Тақырып. Қазақстан жағдайында мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері
Дәрістің мақсаты:Қазақстан жағдайында мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелерін талдау
Негізгі ұғымдар:Жалпы бақылау, Еңбек тәртібі, Мамандандырылған сыртқы бақылау
Дәріс жоспары:
1. Мемлекеттік басқару қызметін жақсартудағы адами дамудың рөлі
2. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері
3. Еліміздегі мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары
4. Мемлекеттік басқаруды демократияландыру оның қарқынды дамуының кепілі.
Мемлекет кез келген қоғамдық-экономикалық жүйеде өзгеріссіз қалатын өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясымен қатар оңтайлы институционалдық-құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруды және нарықтық механизм кемшіліктерінің орнын толтыруды өз міндеті етіп қояды. Өйткені, А.Смит тұжырымдағандай, аталмыш механизм кемшіліксіз емес және өзінің мүмкіндігінің шектеулілігіне орай халықтың сұранысын үнемі, бүтіндей және тиімді қанағаттандыра бермейді. Сондықтан да оның қызметін мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Ең алдымен олардың қатарына адами даму мәселесін жатқызу ләзім.
Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінде мемлекеттіліктің қалыптасуы, тәуелсіздікті нығайту, экономиканы тоқырау жағдайынан шығару және ел ішінде тұрақтылықты сақтау үшін жағдай жасау маңызды басымдылықтар ретінде қарастырылды да, оларды орындау үшін жағдай жасау мақсаты алдыңғы орынға шықты. Осыдан барып адами фактор мәселесі екінші орында қалып, ал көп жағдайда ескерілмеді де. Сондықтан халқымыздың басым бөлігінің өмір сүру сапасының көрсеткіштері күрт төмендеп кетті. Оны қалпына келтіру үшін өте ауқымды шаралар кешенін жүзеге асыру, көптеген қаржы жұмсау, осыларға қажетті экономикалық мүмкіндіктерді пайдалану керек болды. Экономиканы, әлеуметтік сфераны және басқаруды қайта құрудың бастапқы кезендерінде жіберілген осы кемшіліктер адам мүддесін кейінге қалдырудың зияны үшан-теңіз екенін, ал тұрақты даму халықты тиісті тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етпейінше мүмкін еместігін түсінуге алып келді. Өйткені, элемдік тәжірибе дәлелдегендей, қазіргі заманда қоғамның ілгері дамуының негізгі күші адамға, оның хал-жағдайына, көңіл-күйіне, білім мен біліктілігіне, жаңашылдық пен жасампаздық қасиеттеріне тығыз байланысты болып отыр. Осыған орай кейінгі жылдары әлеуметтік салалар мен адами дамуға да көңіл бөліне бастады. Күн тәртібінде тек экономикалық даму, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері ғана емес, осының негізінде әлеуметтік жағдайды, ел түрмысын айтарлықтай жақсаргу міндеті тұрды. Ал, ол мемлекетгің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілетіні белгілі.
Бұл саясат, әдетте, адамдардың әр түрлі қоғамдық, кәсіби, аумақтық және басқа да топтарын қамти отырып, мемлекеттің экономикалық саясатының шеңберінде жүргізілетін қызметінің нақты бағыты ретінде қарастырылады. ¥лттық табысты бөлгенде адами даму мүдделерін бірінші орынға қою әлеуметтік саясаттың негізгі мәселесі болып табылады да, қоғамның әрбір мүшесінің аса маңызды қажетгіліктерін толықтай қанағаттандыруды қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік эділеттілік әлеуметтік саясатты іске асырудың басты шартын қүрайды. Сонымен қатар оны іске асыру барысында қоғамның әрбір мүшесі (отбасы) өзінің тұрмыстық және мэдени-әлеуметтік жағдайын жақсартуға барлық күш-жігерін жұмсауы керек екендігі ескеріліп, мемлекет соған құқықтық-уйымдастырушылық негіз қалыптастырып отыруы керек екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Адами дамудың қалыпты және қоғам талап ететін моделі халық сұранысының қажетті материалдық және рухани игіліктермен қамтамасыз етілуін біртіндеп жақсартуды көздейді. Сондықтан да еңбеккерлердің табысының өсуін қамтамасыз ететін өндіргіш күштердің дамуы, материалдық және рухани игіліктермен қамтамасыз етілуі олардың өмір сүру деңгейінің маңызды көрсеткіштеріне жатады. Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, бірқатар дамыған елдерде табиғи және материалдық-қаржылық ресурстар олардың өркендеуінде маңызды рөлге ие болғанымен, еңбек пен оны ұйымдастыру өндірістің негізгі ресурсы ретінде қарастырылған. Мысалы, Жапонияда еңбек өнімділігі өндірістік қызмет тиімділігінің негізгі және қорытынды көрсеткішіне жатады. Бұл елде еңбекке, оның сапасына, осы фактордың ішкі жағдайына ықпалын тигізетін физикалық және рухани саулық, рухани байлық пен мәдениет, адамның жалпы және арнайы білім деңгейі, еңбек етуге психологиялық көзқарасы мен дайындығы, тәжірибесі және өзіндік дағдылары - осылардың барлығы еңбек етудің тиімділігін арттырудың, әр түрлі қызмет көрсетуді ұйымдастырудың алғы-шартын, басты негізін құрайды. Осыдан барып әлеуметтік-экономикалық даму аталған қасиетгердің әрбір адамның бойынан табылуын, сақталуын, одан әрі дамытылуынталап етеді. Сондықтан мемлекет өзінде бар барлық ресурстарын және қоғамдық даму үрдістерінің сипатына ықпал ету мүмкіндіктерін адами дамуды жақсарту жолына пайдаланады.
