Оооооооооооооооооооооооооооооооооооо 1 страница
Оңайлатылған декларация: тәртібі және тапсыру мерзімі . Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимінің қолайлылығы – салықтық міндеттер тоқсан аяқталғаннан кейін нақты алынған табысы бойынша есептеледі. Оның үстіне, салық бірыңғай ставка бойынша есептеледі, шығынға есеп жүргізудің қажеті жоқ. Табыс мөлшеріне қарамастан, жеке кәсіпкерлер де, заңды тұлғалар да салықты 3 пайыздық ставка бойынша төлейді.
Салық сомасын азайту мүмкіндіктері нақты сақталады. Егер жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаның жалдамалы қызметкерлерінің жалақысы ең төмен жалақының 2 еселенген және 2,5 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда, түзетулер қолданылады. Ондай жағдайда салық сомасы әр қызметкердің салық сомасынан 1,5 пайыз мөлшерінде азайтылады. Сондықтан қызметкерлер саны және жалақысы қанша көп болса, салық төлеуші аз салық төлейді.
Оңайлатылған декларацияға ауысу үшін салық төлеуші қызметін жүзеге асыру орны бойынша салық органына тоқсан басталғанға дейін белгіленген нысандағы өтінішті тапсырады. Бұл ретте салықтық өтініш табыс етілген күннен кейінгі салықтық кезеңінің бірінші күні арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні болып табылады.
Жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті салық органына жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді. Заңды тұлғалар – әділет органында заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 20 жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген күні арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні болып табылады.
Салық төлеуші салықтық өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы салық режимін қолдану немесе қолдануды қабылдамау туралы шешім шығарылады. Салық төлеушінің Салық кодексінің 428 және 433-баптарында көрсетілген талаптарға сай келмеуі арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар айқындалған жағдайларда салық органының шешімі бойынша не салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.
Егер салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануды өз еркімен тоқтатуға шешім қабылдаса, аталған режимді тоқтату тиісті өтінішті тапсырған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.
Оңайлатылған декларация бойынша жұмыстың артықшылығы салықтық есеп айырысудың, салық есептілігін тапсырудың қарапайымдылығы болып табылады. Сондай-ақ тағы да бір ұтымды жағы – «оңайлатуды» қолданушы барлық субъектілер үшін салық кезеңінде жалпы табысқа бірыңғай салық ставкасы қолданылады.
Оңайлатылған декларация бойынша жұмыс жасаудың оңды жағына салықты төлеу мерзімінің ыңғайлылығы мен кәсіпкерлер үшін мерзімнің ұзартылуын жатқызуға болады. Оңайлатылған декларация салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі, ал салықтарды бюджетке төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі, яғни мамыр, тамыз, қараша, ақпан айлары.
Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі. Олар да тоқсан сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-іне дейін төленеді.
Оңтайлы топтама тапсырыс үлгісі. Қосалқы қорларды бақылау жүйесі. Жоспарланған кезеңде сатып алатын материалдық ресурстар партиясының оңтайлы көлемін анықтау үшін тапсырыстың оңтайлы патия моделі қолданылады EOQ: қорды сатып алуға және сақтауға кететін барлық шығын еспетелдеі. Оның құрамына қорды сақатуға кеттеін шығын және тапсырысты орындау бағасы енеді, яғни тапсырысты орналастыруға, алуға кететін шығын бұл шығыдар тауарлы-материладық қорлар бағасын құрйды. Суретте EOQ үлгісінің негізгі шарттары көрсетілген, олар:қор көлемі оңтайлы б.т. қорлардың орта көлемі тапсырысты орналастыру жиілігіне және оның әрқайсының көлеміне байланысты :егер қорлар күн сайын жаңалатып отырса,онда қордың орта көлемінен төмен болады,Тапсырысты орналастыру және сақтау бойынша шығындар,долТІС-қорлады жалпы бағасы ТСС-сақатудың жалпы шығындары EOQ ТОС-тапсырысты орындаудың жалпы бағасы. EOQ |Суретте көрсетілгендей тапсыырс көлемі ұлғайған сайын сақтауға кетеін шығындар ұлғаяды. Тапсырыс көлемінің артуы орта тапсырыстың артуына әкеп соғады, сәйкесінше сақтау бойынша, қорға салынған капиталдан пайда түспеу және сақтандыру шығыны бағаның төмендетуінен болған шығының артуына әкеледі. Керісінше партияның мөлшері артқан сайын тапсырысты орналасытыру имен орындау шығыны төмендейді: тапсырыс жиілігі төмендетуі сақталып рысты орналастыру және орныдау бойынша үнемі шығындар;отырған қор көлемінің артуына, тапсырысты орналастыру, жеткізушілердің жөндеу және тапсырысты өңдеу жұмыстары шығындары азаяды.Егер қорды сақтау бойынша шығын кестесі мен тапсырысты орындау кестесін біріктірсек, оларды қосындысы қорды сақтау бойынша жалпы шыығн кестесі болады(ТІС). ТІС көлемі ең аз мәнде болған жағдай партияның оңтайлы мөлшерін анықтайды(EOQ) .Тапсырыс саны (Q) бойынша бөлшектей отырып және нөлге теңестірсеміз:Бұл Уилсон моделі келесі алғы шартарға негізделген: -қордың жылдық қажеттілігін нақты болжауға болады; - өткізу көлемі жл бойына қалыпты таралған; - тапсырысты алуда кешіктіру болмайды.
