ХХ ғ.б. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Столыпиннің аграрлық реформасы.

Әлеуметтік-жағдай

XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:

Түркістан генерал-губернаторлығы
(Орталығы – Ташкент)
Сырдария облысы
Жетісу облысы

Дала генерал-губернаторлығы
(Орталығы - Омбы)
Ақмола облысы
Семей облысы
Орал облысы
Төрғай облысы

1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.

Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.

Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.

Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).

XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.

Қала халқының көбеюі жолдары:
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі.
2.Жатақтар санының артуы.
3.Ішкі демографиялық өсім.
4.Сауда қатынасының дамуы.

Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.

Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.

1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.

1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.

Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.

Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.

Облыстардағы қазақстардың улесі:
Ақмола облысы – 36,6%
Семей облысы - 73%
Жетісу облысы – 60,5%
Сырдария облысы – 63,3%
Төрғай облысы – 58,7%
Орал облысы – 56,9%

Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.

Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.

XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).

Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.

Темір жол.

1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.

Өндіріс орындары және жұмысшылар.

1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.

XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.

Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.

Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.

XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.

Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жүргізген сыртқы саясаты. Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы.

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты. Қазақстан теуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 ж. 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық еалюта қорының Халықаралық реконструкция және даму банкісінің Дүниежүзілік банктің Халықаралық даму ассоциациясының Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра үйымдарға кірді. Осы уақыт ішінде Қазақстанды жүзден аса мемлекет танып, олардың көпшілігімен елшілік және екілеттілік дережеде дипломатиялық қатынас орнатылды. Республиканың сыртқы саяси бағыты шекаралас мемлекеттермен, ТМД-ның мүшелерімен езара тиімді достық қатынасты сақтау, сондай-ақ басқа да мемлекеттермен еділеттік және халықаралық серіктестік негізінде жан-жақты байланыстарды дамыту. Олардың ішінде Америка Кұрама Штаттарымен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялық серіктестік туралы келісімдерге, 1,Шанхай бестігі" жобасы шеңберіндегі шекараның үзына бойына сенім шаралары туралы келісімгн Ресеймен, Өзбекстанмен, Кырғызстанмен, Украинамен достық туралы шарттарға қол қою айрықша орын алады. Қазақстан Республикасының ҚХР-мен шекарасын межелеу, Ресеймен, Өзбекстанмен және Кэірғызстанмен шекараны белгілеу туралы меселені шешу женінде жүмыс жүргізілуде. . Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде.

Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Қазақстан қоғамының тыныштығы, шекараның мызғымас беріктігі, еліміз аумағының тұтастығы, тәуелсіз және егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың негізгі міндеттері болып табылады. Алайда барлық осы міндеттердің шешілуі ең бірінші кезекте әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасымен байланысты.

Қазақстанның әскери қауіпсіздігі барлық одақтас республикалар сияқты 1990-жылдарға дейін Кеңес Одағының бірыңғай әскери-экономикалық және өнеркәсіптік потенциалымен қамтамасыз етілді, ол әскери потенциал дүние жүзіне өзінің күш қуатын азамат және Ұлы Отан соғыстары кезінде дәлелдеді. Соғыстан кейінгі кезеңде КСРО және қазіргі заманғы қарау-жарақпен және әскери техникамен жарақтандырылған Варшава келісім-шарты елдері құрамында НАТО блогына әскери бақталастықта алғашқы орында болды. Сондықтан Қазақстан соңғы уақытқа дейін КСРО құрамында бірыңғай Қарулы Күштер қатарынан орын алды. Бірақ КСРО-ның ыдырауымен бірыңғай Қарулы Күштер де ыдырады.

Конституция бойынша сол кезде Қазақстанда республиканың әскери қауіпсіздігінің мәселелері шешілуі мүмкін жеке меншік Қорғаныс Министрлігі де болмады. Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық аспектілері 1991 жылға дейін КСРО Қорғаныс Министрлігінде талқыланды, түзетілді және шешілді, ал бұл министрлік 1991 жылдан бастап — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Біріккен Қарулы Күштерінің командованиесі деп аталды [1].

Еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесі тұрғысынан Қазақстанның жоғары басшылығы соңғы сәтке дейін бірыңғай Қарулы Күштерге — ТМД мемлекет басшыларының 1991 жылғы кездесуіне дейін енді.

1991 жылы желтоқсанда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан одақтық келісім шартта біздің мемлекетімізді тұтас ағза ретінде сақтау және оның қауіпсіздігі мен халықаралық беделін қамтамасыз ету үшін жалғыз нақты жол екенін көріп отыр... Сондықтан біз Одақ — жаңа, әділ Одақ, егемендігі тең республикалар одағына енеміз» деп баса айтып өтті. Елбасы «Келісімшартқа қол қою Қазақстанның егемендігін нақты жүзеге асыруға, одақтас және республикалық органдардың функциясын дәл айқындауға, өзін-өзі анықтау құқығын іске асыруға мүмкіндік береді» деп атап көрсетті [2].

