Практикалық сабақ тақырыптары. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Тарих факультеті

География» кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пән TI 3302 Туризмдегі инфрақұрылым ( 4 кредит )

Мамандық 5В090200 – « Туризм»

Курс 3

Оқытушы:Әбденов А.Ж.

Оқу жылы

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

ПәнTI 3302 Туризмдегі инфрақұрылым ( 4 кредит )

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны Оқытушының аты-жөні Байланыс, тел, email
сабақ кестесіне сәйкес Кесте бойынша Әбденов А.Ж. 8701-617-09-06, [email protected]
       

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ:Пәннің қысқаша сипаттамасы: Курс 30 сағат дәріс, 30 сағат практикалық сабақ, 2 аралық бақылаудан, 120 сағат студенттің өзіндік жұмысынан тұрады, қортынды бақылау-емтихан.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:туристік инфрақұрылымныңтуристік-сервистік және ұқсас кәсіпорындардың біртұтас кешені ретінде, осы кешеннің мәселелері мен даму болашағы жөнінде ұғым қалыптастыру. Туристік сала кәсіпорындарының түрлерінің ерекшеліктері және экономиканың шектес салаларымен байланысын зерттеу, нәтижесіндегі пайда болатын білімдерді жалпылау, студентке Қазақстан туризмінің инфрақұрылымының даму жағдайларын және осы үрдіске кедергі болатын факторларына практикалық тұрғыдан талдау жасау.

Өндірістік және әлеуметтәк инфрақұрылымдарды, олардың міндеттері мен құрама бөліктері, материалдық-техникалық база және туризмді көлікпен қамтамасыз ету, Қазақстандаңы туристік саласының бөлігі және жағдай туғызатын шарты ретінде қарастыру.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Білуге тиіс:

-туризм инфрақұрылымының құрама бөліктерін талдаудың кешенді әдістері;

-ұлттық туристік әкімшілігі және туризм саласының кәсіпорындарының туристік инфрақұрылымын дамытуға арналған іс-әрекер тәжірибесін.

Істей білу:

-Қазақстанның туризм нарығы ерекшеліктерін ескере отырып, республикадағы туризм инфрақұрылымының даму мәселелеріне баға беру;

-Қазақстанның туризм даму жағдайларын және осы үрдіске кедергі жасайтын факторларды практикалық тұрғыдан талдау;

Дағдысының болуы:

-туристік инфрақұрылым кәсіпорындары түрлері арасындағы ішкі байланыстарын құрылымдау және анықтау;

-туристік инфрақұрылым обьектілерінің мәліметтер базасын қалыптастыру;

-шетелдік тәжірибені қолдану.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:«Туризмдегі инфрақұрылымы» курсын оқып үйренудегі базалық білім ретінде сіздің «Мамандыққа кіріспе», «Туризмология негіздері»курстарынан алған білімдеріңізге негізделеді.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: курсты оқи отырып меңгерген білім мен икемділік келесі географиялық циклдің курстары нигеруге мүмкіндік береді.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Лекция (тақырып/кредит) Практикалық сабақ (кредит) СӨЖ (кредит)
Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым.
Туристік инфрақұрылым құрастырушылары
Туристік қызметпен жабдықтаушылар. Қазақстанда туризм инфрақұрылымының ерекшеліктері
  Барлығы 30 сағ/ 2 кр 30 сағ/ 2 кр 120 сағ/ 2,67 кр

ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта   Сағат/кредит
  Модуль 1
Кіріспе. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым.
Туризм дамуындағы туристік инфрақұрылымының ролі.
  Модуль 2
Туризмдегі материалдық-техникалық базаның жалпы сипаттамасы
Туристерді орналастыру құралдары
Тамақтану базасы
Көліктік-коммуникациялық базасы
Туристік көліктің негізгі тасымалдау түрлері мен даму мәселелері
Телекоммуникациялық жүйелер, тұрмыстық және инженерлік байланыстар
Шектес база
Туристік сфераның өндірістік обьектілері
Туристік сферада жалпы қолдану обьектілері
  Модуль 3
Кәсіпорын-туристік қызметті жабдықтаушы.
Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы мен мәселелері
Туризм инфрақұрылымының дамуының құқықтық негіздері
Туризм инфрақұрылымына инвестициялар
  барлығы 2 кредит