Оңтайлы топтама тапсырысының үлгісі. Оңтайлы топтамаға тапсырыс моделі. Көлемдік оңтайлы тапсырыс проблемасын шешудің екі жол бар. (Ол EOQ моделі арқылы орындалады).: Шикізатқа өте үлкен көлемде өте сирек тапсырысты беруі, немесе шикізатқа аз көлемде жиі тапсырыс түсуі. Бірінші жағдайда минималды шығындар безендендіру және жеткізу қызметтеріне тапсырыс партияларына сонымен қатар шығынның көп мөлшері шикізатты сатуға кетеді. Екінші жағдайда керісінше болады: шикизатпен бағаға деген қажеттілік орналастыру тапсырыстың тұрақты ұлғаюына тәукелді, ал бір партияның өзгеруі мүмкін. Шикізат сирек сатылып алынған сайын олар қоймада көп сақталынады және оның қоймада сақталу құны пропорцияналды түрде өседі. Тапсырысты оңтайландыру EOQ моделімен жүзеге асырылады.EOQ=түбір астына аламыз Мұндағы, EOQ бірліктегі партия көлеміF-бір тапсырыстың орындалу бағасы;D-шикизатқа жалпы қажеттілік периоды, бірлік;H-шикізатты сақтау шығындар бірлігі;Өндірістік қорларды үнемдеу барысында алынған қор жалпы шығыннан көп болған жағдайға дейін арттыруға болады. Жоспарланған кезеңде сатып алынатын материалдық ресурстар партиясының оңтайлы көлемін анықтау үшін тапсырысты оңтайлы партия моделі (үлгісі) қолданылады EOQ: қорды сатып алуға және сақтауға кететін барлық шығын есептеледі. Оның құрамына қорды сақтауға кететін шығын және тапсырысты орындау бағасы енеді, яғни тапсырысты орналастыруға, алуға кететін шығын. Бұл шығындар тауарлы-материалдық қорлар бағасын құрайды. EOQ үлгісінің негізгі шарттары көрсетілген, олар: қор көлемі өскен сайын шығынның бір бөлігі көбейеді, ал екінші бөлігі азаяды; жиынтық шығынды барынша азайтатын тапсырыс көлемі оңтайлы болып табылады. Қорлардың орта көлемі тапсырысты орналастыру жиілігіне және оныі әрқайсысының көлеміне байланысты: егер қорлар күн сайын жаңалатып отырса, онда қордың орта көлемі жылына бір рет жаңаланатып қордың орта көлеміне төмен болады. Тапсырыс көлемі ұлғайған сайын сақтауға кететін шығындар ұлғаяды (өседі). Тапсырыс көлемінің артуы орта тапсырыстың артуына әкеп соғады, сәйкесінше сақтау бойынша, қорға салынған капиталдан пайда түспеу және сақ-у шығыны бағаның төмендеуінен болған шығынның артуына әкеледі. Керісінше,партияның мөлшері артқан сайын тапсырысты орналастыру мен орындау шығыны төмендейді: тапсырыс жиілігі төмендеуі сақталып отырған қор көлемінің артуына, тапсырысты орналастыру, жеткізушілердің жөндеу және тапсырысты өңдеу жұмыстары шығындары азаяды. Тапсырыс саны (Q) бойынша бөлшектей отырып және нөлге теңестіреміз: TIC/ Q = CP/2-FS/ Q2=0Бұл теңдіктен Q табамыз:CP/2= FS/ Q2Q2=2FS/CPОңтайлы тапсырыс партиясы (EOQ) немесе Уилсон үлгісі:EOQ= Мұнда F - бір тапсырысты орналастыру және орындау бойынша үнемі шығындар;S - қордың жылдық қажеттілігі;С - орта қор бағасын пайызбен өрнектелген сақтауға кететін жылдық шығын;Р - қор бірлігін сатып алу бағасы.EOQ моделінің формуласын өзгеше де жазуға болады:EOQ= С* - ақша бірлігімен өрнектелген қор бірлігін сақтау бойынша жылдық шығын. Бұл Уилсон моделі келесі алғы шарттарға негізделген:қордың жылдық қажеттілігін нақты болжауға болады (жылдық өткізу көлемі);өткізу көлемі жыл бойына қалыпты таралған;тапсырысты алуда кешіктіру болмайды.