Адамдардың еңбекқорлық және ізденгіштік қабілетін дамыта алатын ортаны қалыптастыру мемлекеттің негізгі міндетіне жатады, өйткені тек осы жағдайда ғана игіліктерді өндіру мен адами дамуды жақсарту мүдделері бір арнада тоғыса алады. Экономикалық даму әрбір адамға өзінің қабілетін коғамдық өмірдің барлық салаларында, атап айтқанда, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени, саяси сфераларда барынша тиімді қолдануын қамтамасыз етуі қажет.
Барлық адам үшін тең мүмкіндіктер тек әлеуметтік саясатты жүргізу барысындағы мемлекеттің күш-жігерін және қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестірудің негізінде қамтамасыз етілуі мүмкін. Ол үшін үкімет толықтай халқының алдында есеп беретін негізі қаланған азаматтық қоғамды одан әрі дамытуы тиіс деген пікірдеміз.
Азаматтық қоғам — саяси жүйеден тәуелсіз әрекет ететін және оған ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастар мен институттардың және жеке индивидтер мен әлеуметтік субъектілердің қоғамдастығы. Өзге де азаматтармен тең заңцы қүқыққа ие болған, азаматқа айналған адам түлғасының маңызының артуы азаматтық қоғамды қүрудың маңызды алға шарты болып есептеледі. Өзінің қызметіне еркін мақсаттар қоя алатын және оларға жетудің тэсілдерін анықтайтын егеменді түлға азаматгық қоғамның басты әрекет етуші субъектісі болып табылады. Оған ортақ мақсатгарды, мүдделерді, қүлдылықтарды жүзеге асыру жолында өзге түлғалармен қатынастар орнату және өзінің жеке басының мүддесін, оған жету жолдарын ортақ игіліктерге қызмет етуге бағытгау тән.
Әлеуметтік субъектілердің осындай түрін қалыптастыру арқылы нақты институционалдық алғышарттар қажет, ең алдымен мақсаттарды білдіру үшін азаматтардың өзіндік ұйымдастырылуын мүмкін әрі заңды ете алатын демократиялық құқықтар мен еркіндіктің болуы керек. Бірақ институционалдық алғышарггардың болуы жеткіліксіз. Одан өзге мэдени және әлеуметтік-психологиялық алғы шарттар қажет. Себебі осы үрдіске мэнді ықпал ететін, Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастырудың бірнеше ерекшеліктері бар: біріншіден, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне бүкіл шешім қабылдауды әрдайым өзіне алған мемлекеттік билікке бағыну эдеті азаматтардың әлеуметтік психологиясында орныққан жэйт; екіншіден, халықтың санасында ұжымдық әрекет, бірігіп тіршілік ету эдеті басым; үшіншіден, халықтың негізгі бөлігінің ешқашанда шынайы меншік иесі болмауы. Осыған байланысты қазіргі кезде мемлекетгің негізгі міндеттерінің бірі тек стратегияны, жаңа заң актілерін және ережелерін эзірлеу ғана емес, сонымен қатар адамдардың оларға бейімделуіне жағдай жасау.
Азаматтардың экономикалық еркіндігі мен өз бетінше жұмыс істеуіне қол жеткізу, білікті, іскер қызметкерлерден мейлінше жоғары деңгейлі табысы бар «орта тапты» қалыптастыру азаматгық қоғамды қүру үшін үлкен мәнге ие болуда. Кейінгі жылдары елімізде азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы, қажетті жағдайлар жасалуда. Алайда бұл процесс оған мемлекет тарапынан түрақты көңіл аударуды қажет етеді. Мемлекет өз кезегінде азаматтарды қүқықтармен қамтамасыз етіп ғана қоймай, сонымен бірге оны қолдану жолдарын түсіндіреді, олардың толықтай жүзеге асуына қолайлы жағдайлар жасайды.
Бүгінгі танда нарықтық қатынастардың қалыптасуында және тұрақты адами дамуды қамтамасыз етуде мемлекеттің белсенді рөлінің аса қажеттілігі айқындалып отыр. Себебі кез келген қоғамның даму деңгейі ондағы адамдар мен әлеуметтік топтардың даму тенденциясы аркылы көрініс табатыны белгілі. Мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы адам баласының ғасырлар бойы көкейтесті арманы болғанымен, өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарында ғана кейбір алдыңғы қатарлы елдерде қалыптаса бастады. Соңғы жылдары бұл біздің еліміздің де экономикалық дамуының негізгі басымдығы, түрақты бағытына айналды. Осы кезге дейін экономикалық мәселелердің ығында жүріп, оны түбегейлі шешкеннен кейін әлеуметтік саланы, адамды дамытуға бет бұратын уақыттың келгендігін Елбасы өзінің биылғы жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында атап өтті. Сондай-ақ аталмыш Жолдауда Елбасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейін арттыру қажетгілігін және оның жолдарын баяндап берді. Бұл өз кезегінде бүгінгі таңда тұрақты адами дамуды қамтамасыз ету мәселесіне мемлекет тарапынан үлкен мән беріліп отырғандығының дәлелі болса керек.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік пен толық мемлекеттік егемендікке қол жеткізген соң азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қүруға бағыт алды.
