Оооооооооооооооооооооооооооооооооооо 3 страница
Патент: берілу тәртібі және құнын анықтау. Патент (лат. patents – ашылым)
1. Мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертапкыштыкты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат.
2. Салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат; белгіленген шарттарды сақтау мен төлемді енгізу (патенттік алым) кезінде, белгілі бір қолөнер кәсібі немесе тірлікпен (сауда, тауарды сатып алу және т.б.) айналысуға руқсат беретін құжат.
Патенттік құқық (ағылш. patent right;) Патентті беру жолымен — өнертапкыштыктың — техникалық және басқа шешімдерінің құқығын қорғау жүйесін бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Патенттік құқық дербес сала болып саналмайды. Пагенттік құқықтың негізгі көзі — өнертапкыштық зияткерлік меншіктің басқа нысандарымен байланысты құқықтық қағынастарды реттейтін арнайы зандар болып саналады.
Патент заңы (ағылш. patent law;) Осы Заңмен енеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі.
Интеллектуалдық меншіктін өзге объектілерін (селекциялық жетістіктер, интегралдық микротәсім топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердін атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актілерімен реттеледі. [1]
Тиісті төлемді растайтын құжатты ұсынғанда және патентті беру туралы шешімінің негізінде, өнеркәсіптік үлгінің патенті тиісінше нөмірленіп, Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі - Мемтізілім) тіркеледі.
Өнеркәсіптік үлгіні тіркеуде мемлекеттік тізілімге келесідей мәліметтер енгізіледі:
Патент нөмірі;Мемтізілімінде өнеркәсіптік үлгіні тіркеу күні;
өнеркәсіптік үлгінің атауы;
өнеркәсіптік үлгінің кескіндемесі;
ТҚХС коды;
Белгілер тізбесі;
Патент иеленуші - жеке тұлғаның аты жөні, әкесінің аты, (бар болса) және заңды тұлғаның толық атауы, оның мекен-жайы, тұрғылықты немесе орналасу елдің кодын атау (заңды мекен-жайы);
Автор (авторлары) - аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), тұлғалар ДЗМҰ ST. 3 стандарты бойынша шетел авторының тұрғылықты елдің коды;
Сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күні мен тіркеу нөмірі;
Егер конвенциялық басымдығы анықталғанда, бірінші өтінімнің елі, нөмір мен күні;
өкіл туралы мәліметтер (патент сенімді өкілі туралы);
патентті беру туралы мәліметтердің жариялым күні және ресми бюллетен нөмірі;
өнеркәсіптік үлгіні тіркеуге қатысты басқа да мәліметтер.
Аталған мәліметтерді енгізуде жақшаларда тиісті ИНИД коды жазылып, егер Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) стандартымен қаралып және жариялымда пайдаланылады.
Мемтізілімде патент берілген соң құқықтық мәртебесінің барлық өзгерістері мен толықтырулары тіркеледі.
Төлемді төлеген жағдайда, әрбір мүдделі тұлға өтініш негізінде Мемтізілімде мазмұндалатын, патентке сәйкес мәлметтерді ала алады.
Патент беру
32. Уәкілетті орган Мемтізілімге енгізілген мәліметтер негізінде белгіленген нысанда патент береді.
Патент мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Патент ол туралы ресми бюлеттенде жариялымымен біруақытта беріледі.
Бірнеше адамдарға патент сұралғанда бір ғана патент беріледі.
Патенти еленуші болып табылмайтын, өнеркәсіптік үлгінің авторына, авторлығын куәландыратын ресми куәлік беріледі.
Патентте мемлекеттік тілде - "Өзгерістер енгізу туралы мәліметтер осы патентке қосымша түрінде жеке парақта келтіріледі" және орыс тілінде "Сведения о внесении изменений приводятся на отдельном листе в виде приложения к настоящему патенту" деген жазба жазылады.
Өнеркәсіптік үлгінің кескіндемесі және авторлар куәліктері қолына немесе патент иеленушінің заңды мекен жайына немесе өтініш берушімен (патент иеленушімен) аталған, немесе өтініш бойынша (жазбаша түрде) басқа мекен-жайға, берілген сенімхатқа сәйкес, өкілдің (патент сенімді өкілі) мекен-жайы тапсырыс пошталық жіберіліммен жіберіледі.