Операциялық және өткізуден тыс табыстар мен шығындар. Төтенше шығыс құрамында шаруашылқ қызметтің төтенше жағдайдың салдарынан пайда болатын шығыс көрсетілдеі. Негізгі емес қызметтің шығысына мыналар жатқызылады: 1.Ұйым активін төлем үшін уақытша пайдалануға берумен байланысты шығыс; 2.Өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге және интеллектуалдық меншіктің басқа түріне берілген патенттен туындайтын құқықты төлем үшін берумен байланысты шығыс; 3.Басқа ұйымның жарғылық капиталына қатысумен байланысты шығыс; 4.Негізгі құрал – жабдықты және ақшалай қаражаттан өзгеше басқа активті, тауарды, өнімді сатумен, істен шығарумен және өзгедей есептен шығарумен байланысты шығыс; 5.Бухг-к есеп ережесіне сәйкес құрылатын бағалау резервіне аударылатын аударым; 6.Өзге шығыс. Негізгі емес қызметтің табысына мыналар жатқызылады: 1.МЕА сатудан алынған табыс; 2.Негізгі құралды сатудан алынған табыс; 3.Бағалы қағазды сатудан алынған табыс; 4.Акциялар бойынша дивиденд мен пайыз түріндегі табыс; 5.Бағамдағы айфрмадан алынған табыс; 6.Атқарушы билік органының субсидиясы; 7.Негізгі құрал – жабдықтың және аяқталмаған құрылыс өндірісінің түгендеу кезінде анықталған қалдығы; 8.Ақшалай қаражатты түгендеу кезінде анықталған қалдығы; 9.Талап беру мерзімі (3 жыл) өтіп кеткен, белгіленген тәртіппен есептен шығарылған кредиторлық берешек сомасы; 10.Басқа заңды және жеке тұлғадан тегін алынған негізгі құрал – жабдық, МЕА, материал, тауар, бағалы қағаз, ақшалай қаражат; 11.Кәсіпорынға келтірілген залалдың (қызметкердің кінәсінен бос тұру, айыппұл және өзге де өнімсіз шығыс) орнын толтыру есебіне ұсталған сома; 12.Есептелген айыппұлды, өсімді, айыпты, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаға берілген басқа да өтеу сомасы.
Операциялық тұтқа нәтижесі. Ағымдағы шығындарды басқару. Әрбір коммерциялық кәсіпорын табыстың көлемін ұлғайту мақсатында өнімді өндіруге жұмсалатын шығындардың көлемін, олардың көлемін анықтау процесінде тиімді шешім қабылдауға тырысады. Шығындар ― дегеніміз белгілі бір мақсатты орындау кезінде қолданылатын ресурстардың ақшалай нысандағы өлшем бірлігі. Шығындардың жіктелуі:Бірінші белгісі запастағы бағалау мақсатындағы шығындар екі түрге бөлінеді.1. Өнімге жұмсалатын шығындар 2.Кезең шығындары. Өнімге жұмсалатын шығындар дайын өнімді өндірумен байланысты шығындар. Бұл шығындар запастардың құнына қосылған шығындар ретінде қарастырылады. Өнімге жұмсалатын шығындардың құрамы негізгі материалдар және қосымша шығындардан тұрады. Өнімге жұмсалатын шығындар өндірістік шығындар деп те аталады. Кезең шығындарына өнімді өндіру кезеңдегі запастардың құнына қосылмайтын шығындар жатады. Оларға әкімшілік шығындар және өнімді өткізумен байланысты шығындар жатады. Өнімді өткізумен байланысты шығ. Классификацияның екінші белгісі өнімнің өзіндік құнына шығындардың жұмсалуына байланысты тікелей және жанама шығындар қарастырылады. Тікелей шығындар дайын өнімнің түріне байланысты материалдарды анықтау бойынша ресурстық шығындар. Тікелей шығындарға негізгі материалдарды алу шығындары және өндірістік шығындардың еңбекақы шығындары жатады. Жанама шығындарды нақты өнімнің белгілі бір түріне тікелей жатқызуға мүмкіншілігі болмағандықтан арнайы ставкаларды қолдана отырып, өнімнің түрлеріне бөлу қарастырылады. Өнім өндіру процесінде оптималды шешім қабылдау мақсатында шығындардың мінезі қарастырылады. Соған байланысты шығындар өзгермелі, тұрақты және аралас шығындары бар.