Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
Б.л. а.... айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады (41 бап).
Қылмыстық Кодекстің осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза біріктірілген:
Белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру. Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануы мүмкін болмаған жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (296 бап), тұтынушыларды алдаған адамдарға (223 бап), қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденген немесе ысырап еткен лауазым адамдарына (176 бап) қолданылуы мүмкін.
Мұдай жазаны қолданеу негізінен қызмет бабын немесе кәсіптік қызметін пайдаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты қайталап жасауына бөгет қою, мұндай тәсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру б.т. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара айырмашылығы мынада: біріншісісотталған адамды мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым иесі болуға тиым салады. Мысалы, материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдық қызмет атқармау.
Екіншісі,сотталған адамның белгілі қызметпен (кәсіппен) шұғылдануына тыйым салу. Мысалы, дәрігерлікпен шұғылдануға, адвокаттықпен шұғылдануға тыйым салу, көлік құралдарын ж.ргізуге байланысты кәсіпті атқаруды тыю және т.б.
Б.қ.а.немесе л.и.қ.а. негізгі жаза ретінде 1жылдан 5 жылға дейін, қосымша жаза ретінде 6 айдан 3 жылға дейін тағайындалады. Бұл жаза осы лауазымды немесе қызметті пайдаланып қылмыс жасаған жағдайда қолданылады.
Негізгі жаза ретінде қолданғанда басқа жазаны қолдануға болмайды, ал қосымша жаза бас бостандығынан шектеуге, айыруға қосып тағайындалады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту. Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуі айтылады. Жазаның бұл түрі негізгі немес қосымша жаза ретінде ҚКтің Ерекше бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығын сот 60 сағаттан 240 сағатқа дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын егер сотталғанның тұрақты жұмыс орны болмаса немесе оқумен айналыспаса күніне сегіз сағатқа дейінгі, бірақ аптасына 40 сағаттан көп емес мөлшерде тағайындайды және сотталған адам оны негізгі жұмысынан және оқуынан бос уақытында тегін өтейді. Сотталған адамдардың істейтін қоғамдық жұмысарының тізбегі жергілікті өкімет немесе жергілікті өзін өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте олар осы Кодекстің тиісінше 45, 48баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды өтеген уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың бір күні қоғамдық жұмыстардың төрт сағатына есептеледі.
Әскери қызметшілерге, елу жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, І немесе ІІ топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмыстарға тарту тағайындалмайды.
64. Бас бостандығынан айыру жазасының сипаттамасы..Бас бостандығын шектеу соттыңсотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтеледі. Қамау сотталған адамды тағайындаған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау б.т. Бас бостандығынан айыру сотталушына колония қонысқа жіберу, жалпы, қатағ ,ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. Өлім жазасы ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай ақ соғыс уақытында жасаған аса уары қылмыстары үшін ең ауыр жаза ретінде белігленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтінім ету құқығы беріледі.