Өткен жылдар ішінде мемлекеттіліктің негізгі институтга-рының саяси-құқықтық мазмұны өзгерді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сай парламентгік-президенттік басқару нысаны таза президенттік басқару нысанына айналды. Президенттілік институты мемлекеттік жүйеде негізгі орын алады, ол ел ішіндегі жағдайға, мемлекеттік биліктің барлық үш тармағының келісіп жұмыс істеуіне, ішкі және сыртқы саясаттың қалыптасуына ықпал етеді.
Заң шығарушы билік институты да өзгерді. Бір палаталы Жоғары Кеңестен екі палаталы Парламентке ауысу жүзеге асырылды. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.
Атқарушы билік Үкіметтің тікелей басшылық етуімен қызмет етеді, оларға күнделікті мемлекеттік басқару, заңдардың орындалуын үііымдастыру, мемлекеттің әлеуметтік-экономика-лық саясатының негізгі бағыттарын эзірлеу, экономикалық реформаларды жүзеге асыру жүктелген.
Мемлекеттік биліктің жеке тармағы ретінде сот жүйесі де өзгеріске ұшырады. Жалпы және төрелік соттар бүгінде Жоғарғы сот басқаратын бір жүйеге біріктірілді. Үш жыл (1992-1995) қызмет атқарған бұрынғы Конституциялық соттың орнына Конституциялық Кеңес құрылды. Заң қорғау органдарының жүйесі де қайта ұйымдастырылуда. Қазақстанның мемлекеттік тэуелсіздігінің атрибуттарын қалыптастыру аякталуда, республикалық гвардия құрылған, мемлекеттік рәміздер бекітіліп, қол-данылуда. Республика өзінің улттық валютасын енгізді.
Бүгінгі танда Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастыру және құқықтық мемлекет құру процестері жүзеге асырылуда. Қүкықтық мемлекет құру дамудың бірнеше кезеңдерін қамтиды және мемлекеттік органдардан, лауазымды түлғалардан, қоғамнан, халықтан байсалдылық пен күш-жігерді талап етеді. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтің дүрыс жолға қойылуын қамтамасыз етуді, қоғамның заңцықжәне моральдық-адамгершілік негізін дамытуды қажет етеді. Құдықтардың жаңаруын жылдам-датуды, оны қолдану механизмін жетілдіруді ойластыру, аза-маттардың оған құрметпен қарауын қалыптастыру, қоғамдағы нақты құқықтық қатынастар мен басқа да зандық байланыстарды іске асыру бойынша шараларды белгілеуді көздейді. Қалыптасқан қүқықтық нигилизмді, яғни қүдықтың әлеуметтік қүлдылығын жоққа шығаруды, заңның талаптарын саналы түрде орындамауды жою, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, азаматтар тарапынан заңдарға жеңіл-желпі қарап, немқүрайлық танытуын жою, адамдардың қүқықтық санасын позитивті түрде қалыптастыру мемлекетгің негізгі міндеттеріне жатады. Мәселені осындай кешенді түрде шешу қүдықтық мемлекет пен азаматгық қоғам құрудың принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі заңы болып табылады. Онда қоғам мен мемлекет өмірінің мәселелері занды түрде рәсімделген және бекітілген: азаматтың және адамның міндеттері мен бостандығы, қүдығы, сонымен қатар мемлекеттің құрылу қағидалары мен қоғамның экономикалық негізі. Конституция заңдар мен басқа да нормативтік актілерді негізгі қайнар көзі болыптабылады, кез келген органдар қабылдаған заң, Президент жарлықтары, Үкімет қаулысы, министрліктер бүйрықтары, жергілікті мемлекеттік органдар шешімі Конституция принципіне, идеяларына, нормаларына толық түрде сай болуы және солардың негізінде қабылдануы тиіс және оған қайшы келмеуге тиіс. Кез келген қудыктық актінің Конституцияға сай келмеуі немесе оған қайшы келуі бұл құқықтык актіні заңцық күшінен айырады, оны жарамсыз етеді.Констшуция ережелерін, нормаларын сақтау талаптары тек мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар ғана емес, сонымен бірге азаматгар мен қоғамдық бірлестіктер үшін де міндетті.
Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің тәуелсіздігі және егемендігі бекітілген. Қазақстан мемлекетінің егемендігі келесі белгілер арқылы сипатгалады: Қазақстан мемлекетінің өзінің Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстанмен шектесетін тарихи қалыптасқан аумағы бар. Мемлекеттің аумағына қол сүғылмайды және бөлінбейді. Мемлекет аумағына баса - көктеп кіру агрессия болып саналады, ал ол халықаралық құкықпен жауапқа тартылады.