Жоспарлау және бақылау белгісі бойынша нормативтік және бақыланатын, бақыланбайтын болып бөлінеді.Нормативтік ― өнімнің көлеміне жоспарланатын шығындар. Оларды смета жасаған кезде және орындалатын жобалар бойынша бағалау кезінде қолданылады. Нормативтік шығындар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде нормативтік шығындар мен нақты шығындарды салыстыру қажет және ауытқуларды анықтау, оларға әсер ететін факторларды анықтау негізгі операциялық талдау және бағалау ретінде қарастырылады.Талдау= шығындар ― өндіріс―пайдаМаржиналдық табыс ― жиынтық табыстан өзгермелі шығындарды алып тастағанда анықталады. Маржиналдық табыс өнімнің бірлігіне және жалпы бірлігіне анықталуы мүмкін. Маржиналдық табыс коэффициент― маржиналдылық табыстың жиынтық табысна қатынасы арқылы анықталады. Кмт= МТ /жиынтық табысЗалалсыздық нүктесі компанияның қызметінің табыстар мен шығындар деңгейінің тең болатын деңгейін көрсетеді. Заласыздық нүктесін жиынтық табыстан тұрақты және өзгермелі шығындарды алып тастағанда нөл болатын деңгейі арқылы анықталады. Залалсыздық нүктесі ақшалай сипаты ретінде тұрақты шығындарды маржиналдық табыс коэффициентіне бөлу арқылы анықталады. Қауіпсіздік маржа көрсеткіші жиынтық табыстың залалсыздық нүктесін қамтамасыз ететін табыстан асып кеткен деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік маржа көрсеткіші процентпен анықталады. Қауіпсіздік маржа көрсеткіші ақшалай көрінісінде жиынтық табыстан залалсыздық нүктесін қамтамасыз ететін табысты алыы тастағанда анықталады. Қауіпсіздік маржа процентпен анықтау кезінде алымында ақшалай көріністе, бөлімінде жиынтық табыс.Қауіпсіздік маржа көрсеткіші= Жиынтық табыс ― залалсыздық нүктесін қамтамасыз ететін табыс.Операциялық тұтқа компанияның тұрақты шығындарын қолдануды көрсетеді. Тұрақты шығындардың үлесі жоғары болған сайын операциялық тұтқа тиімділігі де жоғарыла түседі. Операциялық тұтқа деңгейінің жоғары болуы табыстың өзгерістеріне әкеліп соғады. Табыстың немесе өткізуден түскен түсімнің 1%-ке өзгеруі жалпы компанияның қаржылық нәтижесін немесе пайдасын бірнеше процентке өзгеріске әкеледі. Пайданың немесе нәтижелік көрсеткіштің өткізуден түскен түсіммен айырмашылығы операциялық тұтқа деңгейімен анықталады. Операциялық тұтқаның деңгейі маржиналдық табыстың пайдаға қатынасы арқылы анықталады. Өзгермелі шығындардың 1%-ке өсуі пайданың 8,5 %-ке өсуіне әкеліп соғады. Операциялық тұтқаның тиімділігі ― дегеніміз шығындар құрамының ерекшеліктерін қарастыра отырып, нәтижелік көрсеткіштерінің өзгерістерін немесе деңгейін талдау. Шығындар―өндіріс көлемі ― пайда “талдауының негізгі принциптері”1.Өнімді өткізуден түскен түсімнің деңгейі шығындардың деңгейімен тығыз байланысты.2. Шығындар өзгермелі және тұрақты болып нақты бөлінуі тиіс.3.Өндірістік қорлар (запастар) залалсыздық деңгейіне немесе нұктесіне әсер етпейді немесе залалсыздық нүктесінде өндірілген өнімнің көлемі өткізілген өнімнің көлеміне тең болады.4.Операциялық тұтқа деңгейін есептеу барысында инфляция деңгейі қарастырылмайды. Рентабельділіктің табалдырығы ― компанияның өнімді өткізуден түсетін түсімі барлық шығындарын жабу кезінде пайда заласыздығы да 0-ге, заласыздық нүктесі де 0-ге тең.