Патент иеленушіге патентті беруде, жеке тұлға үшін жеке бас куәлігі және заңды тұлға үшін патент алуға сенімхатты талап етеді. Шетел патент иеленушілерге патенттер мен авторлар куәліктері, уәкілетті органда тіркелуге, патент сенімді өкілдеріне беріледі.
33. Мемтізілімде тіркеуден өткен соң, уәкілетті орган патентке қатысты өзгерістер (тіркелген шарттар туралы мәліметтерді қоса) толықтырулар немесе түзетулер туралы патентке қосымша береді. Патент қосымшасы патенттің ажырамас бөлігі болып танылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Патент құқығы басқа тұлғаға өтуде енгізілетін өзгерістер, патент құқығын басқаға беруден басқа, құқық иеленуші өтініші бойынша және уәкілетті өкілдің сенімхаты бойынша енгізіледі. Өтініште патент құқығының өтуін растайтын, құжаттар көшірмесін қоса ала отырып, құқық иеленуші туралы мәліметтер келтіріледі.
Патент түпнұсқасы жоғалған немесе жарамсыз болған жағдайда патент иеленуші, құқық иеленуші немесе уәкілетті өкілдің сенімхаты бойынша өтініштері негізінде оның дубликатын береді. Дубликат Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде патент беру туралы жазбаның бар болу және тиісті төлемнің негізінде беріледі.
Дубликат берілген жағдайда, дубликат беру туралы жариялымы күнінен бастап патент түпнұсқасы өз күшінен жойылады.
34. Патент әрекетінің мерзімін ұзарту және патент әрекетін қалпына келтіру:
1) Заңның 31-бабы 3-тармағына сәйкес патент иеленуші өнеркәсіптік үлгіге патент әрекетінің мерзімін ұзарту туралы өтінуге құқығы бар. Өтініш патент әрекетінің соңғы жылында берілу мүмкін және оны күшінде ұстауға тиісті төлемді растайтын құжат қосымша берілген жағдайда;
2) Заңның 31-бабы 1-тармағына сәйкес патент иеленуші патентті күшінде ұстауда белгіленген мерзімде төлемді енгізбегеніне байланысты тоқтатылған, патент әрекетін қалпына келтіру өтіну мүмкін. Патентті күшінде ұстауға төлемнің мерзімі өткеннен үш жыл ішінде берілу мүмкін.
Өтінішке тиісті төлемді растайтын құжат қосымша беріледі.
Патенттің құнын есептеу кезінде бюджетке төленуге тиісті салықтар сомасы шаруа (фермер) қожалықтары және жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімімен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін 80 процентке кемітіледі.
РРРРРРРРРРРРРРРРРРРРРР
Рентабельділіктің шегі мен қаржылық анықтылықтың қоры. Рентабельділік – кәсіпорындардың өндірістегі экон/лық тиімділік көрсеткіші. Жалпы алғанда материалды еңбек ж/е ақша ресурстарының қолдануын көрсетеді. Рентабельді болып тек пайда әкелетін кәсіпорын саналады. Рентабельділіктің тағы бір түсінігі – рентабельділік пайданың өндіріс шығындарының сомасына,коммерциялық операцияларды ұйымдастыру үшін ақшалай салымдарға немесе өзінің қызметін ұйымдастыруда қолданылатын кәсіпорын мүлкінің сомасына қатынасын білдіреді. Кез келген кәсіпорын өндірістік ж/е шаруашылық қызметін өздігінен табыстылық ж/е өзін-өзі өтеу қағидалары негізінде ұйымдастырады. Корпорацияның рентабельдігінің ж/е табыстылығының деңгейіне ішкі ж/е сыртқы факторлар әсер етеді. Сыртқы факторлар: шикізатқа, өнімге бағаның өзгеруі,тасымалдау тарифтерінің, амортизация нормаларының өзгеруі ж/е т.