық салымның 30-дан 40% (асырауындағы жандардың санына байланысты) құрады. Жұмысшыларға кәсiпорындарының өздерi және жергiлiктi федералдық үкiмет органдары несие төлей алады. Нидерландыда (сыйлықақы жүйесiнiң шеңберiнде) сыйлықақы төлемi қорларына аударым жасалатын мерзiмiмен бiрге жасалады. Практика жүзiнде кәсiпкерлер жарнасы және қосымша жалақы есептеу қолданылады. Соңғылар жұмысшылардың есепшоттарына акциялар, облигациялар немесе қатынасу сертификаттары түрiнде, бiрақ жалпы салым қорларының 20%- нен жоғары емес, есептеледi. Францияда қатынасуға мемлекеттiк демеу қаржыландыру тәртiбi қарастырылмаған, бiрақ әлеуметтiк акционерлiктiң есеп-шоттары кәсiпкерлердiң еркiн жарналарымен (жұмысшының айлық орташа табысының жартысына дейiн) толықтырылуы мүмкiн. Осы қарастырылған елдерде қатынасу тәртiбi үшiн жасалатын салық жеңiлдiктерi заңдармен бекiтiлген.
Меншiкке қатынасудың ұжымдық нысандарына келсек былай деуге болады. Әзiрше бұл туралы бiрдеме айтуға болмайды. Өйткенi, АҚШ өзiнде акционерлiк капитал негiзiнде санаулы ғана кооперативтер құрылған. Басқа елдердегi жағдай бұданда төмен. Осы бағыттағы тәжiрибе шектеулi және нашар тараған болып отыр.
Сонымен, меншiкке ортақ қатынасу жүйесiн құру практикасын жалпылама басты белгiлер арқылы бiрiктiруге болады:
· еңбекшiлердiң қаржылық қатынасуы кәсiпорындарының жылдық пайдасының немесе капиталының аз бөлiгiн (3-15%) қамтып отыр;
· егер қатынасу жалақыдан аударым арқылы (жұмысшылық қорлану, акционерлiк) жүзеге асырылса, онда қосымша төлемдерден басқа, кәсiпорындары еңбекшiлерге олардың салымын ынталандыру үшiн мемлекеттiк сыйлықақы жасайды;
· еңбекшiлердiң жылдық жарнасы жылдық жалақының 6-15% шеңберiнде ауытқып отырады;
· жасалған жұмысшы қорлары қолайлы салық тәртiптемесiн қолданады немесе олар салықтан толығымен босатылады.Қазақстанның өтпелi экономикасында еңбекақы төлеу жүйесiнiң қалыптасу процесi және оны ұйымдастырудың мотивациялық прициптерiн енгiзi басталып қана келедi.
Пайда теориясы
Пайда – бұл кәсiпкерге оның кәсiпкерлiк қабiлетi үшiн төленетiн төлем (сыйақы), яғни келесiдей қабiлетi үшiн: 1) табиғи, еңбек және капиталдық өндiрiс факторларын бiрге жинады және төледi; 2) өлардың шаруашылық қызметiн ұйымдастырады; 3) өзiне жауапкершiлiк алады және олардың тиiмдi пайдаланылуы үшiн тәуекел етедi. Осы жерде тәуекел кез-келген бизнесте кездеседi. Ешкiмде кәсiпорынның пайдалы болады деген кепiлдiгi болмайды. Тек пайданы күту үмiтi кәсiпкерлердi өз бизнесiн жүргiзуге итермелейдi. Пайда - өндiрiске деген барлық шығындардың үстiнен өнiмдi сатудан түскен жалпы пайданың асып кетуi.
Нарық экономикасының құндық инструменттерiнiң жалпы жүйесiнде пайда маңызды орын алады. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етедi, оның қаржылық тәуелсiздiгiне кепiлдiк бередi. Нарық жағдайында пайда ненi, қалай және қандай көлемде өндiру керек? деген мәселелердi шешуге көмектеседi. Сондықтан өндiрiлген (сатылған) тауарлар мен қызметтердiң саны қанша және олардың бағасы қандай болғанда барынша мол пайда түседi деген сауал өндiрушiлердi ынталандырады. Пайда теориясы классикалық мектеп қалыптасқаннан берi барлық iрi экономистердiң оқулықтарынан орын алған.
Пайданың алғашқы зерттеушiсi меркантиристер болған олардың айтуы бойынша, пайда айналыс сферасында, сыртқы саудада пайда болады(жоғары бағамен сатудың нәтижесiнде). Физиократтардың айтуы бойынша, пайда тек ауыл шарушылығында жасалады. Мұнда табиғат күштерiнiң әсерiмен түтыну құндары өндiрiс шығындарынан артып өседi. А.Смит пен Д.Рикардо қосымша құн материалдық өндiрiс салаларында жасалады деп тұжырымдады.