Практикалық сабақ тақырыптары

Апта Практикалық сабақтың тақырыптары Сағат/кредит
  Модуль 1
Кіріспе. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым.
Туризм дамуындағы туристік инфрақұрылымының ролі.
  Модуль 2
3,4 Туризмдегі материалдық-техникалық базаның жалпы сипаттамасы
Туристерді орналастыру құралдары
Тамақтану базасы
Көліктік-коммуникациялық базасы
Туристік көліктің негізгі тасымалдау түрлері мен даму мәселелері
Телекоммуникациялық жүйелер, тұрмыстық және инженерлік байланыстар
Шектес база
Туристік сфераның өндірістік обьектілері
  Модуль 3
Кәсіпорын-туристік қызметті жабдықтаушы.
Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы мен мәселелері
Туризм инфрақұрылымының дамуының құқықтық негіздері
Туризм инфрақұрылымына инвестициялар
  барлығы 2 кредит

СӨЖ тапсырмалары

1. Туризм қалыптасуына экономика саласы ретінде туризм инфрақұрылымы даму деңгейінің әсер етуі.

2. Қонақ үйлерді классификациялау жүйесі. Номерлік фондқа, қауіпсіздік пен өмірді қамтамасыз ету жүйелерге, қызмет көрсететін адамдарға талаптар.

3. Туризм инфрақұрылымының транспорттық-коммуникациялық базасы Темір жол және автотасымалдау.

4. Теңіз (круиз) және әуе саяхаттарын қамтамасыз ету.

5. Туристік салада қазіргі заманға сай телекоммуникацияларды қолдану.

6. Туризмде көңіл көтеру индустриясының ролі.

7. Туристік индустрияда туризм инфрақұрылымының ролі және орны.

8. Туристік өнімді сатудың жаңа жлдары. Дүние жүзілік қызмет нарығына өнімді өткізу үшін электрондық технологияларды қолдану.

9. Қазақстан Республикасында туристік инфрақұрылымның дамуына әсер ететін факторлар.

10. Туристік инфрақұрылымдар қалыптасу тенденцияларына демалыс түрлер дифференциациасына әсер етуі.

11. Қазақстан мен Ресейдің қазіргі туристік инфрақұрылым жағдайының салыстырмалы анализі.

12. Туристік инфрақұрылымда нысандар мәлімет базасының қалыптасуы.

13. Көмекші сфераның туристік инфрақұрылымның дамуында және туристік ресурстарды зерттеудегі ролі.

14. Қазақстанда туризм инфрақұрылымында инвестициялық жобалардың дамуы.

15. «Жібек жолының тарихи орталықтарының туылуы, түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын қорғау және дамыту, туризм инфрақұрылымын құру». Мемлекеттік бағдарлама ролі.

Бақылау жұмысы

Нұсқа 1

1. Туризмдегі қызмет көрсету саласының жалпы даму тенденциялары.

2. «Туристік индустрия», «Туристік инфрақұрылым» түсініктерінің қатынасы, туристік жүйенің құрылымы.

3. Қонақ үйлерді классификациялау.

Нұсқа 2

1. Гастраномия мекемелері

2. Сауда мекемелері

3. Жабдықтау мекемелері

4. Туристік транспорттық құралдар категориялары.

Тақырыптар ( мәнжазба, презентация,эссе, курстық жұмыстар,(жобалар), есептік-графикалық жұмыстар т.с.с)

1.Презентация- Қазақстандағы инфрақұрылым шарты

2.Реферат- Қазақстанда туризм индустриясының даму перспективалары

3. «Қазақтың ұлттық сувенирі» тақырыбына жеке жұмыс дайындау.

Коллоквиум сұрақтарының тізімі:

1. Туризмдегі салалық мәселелерді шешудің кешендік жолдары.

2. Қазақстан мен Ресейде туристік инфрақұрылымы даму деңгейінің салыстырмалы сипаттамалары.

3. Туризм инфрақұрылымының дамуында шектес орта ролі.

4. Туристердің жеке және ұжымдық орналасу құралдары..

5. Батыс Европа елдерінде туристік шараларда қолданылатын қоғамдық тамақтану жүйелері.