б. Ішкі факторлар: өнім ассортиментінің өзгеруі өнімді өткізу мөлшерін өзгертіп, өндірістің өзіндік құнына рентабельдігіне елеулі әсер етеді.Бұл тұжырымдама келесіден тұрады: Бизнесте рентабелділіке ие болу әр қашан тәуелділікпен қатар болады. Осы екі мінездемелер бір-бірімен пропорционалды: Күтілетін немесе талап етілген табыс жоғарлағанымен, тәуекелділік дәрежесі де жоғарлайды. Бұл рентабелділік алмай қалу мүмкіндікпен байланысты.Нарықты экономика жағдайында көптеген компаниялар қаржы нарығы мен әр турлі дәрежеде байланыста болады. Ірі компаниялар кредитор рөлінде де, инвестор рөлінде де көрінеді. Ал ұсақ компаниялар инв-қ сипаттағы қысқа мерзімді мәселелерді шешумен шектеледі. Алайда, операциялар белсенділігі сияқты, қаржы нарығында шешім қабылдау және жұмыс бағытын тандау қаржы нарығының тиімділік тұжырымдамасы мен тығыз байланысты болады.Қаржы нарығына қосымша ретіндегі рентабелділік термині экономика тұрғысынан емес, ақпарат тұрғысынан түсіндіріледі, яғни нарық рентебелділік дәрежесі оның ақпаратқа қанықтылық дәрежесі мен және нарыққы қатысушылардың ақпаратқа қол жеткізу дәрежесі мен сипатталады. Қарастырылып отырған тұжырымдама ғылыми әдебиеттерде «нарық рентабелділік гипотезасы» деп белгіленген. Нарық рентабелділігінің үш формасы бар:-әлсіз. Әлсіз форма жағдайында акциялардың айналымдағы бағасы алдағы кезеңдегі баға динамикасын көрсетеді. Әлсіз формада баға динамикасы туралы статистикалық мәліметтер негізінде курстың төмендеуі немесе жоғарлауы туралы болжамға болмайды.-орташа. Баршаға бірдей жететін ақпарат тез арада бағаға әсер ететіндіктен арнайы ақпараттық талдау агенттерінің мәліметін, эмитент есебін, баға статистикасын талдаудың қажетті жоқ.-күшті. Рентабелділіктің күшті формасы осы уақыттағы бағалар ақпараты ғана емес, жариялануы шектелуі мәліметтерді білдіреді. Нақтылы босалқы қор түрлерін жасауға керекті қаржы ресурстарына қажеттілікті айналым қаражаттарының мөлшерлеу арқылы анықталады. Қосалқы қорға қажеттілкті дұрыс есептеудің эк/қ маңызы бар, өйткені кәсіпорынның тұрақты қаржы жағдайын қамтамасыз етуге, тұрақты қажетті меншікті айналым қаражатының минималды соммасы белгіленеді.Бұл кәсіпкерлік кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз етуге барынша аз қажетті ақша қаражатының соммасы, айналым қаражатының нормативін қаражатқа қажеттілікті, кәсіпорынның негізгі жұмысын сондай-ақ күрделі жөндеу жұмысын, меншік қаражаты мен орындауды есепке ала отырып анықтайды.Өндірістік босалқы қорларды басқару. Өндірістік босалқы қор - бұл ішкі заттар негізгі материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, жаңар жағар майлар, ыдыстар, босалқы бөлшектер, құнсыз және тез тозатын заттарды қосатын кешенді топ. Өндіріс процесінде жұмыс істеуінің әр түрлі сипатына байланысты өндірістік босалқы қордың жекелеген элементтерін нормалау әдісі бірдей болмайды.