Кейін осы ұстанымды бірізділікті дамыта отырып, Н.Ә. Назарбаев өзінің келесі сөйлеген сөзінде: «Қазақстан — Одақ үшін. Бұл 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңесімен қабылданған мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда анық айтылған. Бірақ республикада қалыптасқан жағдайлармен санасатын Одақ үшін...» деп атап көрсетті [3].

Бірыңғай Одаққа және бірыңғай әскери басшылыққа Прибалтика, Украина, Молдова мен Закавказье республикаларында басқаша көзқарас қалыптасты.

Латвия Коммунистік партиясының жетекшісі А.П. Рубикс Одақ құрамында қалу немесе қалмау керек пе деген сұраққа бір мағыналы оң жауап бермеді, «Латвия аумағында орналасқан Кеңестік Қарулы Күштердегі және Коммунисттік партияға орынсыз айыптауға» сілтеме жасай салды [4]. Бәрінен бұрын ол Латвияда адамдар Латвия Ұлттық қорының саясатымен және Жоғары Кеңестегі оның фракциясымен келіспейді, бұқаралық ақпарат құралдарында қатаң моральдық терроршылдыққа ұшырады, жұмыстан қуылды, оларда шыдамсыздық атмосферасы қалыптасты, оларға «халық жауы» деген атау тағылды деп айыптады. Осылайша Латвияның бірінші басшысы бірыңғай Одақты қабылдамайтыны туралы өз пікірін білдірді.

Егеменді Украинада сол жылдары саяси күштер арасындағы қарама қайшылықтар байқалды. Одақ қарсыластары «қоғамдық-саяси құрылыстың ауысуына және капитализмнің келуіне жақтасты, КСРО құрамынан шығуды үндеді » [5].

Бұл жағдайда Қазақстан өзінің дербес саясатын бірізділікті табанды қорғай білді, бұл «Одақтық келісім шартты жасау және рыноктық қатынастарға сауатты көшу — бұл екеуі соңғы құтқарушы шеңбер» екенін көрегенділікпен танып білді [6].

Бірақ соған қарамастан тарих өз дегенін жасады, бірқатар себептерге байланысты Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдырады.

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде өткен тарихи реалияларды ескере отырып, неғұрлым қырағы бола білді. 1990-жылдардың басында екі жүйенің қарама-қайшылығының орнына басқа тәртіптегі проблемалар пайда болды. Он шақты жыл ішінде қалыптасқан өңір аралық, өңір ішіндегі, екі тарапты экономикалық, саяси, этникалық, азаматтық дау-дамайлар ашық түрдегі әскери қақтығыстарға әкеліп соқты (кейінірек жекелеген нүктелерде өрши түсті). Бұрынғы Кеңестер Одағының әр түрлі бөліктеріндегі бұрқ еткен қанды соғыстарды басу мүмкін болмады, ол соғыстарда мыңдаған адамдар құрбан болды.

Егеменді Қазақстан «Кеңестер Одағынан қалған аса мол ядролық қаруы бола отырып, халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың негізгі жолы өңірлік және өңір аралық байланыстар орнату, ұжымдық қауіпсіздік принциптеріне негізделген қауіпсіздіктің жаңа жүйесін дамыту деп таныды» [7].

Бұл жағдайда 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен қабылданған «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға» қол қою негіз болды [8].

Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға ұқсас КСРО-ның барлық республикаларында бұрын қабылданған еді. Сондықтан КСРО-ның барлық республикалары ішінен ең соңында ғана мемлекеттік егемендігін жариялады, тек осы сәттен бастап қана өзінің әскери қауіпсіздігін жеке меншік күштерімен қамтамасыз етуге бағыт алды.

КСРО ыдырағаннан кейін Егеменді Қазақстанның Қарулы Күштерін құру процесін талдай отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері министрі, армия генералы С.К. Нұрмағамбетов КСРО бірыңғай Қарулы Күштерінің ыдырауы басталды деп санайды, бұрынғы одақтас республикалар өз егемендіктерін жариялағаннан кейін «республикалардың саяси және мемлекеттік қайраткерлері өздерінің барлық отандастарын Отанына оралуға шақырды» [9].