Конституцияда Қазақстан мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, бір-бірінің ішкі ісіне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді делінген. Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген жағдайда Президент республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде эскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялайды. «Қазақстан Республикасының мемлекеггік шекарасы туралы» заң бойынша біздің мемлекет өз аумағының шекарасын құрлықта да, теңізде де, эуе кеңістігінде де Қарулы күштерімен күзетеді. Шекаралық әскер аумақтың түтастығына төнген кез келген қауіптерге, қаруланған баса-көктеп кіруге қарсы тұрып, халықты қылмыстық қауіптерден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы егемендіктің негізгі белгісі болып табылады. Мемлекет басшысын Президентті халық сайлайды. Президент мемлекетгің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Парламенті екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұратын, заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган болып саналады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республиканың бүкіл аумағында атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол орталық органдардан - министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден, комиссиялардан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан — облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктерден тұратын атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың өкілеттіктері занда, сонымен бірге арнайы ережелерде анықталады.
Сот билігін арнайы құқык қорғау органдары: соттар, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура жүзеге асырады. Олардың құрылымы, өкілеттіктері арнайы заңдарда анықталады.
Республика азаматтығы да егемендіктің белгісі. Азаматгық мәселелері Конституцияда, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» занда, заң күші бар Президент жарлықтарында анықталған. Азаматтық — мемлекетгің адамдармен түрақты саяси байланысының көрінісі. Осындай байланыстардан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндетгері туындайды. Мемлекет, оның органдары өзінің азаматгары ез бостандықтары мен қүқықтарын қолдана алуына жағдай жасауға міндетті. Азаматтар, кез келген адам Конституция мен заңдарды сақтауға, мемлекеггік тілді, Қазақстанда түратын барлық ұлт азаматтарының тілдерін құрметтеуге, олардың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын қадірлеуге, ел экономикасының нығаюына ат салысуға міндетті.
Қазақстан Республикасының басқа елдермен езара қатынасқа түсе алу қабілеттілігі - бұл да егемендіктің маңызды белгісі. Қазақстан БҰҰ-ның, тағы да басқа халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Республика көптеген шетелдік мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасын бекітті. Ол саяси, экономикалық, мәдени мәселелер бойынша халықаралық келісім шарттарға отырады. Ел Конституциясына сай келісімшарттар жасау өкілеттігі Республика Президентіне, Парламентке және Үкіметке жүктелген.
Егеменді мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді қүрметтеуге міндетті. Олардың сипатгамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заң-мен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы тарихи қазақ жерінде құрылды. Яғни, қазактар осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан этнос ретінде табиғи және завды түрде мемлекетке өздерінің тарихи атауын берген. Сонымен бірге қазақ тілінің мемлекеттік болуы да түсінікті. Ал орыс тілі ресми түрде мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті басқару органдарында қолданылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сай жұрттың барлығына тең құқықтар берілген, түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі үшін құқықтық негіз қаланған. Сондықтан Қазақстан Республикасы - осы елде тұратын барша халықтың мемлекеті. Бұл Ереже Конституцияда жазылған мемлекет және оның органдарының қызмет ету қағидаларымен бекітілген. Біріншіден, мемлекет, оның органдары өз қызметтерінде үнемі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс. Қоғамдық келісім - Қазақстанда түратын түрлі ұлттық топтар, халықтың түрлі жіктері арасындағы қарама-қайшылықты, қарсы түруларды болдырмау. Мұндай келісімді қамтамасыз ету қоғам тұрақтылығының, әркімнің тыныш білім алуға, еңбек етуге және өмір сүруге сенімді болуының кепілі. Екіншіден, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын қоғамның экономикалық дамуын қамтамасыз ететіндей жүргізуі тиіс. Мұндай даму қандай да бір топтың ғана емес, Қазақстанда түратын бүкіл халықтың материалдық қажетгіліктерін қанағатгандыруға бағытгалуы тиіс.
Үшіншіден, мемлекеттік оргавдар мемлекеттік өмірдің ма-ңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуі тиіс. Бұл жеке жағдайларда, мысалы, Конституция өзгерсе халық оны референдумда шеше алады дегенді білдіреді. Референдумды өткізу тәртібі арнайы заңмен қарастырылған.
Қазақстан Республикасының алдына қойған мақсаты - демократиялық мемлекет құру. Барлық азаматгардың ұлтына қарамас-тан тең құқықты негізде бірігуі оны құрудың басты шарты болып табылады. Конституцияда қолданылған «халық» деген түсінік осы интернационалдық идеядан туындаған. Саяси-құқықтық мағынада халық деп - ел ішіндегі барлық саяси шараларға қатысуға құқығы бар кәмелетке толған азаматтарды айтады. Мысалы, Конституция мен Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Президент жарлығына сай азаматгар, саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер Республика Парламентінің Мэжіліс депутатына өздерінің кандидаттарын еркін түрде үсына алады. Оларға қарсы немесе қолдайтын үгіт-насихаттарын жүргізе алады. Барлық саяси партиялар тең құқықты, олардың ешқайсысына жеңілдік болмаса артықшылық көрсетілмейді. Азаматтар өз еріктері бойынша осы не басқа саяси партияға, депутаттыққа ұсынылған кандидаттарға қолдау көрсетуі немесе көрсетпеуі мүмкін. Бұл бүкіл халықтың ойын білдіруге мүмкіндік береді. Азаматтар еш мәжбүрлеусіз Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде өз дауыстарын кімге беретіндіктерін ерікті түрде өздері шешеді.
Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің ісіне мемлекеггік органдардың заңсыз араласуына жол берілмеуі демократияның көрініс алуы болып табылады. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың мәдени, діни, тіл және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қүрылады. Әрине, қоғамдық бірлестіктер Конституцияны, заңдарды сақтауға міндетті. Олар әлеуметтік, ұлттық, діни араздықты тудырмауы керек. Олардың жұмысы мемлекет қа-уіпсіздігіне нүсқан келтіруге, конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстанның аумақтық түтастығын бүзуға бағытталмауы тиіс.
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады. Елде азаматтар өздерінің діни сенімдерін қанағаттандыратын түрлі діни қоғамдар қызмет етеді. Азаматтар қандай да бір дінді мойындауға немесе мойындамауға ерікті. Дін мемлекеттен бөлек, бұл біріншіден, мемлекеттің қандай да болмасын діни идеологияны мойындамайтындығын, екіншіден, мемлекеттік оқу орындарында (мектеп, институт) діни ілімдерді насихаттауға тыйым салынатындығын, үшіншіден, Республикада саяси діни негізде партиялардың құрылуына және қызмет етуіне жол берілмейтіндігін білдіреді.
Қазақстан халқының алдына қойған мақсаты - құқықтық мемлекет қүру. Құқықтық мемлекетте заңдар бүкіл халықтың нақты еркін білдіреді. Барлық адамдар, жоғары лауазымды түлғадан бастап қатардағы азаматқа дейін заңдардың бүкіл халық мүддесі үшін қабылданып қызмет ететінін, заңдар кез келген адамның қүқығы мен бостандығын қорғайтындығын, заңдардың адамдардың оқуы, семья құруы, жұмыс істеуі, тандаған іспен айналысуы, қалыпты өмір сүруі үшін табыс табуы, өзін еркін сезінуі, қоғамдық өмірге қатысуы үшін керек қоғамдық тәртіпті бекітетіндігін түсінуі қажет. Сондықтан азаматтар, лауазымды түлғалар заң талаптарын қатаң түрде үстануға міндеггі. Азаматгар бұзылған қүдықтарын өздері қорғай білуге үйренуі қажет. Ол үшін соттар объективті болуы және азаматгар өздерінің құқықтарын кім бүзса да: қатардағы азамат болсын немесе кез келген деңгейдегі лауазымды түлға болсын қүдықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануы қажет.
Қазақстан Республикасында Конституцияда белгіленгендей әлеуметтік мемлекет құрылуда. Бұл Конституция мен заңдарға сай халықтың ешқандай таптарға бөлінбейтінін білдіреді. Мемлекет халықтың барлық тобын өз қамқорлығына алады: шаруаларды, жұмысшыларды, кәсіпкерлерді, зейнеткерлерді, оқытушыларды және т.б. Қоғамның ең элсіз қорғалған мүшелеріне - балалар мен аналарға, мүгедектер және қарт адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетіледі. Мемлекеттің әлеуметтік сипаты жастар, зейнеткерлер туралы ерекше заңдарды қабылдауда, сонымен қатар, Президент, Үкімет, арнайы органдар қызметінде де көрініс табады.
Еліміздің Ата заңында көрсетілгендей «Қазақстан Респуб-ликасы Президентгік басқару нысанындағы біртүтас мемлекет». Мемлекетгің біртұтастығы оның әкімшілік-аумақтық бірлікгерден түратындығын және автономияға бөлінбейтіндігін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекет басшысы және оның ең жоғары лауазымды түлғасы. Конституция бойынша Президент Қазақстан халқының бірлігін кепілдендіретін лауазымды түлға болып табьшады, яғни ол халықтың түрлі ұлттық топтарымен әр түрлі жіктері арасында қайшылықтың туындамауын қамтамасыз етеді. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Президент азаматгар мен адамның қүдықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде қызметін атқарады. Парламент ұғынған заңдарға қол қояды немесе ол заңдар Конституцияға қарама-қайшы келсе, қайта қарастыруға қайтарады. Президент Конституцияда қарастырылған жағдайлар бойынша заң күші бар жарлықтарды қабылдайды. Егер Парламент өз міндеттерін орывдай алмаса, онда Президент оны тарата алады. Президент Үкімет құрамын бекітеді, сонымен бірге оны отставкаға жібере алады. Барлық айтылғандар басқарудың Президештік жүйесін сипаттайды.
Сонымен қатар Ата заңымызда биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бөліну принциптері бекітілген. Заң шығарушы билікті Парламент, ел аумағында атқарушы билікті Үкімет, сот билігін - Жоғары сот, облыстық, аудандық сотгар жүзеге асырады. Аталған органдар біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтар болып табылады. Мемлекеттік биліктің әр тармағы өз функциясын өзі атқарады және олар бір-бірінің қызметтеріне араласпауы тиіс. Егер ондай жағдай орын алып жатса, онда тежемелік әрі тепе-тендік механизмдерін пайдалану қарастырылған. Парламент Үкіметті отставкаға жіберу туралы, Президентті қызметінен кетіру туралы мәселелер қарайды, ал Президент Парламентгі тарата алады.