6. Туристік орталықтарды тамақтануды ұйымдастыру.

7. Туристік транспорттарға қойылатын талаптар. Транспорттық коммуникациялық базаның маңызы және туризмнің экономикадағы пайдалы салаға айналуы

8. Транспорт пен байланыстың техникалық базасы (депо, базалар, парктер ТҚС және т.б.).

9. Қазақстанда транспорт дамуының мәселелері.

10. Тұрмыстық қызметтер, бос уақытты ұйымдастыру.

11. Спорттық алаңдар мен құрал-жабдықтар.

12. Көңіл көтеру мекемелері.

13. Туризм инфрақұрылымының дамуының құқықтық негіздері.

14. Қазақстандағы инвестициялық климат

15. Шетел инвестицияларын тарту шаралары

Емтихан бағдарламасы:

Сұрақтар тізімі
1. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым
2. Оның міндеттері және құрылымдық элементтері.
3. Туризм ұлттық экономикалық перспективалы сала ретінде туризмдегі қызмет көрсету саласының жалпы даму тенденциялары.
4. Туризмдегі салалық мәселелерді шешудің кешендік жолдары
5. Туризм дамуындағы туристік инфрақұрылымының ролі
6. «Туристік индустрия», «Туристік инфрақұрылым» түсініктерінің қатынасы, туристік жүйенің құрылымы.
7. Туристік индустрияда туристік инфрақұрылымныі орны және ролі
8. «Туристік өнім» спецификасы.
9. Қазақстан мен Ресейде туристік инфрақұрылымы даму деңгейінің салыстырмалы сипаттамалары
10. Туристік инфрақұрылым құрастырушылары
11. Туризмдегі материалдық-техникалық базаның жалпы сипаттамасы
12. Туризмдегі материалды-техникалық база түсінігі және оны құрайтын элементтер
13. Туристік инфрақұрылымының құрамы
14. Функционалдық белгілері бойынша туристік инфрақұрылымның құрылымы
15. Туризм инфрақұрылымының дамуында шектес орта ролі
16. Алматы және Астана қалаларының туристік инфрақұрылымы
17. Туристік қызметпен жабдықтаушылар.
18. Қазақстанда туризм инфрақұрылымының ерекшеліктері
19. Туристерді орналастыру құралдары
20. Түнеу базасы
21. Орналасу құралдары
22. Туристердің жеке және ұжымдық орналасу құралдары
23. Негізгі және қосымша орналасу құралдарының сипаттамасы
24. Қонақ үйлер, турбазалар, отельдер, мотельдер, пансионаттар, демалыс үйлері, санаторийлер, профилакторийлер, жеке пәтерлер, саяжай үйлер, аң аулау және балық аулаушыларға арналған үйлер
25. Қонақүй қызметтерін стандарттау
26. Тамақтану базасы
27. Тамақтану кәсіпорындарын жұмыс істеу құрамы және қағидалары
28. Гастраномия мекемелері(мейрамханалар, барлар, кафелер, буфеттер, үй асханалары және т.б.)
29. Сауда мекемелері (дүкендер, киоскілер, сауда шатырлары және т.б.)
30. Жабдықтау мекемелері (базалар, қоймалар)
31. Мейрамхана, кафе және басқа туристердің тамақтану құралдары
32. Тағамды дайындауды ұйымдастыру, сапаға талаптар
33. Әшекейлеу құралдарын өңдеу және сақтау
34. Батыс Европа елдерінде туристік шараларда қолданылатын қоғамдық тамақтану жүйелері
35. Туристік орталықтарды тамақтануды ұйымдастыру
36. Туризмде коммуникация ролі
37. Транспорттық-коммуникациялық база
38. Туристік индустрияда транспорт дамудың негізгі бөлігі және қажетті жағдайы ретінде
39. Туристер үшін арнайы транспорттық турлар, туристерді әуе, темір жол және т.б. транспорт түрлерімен қамтамасыз ету мүмкіншіліктері
40. Туристік транспорттық құралдар категориялары
41. Туристік транспорттарға қойылатын талаптар
42. Транспорттық коммуникациялық базаның маңызы және туризмнің экономикадағы пайдалы салаға айналуы
43. Жол фондына талаптар
44. Туристік көліктің негізгі тасымалдау түрлері мен даму мәселелері
45. Темір жол, автобус, авто тасымалдаулар
46. Теңіз тасымалдаулар (круиз)
47. Әуе саяхаттары
48. Вокзал мен аэропорттар
49. Автожолдар, әуе , өзен және теңізқозғалыстарын реттеу
50. Транспорттық ұйымдар және диспечер ұйымдарының қызметтері
