Диірмен зауыты «Акмола-Дирмен» ЖШС
№2 Диірмен, өнімділігі тәулігіне 150 тонна, силос типті қоймасынан транспортерлі көпір арқылы норияға түседі, нория арқылы ол ұн зауытының дайындау бөлімінде екі сепаратор мен тас бөлгіш, триерде қоспаларлан тазартылады.
Тазартылған дән ылғалдау машиналарына, содан соң 1-ші бүктіру бункерлеріне жіберіледі. Бүктіріліп болған соң ылғал астық бункерлерден шнек арқылы, әрі қарай нория арқылы обойкалық машиналарға дәннің беткі қабығынан ажырау үшін түседі. Содан соң цикл қайталанады - астық ылғалдау машиналарына түсіп, екінші бүктірілуге жіберіледі. Соңғы бүктірілгеннен соң астық майдалау бөліміне түсіп, онда білікті станоктар, рассевтер, ауалы-електі машиналар және т.б. машиналардан өтеді.
Дайын өнім таразыларда өлшеніп, өнім аэрозоль-траспортты тасымалдағыштар арқылы бункерлерге себіледі. Одан винтті конвейерлер арқылы дайын өнім бөліміндегі қаптау бөліміне түседі. Қаптау бөлімінде қаптарға қалталанады.
Атмосфераны дәнді немесе ұнды шаңмен ластануы көздері аспирационды және пневмотасымалдаушы жүйелер болып табылады.
Атмосфераға түспес үшін №2 Диірменінде ластанған ауаны 4БЦШ типті циклондары, сонымен қатар ЦОЛ жеке дара циклондары және Германияның 2*(RF-30*3000R) жеңдік фильтрлері тазартады.
Цесна-Мак» ЖШС
2008 жылы Концерннің еншілес кәсіпорны "Цесна-Мак" ЖШС сағатына 2 000 кг макарон өнімдерін өндіретін толық өндірістік қуаттылыққа шықты. 2012 жылдың желтоқсан айында "Цесна-Мак" ЖШС макарон фабрикасында швейцария компаниясының«BUHLER»жаңа макарон желісінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Кең көлемді жоба кәсiпорынға несиеге арналған пайыздық мөлшерлемеге жәрдем беруiне қолдануға мүмкiндiк беретiнiн «Бизнес жол картасы» бағдарламасы шеңберінде өткiзiлдi. Жоба Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің аса маңызды бақылауында.
Өндірілетін макарондардың жоғарғы сапасы келесі елеулі жиынтықтан тұрады: шикізаттың сапасын және процесін бақылау, персонал біліктілігі, пайдаланатын жабдық. Астықты өңдеудің ерекше технологиясы өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін барынша сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның зертханалары заманауи өндіруші Швейцария, Германия,Жапония және Ресей аспаптарымен жабдықталған.
Қызмет түрі
Диірмен кешені:
Тәулігіне бидайдың қатты сұрпынан 120 тонна ұнтақ өндіретін, астықты өңдеу және тағамдық өнімдерді өндіру үшін жабдықты шығару жөніндегі әлемдік көшбасшы «Buhler AG» Швейцария фирмасының жабдығы.
Макарон кешені:
Жалпы тәулігіне 100 тонна макарон өнімдерін өндіретін, «Buhler AG» Швейцария фирмасымен жабдықталған, қысқа кесілетін макарон өнімдерін өндіру бойынша екі желі.
Сағатына 150 кг. – жайма, 250 кг.-ұяшық өндіретін, бесбармақ жаймасы, ұяшық, кеспе өндірісі бойынша желілер.
Цесна-Астық» нанзауыты» ЖШС
Нан зауыты пайдалануға 1962 жылы енгізілген. Сол уақытта кәсіпорында 1937 жылы құрылған тас көмірдегі ФТЛ пештері орнатылған болатын.
Бүгінгі таңда өндіріс кешені алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің жабдықтарымен жабдықталған: неміс фирмасы "WAHTEL», түрік фирмасы «Bartech», швейцария компаниясы «Soctrade», неміс компаниясы «FRITSCH» болгар фирмасы «Хранмаш инженеринг» ЕООД , ресей ЖАҚ НПП фирмасы «Восход», «Агрифлекс».
«Цесна - Астық» Нан зауытында нанның жаппай сұрыптары мен ұннан пiсiрiлген өнімдерді өндіретін бір қалыпқа келген өндiрiс сұлбалары жұмыс жасайды.
Техникалық зертханалар барлық технологиялық тізілген сапы бойынша кiретiн шикiзат пен өнiмнiң сапасын бақылауды қамтамасыз етедi. Үнемi жаңа өнiм түрлерi, жоғарғы рецепт сұрыптары өңделеді. Дамытудың басым бағыты болып өнiмді алдын ала сауықтыру сипатында өндiру болып табылады. Нан зауытының барлық өнiмi «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар» 9001-2001 ҚР СТ ИСО талаптарына және халықаралық стандарт сапасына сәйкес келеді.
Қызмет түрі:
Қалыпты нан өндіру желісі;
Сопақша және дөңгелек қара бидай-бидай наны, батан/багеттер өндіру желісі;
Тоқаш цехы;
Тоқаштарды өндіру желісі;
Ұнды ыдыссыз сақтау цехы;
Ашытқы цехы.