Мемлекеттің атқарушы органдарына Үкімет, министрліктер, мемлекеггік комитеттер, агенттіктер, жергілікті әкімшілік (облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық (селолық) және қүқық қорғау органдары кіреді. Мемлекеттік органдардың әр буыны туралы ерекше заңдар бар. Мысалы, прокуратура гуралы Кон-ституциямызда оның мемлекет атынан еліміздің аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің және тағы басқа әрекетгердің зандылығын жіті қадағалауды жүзеге асыратындығы айтылған. Құқықтық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдары да үлкен рөль атқарады. Олардың міндеттері занда анықталған. Адам құқығын, қоғамды, мемлекетті ішкі және сыртқы қауіптерден қорғауда ұлттық қауіпсіздік органдарының алатын орны ерекше.
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» — экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «қүлақ түріп» отыруы керек. Өйткені жаңағы тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бүрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар тәжірибесі айқын дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі — қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шаруашылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.
Осы тұрғыдан келгенде еліміз тәуелсіздік алған кезден (1991 жылдың желтоқсаны) бастап мемлекеттілігімізді жаңадан құру барысында оны басқару жүйесі өзгермелілік жағдайға жиірек ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті. Оның басты себебі — экономикалық тоқырау жағдайынан тезірек шығып, шаруашылық жүргізудің жаңа, нарықтық үлгісін орнықтыру, соның арқасында әлеуметтік-экономикалық өсу қарқынының тұрақтылығына қол жеткізу проблемаларын шешу барысында мемлекеттік басқару органдары жүйесі мен міндеттерін ұдайы жетілдіріп отыру керек болды. Сондықтан да Елбасының жарлықтары мен Парламент қабылдаған заңцар арқылы мемлекеттік басқару органдарыньщ құрылымын әлденеше рет қайта қарастырып, олардың міндеттері мен құқықтарын барған сайын «таразыға салып» отыруға іура келді. Осы үрдіс әлі күнге жалғасып келеді.
Бұл жерде тарихи шолу жасаудың қажеті шамалы, өйткені ол біріншіден, бөлек және арнайы зертгеуді талап ететін мәселе, ал екіншіден — өткенді сөз еткеннен гөрі алда түрған міндеттер жөнінде көбірек айтылғаны оқырманға пайдалырақ болар еді. Сондықтан да мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеггік қызмет көрсетуді жетілдірудің негізгі бағытгарына кеңірек тоқталған жөн болар еді.
Ең алдымен мемлекеттік басқаруды жаңарту мақсатында іске асырылып жатқан кең ауқымды шаралар жөнінде айтуымыз қажет. Олардың алдыңғы қатарында бюджет жүйесі мен ұлттық қордың жаңа ереже негізінде жұмыс істеуін атап көрсету қажет. Ол ереже бойынша бюджеттік қаржыларды бюджетаралық қатынастарды жетілдіре отырып тиімді пайдалану қарастырылса, Ұлттық қордың инвестициялық рөлін көтеру көзделген. Бұл орайда корпоративтік басқарудың ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін қалыптастырудың маңызы зор. ¥йымдастырушылық жағынан келгенде бірінші кезекте шешетін мәселенің қатарына мемлекеттік активтер көлемі мен құрылымын анықтап, оларды корпоративтік басқару жүйесіне көшіру жатады. Бұл жолда жасалған маңызды іс-шараның алғашқысы ретінде «Самұрық» қазақстандық холдингі» мен «Қазына» тұрақты даму қорын» кұруды атап өтуіміз керек. Жақын арада «ҚазАгро» холдингісі мен 7-8 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылуға тиісті.
Енді әдіснамалық жағынан келетін болсақ, онда ең алдымен корпоративтік басқарудың тұжырымдамасы мен іргелі қағидаларын анықтап, оларға ғылыми сипаттама беруіміз керек. Тұжырымдамаға ең ықшамдалған тұжырымдама түрінде анықтама берсек, ол мына төмендегідей болар еді: корпоративтік басқару тұжырымдамасын үхтану - ол жалпы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре және жаңарта беру үрдісінде шешуші рөл атқара отырьш шаруашылықтың тиімділігі мен жоғары әлеуметтік стандартты әрдайым ұштастырып отыру болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, корпоративтік басқарудың мәні мен маңызы - пайдалы еңбек нәтижелерінің тиімділігіне қол жеткізу болса, оның мақсаты - әлеуметтік стандарттың жоғары деңгейіне қол жеткізу екенін баса көрсету ләзім. Сондықтан да әлгіндей басқарудың мәнін түсінбей маңызын айқындай алмас едік, ал оның маңызына терең бойламай тұрып мақсатын айқындай алмас едік. Енді осы үшеуін логикалық жағынан тығыз байланыста қарастырмасақ, онда корпоративтік басқарудың жалпы мемлекеттік басқару (жергілікті басқару) жүйесіндегі орны мен рөлін де дұрыс анықтай алмас едік.
