Элементтер бойынша және калькуляция баптары бойынша шығындарды топтастыру
Экономикалық элементтер | Сома | Калькуляция баптары | Сома |
1.Материалдық шығындар | 1.Материалдар | ||
2.Еңбекақыға кететін шығындар | 2.Сатып алынатын жартылай өнімдер (полуфабрикаты), жиынтықтаушы бұйым және т.б. | ||
3.Аударым | 3.Қайтарылатын қалдықтар (ұсталым) | (2300) | |
4.Құралдың тозуы | 4.Технологиялық мақсатқа арналған отын және энергия | ||
5.Басқадай шығындар | 5.Еңбекақы | ||
Барлығы: | 6.Аударым | ||
Өндірістік емес шотқа есептен шығарылады (-) (қайтарылған қалдықтар құны, ақауға кінәліден шығынның орны толтырылды) | (3600) | 7.Әзірлік және өндірісті игеру шығындары | |
Аяқталмаған өндіріс қалдығынығының өзгеруі (+) | 8.Үстеме шығындар | ||
9.Басқадай шығындар | |||
Барлығы: | Барлығы: |
Экономикалық элементтер бойынша шығын (113080 теңге) және калькуляция баптары бойынша шығын (124700 теңге) өндірістік емес шотқа есептен шығару бөлігінде корректив элементі бойынша қорытындыға салғанға дейін аяқталған өндіріс қалдығының өзгеруі сан жағынан бірдей емес. Шығындардағы айырмашылық, сонымен қатар, ұқсас атауда элемент және калькуляция бабы бойынша бар. Мысалы, «Еңбекақыға кететін шығын» экономикалық элементі бойынша 15000 теңге, ал «Еңбекақы» калькуляция бабы бойынша 18000 теңге көрініс тапты. Айырмашылық құрал – сайманды күтумен шұғылданатын қызметкерлердің еңбекақысына кететін шығындарда, яғни үстеме шығындарында ескеріледі.
Алайда, экономикалық элементі және бап бойынша шығынды есепте топтастыру өзара байланысты, өйткені олар құрамы және мақсатты тағайындауы (калькуляция бабы) бойынша субъектінің бір ғана шығындарын сипаттайтының айта кету керек. Бұл ақпарат есебінде шаруашылық жүргізуші субъектінің тұтас шығынын өнім түрлері бойынша, калькуляциялау баптарымен шығынның пайда болу орнына қарай бөлшектеп, элементтік қимада қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, өнімнің өзіндік құнын әлдеқайда дұрыс есептелуіне және кәсіпорын шығындарына бақылауды күшейтуге жағдай жасайды.
Экономикалық элемент бойынша топтастыру оның құрылымын зерделеу, өндірістік шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бақылау үшін пайдаланылады. Екі топтастыру бірін – бірі толықтырады және өнімді өндіруге кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін ұтымды жүргізуге мүмкіндік тудырады.
Әрине, фирманың, кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) фирманың, кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.
Калькуляциялау туралы жеткілікті ақпарат алу, өндірілген өнімді бағалау, экономикалық шешімдерді қабылдау, жоспарлау, бақылау, реттеу мына шығын жіктеулерінің көмегімен болады:
1. Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындарды топтастыру:
· Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты;
· Үстеме - өндірісті ұйымдастыруда пайда болады;
· Тікелей - өнімніңнақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей қосылады;
· Жанама - жекеленген өнім түрлерінің өзіндік құнына емес, жанама (шартты) бөлінеді;
· Кірістік (болашақта табыс әкелетін ресурстарға ие болу және оның қолда бар болуы);
· Біткен (шығынға кеткен материалдар).
2. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды топтастыру:
· өзгермелі-оның көлемі өндіріс көлеміне қарай үйлесімді (пропорционально) өзгереді;
· тұрақты - өнім өндіру көлемінің өзгеруіне тәуелді емес;
· қайтарылмайтын - өткен кезеңнің шығыны мен табысы;
· міндеттік – ресурстар шектеулі болған жағдайда пайда болады және оны болашақта пайдалану мүмкіндігін сипаттайды;
· айыптық – қандай да бір өнім партиясын дайындауда қосымша пайда болады (өнім өндірісін жеделдету үшін сыйлықақы төлеу;
· маржиналдық (шектеулі) – қосымша шығындар, бірақ есепте өнім бірлігіне келеді;
· релеванттық – тапсырыстардың сақталуы мен орындалуына байланысты;
3. Шығындарды басқару мақсатында бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындарды топтастыру:
· Реттелетін;
· Реттелмейтін;
· Тиімді (өндірмелі, яғни (производительные));
· Тиімсіз (өндірілмейін);
· Бақыланатын;
· Бақыланбайтын;
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда келесідей өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізгі әдістері қолданылады:
· Тікелей есептік;
· Нормативтік;
· Есептік - талдау;
· Параметрлік.