ССССССССССССССССССССССС
Сақтандыру қызметін реттейтін заңнамалар. Сақтандыру нарығының қызметі ҚР Конституциясына, ҚР Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» заңға негізделген нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі. 1992 жылы ҚР «Сақтандыру туралы» заңы қабылданғаннан кейін, жарғылық капиталдың аз мөлшері мен салықтық жеңілдіктер, олардың қызметі үшін жағымды жағдай жасау мен сақтандыру ұйымдарын ашудың жеткілікті қысқартылған тәртібі – Қаз-да «сақтандыру дүмпуінің» пайда болуына себеп болды. Егер 1991 жылдың аяғында бірнеше ғана компания тіркелген болса, 1994 жылдың сәуір айында олардың саны 500-ден асты. Заңның жағымды әсері болғанына қарамастан, оның бірқатар кемшіліктері болды: Сақтандыру ұйымдарына төмен деңгейлі талаптар қойылды; Негізгі қызметтен тыс кәсіпкерліктің басқа түрлерімен де айналысуға рұқсат берілді; Салықты реттеудегі кемшіліктер. 2000 жылғы 18 желтоқсанда ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы қабылданды. Заң жобасының негізгі мақсаты жинақтап өмірді сақтандыруды дамыту мақсатында ҚР сақтандыру заңнамасын одан әрі жетілдіру қажеттілігі, сақтандыру делдалдығы қызметінің дәл құқықтық негіздерін белгілеу, сақтандыру статистикасының толыққанды базасын қалыптастыру жолымен тарифтік саясат мәселелерін шешу, отандық практика мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту болып табылады. "Сақтандыру қызметі туралы" заң уәкілетті органға сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметін тиімді реттеуге мүмкіндік беретін, егер оған ірі қатысушы болмаса құрамы мен жағдайы заңнамалық актілермен белгіленетін сақтандырудың міндетті түрлерін сақтандыру ұйымына жүзеге асыру құқынан айыратын өзгеріс енгізілетін болды. Заң жобасы еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Атап айтқанда, 1999 жылғы 1 шілдедегі ҚР Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы ҚР Заңына, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы ҚР Заңына, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Заңына түзетулер енгізу қарастырылған. Аталған заң жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыттарына тоқталсақ, біріншіден, жинақтап өмірді сақтандыруды дамыту көзделіп отыр. Сақтандыру агенттерінің қызметіне біліктілік талаптарын белгілеу жолымен талаптарды көтеру көзделуде. Атап айтқанда, сақтандыру ұйымының сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғандығын растайтын құжатты кейіннен бере отырып, оқытуды жүргізу, міндетті түрде сақтандыру агенттерінің тізілімін енгізу туралы талқыланды. 2010 жылдың 23 қаңтарында Мемлекет басшысы еліміздегі және халықаралық тәжірибені ескере отырып, міндетті сақтандыру саласындағы тетіктерді жетілдіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Сақтандыру андеррайтингі"underwriting" ағылшын тілден «бірнәрсеге қол қою» деп аударылады.
Андеррайтинг – сараптама және сақтандыруға алынатын тәуекелді іріктеу үрдісі, олардың идентификациясын, бағалау, ережелер мен жабу мөлшерін, сақтандыру сыйақы мөлшерінің есептеуін қамтиды.
Сақтандыру сыныптарына байланысты сақтандыру андеррайтингі үшін тәуекел деңгейін сипаттайтын қолданылатын критерилері (қауіпсіздік дерек көздері бойынша және қауіпсіздік дәрежесі бойынша тәуекелдерді топтастыру, сақтандыру өтеудің мерзімін, шарттарын және мөлшерін айқындау, сақтанушы, сақтандыру объектісі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қарауына басқа да критерийлері туралы деректерді талдау).
Сақтандыру тарифты айқындаған кезде сақтандыру андеррайтингіне ықпал жасайтын белгіленген сол сияқты ауыспалы шығыстарын көрсете отырып сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығыстарының шектеулі шамалары.
Сақтандыру андеррайтингісіне жауап беретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басты тұлғалары туралы ақпараты.
Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру Сақтандыру компаниясы–азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.Мысалы, бәсекелестiк күресте сақтандыру тарифтерiн қаржы тұрақсыздығына қауiп төнiп тұрғанда төмендетуге жол беруге болмайды.Сақтандыру нарығында алып сатарлық болмас үшiн, сақтандыру қызметiн реттейтiн заңдылықтар жүйесi қажет.Сақтандыру қызметiнiң нарығы қалыптасуы үшiн әрбiр сақтандырушы қызметi жайлы ақпараттар жинақтау, ұйымдастыру iс-шарасының құрамдас бөлiгi. Тек осындай жағдайда ғана потенциалды сақтандырушы аяғынан тiк тұратын сақтандыру ұйымын таңтап және оған өз тағдырын сенiп тапсырады. Сақтандыру ұйымдары арасындағы бәсекелестiк жан-жақты қарым-қатынасты жоққа шығармайды. Сақтандыру iрi қауiптi жағдайларсыз болмайды.Сақтандыру ұйымдары арасындағы қарым-қатынас түрі сақтандырушылар одағы мен ассоциациясын құру. Қазақстан Республикасында құрылған сақтандырушылар одағының негiзгi мақсаты сақтандырушыларға көмек ұйымдастыру,сақтандыру бойынша заң және нормативтi актiлер жобасын дайындауға қатысу, семинарлар ұйымдастыру, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығы бойынша рекомендациялар шығару.
Сақтандыру қатынастарын жүзеге асыру негізі ретіндегі сақтандыру шарты. Сақтандыру шартының ережелері, түрлері және қағидалары.Қаржы нарығының ең маңызды салаларының бірі сақтандыру нарығы. Сақтандыру дегеніміз екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісімін береді. Сақтандыру адамдарды әр түрлі қауіп қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі. Сақтандырудың мән мағынасына қарай отырып, сақтандыру нарығының мына төмендегідей негізгі міндеттерін бөліп көрсеткен дұрыс: -реттеуші нарық, басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады. –коммерциялық сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды қамтамасыз етеді. – бағалық компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді. – сенімділік функциясы сақтандыру операциялары қолайсыз, тағы басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді. Сақтандырудың мына төмендегідей түрлері бар: 1.салалық белгісі бойынша: -өмірді сақтандыру нарығы; -мүліктерді сақтандыру нарығы; -жауапкершілікті сақтандыру нарығы; -бақытсыздық жағдайлардан сақтандыру нарығы. 2. Ауқымы жақтан: - ұлттық - аймақтық - халықаралық. 3.Сақтандыру индустриясының ұйымдастыру құқықтық түрлеріне байланысты: -мемлкеттік сақтандыру; -акционерлік қоғамдар жүргізетін сақтандыру; -Сақтандыру қорларын сәйкесінше құрайтын өзара сақтандыру. 4. Жүзеге асырылу түрлері бойынша: - міндетті - ерікті 5. Объектілер бойынша: - жеке – мүліктік. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндірістік үдерістерді қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді: 1) қатынастардың ықтималдық сипаты; 2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымдa мемлекеттік, өңірлік деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде). Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді. Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлгіштік функция ретінде көрінуі. Сақтандыру кезінде қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіп-қатердің болуымен байланысты ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақшалай қаражаттардың арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады. Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері. Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады. Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте – әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс, үшінші бөлікте – мүліктік және жеке басты сақтандыруда тек сақтық әдісi пайдаланылады. Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резервтік қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі, материалдық-заттай иелері, сақтық қатынастардың негізі. Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі. Сақтық қорлары ұлттық шаруашылықтағы сан алуан көлденең үйлесімсіздікдерді ескертуге арналған қоғамның резервтік қорларының анағұрлым кең жүйесінің қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Сақтық қор сақтық төлемдері деп аталатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың жарналары есебінен құрылады. Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін клиенттерді тарту үшін сақтық қызметтерінің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін клиенттерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі. Сақтандыру табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болады. Сақтандыру келісімшарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына келісімшарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) келісімшартта белгіленген соманың шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді. Сақтық қызметі – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттарын жасау мен орындауға байланысты ҚР заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет. міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті; сақтандыру объектісі бойынша – жеке басты және мүліктік; сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес. Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық қатынастарды реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда келісімшарт жасасуы міндетті. Салалық белгiсi бойынша материалдық өндiрic сферасында мемлекеттiң шығыстары өнеркәсiпке, құрылыcқa, ауыл шарушалығына, көлiк пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлiнедi; өндiрiстiк емес сферада бiлiм беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтiк сақтандырy мен әлеуметтiк қамсыздандыру, қорғаныс, басқару шығындары болып бөлiнедi.