Тақырыбы: Электромашианалар және электро жетек
КУАТОВА С.Ш.
050806- Агроинженерия мамандығы студенттеріне арналған
«Электромашиналар мен электро жетек» пәнінен
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Шымкент 2009ж
ӘОЖ
КБЖ
Куатова С.Ш. «Электромашиналар және электро жетек»: Дәрістер жинағы.-Шымкент.: М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009. - б.
Дәріс жинағы 050806- Агроинженерия мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Дәрістер жинағында «Электромашиналар және элетро жетек»: қызметі, жіктелуі, құрылысы, реттелуі және негізгі есептер келтірілген.
Рецензеттер:
Исмайлов С.У. – ОҚМУ, доцент, т.ғ.к.
Дәріс жинағы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ әдістемелік кеңесімен ұсынылған
Хаттама №__ «___» _________2009ж.
ISBN © Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Лекция
Тақырыбы: Электромашианалар және электро жетек
Жоспар: 1.Электромашиналардың және жетекшілердің тарихы.
2.Энергетиканың тарихи эволюциясы
3.Электр энергетикасы ресурстарын тиімді пайдалану.
1.Алғашында адамдар тек білектің күшімен ғана жұмыс істеп, күннің жылуымен жылынған. Олар от жағуды найзағайдың түсуінен және жанып жатқан ағаштардан көрген. Кейіннен өз ойларымен екі ағашты алып бір-біріне үйкеу арқылы от жағуды үйренген. Жалпы айтқанда бірінші кезеңдегі энергия көзі бұлшық ет күші есептелді. Кейіннен осы энергия көздерінен басқа қайта жаңарып отырылатын энергия көздері өзендерге су ағыны мен жел пайдаланылды.
2.1470 жылы алғаш рет 4 мачталық кеш түсірілген. 1500 жылы кеменгер Л.Довинчи түтінмен жұмыс жасайтын ғажайып тоқу станогының моделін және ұшатын машинаның жобасын жасаған.
3.Бұл өндірісі дамыған елдер энергия көзі ретінде қайта жаңармайтын жерден қазып алынатын органикалық кодын, таскөмір, мұнай, табиғи газ және басқа химиялық энергияны ал негізгі қоғалыс күші ретінде жылу қозғалыстарында алынатын (оттық қозғалтқыш ) күшін пайдалынған осы кезеңде электр энергиясы игілік көзіне айнала бастады.
Эддуард Сомерсет ағылшын ғылымы бу жетегінің нақтылы түрін алғашқы ойлап тапқан . 1693 жылы оның сол уақытқа дейінгі өнертабыс туралы туағн кітабы дүниеге клген.
Томмас Северн – 1698 жылы от күшін пайдалану арқылы жұмыс жасау мүмкіндігін туғызатын жаңалық үшін патентке ие.
1712 жылы Бирменген қаласының жанындағы шахтадан бу машинасын су шығаруға болады.
1774 жылы ағылшын өнертапқышы Джеймс Уартт өндірісте жұмыс жасауға тиімді жаңа бу машинасын жасап шығарды.
Американдық О.Эвантс талантты механик 1801 жылы қысым мөлшері атмосфера қысымынан 10 есе артық бу машина құрастыруға кірісті.
1802 жылы Эвонтс Филодельфияда жоғары қысымды бу машинасын жасайтын алғашқы завод ашты.
1800 жылы италиян ғалымы волга тұрақты ток пайдаланушы электр батериясын дүниеге келтірген.
1802 жылы орыс электро-техник Петров элетр доғасын ашты.
Француз физиктері Ампер мен Арго дүние жүзінде алғаш рет солиноид жасайды.
Солиноид – ток жүретін оқшауланған сымнан цилиндр тәрізді болып оралған индуктивті катушка.
1831 жылы электромагниттік индукция заңы ашылғаннан кейін Фародей дүние жүзіндегі алғашқы электр генераторын жасады. Фародей 10 жылда ЭҚК мен электр генераторын ойлап тапты.
1893 жылы Чикаго қаласында қуаты 5 ат күшіндей 1 минутта 30000 айналым жасайтын бу трубинасын жасады.
1900 жылы Париж көрмесіне қойылған Лаваль трубинасының 350 ат күшіндей қуаты бар еді.
1890 жылы Германияда өнертапқыш Парсонс идеясы негзінде жасаған бу трубинасы сынақтан өтті.
1972 жылы орыс ғалымы Лодыгин электр теориясын жарық көзі ретінде пайдалануға болтынан көрсетті.
1882 жылы Нью-Иоркте бу машинасының қуаты 90 квт айналым ток станциясы қосылды.
1890 жылы Петербургте 190 электр станциясы жұмыс жасады. Барлық электр станцияларының жалпы қуаты Ресейде 80000 квт мөлшерінде болды.
1905 жылы Ресейде өндірілген жалпы элетро энергиясын 46% жарықтандыру мақсатында пайдаланылды.
1913 жылы 80% өндірісте пайдаланылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Элетр эенергетикасы туралы». Осы саладағы жекелендіру мен қайта құрудағы электр энергиясының нарығын одан әрі дамытуды жүзеге асыру үшін үкіметтің қабылданған шешмдеріне сәйкес қуат өндіретін ірі электр станциялары стратегиялық инвесторларға сатылса өнеркәсіптік мақсаттағы жылу энергия орталықтары ірі кәсіпорындарға берілді.
2008 жылдан бастп елімізде электр қуатының жетіспеушілігі сезінген сайын қосымша қуатты көрші Ресей елінен алуға мәжбүр болғандықтан алдағы уақытта бұл жағдайдың тереңдеп кетуіне және солтүстік өнірдегі артық қуатты тиімді пайдалану үшін үкімет еліміздегі электр қуатының теңдестірмелі рыногын ұймдастыру мәселесін қолға алуда.
Лекция