Депозитарлық қолхаттар және олардың түрлері
Туынды бағалы қағаз – қандайда бір базалық активке байланыст шығарылатын бағалы қағаз. Базалық активке негізгі бағалы қағаздар, тауар, валюта жатады. Туынды бағалы қағаз деген базистік активтердің бағасы өзгеруіне байланысты, яғни осы бағалы қағаздың негізі болған активке шығарылған мүліктік құқықты (міндеттемені) білдіретін құжатсыз формадағы бағалы қағаз. Базистік активтерге тауарлар (астық, ет, мұнай, алтын және т.б.), негізгі бағалы қағаздарға акция және облигация жатады. Туынды бағалы қағаздар деп аталуының себебі, олар негізгі классикалық бағалы қағаздарға (акция, облигация) шығарылады. Туынды бағалы қағаздарды сатып алу-сату үшін екі жақ мерзімді мәмілеге келеді. Онда мәміле жасаушылар көрсетілген активті болашақта алу, бірақ шарттасқан кездегі баға бойынша жеткізіп беру көзделеді. Туынды бағалы қағаздарды қолданып жасалған мерзімді мәміле туынды бағалы қағаздар нарығында сатып алынады және сатылады. Басқаша айтқанда, туынды бағалы қағаздар нарығы – ол мерзімді нарық.* Мерзімді нарықтың басқалардан өзгешелігі – мәміленің орындалуы (шарт жасасқан кездегі бекітілген бағаммен активті жеткізіп беру) болашақтағы келісілген мерзімде жүзеге асырылады.
Мерзімді мәмілелер әртүрлі активтерге, атап айтқанда, бағалы қағаздарға, банктік депозитттерге, индекстерге, валютаға, қымбат металдарға, шикізат тауарларына және мерзімді шарттардың өзіне жасалады.
Депозитарлық қолхат – оны ұстаушыға қандай да бір акцияны иеленгендігін кәландыратын бағалы қағааз. Депозитарлық қолхат шетелдік инвесторлар арасында орналастыралады. Ол шетелдік инвесторға отандық компаниялардың акцияларын иеленуге құқық береді.
Халықаралық тәжірибеде Депозхитарлық қолқаттың екі негігі түрі бар: Американдық депозитарлық қолхат (АДҚ); Глобальдық депозитарлық қолхат (ГДҚ))
Депозитарлық қолхат – ол шетел компаниясы шығарған акцияның белгілі-бір мөлшерін банктің иемденуін куәландыратын бағалы қағаз. Ол арнаулы заң негізінде шығарылады. Алғашқыда депозитарлық қолхат өткен ғасырдың 20-жылдарында американдық инвестицияны шетел акциясына салу мақсатында АҚШ-та пайда болды. Сондықтан оны американдық депозитарлық қолхат (АДҚ – ADR) деп атайды. АДҚ-тың мәні банк өзінің шетелдегі филиалында (әдетте эмитент елде) акцияның белгілі-бір мөлшерін сақтайды, ал акцияны қамтамасыз ететін қолхаттар Америкада эмиссияланып, американдық нарықта айналысқа түседі. Қолхатты шығарушы банк эмиссиялағаны және оны өңдегені үшін сыйақы түріндегі пайда алады. АҚШ-та депозитарлық қолхаттарды шығарушы ең ірі депозитарлық эмитент-банктер – City Bank of New-York, The Bank of New-York, Mozgan Bank – саналады.
АДҚ-ты ұстаушылар, әдетте, бағалы қағаздар акционерлерінің оларды эмиссиялаған мемлекетінде құқығын сақтайды. Шетелдік акционерлік меншікке қызығушылық артқан сайын депозитарлық қолхаттар биржадан тыс нарықтан биржалық нарыққа айналысқа түсуде. Мысалы, Нью-Йорк қор биржасы өзінің баға белгілеу тізіміне бірсыпыра сенімді, әрі айтулы компанияларды (Sony, Honda Motors, British Airways, British Telecom) енгізуде.
Қазіргі кезде Еуропада депозитарлық қолхаттың басқа түрлері – жаһандыққолхаттар (ЖҚХ–YDR) және интернационалдық (халықаралық) депозитарлық қолхаттар (ИДҚ – IDR) шығарылуда. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мынада, егер американдық депозитарлық қолхаттар тек АҚШ қор нарығында айналысқа түссе, ал интернационалдық депозитарлық қолхаттар АҚШ-тан тыс әлемдік нарықтарда айналысқа түседі.
Әлемде американдық депозитарлық қолхаттарға инвесторлардың да, эмитенттердің де қызығушылығы артуда. Олардың инвесторлар үшін артықшылығы:
• олардың өтімділігі өздерін шығаруға негіз болған бағалы қағаздың өтімділігі тәрізді;
• оларға АҚШ долларымен баға белгіленеді;
• оларды сатып алғанда және шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарымен жүргізілетін басқа да операцияларында заңнамалық шектеулерден өткенде;
• инвестиция тарту үшін АҚШ және Еуропа қаржы нарықтарына шығуға;
• шетел инвесторларының бағалы қағаздарын ғана сатуды жеңілдетіп қоймай, сондай-ақ американдық инвесторларға да дивиденд алуды жеңілдетуде кепілдік беріледі.
Депозитарлық қолхаттардың эмитенттерүшін артықшылығы:
• олар эмитент-компанияларға шетел нарығына шығуға, сондай-ақ акцияның өтімділігін арттыруға, акцияны иемденуге құқықтық шектеулерді өтуде;
• оларды шығарушы инвесторларды, ең алдымен, институционалдық инвесторлар құрамын кеңейтуде;
• депозитарлық қолхаттарды ойдағыдай орналастыру эмитент- компанияның атағын асыруға, соған сай инвесторлардың сенімін арттыруға, сондай-ақ бағалы қағаздардың бағасына әсер етеді.
Билет