Осындай тұжырымдамадан туындайтын қағидаттарға да тоқталу керек. Олардың негізгілерін сөз ететін болсақ, мына төмендегілерді атап өткен дұрыс болар еді. Ең алдымен, корпоративті басқарудың маңызды қағидаты ретінде оның сапасын жоғарылату жағдайында басқару объектісін тиімді пайдалануға әрдайым қол жеткізіп отыруды келтіргеніміз жөн. Өйткені бұл жерде басқару сапасы жоғары болмайынша оның нәтижесінің тиімділігі жөнінде сөз қозғауға болмас еді, ал оның тиімсіздігі әлгіндей басқару жүйесінің сапасыздығын дәлелдер еді.
Екіншіден,корпоративті түрде басқарудың маңызды қағидаты оның күнделікті болып тұратын өзгермелі жағдайларға бейімделгіштігімен түсіндіріледі. Яғни, басқару мақсаты ішкі мүмкіндіктер мен сыртқы жағдайларды (конъюнктураны) ескеретін болса, онда сол басқару жүйесі әлгі жағдайларға сәйкестендірілуі керек. Керісінше болса, аталмыш жүйе сапасыз деңгейде қызмет етеді деген сөз.
Келесі үлкен мәселе - ол корпоративті басқару үрдісінің қарапайым халық үшін ашықтығы мен жалпы мемлекеттік басқару
Қазақстан жағдайында мемлекеттік жүйесімен үндестігі болып табылады. Бұл қағидаттарының маңызы мынада: корпоративті басқару түптеп келгенде халық пен мемлекет мүддесін өнебойы алдыңғы кезекке қойып, сол мемлекеттік басқарудың біраз «жүгін» өз мойнына ашып отыруға тиіс. Бұл жағынан келгенде корпоративті басқару жерлерді мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі мен тетіктерін жетілдіре беруде де үлкен рөл атқарады. Бұған қазіргі өмірге келіп жатқан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызмет дәлел бола алады.
Корпоративті басқару жүйесінде және оның қызметін қолданылатын әдістер мен әкімшілік-экономика де өз алдына зерттеуді талап ететін күрделі мәселе болып табылады. Бұл жерде айтарымыз - әдістер жүйесін қолдану жаңағыдай басқару үрдісінде қабылданатын шешімдерді даярлауға «жақынырақ тұратын» болса, тетіктер жүйесі әлгі іске асыру барысында кеңінен қолданылады. Орындалмайтын (іске асырылмайтын) шешімдерді қабылдау басқалар жүйесі мен қызметінің сапасыздығын сипаттайтынын ескерген онда олардың сапасын жақсарту мәселесі жаңағы әдістертетіктерді логикалық тығыз байланыста қарастырып, оларды біртұтас үрдіс ретінде түсінуіміз қажет.
Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің келесі, екінші маңызды бағыты ретінде орталықтандырылған, аймақтық және атқарушы органдар арасындағы функцияларды сәйкесінше анықтап, олардың аталған басқару деңгейлерінде қадағалау негізінде мемлекеттік басқару органдардың өмір талабына сай өзгертіп отыруды атап көрсетуші керек. Бұл өзгерістер ғылыми ұйымдастырушылық бойынша ақпараттық технологияға сүйене отырып жүргізілетін болғандықтан функциялық маңызы жағынан керексіз буындарды жоюға және сол арқылы салалық (аймақтық) биліктегі лауазымдық сатыларды қысқартуға алып келуі керек. Бұл үрдіс «Электронды үкімет» тұжырымдамасын іске асыруда себепкер болады. Бұл орайда керексіз буындар мен лауазымдық сатыларды айқындау және қысқарту үрдісі науқаншылдықпентұрақты жалдау негізінде жүргізіліп, орталықтандырылған (жергілікті) басқару органдарының «...басқарушылық шешімдер қабылдаудағы өкілеттіктері мен дербестігі күшейтілуге тиіс»1.
Үшіншіден, мемлекеттік басқаруды жетілдіру үшін іске асырылуға тиісті маңызды шара — мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру. Ол үшін, Президентіміз атап керсеткендей, әлгіндей қызмет көрсетуді енгізілетін салалық стандарттарға сай жүргізу талап етіледі. Ал, бұл талаптың орындалу деңгейін қадағалап отыру мақсатында әлеуметтік сауалдама мен рейтингілік бағалау жүйесін күнделікті тәжірибеге енгізудің маңызы зор. Аталмыш стандарттарды дайындау мен енгізу жөнінде сөз болғанда алдымен іске асырылатын шараның бірі мен бірегейі — ол әрбір мемлекеттік баскару органының стратегиялық жоспарын жасақтау болып табылады. Сол жоспарда тиісті негіздемеге сүйенген мақсаттар мен міндеттердің орындалу деңгейі орталықтандырылған және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін рейтингілік бағалау көрсеткішіне тікелей әсер етуі керек. Осыдан барып жоғарыда аталған органдардың бірінші басшыларының басыңқылықты міндеттері туындайды. Ол - салалық және аумақтық шаруашылықты дамыту саясаты мен стратегиясын айқындап отыру және оларды іске асыру мүмкіндіктерін алдын ала ыңғайлап, қойылған мақсаттарға сөзсіз қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезде еліміздің интеллектуалдық ресурстары мен адами даму индексінің күрт өсуі мемлекеттік басқару қызметінің технологиялық әдістерін кеңінен пайдалануға жағдай жасап отыр. Басқару үрдісінде орындалатын көптеген қарапайым жұмыстың ауыр жүгі барған сайын техника «иығына» көшірілетін болғандықтан мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық астары өнебойы назарда болып, объективті өзгерістерге сәйкестендіру мақсатында қайта қарастырылып отыруы керек. Бұны мемлекеттік басқаруды жетілдірудің тағы да бір маңызды бағыты ретінде қабылдаған жөн.