51. Транспорт пен байланыстың техникалық базасы (депо, базалар, парктер ТҚС және т.б.)
52. Қазақстанда транспорт дамуының мәселелері
53. Телекоммуникациялық жүйелер, тұрмыстық және инженерлік байланыстар
54. Байланыс пен телекоммуникация жүйелері
55. Байланыс жолдары.
56. Телекоммуникациялық желілердің жаңа мүмкіндіктері.
57. Туристік өнімді құру және өткізу үшін Интернет мүмкіншіліктерін қолдану.
58. Тұрғылықты коммуникациялар.
59. Тұрмыстық қызметтер, бос уақытты ұйымдастыру.
60. Инженерлік коммуникациялар, туризм нысандарын жылумен, сумен, энергиямен қамтамасыз
61. Қазақстанда туризм дамуының ерекшеліктері
62. Шектес база.
63. Рекреациялық ресурстарды қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік пен ыңғайлылық беретін ғимараттар және жабдықтар.
64. Спорттық алаңдар мен құрал-жабдықтар.
65. Көңіл көтеру мекемелері.
66. Тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар.
67. Бос уақытты ұйымдастыру.
68. Туристік сфераның өндірістік обьектілері.
69. Туристік және спорттық құрал-жабдықты, құрал сайманды және сувенир өнімдерін өндіру.
70. Мәліметтік- сервис қызметтері.
71. Туристік сферада жалпы қолдану обьектілері.
72. Туристер қолданатын туристік емес сала обьектілері.
73. Жалпы мемлекет коммуникациялары.
74. Туристік салада жұмыс істейтін коммуналдық және жеке меншік обьетілер.
75. Көпшілік тамақтанудың, транспорттың, тұрмыс қызметтерінің муниципалдық қызметтері.
76. Кәсіпорын-туристік қызметті жабдықтаушы
77. Кәсіпорын сипаттамасы-туристік қызметті жабдықтаушы.
78. Туристік кәсіпорындар мен туристік ұйымдардың туризм инфрақұрылымының дамуындағы ролі.
79. Маманданған, қосымша және шектес қызмет кәсіпорындары.
80. Туристерге қызметкөрсету операцияларының технологиялық жүйелері.
81. Туризм ортасындағытуристік кәсіпорындар мен қызмет көрсететін адамдарға өндірістік қамтамасыз ету.
82. Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы мен мәселелері.
83. Туристік қозғалысты басқару.
84. Туристік инфрақұрылымның мемлекеттік және салалық дамуын жоспарлау.
85. Ұлттық туристік әкімшіліктер қызметі (ҰТА).
86. Туризм саласында қатынасты реттейтін негізгі үкіметтік функциялар: туристік қызметті бақылау және тепе-теңдігін сақтау, онық дамуы, мемлекеттік деңгейде маркетингтік зерттеулер, жоспарлау, құқықтық сұрақтар, қаржыландыру.
87. Туризм инфрақұрылымының дамуының құқықтық негіздері.
88. Туризм инфрақұрылымындағы дамудың нормативтік базасы.
89. Туристік инфрақұрылым дамуындағы жұмыс атқарушы биліктің, жергілікті органдар ролі.
90. Қазақстанда туризм инфрақұрылымының қажетті даму жағдайлары және бұл процесті тежеуші факторлар.
91. Туризм инфрақұрылымына инвестициялар.
92. Қазақстандағы инвестициялық климат.
93. Туристік инфрақұрылымының дамуына инвестициялық қаржы бөлу перспективалары.
94. Шетел инвестицияларын тарту шаралары.
95. Инвестициялық жобалау үлгілері

ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:

Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.

Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық), лабароториялық сабақтарды қамтып, материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп, ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.

Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауға тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдары бойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.

Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.

Әр сабаққа білім алушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті.Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.

· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.

· Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.

Наши рекомендации