Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері.

Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері. Еңбектің нәтижесі көп жағдайда психологиялық факторға байланысты екендігі белгіленген.
Осы факторларды ескере білу және олар арқылы мақсатты түрде жеке жұмысшыларға әсер ету басқарушыға бір мақсатты және шешімді ұжым құруға көмектеседі. Әлеуметтік зерттеулер шаруашылықты басқарушының ісінің табысы 15 % — мамандықты жақсы білуіне байланысты да, 85 % — адамдармен жұмыс істей алатындығына байланысты екенін куәландырады.
Әр адамның мінезінің ерекшелігін біле отырып, оның мінез – құлқын ұғымға қажетті бағытта болжауға болады. Әр топқа өзіндік психологиялық климат тән. Сондықтан да еңбек ұжымдарының пайда болуының және дамуының мәнді жағдайына, психофизиологиялық сәйкестік ұстанымының қадағалануы болып табылады. Жапон социологтары мынадай пікірге келді: адамның жұмыс істеуге деген көңіл – күй, тілегі және ұжымдағы өнегелік – психологиялық ортаға байланысты, еңбектің өнімділігі шамамен 1,5 есе көбеюі не бірнеше есеге азаюы мүмкін. Басқарудың әлеуметтік және психологиялық аспектілеріне жеткіліксіз назар аудару ұжымдағы зиянды қарым – қатынасқа әкеледі, бұл өз ішінде еңбектің өнімділігін азайтады.
Әлеуметтік – психологиялық әдістер еңбек ұжымдарында пайда болатын тұлғалық қарым – қатынас пен байланыстарға, сонымен қатар олардың ішінде болатын әлеуметтік үрдістерге әсер ететін спецификалық тәсілдер ретінде таныстырылады. Олар еңбекке деген өнегелік ынтаны қолдану үшін негізделген, әкімшілік тапсырманы парыз сезіну, адамның ішкі қажеттілігіне айналдыру мақсатында жеке тұлғаға психологиялық амалдар арқылы әсер етеді.

Бұл әдістерді қолданудың негізгі мақсаты – ұжымда оң әлеуметтік – психологиялық климат тудыру, осыған байланысты тәрбиелік, ұйымдастырушылық және экономикалық тапсырмалар маңызды деңгейде шешіледі.
Жетекші тұлғаның биологиялық табиғаты мен ішкі дүниесін түсінуі, оған ұжымның ұйымшыл және жанданған түрін таңдап алуға көмектеседі. Еңбек ұжымында жұмысшылардың арақатынасы, олардың еңбек құралдарына және қоршаған ортаға қатынасы әлеуметтік – психологиялық басқарудың объектісі болып табылады.

Тәсілдер мен амалдардың әлеуметтік – психологиялық әсері жетекшінің дайындығымен, оның біліктілігімен, әлеуметтік психология туралы біліммен және ұйымдастыру қабілетімен анықталады.

Басқарудың әлеуметтік – психологиялық тәсілдері ұжымның басында жеткілікті білікті, басқарудың әртүрлі амалдарын қолдана білетін адамдардың болуын талап етеді.

Әлеуметтік – психологиялық әсер етудің негізгі түрлері ретінде мыналарды ұсынуға болады: еңбек ұжымдарының әлеуметтік дамуын жоспарлау, тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу әдісі ретіндегі сендіру, экономикалық жарыстар сын және өзіндік сын, ылғи болып тұратын өндірістік кеңестер, олар басқару әдісі мен басқаруда еңбек ететіндердің қатысу формасы ретінде шығады. Әртүрлі салттар мен рәсімдер, осыларды ұстанбау еңбек ұжымында психологиялық дискомфортты тудырады.

Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері ұжымды қалыптастыру әрі дамыту процесіне, олардың өз араларындағы әлеуметтік процестерге ықпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерінбілдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың өсе түскен, яғни өскелең әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің уәждемелік (мотивационной – себеп тудыратын) сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына бағдарланған уәждемелерді (мотивы – себепкерлер) көрсетіп береді.

Әлеуметтік-психологиялық әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.

Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық және ұйымдастырушылық көрсеткіштері арасында тығыз байланыс болады. Әлеуметтік мәселелерді шешіп алмайынша еібекке деген дұрыс қатынасқа (көзқарасқа) өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу мүмкін емес.

Әлеуметтік-психологиялық аспектіде өндірістік ұжымның рөлін қалай ұғуға болады?
Өндіріс ұжымы – бұл қоғамның пайдасы үшін бірігіп қызметететін, ортақ мақсат, ортақ мүдде бастарын біріктірген, бәрі біреу үшін, біреу бәрі үшін жауап беретін, бір ұйымға жұмыс істейтін адамдардың жиынтығы.
Өндіріс ұжымы – бұл бірігіп еңбек ететін адамдардың тек жай ғана бас қосуын білдірмейді. Ол жекелеген жұмыскерлер мен олардың топтары арасындағы тұрақты әрекет ететін экономикалық, өндірістік-техникалық, өнегелік (нравственных), мәдени,

Наши рекомендации