Смит пайданы жұмысшы еңбегiнiң өнiмiнен капиталист үшiн алынып деп есептеген. К.Маркс пайданы барлық авансталған капитал тудырған қосымша құнның өзгерген формасы дейдi; ал қосымша құнның көзi жалдамалы жұмысшылардың еңбегi дедi. Ол қосымша құнның пайдаға және пайданың орташа пайдаға айналу шарттарын зерттеген болатын. Маркс осының арқасында пайда өсуiнiң объективтiк және субъективтiк шекарасын көрсеткен.
ХХ ғ. Экономикалық ғылымдағы пайда жөнiнде мынадай негiзгi теорияларды атауға болады:
· өндiргiш капитал теориясы пайданы өндiрiстiң қандайы болмасын, соның мiндеттi түрдегi факторы болып табылатын капитал әрекеттерiнiң нәтижесi дейдi;
· ұстамдылық теориясы. Бұл теория пайда өз капиталын тұтынуды кейiнге қалдырған үшiн, өндiрiске жұмсаған қаражаттардың тиiмдiлiгiн күтудегi қауiпке тәуекелдiлiк жасаған үшiн, капиталистерге сыйлық болып табылады дейдi.
· Пайда кәсiпкерлiк iс-әрекеттердiң барлық түрлерiнен түсетiн еңбекке сәйкес табыс.
· Пайда монополияның болуының нәтижесi.
Осы аталған теориялардың ортақ көрсеткiшi – ол пайданың көзiн кәсiпкердiң iс-әрекетiнiң нәтижесi деп тану.
Фирманың пайдасы белгiлi қызметтер атқарады. Олардың негiзгiлерi:
· бөлiп тарату – орындауға арналған бағдарлама мен стратегияларды қаржыландыру мақсатымен ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың оптималдық құрылымын қолдау, банкротқа ұшырау қаупiн мейлiнше төмендету;
· ынталандыру – өндiрiс шығындарын төмендету, инновация мен техникалық жаңалықтар енгiзу.
Пайданы алдымен тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндiру үшiн жұмсалған шығындардың айырмасы деп қарауға болады. Пайданың мынандай түрлерi бар:
· бухгалтерлiк пайда – сыртқы шығындарды өтеген соң, яғни жеткiзушiлерге ресурстар үшiн төлем жасаған соң, жалпы ақша түсiмiнен қалған табыстың болшегi;
· экономикалық (таза) пайда – фирманың жалпы табысынанбарлық шығындарды (сыртқы, iшкi) алып тастағаннан соң қалғаны;
· баланстық пайда – өнiмдi өткiзуден түскен түсiм мен материалдық шығындар, амортизация және жалақы самасыныңайырмасы. Кейде баланстық пайданы жалпы пайда деп атайды. Өйткенi осы пайда кәсiпорын құралдарын бөлiп және пайдаланудың көзi болып табылады.
Осымен қатар, экономикалық әдебиетте жалпы, әдеттегi, шектi, барынша мол пайда деген түсiнiктер бар.
Пайданың әр алуан түрiн талдай отырып, кәсiпорынның пайдасын өсiруге жол ашатын жағдайлар тудыратын көрсеткiштересептелiнедi: рентабельдiктiң коэффициенттi, өткiзудiң рентабельдiгi,меншiктi капиталдың табыстылығы, өнiм рентабельдiгi т.б. сипаттамалар.
Акционерлiк қоғамның iс-әрекетiнде мына көрсеткiштер маңызды рөл атқарады:
· бiр акцияға келетiн пайда (таз пайда мен тартымды акциялар дивидендтерiнiң айырмасының айналыстағы жабайы акциялардың жалпы санына қатынасы). Бұл көрсеткiш фирманың акциясының нарықтық құнын алдын ала белгiлейдi;
· акционерлердiң фирманың таза пайдасының бiрлiгiне қанша ақша бiрлiгiн төлеуге келiсетiндiгiн, акцияның нарықтық бағасы мен бiр акцияға келетiн пайданың арақатынасы көрсетiледi;
· төленiп отырған дивидендтердiң үлесi (бiр акцияға келетiн дивиденд пен бiр акцияға келетiн таза пайданың санының арақатынасы). Бұл дивиденд төлеуге жұмсалатын таза пайда үлесiн сипаттайды.
Экономикалық бағытта сатудан түскен ақша түсiмi мен жiберiп алған мүмкiндiктердiң шығындары арасындағы айырмадан пайда болғанда, фирма жалпы табыс пен жалпы шығындар арасындағы айырмасын барынша көп етуге тырысады. Есте болатын жағдай – өнiмнiң әр қосымша бiрлiгiн өндiру жалпы шығындарды өсiредi (МС шектi шығындар көлемiне) және жалпы ақшалай түсiмдi (МR шектi ақша түсiмiнiң көлемiне) арттырады.