Опциондардың баға белгілеу теориясы. Фьючерстер.Опцион деп- инвестициялау әлемінде екі тұлғаарасында жасалған келісімшарт аталады. Бұл келісімшарт негізінде бір тұлға екінші тұлғаға белгілі активті белгілі бір уақыт және белгілі бір бағамен сатып алуға немесе сатуға құқығын ұсынады. Опционды иеленген және шешім қабылданған тұлға опционды сатып алушы деп аталады.Опциондық келісімшартты сатып алу кезінде оның негізгі үш элементі маңызды:пайдалану бағасы, орындалу мерзімі сыйақы. Пайдалану бағасы опциондық келісімшартта тіркелген. “Put” және “Call” опциондарые иеленуші валютаны бекітілген бағамен сатып алу және сату қабілеттілігі оған хеджирлеу немесе алыпсатарлық ұстанымды қамтамасыз етеді. “Call” опционы кезінде, егер шынайы баға пайдалану бағасына қарағанда өссе, онда иеленуші келісімшарт бойынша құқығын пайдаланып , пайда алу үшін ваплютаны «спот» курсы бойнша сата алады. Басқа жағдайда иеленуші, “Call” опционы бойынша сыйақыны өсуін күткен, келісімшартты сатып, пайда алу мүмкін. Осы пайданы ол пропорционалды пайдаланып, валютаны «спот» нарығында сатса алар еді.Опционды пайдалану бағасы және оның валютадағы « спот» бағасы байланысынан үш типті жағдай тууы мүмкін:Опционның пайдалану бағасы нарықтық бағамен сәйкестігі;Опционның пайдалану бағасы нарықтық бағасынан тиімдірек; Опционның пайдалану бағасы нарықтық бағасының байланысты опционды пайдалануды тимсіз етеді.Егер пайдалану бағасы «спот» бағасы сияқты болса, онда опционның пайдалану бағасы, нарықпен сәйкес.Банк халықаралық есептеулердің басымдылығына сәйкес опцон құны екі компоненттен құралады:ішкі және уақытша құн. Ішкі құн-бұл опционды тез арада орындаудан түскен қаржылық кіріс. Ол опционды пайдалану бағасы мен берілген валютаның «спот» нарықтық бағасы арасындағы айырмашлықты бейнелейді.Уақытша құн- опциондық келісімшарт әрекеті қалған мерзімі ішінде берілген валютаның өзгеру бағасының мүмкіндігімен байланысты. Опционның уақытша ұны әрдайым одан үлкен. Сонан опционды сатудың бағасы әдетте оның ішкі құннан асады.Фючерс-стандарттық саны мен орындалу мерзімі бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүретін белгіленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді, ал сатып алушы мүліктің (базалық активтің ) белгілі бір саның келісілген баға бойынша және белгілі біо мерзім өткеннен кейін сатып алуға немесе сатуға міндеттенеді. Фюьчерстік келісімшарт дегеніміз бұл биржалық активті белгілі бір мерізмнен кейін болашақта мәмілені жасау сәтінде оның тараптары белгіленген баға бойынша сатып алу, сату туралы стандартты биржалық шарт. Фьючерстік келісімшарт тұрақты мәмілелер тобына жатады
Орталық эмиссиялық банктердің пайда болуы мен олардың экономикадағы рөлі Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға құқы бар, әдетте орталық банк. әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО–да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда – ҚР/ң Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты – айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие–есеп, эмиссиялық жұмыс басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің – жоғарғы деңгейіндегі банк.
Орталық банктердің ұйымдастырудың жолдары. Тарихи Орталық банктер капиталды меншіктеу жөнінен үш түрге бөлінеді:
· мемлекеттік орталық банктер, яғни олардың капиталы түгелінен мемлекет меншігінде (мысалы: Англия, ГФР, Канада, Ресей, Франция).
· акционерлік қоғамдар (АҚШ)
· аралас акционерлік қоғам, капиталының бір бөлігі мемлекет меншігінде (Жапония, Белгия).
Кез келген орталық банктің міндеті –ұлттың ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды: банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау; ақша несиелік қатынастарды реттеу; сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу; банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі.
Орталық банктің ең алғашқы қызметі – ежелден қалыптасқан мемлекеттің өкілі ретінде заіды түрде – банкнота шығару. Ол – елде төлем міндеттемелерін өтейтін, халық қабылдаған жалпы ұлттық төлем құралы. Кейбір мемлекеттерде орталық банк монополиялы түрде монетаны шығарады. Көп елдерде монетаны қаржы министрлігі соғып, орталық банк оларды номиналымен сатып алады. Бұл жағдайда монетаның өзіндік құнымен номинал құнының айырмасы мембюджеттің табысы болып саналады. Сөйтіп, орталық банк сатып алған монеталардыөзі шығарған банкноталармен қосып айналымға түсіреді.