Ең қарапайым және ең дәл – тікелей есеп әдіс болып табылады. Сонымен қатар, бұл әдісте өнімнің бірлігінің өзіндік құнын анықтауда жалпы шығын сомасын дайын өнім көлеміне бөледі. Бұл әдісті қолдану біртекті өнімді өндіретін кәсіпорындарда ғана мүмкін болады, осыған байланысты бұл әдіс шектелген түрде қолданады. Сонымен бірге ол калькуляцияның жеке баптарында шығындар туралы мәлімет көрсете алмайды.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның нормативтік әдісі кәсіпорындарда қолданылады, белгілі бір өнім бірлігінің өндірісіне нақты ресурс шығындарының өзгеру есебі нақты дәл көрсетілген. Ол материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалануға негізделген. Сонымен қатар осы ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалану прогресивті және ғылыми негізделуі керек. Олардың көлемін жүйелі түрде қарастыру қажет.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның ең дәл және жетілген әдісі есептік - талдау тәсілі. Сонымен бірге әдісте өндіріс жан-жақты талдау және онда мүмкін болатын өзгерістерді талдау және өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар қарастырылады. Норма және нормативтер негізінде жобаланатын кезеңдегі техника-экономикалық және ұйымдық шарт қалыптасады.
Бір типті, бірақ сапасы жағынан әртүрлі бұйымдарды калькуляциялау кезінде параметрлік әдісі қолданылады. Ол өнімнің сапалық сипатына байланысты өндіріс шығындарының өзгеру заңдылығын бекітуге негізделген. Осылайша, бұйымның өзіндік құнын матералдар мен құрал-жабдықтардың бір килограммдық, бір тонналық құны негізінде анықталады. Берілген өнімге тән басқада көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Осы әдіс бойынша өнімнің сапасын жақсартатын қосымша шығындарды анықтауға болады.
Қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында көптеген шағын және орта кәсіпорындарда калькуляция баптардың қысқартылған номенклатурасын қолданады, олар өзіне мыналарды қосады:
· материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай және
технологиялық мақсатта қолданылатын энергия);
· еңбекақыға шығындар (тікелей шығындар);
· басқада тікелей шығындар;
· өндірісті басқару және қызмет ету шығындары;
Кәсіпорын алдында өндіріс шығындары туралы дәл, нақты және тез ақпарат мәселесі тұрады. Көп жағдайда кәсіпкер алдында белгілі ұсыным базасында шығындар калькуляциясын құрастыру міндеті тұрады.
Калькуляциямен салыстырғанда, топтау әдісі көбіне қолданылады, өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар (жұмыс, қызмет көрсету) олардың экономикалық мазмұнына сәйкес келесідей жалпы бірыңғай элементтер топтастырылады:
· материалдық шығындар (қайтарымды қалдықтар құны есебімен);
· еңбекақыға шығындар;
· әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
· негізгі қорларға амортизация;
· басқада шығындар;
«Материалдық шығындар» элементінде өндіріске, өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдың, жабдықтаушы бұйымдар және жартылай фабрикаттар, технологиялық және өндірісті қамтамасыздандыратын жанармай мен энергияның барлық түрі (ғимаратты жылумен қамтамасыз ету, көліктік жұмыстар және т.б.) жатады. Материалдық ресурс шығындарынан қайтарымды қалдықтар бағасы алынып тасталынады, оларға өнім өндірісі процесінде қалыптасқан шикізат қалдықтары, материалдар, жылу тасымалдаушылар, тұтынушылық қасиетін толықтай немесе біртіндеп жоғалтқан бастапқы өнім және соның негізінде жоғары шығындармен қолданылатын немесе тіптен тікелей мақсатта қолданылмайтын шығындар жатады.
«Еңбекақыға шығындар» құрамына кәсіпорынның (фирма) негізгі өндіріс персоналының еңбекақысына кеткен шығындар, өндіріс нәтижелеріне жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы, ынталындырушы және компенсациялайтын төлемдер кіреді.
«Негізгі қорлар амортизациясы» құрамына негізгі өндірістік қорларды толықтай қалпына келтіруге жұмсалатын амортизацияық аударымдар сомасы, олардың баланстық құныны бойынша есептеу және нормаларды орнату, және олардың актив бөлігіндегі жеделдетілген амортизацияны қоспағанда аударымдар кіреді.
Жоғарыда келтірілген шығын элементтері құрамына кірмеген басқа барлық шығындар, «басқада шығындар» элементтерінде көрініс табады. Олар салықтар, жинақтар, арнайы қорлардағы аударымдар, белгіленген ставка бойынша несиелік төлемдер, іс-сапарларға кеткен шығындар, байланыс қызметіне төлем және т.б. жатады.
Осылайша, шығындарды калькуляция баптары бойынша топтау шығындардың шығу орнын көрсетеді және барлық тауарлы өнім, өнім бірлігін өткізу және өндіріске шығындар есебі және калькуляциясын жоспарлауға қолданылады. Ол көп жағдайларда шығындардың кешендік баптарын қамтиды.
Шығындар элементі бойынша шығындарды топтау экономикалық элементтерді олардың шығу орны және шығындалу мақсатында тәуелсіз өзіне қосады. Заң бойынша бұлар тікелей шығындар. Нарық жағдайында отандық шаруашылықта шығындардың экономикалық жіктелуі оңайлатылып шетел тәжірибесіне негізделеді.