С.К. Нұрмағамбетов өз республикаларына оралуға шақыруды осы мерзімде КСРО Қарулы Күштерінде әскери қызметін өтеп жүрген барлық ұлттың офицерлері, прапорщиктері, сержанттар мен солдаттар да естіді. Соның нәтижесінде көптеген әскери қызметшілер әскери бөлімдерін демалысқа кеткенде немесе басқалай да себептермен тастап кетті, қайтадан оралмады, ал республикалық әскери шенеуніктер командирлердің әскер бөлімін өз бетімен тастап кетуші әскери қызметшілерді іздестіру туралы жолдаған ресми сауалдарына жауап бермеді. Әскерде әскер бөлімін өз бетімен тастап кетушілік жаппай құбылысқа айналды.

Республика Президентінің өкімі бойынша 1993 жылы құрылған жедел топтың мәжілісінде өткен 1992 жылда 12000 адам Қорғаныс министрлігі бөлімдерін заңсыз тастап кеткен деп баяндалды [10]. Қалыптасқан жағдайда әскер бөлімін өз бетімен тастап кетушілікке амнистия жариялау «әскери құрамаларды басқа солдаттардың өз бетімен тастап кетуіне итермелейді» немесе оларды мемлекет осы заңға қайшы іс-әрекеттері үшін қылмыстық жазадан ресми қорғауды мойнына алды.

1991 ж. 21 желтоқсанда Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы кездесу болып өтті. Осы кездесу барысында стратегиялық қару-жарақтар туралы Келісімге қол қойылды. Қазақстан СНВ-1 және бірқатар басқа келісім-шарттарға қол қоюға келісім берді, бірақ бірден ядролық қарусыз мемлекет деп жарияламады. Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев сол жылдары «ең бірінші ұлы державалар тарапынан Қазақстан қауіпсіздігінің кепілдігі қамтамасыз етілуі керек, содан кейін ғана республика өзінің аумағында орналасқан барлық ядролық қару-жарақтардан бас тарта алады» деп біржақты жариялады [11]. Мұндай позиция 1991 жылғы тамыз оқиғаларына ұқсас оқиғалардан егеменді Қазақстан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылуымен түсіндірілді.

Соған қарамастан, Қазақстан осы мерзім ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Біріккен Қарулы Күштерін құру идеясын жалғастыра берді. Өтпелі кезең ішінде бірыңғай инфрақұрылымды, жалпы қорғаныс кеңістігінің маңызды элементтерін сақтау кезінде ұлттық армияда бірыңғай Қарулы Күштердің өркениетті өзгеруін қамтамасыз ету мағынасынан тұрады. Бұл ретте Достастыққа мүше барлық мемлекеттердің экономикалық, әскери-техникалық, меншік әскери артықшылықтары айқын болды. Бірақ ең бастысы әскери қызметшілердің өмірлік мүдделерін, олардың отбасыларын қорғау қажет еді, себебі олардың күрделі жағдайлары да тәуелсіз мемлекеттердің жеке әскерін құрумен байланысты күрделіленді.

Осы мақсатта Қазақстан басшылығы тарапынан белсенді қолдау кезінде бұрынғы КСРО Қарулы Күштерінің Біріккен командованиесі құрылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Біріккен Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы авиация маршалы Шапошников Евгений Михайлович болды.

Біріккен Қарулы Күштері командованиесінің функциясы мен міндеттері ең бірінші кезекте КСРО Қорғаныс Министрлігі ретінде қарастырылды. Бірақ жекелеген республикаларда олардың аумақтарына орналасқан әскерлер сол өңірдегі үкімет билігіне бағына бастады.

Қазақстанның жеке меншік әскер құруға көшу мәселесі туралы ұстанымын анықтау күрделі геосаяси процестер шеңберінде қалыптасты. Бұрынғы КСРО оңтүстік шекаралары тұрақсыздық белдеуі ретінде сипатталды, тіпті ашық әскери тартыстар ошағына айналуы ықтимал еді. Ауғанстандағы соғыс мемлекеттік шекаралар аралығын аттап өтті және ашық түрдегі соғыс қатерін білдіреді. Қырғызстан Республикасындағы Ош қаласында екі көршілес қырғыз бен өзбек халықтарының өкілдерінің қанды қақтығыстары орын алды, соның нәтижесінде ондаған жазықсыз адам қаза тапты. Қазақстан Закавказье өңірінде болып жатқан қақтығыстардан шет қала алмады. Ол жерде Әзірбайжан мен Армения арасындағы ірі қақтығыстар орын алды. Грузияда да соғыс өрті бұрқ ете қалды.