Егер фирма өндiрiс көлемiн өсiрсе жалпы пайда өседi, бiрақ ол белгiлi бiр шекке жеткенше – шектi ақшалай түсiм шектi шығындардан артық болғанша өседi. Шектi шығындар шектi ақшалай түсiмнен арта бастаса пайда төмендейдi.
Сондықтан пайданың бiрiншi шарты: шектi ақшалай түсiм шектi шығындарға тең болуы керек: MR = MC
Жердiң бағасы. Рента болып кәсiпкердiң жер, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемi табылады. Басты табиғи ресурс болып жер табылады. Оның артықшылығы – жалпы саны өзгерiссiз. Сондықтан жер рентасы ең алдымен жерге деген сұраныс арқылы анықталады.
Өндiрiс факторы ретiнде жер тауарлық сипат алады, ол сатылады және сатып алынады, оның нарықтағы бағасы оған сұранысқа тәуелдi болады. Өндiрiстiк құрал-жабдықтар нарығына түсуден бұрын жер экономикалық жағынан бағаланады – жер кадастры арқылы (старттық баға).
Жер кадастры деп жер туралы мәлiметтердiң жиынтығын атайды. Жер
еңбек процесiне жатпайды. Ол ауыл шаруашылығында еңбек заты, бiрақ өнiмi емес. Сондықтан жердi бағалау үшiн мынандай жағдайлар керек:
· Жердiң тұтыну қасиеттерiне баға беру;
· Жердiң пайдалы қасиеттерiне баға беру;
Бұдан басқа, жер учаскелерiне, жылжымайтын объект деп, оңашаланған су объектерi, ормандар және басқа объектер жатқызылады. Жылжымайтын объект ретiндегi жер учаскесiнiң физикалық параметрлерiнен және сипаттамаларынан басқа құқықтық тәртiбi болады, бұл оның сәйкестiгiне (ұқсастығына) және бағаланған құнына өте мәндi әсер етедi. Жер учаскесiн сипаттайтын құқықтық тәртiптiң белгiлерi: жер учаскесi орналасқан шеңберiндегi жердiң категориясы, жер учаскесiн пайдалану мақсаты, меншiктiң формасы, оған заттық құқықты шектеу.
Жер учаскелерiн жылжымайтын объект деп ұдайы өндiрудiң мүмкiн еместiгiне байланысты оларға құқықтар ұсынысының шектелген сипаты, өндiрiстiк-шаруашылық немесе басқа әрекеттердiң объектi деп учаскелердi қолданудың пайдалығы және жер нарығының мүшелерiнiң сатыпалушылық қабiлеттерi – осылар жер учаскелерiнiң құнын тұрақты түрде репродукциялап отырады.
Жер учаскелерiнiң немесе оған құқықтардың құны, меншiк құқына немесе жер учаскесiне құқықтың басқасына негiзделген болашақтағы пайдамен өлшенедi.
Жер учаскелерiне құқықтар болудан түсетiн пайда қызмет ету мерзiмi шектелген болатын жер учаскелерiн жақсартуға(ғимараттарды, құрылыстарды және т.б.) құқықтар әкелетiн пайдаға қарағанда,елеулi көп ұзақ мерзiмiнде жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, қолдану мерзiмiнiң соңында нөлге немесе терiс шамаға тең болатын (жер учаскесiн тазарту және жақсартуларды кәдеге жарату үшiн жасалатын шығындарға байланысты) жақсартулардың ағымдағы құнынан өзгеше, тозу және амортизация түсiнiктерi жер учаскелерiнiң ағымдағы құнына қолданылмайды. Жер, оны саналы пайдаланғанда тозбайды. Оның құнарлылығы өсуi мүмкiн.
Жердi бағалаудың бiрнеше әдiстерi бар. Салыстырмалы құнарлылықты дифференциялдық жер табысы қамтамасыз етедi. Бұлардың көлемi табиғат жасаған құнарлылықтың дәрежесiмен ғана емес,жердi жетiлдiру үшiн жасалған қосымша капитал салымдары мен еңбектен тәуелдi болады. Бiрақ жер сатылғанда, оның иесi жердiң қыртысын салып қоймайды, ол одан жылдар бойы табыс (рента) алу құқын сатады. Сондықтан, оның есебi бойынша, жер үшiн алынатын сома, егер ол банкiде сақталғанда, оған процент формасында рентаға тең табыс әкелуге тиiстi.
Рента мөлшерi
Жердiң бағасы = –––––––––––––––––––––––––––––– х 100%