Пәнді зерделеудің міндеттері
Бекітемін
Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің деканы Эрназаров Т.Я.
_______________
«__»_________20__ж.
Құрастырушы: ___________ PhD, қауым. профессор Жанат М.
«Басқару және саясаттану» кафедрасы
Барлық экономикалық емес мамандықтардың
бакалавриат студенттеріне арналған
«Экономикалық теория негіздері»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20 ж. «___» ___________ бекітілген, жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
Кафедра отырысында ұсынылды 20 ___ ж. «__» ____________ №__ хаттама.
Кафедра меңгерушісі___________ Калиев И. А. 20___ ж. «__» ____________
Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған. 20 ___ж. «__»_________№___ хаттама
ОӘК төрайымы _________________ Жакишева А. Е. 20___ ж. «__» __________
Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы: Экономикалық теория негіздері
Міндетті компонент пәні
Күндізгі оқу нысаны бойынша кредиттер саны және оқу мерзім
Барлығы – 2 кредит
Курс: 1, 2
Семестр: 1, 2, 3, 4
Аудиториялық сабақтардың барлығы – 30 сағат
Дәрістер – 15 сағат
Тәжірибелік/ семинарлық сабақтар – 15 сағат
СӨЖ – 60 сағат
соның ішінде, СӨЖМ – 15 сағат
Жалпы сыйымдылығы – 90 сағат
Бақылау нысаны
емтихан – 1, 2, 3, 4 семестр
Ашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы сырттай оқу нысаны бойынша кредиттер саны және оқу мерзімі
Барлығы – 2 кредит
Курс: 2
Семестр: 1, 2, 3, 4
оnline – 10 сағат ( дәріс – 4 сағ., практика – 4 сағ., СӨЖМ – 2 сағ.)
offline – 80 сағ. (СӨЖ)
Жалпы еңбек сыйымдылығы – 90 сағат
Бақылау нысаны:
Емтихан – 1, 2, 3, 4 семестр
Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары
А.Ж.Т.: Жанат Мырзабек
Ғылыми дәрежесі, атағы: PhD, доцент
Кафедра: «Басқару және саясаттану», аудитория: A-517
телефон: 673646
Е-mail: [email protected]
Пәні, мақсаты және міндеттер
Курстың пәні
«Экономикалық теория негіздері» пәніміндетті пәндер циклына кіреді. Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарының білім деңгейлерін арттыру және дүниетанымын қалыптастыруда экономикалық теория негіздеріайырықша орын алады. Экономикалық теория негіздерін зерделеу адамның табиғаттағы, қоғамдағы, экономикадағы орыны мен рөлін объективті және сауатты анықтауға, экономикалық үдерістер арасындағы диалектикалық байланыстарды түсінуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика үлгісін құру, экономикалық қатынастар жүйесінде болып жатқан жаһандық үдерістер адамның және қоғамның экономикалық қылықтары ұстанымына өзгерістер, түзетулер енгізеді. Мұндай жағдайда экономикалық теория негіздері пәнінің экономикалық үдерістердің ғылыми-техникалық ілгерлеушілікпен, мемлекеттік саясатпен, ұлттық және ғаламдық мәдениетпен өзара арабайланысының диалектикасын зерттейтін ғылым ретіндегі мәні арта түсуде.
Пәнді оқытудың мақсаты
«Экономикалық теория негіздері» курсының бағдарламасы абстрактылы теоретикалық ақиқатты игеруге емес, шынайы өмірдегі іс-әрекеттерге қажетті экономикалық білім қорын алуға, экономикалық үдерістерді шынайы бейнелейтін экономикалық түсініктер мен категорияларды меңгеруге, ұтымды басқарушылық шешімдерді таңдау машығын қалыптастыруға бағытталған. Курстың теоретикалық бағытталуы шаруашылық және әлеуметтік қатынастардың барлық жиынтығымен сәйкес келеді. Олар әлеуметтік-экономикалық жүйенің және қылықтардың (әрекеттердің) экономикалық мәдениетінің негізгі элементтері ретінде біртұтас және өзарабайланысты қарастырылған.
«Экономикалық теория негіздері» пәні студенттерді заманауи экономикалық ойлардың негізін құрайтын экономикалық түсініктердің, ұстанымдардың, заңдылықтардың кең ауқымымен таныстыратын, әрі қарай әлеуметтік-экономикалық пәндерді меңгеруге және болашақ кәсіпкерлік қызметті жүргізуге тұғырды қалайтын негізгі пән болып табылады.
Пәнді зерделеудің міндеттері
«Экономикалық теория негіздері» курсының мақсатынан пәнді зерделеудің келесі міндеттері қойылады:
1) студенттерге экономиканың, мемлекеттің және кәсіпкерліктің әрекет етуі қалыптары мен әдістері туралы кешенді түсінік беру;
2) ғылыми, оқу мәселелердің қойылымын, мәнін түсіну белсенді ойлауды, нарықтық экономика жағдайында жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің алдында туындайтын мәселелерді шешу қабілеті мен ептілікті дамытуға мүмкіндік береді;
3) экономикалық теорияны білу шынайы өмір туралы үстеме, кейде тіптен қате түсініктерді жеңуге мүмкіндік береді;
4) алынған экономикалық білімді өзінің болашақ өмірінде, бизнесте қолдану;
5) ұтымды шаруашылық жүргізудің ұстанымдары мен тәсілдерін айқындау.