Сол жылдары көптеген республикаларда қалыптасқан жағдайға байланысты егеменді мемлекеттердің Қорғаныс министрлігі асығыс түрде құрылды. Жағдай Қазақстанға ауыстырылған әскерге жақсы жолға қойылған қатаң бақылауды жүзеге асыруды талап етті. Ел басшылығы бұл үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. 1991 жылы 21 тамызда Қазақ КСР қауіпсіздік Кеңесін құру туралы» мемлекет басшысының Жарлығы шықты.[12]

Сол жылдардағы мемлекет басшысы әкімшілігінің лауазымды тұлғаларының бірі Президент аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісі К. Сүлейменов жеке меншік Қарулы күштерді құру қажеттілігі туралы былай деп жазды: «..республикадағы соңғы жылдар ішінде бірнеше рет көтерілген әскери құрылым құруға байланысты мәселелер күн тәртібіне қойылды». Бәрінен бұрын, ол «қазіргі кездегі күрделі жағдайда, бұрынғы Одақ жоқ болған кезде, жарияланған егемендікті қорғау үшін, сондай-ақ республикадағы және еліміздегі әскери саясатқа нақты әсер ету үшін республикалық қорғаныс ведомствосын құру объективті қажеттілікке айналуда» деп атап көрсетті [13].

Осы жағдайда Қазақстанның Қарулы Күштерін құрудағы егемендік құқығы туралы шешімдер бірізділікті және логикалық түрде көрінді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығын мойындады, азаматтық және құқықтық мемлекет құру туралы шешімнен шыға отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Конституциялық заң жеке меншік Қарулы Күштер құруда республиканың құқығын анықтады [14].

Жоғарыда баяндалғандар негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: Қазақстан Қарулы Күштер құру мәселесіне қалыптасқан тарихи, геосаяси және әскери реалиялар тұрғысынан келді. Республика басшылығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттер арасынан жеке меншік әскерді құру мәселесін шешті. Ұжымдық қауіпсіздік идеясын соңғы сәтке дейін қолдай отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Біріккен Қарулы Күштері құрылды.

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құрылған күннен бастап тәуелсіз, егеменді Қазақстан әскерінің тарихы басталды.

Меншік қарулы Күштерді құру саяси, экономикалық және этникалық қиыншылықтармен ілесе жүрді.

Ел Президенті, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының жүйесі іске асырылды, соның негізінде ұжымдық қауіпсіздікті нығайту, басқа державалармен достық пен ынтымақтастықта әлемдік өзара пайдалы саясатын жүргізу арқылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өзіндік қорғаныс жүйесін жасау мен жетілдіруге үлкен көңіл бөлінді.

Бастапқы кезеңнің негізгі проблемасы егеменді мемлекеттің әскерін және әскердің нормативтік-құқықтық базасын басқарудың тиімді жүйесін жасау қажеттілігі болды. Күн тәртібінде Қарулы Күштердің офицерлік кадрларын дайындау және жинақтау мәселелері, әскер дайындығын, әскери және жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру, әскери тәртіпті арттыру, әскер бөлімдерін өз бетімен тастап кеткен әскери қызметшілерге жаза қолдану мен заң бұзушылықтарды анықтау проблемалары тұрды. Әскерді жасақтауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру басталды.

«Қазіргі күні біз, - Қазақстан Республикасы Қорғаныс экс-Министрі армия генералы М.К. Алтынбаев, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әскери Академиясында сөйлеген сөзінде, - Қорғаныс министрлігінің жүйесі тұтастай осы мерзім ішінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар жасадық және мемлекеттің әскерді ұйымдастыру реформасы шеңберінде мемлекет басшысы — Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындадық» - деп атап көрсетті [15].

Осы жылдар ішінде Қазақстанның Қарулы Күштер қатары мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ҚР ҚҚ әскери қызметшілердің әл-жағдайын арттыру мен реформалар жасау мақсатындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тұрақты қамқорлығын сезінді.

Соңғы жылдары Қарулы Күштерді қаржыландыру нақты ұлғайды. Бұл әскери округтерді қалыптастыру, Жұмылдыру күштері мен Құрлықтағы әскерді құру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға мүмкіндік берді және ең бастысы әскери қызметшілердің қызметі мен өмірінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

Тәуелсіздік Қазақстан Республикасы әскери қызметшілеріне егемендікті және аумақтық тұтастықты қорғау ісіне өз үлестерін қосу мүмкіндігін береді. Олар барлық қазақстандықтармен бірге құқықтық-демократиялық мемлекет құру жолында, экономиканы көтеруде, ғылым мен мәдениетті дамытуда, ұлтты рухани жетілдіру жолына белсене атсалысуда.

Біздің әскеріміз неғұрлым сапалы және қазіргі заманға лайықты түрде қалыптасып келеді, жалпы халықтық құрметке лайықты. Мұның барлығы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ертеңгі күніне деген сенімділік пен оптимизмді күшейтеді.

Наши рекомендации