Аудиттің шыққан жері , тәуелсіз аудиттің ролі
АХС 200 Қаржылық есептілік аудитін реттейтін принциптер.
Аудиттің мәні. Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылқ қортынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемлерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Аудиттің маңызы. Аудиттің маңызы тиісті жақтарың мүдделеріне қол ждеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
- экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);
- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама берілген: «А. ҚР-ң заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».
А.-бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілірдің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.
А-ң объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық және сараптамалық, талдамалық, кеңес берушілік және өндірістік функциялары бар.
Бақылаушылық және сараптамалық функциясы – қаржылық есепті тексеру мен бағалау.
Талдамалық функциясы – талдау, реттеу, болжау, үйлестіру, әр түрлі көрсеткіштерді есептеу, ұсынысты жасау.
Кеңес берушілік функциясы – есеп, менеджмент, салық салу, маркетинг, құқық, қаржы және тағы басқа сұрақтарға жауап беру.
Өндірістік функциясы – есептің қойылуы, персоналды оқыту, салық декларацияны және есеп берулерді жасау.
Аудиттің шыққан жері , тәуелсіз аудиттің ролі
Біздің Республикамызда бұрын капиталистік қатынастардың толық қалыптасып дамымауына байланысты аудиттің пайда болуы осы уақытка байланысты болса, ал бұл ғылым саласының пайда болып дамуы басқа елдерде өте ерте кезеңдерде, біріншіден капиталистік қатынастардың өркендеп өсуіне байланысты болса, екіншіден мемлекеттік қаржыны пайдаланудың дұрыстығына көз жеткізу үшін қажет болған.
Қандай болмасын ғылым саласы алға жылжып өркендеу үшін ең басты нәрсе- ол өткенді игеріп түсіну және даму бағыттарының себеп-салдарын ұғу болса, осы аудит ғылымының пайда болу және даму тарихының орны ерекше болатыны даусыз. Аудиторлық қызметтінің пайда болу тарихы кейбір деректерге қарағанда б.э.д.3 ғасырдан басталған (1 Энцеклапедия общего аудита М.1998 г.стр.201). Ол ертеделгі римде қазына шеновниктері провинциялардың бухгалтериясын бақылау үшін олардың ауызша есептерін тыңдаған болса, ал кей деректерге қарағанда б.э.д.7 ғасырдан (2 Дюсембаев стр.7).Ертедегі қытайда Бас аудитордың қызметі болғаны және оның негізгі міндеті мемлекеттің ақша қаражаттарын және мүлкін басқарып жұмсауға қатынасы бар қызметкерлердің тазалығына дәлел ретінде пайдаланылған.Францияда барондар өздерінің иеліктерінің шоттары туралы есепті аудиторлар алдында ауызша қорғаса, Англияда Парламенттің құзыретімен король Эдуард-I барондарға шоттарды тексеру үшін аудиторларды тағайындауға мүмкіндік берген.
Әрине аудит ғылымының пайда болу және даму кезеңі бухгалтерлік есеп жүйесінің жеке ғылым саласы ретінде қалыптасу кезеңімен қатар (3 Теория экономического анализа). Себебі тексерілетін жүйе пайда болмай тексеру саласының пайда болуы объективті емес екені баршаға аян. Сондықтан бухгалтерлік есеп жүйесінің пайда болуы және оның ғылыми сала болып қалыптасуының бастамасы белгілі италия математигі Лука Пачолидің (1445-1515) бухгалтерлік есеп туралы бірінші ғылыми еңбегінің пайда болуынан басталады.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім-шарттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері-акционерлер, жарнашылар (пай иелері), сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашьшық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомстволар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.