Жалпы алғанда еліміздегі саяси ахуал мен әлеуметтік-экономикалық өсудің тұрақтылығы, қоғамдық өмір сүрудің демократиялық негіздерін нығайту шаралары, жаһандану жағдайына орай бейімделу мәселелерін ұтымды шешуде және т.б. жағдайлар мемлекеттік басқарудың пісіп-жетілген проблемаларын уақытында анықтап, оны одан әрі жетілдіре беруге толыққанды негіз бола алады.
Елімізде мемлекеттік басқаруды жетілдірудің саяси астарына да үлкен көңіл бөлу қажет. Өйткені қоғамның экономикалық, әлеуметтік және интеллектуалдық әлеуеті өркендеген сайын оны басқару жүйесінің саяси негізі де сәйкесінше өзгеріп отырады. Ол осындай өзгерістерге ұшырамаған жағдайда аталмыш әлеуеттің еркіндеуі жолында жасанды кедергілер кездесуі әбден мүмкін — бұл адамзат тарихында талай рет дәлелденген ақиқат. Сондықтан да еліміз "әуелі экономика, содан соң—саясат" қағидасын ұстана отырып, әлеуметтік-шаруашылық бағытта ірі табыстарға қол жеткізгесін ғана саяси реформа мәселелерін күн тәртібіне қойып, олардың негізгі арқауы - мемлекеттік басқаруды демократияландырудың ағымдағы өзекті істерін жүзеге асырып келеді. Осындай саяси да, тәжірибелік те маңызы зор ауқымды істің бастамасы Ел Басшысы 2007 жылғы мамыр айының 16-шы жүлдызындағы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен мәжілісінде жасаған баяндама болып табылады. Бұл баянадамадан туындайтын шаралар тәуелсіз Отанымыздың саяси тарихының жаңа беттерін ашуға заңнамалық негіз қүрастыратын болады. Олардың маңызын айқындай түсу үшін осы уақытқа дейін экономикалық дамуымыз бен саяси тұрақтылығымыздың іргетасы болып келген Атазаңымыздың (1995ж.) біраз негізгі _станымдарына тоқтала кеткен жөн. Әңгіме, ең алдымен, Президент, Парламент және Үкімет арасындағы конституциялық және биліктік байланыстар мен олардың мемлекет басқарудағы орны жайында болғаны мәлім.
Еліміздегі мемлекеттік билік жүйесі Конституциямыздың 3-ші бабына сәйкес құрылып, оның үш тармағының (заң шығарушы, атқарушы органдар мен сот жүйесі) күнделікті қызметі өзара үйлесімділік пен бірін-бірі тежемелілік жағдайда іске асырылып келеді. Бұл жерде мемлекеттік басқарудың құрлымы мен кәсіби деңгейін жақсарта беру талабы "Қазақстан —2030" Стратегиясын іске асыру міндеттерінен де туындайды. Осы індеттердің бірі — орталықтандырылған басқарушы органдар өздеріне онша тән емес қызметтерді орнатқан аймақтарға және мемлекетпен жекеше секторға беру, сөйтіп олардан арылу арқасында мемлекеттік басқаруды жетілдіре беру болып табылады. Дегенмен, осындай түбегейлі міндеттерді жүзеге асыру үшін еліміздің Атазаңына да өзгерістер енгізу өмір тобынан туындап отыр.
Осы уақытқа дейін әлгі заңға сәйкес құрылған мемлекеггік басқару жүйесінің қағидалық сызбасы төмендер еді. Жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Президенті лауазымына ие болған адам Парламентпен келісе отырып Премьер-Министрді, соңғысының ұсынысымен Министрлер мен облыс және Астана, Алматы қалаларының әкімдерін тағайындайды.
Қазіргі Конституциядағы ұстанымдарға байланысты мемлекеттік басқару органдары арасындағы тәжірибелеріне тепе-теңдік жүйесін пайдаланудың да біраз тәжірибесі анақталды. Оған сүйенетін болсақ, кезінде Президенттік билікті күшейтудің бірден-бір дұрыс бағыт болғанына көз жеткіземіз. Сонау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында (1991-1993жж.) оны күшейтудің көптеген объекгивті себептерін ескеру керек болды. Оірдың негізгілері ретінде мыналарды атап көрсеткеніміз жөн:
- тарихи масштабпен алғанда қасқағым сәте құлап түскен алып империяның бір "пұшпағында" республикамыздың мемлекеттілігін қамтамасыз етіп, оны тәуелсіз ел ретінде қалыптастыру керек болды
Р Президенті
Сенімсіздік білдірсе,
Парламент келісімімен
Премьер-министр тағайындалады.
Заң жобалары