Хаммурапи заңы бойынша неке, отбасы жəне мұрагерлік.
Патриархтық, оның ішінде құлдықтың жасырын түрдегі ежелгі түрлері калыптасқан патирархтық, отбасының маңызы ол кезде әлі де болса жойыла қойған жоқ.. Сондықтан қанау мен үстемдіктің ежелгі түрлері қорғалды. Патриархты отбасының қожайынын барлық уақытта әкесі не ері болды, ал отбасының қалған мүшесі оған шексіз бағынып отыруға міндетті еді. Ол отбасындағы жалпы шаруашылықты жүргізуші. Көп әйел алу әдет ғұрпыда әйелдің әлеуметтік жағдайын төмендетті.
«Неке қию» Вавилонда шарт бойынша жүргізілген. Шарт жасалмайынша неке күшінде емес деп саналды.
Ерікті құлмен некеге құруға рұқсат етіледі.Сонымен қатар құлдың немесе мүшкенумның ерікті әйел мен неке қиюларына рұқсат етілді. Бұл жағдайларда некеден туған балалары басы бос, ерікті деп саналды.
Бірақ құлдың өлуіне байланысты некедегі жиналған мүліктерің жартысын құлдың иесі алатын, ал әйелі балаларынан жарты мүлікті мұраға қалдыра алатын. Күйеу жігіт болашақ енесіне неке ақысы сияқты ақша беретін.
Неке кезінде берілген заттар қыздың жеке меншігі болып қалады. Егер әйел өлсе, оның бүкіл мүлкі балаларына қалатын. Берілген заттар ерінің өлуіне байданысты әйелге көшетін. Сонымен қатар бала туған әйел ешқандай себебсіз айрылысқан кезінде немесе күйеуінің кінәсі болған жағдайында, бүкіл мүлік әйеліне берілетін.
Ер мен әйел – неке құқығының негізгі субъектісі. Қалған мәселелер ер мен әйелдің арасындағы жолдастық қарым катынас төңірегінде дамиды.
Бала туған әйел еріне «күн» ұстауға рұқсат етеді. Бірақ ол үйдің иесі болып қалуы тиіс. Бұл жағдайда ерінің айрылысуға құқығы бар оған заңдық негізде ешқандай кедергі жоқ. Кедергі тек әйелдерге ғана қатысты. Әйелдердің айрылысуына болатын заңды үш негіз бар:1) әйелдің ақтығына себепсіз кінә тақса; 2) ері үйін және тұратын жерін тастап кетсе; 3) егер әйел ауру болса, ерінің күң ұстауға құқығы бар.
Ері әйеліне жеке билік жүргізуге құқық бермесе де, 117 бап бойынша ері әйелін өзінің қарызын өтеу үшін немесе қызметке қарызын (шарт) өтеу үшін бере алған. Сонымен қатар заңда ері тұтқынға түсіп қалған жағдайжа әйелі екінші рет ері тұтқынан оралғанда кері қайтуы міндет. Заң бойынша сот келісімінсіз балалары бар әйелдің екінші күйеуге шығуға құқығы жок.
Жоғарыда айтып кеткенде, Вавилон қоғамында ерлердің баларын кім алғысы келсе, соған біржола сатуға құқығы болған. Бұл дерде «бала асырып» алу мәселесінің мәні тереңде. Баланы сатып алу арқылы болашақ жұмыс күші қамтамасыз етілетін болған. Себеі құлдар қымбат және олар Вавилонда көп еместе еді. Сонымен қатар балалары жоқтар баланы асырап алғанан кейін олардан бас тарту жағдайлары да құқықпен қорғалатын. Бала асырап алушының асырап алған баладан бас тартуға құқығы бар. Егер бала асырап алғаннан кейін олдарда бала дүниеге келсе, асырап алған баладан бас тартуға құқығы бар. «Бірақ бұл жағдайда ол өзінің балаларға арналған мүлік мұрасына үштен бір бөлігін беруі тиіс. Жер учаскесі мен бақты және үй беруге міндеті емес»
Хаммурапидің кодексі бойынша, ерлі зайыптылар бір біріне адалдығын бұзған кезде әйелмен еркек екі түрлі жаза тартты. Егер ері әйеліне қиянат істесе әйелі өзінің жасауын алып төркініне қайтып баратын, әйелі қиянат істесе оны суға тастап жіберетін. Неке шартының негізінле егер әйел өзінің ерінен бас тартса, онда ерінің әйеліне құлдық таңба салып, оны сатуына құқық беріледі.
Мұрагерлік құқық.Отбасының үлкен ұлы мұраның басым бөлігін иеленген. Қыздарға тиісті мұралық үлес қалыңмал түрінде берілген.Қожайының құлдан туған балалары, асырап алған балалары,мұра бөлуде басқа балалармен тең құқықты болған.Мұрадан әйелге өзінің ерекше жесірлік үлесінемесе балаларымен бірдей мұралық үлес бөлінген .Ертедегі Вавилонда өсиет қалдыру құқығының болғанын байқалады.Мысалы 165 бап бойынша әкесі ұнаған баласына жазбаша құжатпен үй, бақ, жер сыйлай алған.Бұл мүлік әкесі өлгеннен соң бөлінетін мүлікке кірмеді.Тек шектен тыс, әкесіне қарсы келгіп кешірілмес күнә жасаған баланы мұрагелік құқығынан айырған.
Ертедегі Вавилонда өсиет етіп қалдыру құқығының бола бастағаны байқалды. Мысалы,165 бап бойынша әкесі өзіне ұнаған баласына жазбаша құжат пен үй, бақ немесе жер сыйлай алды. Бұл мүлік әкесі өлгенен кейін бөлінетін мүлікке кірмеді. Тек бір шектен тыс, яғни әкесіне қарсы кешірілмес күнә жасаған жағдайда ғана ол баланы мұрадан айруға құқық берілетін.