Жонғылаудың түрлері және олардың геометриялары
Барлық жүзді аспаптардың түрлерінің ішінде жонғылар түрлерімен ерекшеленеді. Барлық жонғылар құрылымымен немесе тістің пішінімен екі типтерге бөлінеді. (12 сурет ): өткір түпкілі жонғылар, желкеленген тісті жонғылар – аспаптың тісінің артқы беті Архимед спиралімен пайда болады.
Жонғылар ұсақ және ірі тісті болып шығарылады. Ұсақ тісте жоңқа бунағының көлемі азаяды және тіске түсетін күш төмендейді. Сондықтан қаралтым өңдеуде ірі тісті жонғылар пайдаланылады, ал ұсақ тісті жонғылар таза және жартылай таза өңдеуде пайдаланылады.
Фрезалар бірнеше түрге бөлінеді:
а) кесуші тістердің тұрқының беттеріне орналасуына байланысты цилиндрлікті (сурет 12а), түпбетті (сурет 12 г,д), дөңгелекше (біржақты кескішті), екі-үш жақты (сурет 12б), саусақты (сурет 12в), фасонды (сурет 12е), бұрышты: бірбұрышты, екібұрышты, бұрамдықты және басқалары.
б) тістердің өске қатынасты бағытына байланысты –түзу тісті- (сурет 12б,д-) спиралді тісті- -(сурет 12а,в,г);
в) білдекке қондыру тәсіліне байланысты-саптамалы (сурет 12а,б,е), құралбілікке қондырылатындар, сонымен бірге көп беттерді бір құралбілікпен өңдеуге бірнеше жонғылар орнатылуы мүмкін сағалы (сурет 12 в,г,д). Конустық немесе цилиндрлік сағалы жонғылар білдектің айналдырығына тікелей қондырылады немесе цанганың көмегімен;
г) аспаптың кесуші бөлігінің материалының түріне байланысты-тезкескіш болаттар, қатты қорытпалы, алмасты, эльборлы;
д) құрылымына байланысты-тұтасты (әдетте тезкескіш болаттардан, тілімшемен дәнекерленген (қатты қорытпалардан), дөңгелекті және көпқырлы қайралмайтын тілімшелерден қондырылған тістілер (сурет 12г,д).
Барлық көпсанды жонғылау операцияларын негізінен екі топқа бөлуге болады: цилиндрлік жонғылау-кесу цилиндрлік бетте орналасқан тістермен жүргізілнді. (сурет 12б); түпбетті жонғылау-кесу жонғының түпбетінде жатқан тістермен іске асырылады (сурет 13,а)
Басқа жонғылау операцияның түрлері осы екі топтың комбинациясы болып саналады. Сондықтан түпбетті және цилиндрлік жонғылардың геометриялық параметрлерін қараймыз.
Жонғылаудың геометриялық параметрлері. Цилиндрлік жонғылар горизонталь – жонғылау білдегінде жазық беттерді өңдегенде пайдаланылады. Бұл диаметрі , ұзындығы, дейін тұтасты және құрастырылған конструкция болып шығарылады. Геометриялық параметрлері келесі көрсеткіштермен сипатталынады (13 суретті қара):
1) алдыңғы бұрыш ( , негізгі қима жазықта А-А, жүздің Х нүктесінен өтетін алдыңғы бетке жанамамен сол нүктеден өтетін жонғы радиусының арасындағы бұрыш.
Негізінде алдыңғы бұрыш түпбетті жазықтықта өлшенеді, содан сон мәнін формуламен анықтайды.
2) бұрыш – бұрама сызықтың көлбеу бұрышы, ( ;
3) -артқы бұрыш-түпбетті жазықтықта өлшенеді. Х нүктесінің фреза осінің айналасында айналумен пайда болған шеңбердің жанасуымен артқы беттік жанасу арасындағы бұрышты артқы бұрыш дейді. Артқы бұрыш шегінде тағайындалады.
Кесу процессінде Х нүктесі айналу қозғалысы дан басқа беріс қозғалысына қатынасты. Сондықтан бұл нүктенің қозғалыс траекториясы –циклойда. Әрдайым болады, сондықтан циклойданы шеңбер шамамен алмастырылады, өйткені ол артқы бұрышты анықтауда бейнелеуін тапты.
13-сурет. Цилиндрлі және түпбетті жонғылардың геометриясы
Түпбетті жонғылар жазық беттерді өңдеуде вертикаль және горизанталь-жонғылау білдектерінде пайдаланады. Олар цилиндрлік жонғылауға қарағанда жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді, сондықтан олар кең пайдаланылады.
Түпбетті фрезаның әр тісін ( 13 а және 12 д суретін қараңыз) токарлық өтпелі кескіш деп қарауға болады. Кескішке сәйкес, жонғының негізгі кесу жиегінің негізгі пландағы және көмекші бұрыштары бар. Негізгі және көмекші жиектерінің жанасы бұрышты өтпелі кесу жиекті немесе көпқырлы тілімшелі жонғыларда радиусты түрде орындалады. Технологиялық жүйенің қатаңдығына сәйкес бұрыштың мәні шекті тағйындалады. Жонғының диаметрі жонғылау енінен 20% шамасында артық болуы керек. (12,д- суреттерді қара). Тұтас түпбетті жонғылардың диаметрлері , ал құрастырылған (тістері тезкескіш болаттардан және қатты қорытпалардан ) -ге дейін жасалады.
Қазіргі уақытта тістері көпқырлы қатты қорытпалы тілімшеден және өте қатты материалдан жасалған түпбетті жонғылар кең пайдаланылады.
Жонғының тістері Р6М3, Р6М5К5, Р9К10, Р14К5Ф5 тезкескіш болаттардан және ВК8, ВК10, Т14К2 қатты қорытпалардан тұрады. Жонғылардың тозуға төзімділігін арттыру үшін тістердің жұмыс беттерін көпқабатты тозуға төзімді қаптаумен жабады.