Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері

Автомобиль жолы әр түрлі элементтерден, құрылғылардан тұрады және параметрлері арқылы үлкен көлемде сипатталады, сондықтан жол сапасын және жағдайын топтық, қарапайым ауқымдағы және күрделі көрсеткіштері арқылы бақылайды.Абсолютті формада бұл көрсеткіштер үлкен көлемде бағаланған параметрлердің физикалық мәнін көрсетеді, бірақ салыстырмалы бағалауды қиындатады.Салыстырмалы формада талап етілген параметрдің сәйкес немесе сәйкес емес екендігі туралы қортынды береді.

Автомобиль жолының сапасы техникалық деңгейіне(ТД), пайдалану жағдайына (ПЖ), инженерлік жабдықтары мен құрылғыларына(ИЖ), күту деңгейіне(КД) байланысты болады.

Техникалық деңгейдің көрсеткіштері (ТДК) жобалау барысында анықталған және пайдалану барысында аз өзгеретін жолдың тұрақты параметрлеріне байланысты болады.Жолдың пайдалану жағдайының көрсеткіштері (ПЖК) керісінше, пайдалану барысында үздіксіз өзгеріп отырады.Себебі жолдың сипаттамасы және айнымалы параметрлері көліктердің қозғалысынан, табиғи-климаттық факторларынан, жолды күту және жөндеу шараларына байланысты өзгереді. Көп жағдайларда жолдың пайдалану жағдайының көрсеткіштері жүру бөлігінің жамылғысы мен жол жамылғысының көрсеткіштеріне яғни, беріктігіне, тегістігіне, кедір-бұдырлығына, ілігісу коэффициентіне, тозуына байланысты болады.Оларды қолданыстағы қозғалыс жолағының енінің, жүру бөлігінің жағдайының, бекітілген шеткі жолақтың, жол жиегінің, жылжуға қарсыласу және тағы басқа көрсеткіштермен толықтыру керек. Жол сапасының маңызды сипатты болып инженерлік құралдармен жабдықталынуы болып табылады.Оларға жол қозғалысын ұйымдастыратын техникалық құралдар (қоршау, белгі, таңба, жарықтандыру), қорғау құрылымдары (қардан қорғау ағаштары, қабырғалар, галереялар, көшкінге қарсы және басқа құрылымдар), автосервис және автокөлік қызметтерінің ғимараттары мен құрылымдары (мотельдер, кемпингтер, демалыс алаңдары, тамақтану орындары, ЖҚС, автобус аялдамалары, автобекеттер) жатады.Жолдың эргономикалық сапасын бағалайтын бірқатар көрсеткіштері (жүргізушінің жолды психофизиологиялық қабылдауы, жамылғы қабілетін көрсететін діріл мен шу деңгейі, эстетикалығы), жолдың экологиялық сапасы (жол аумағының ластануы, шаңдануы, топырақ пен топырақ суларының тұздануы).

Автомобиль жолының транспортты- пайдалану жағдайының(АЖ ТПЖ) сипаттамасы:техникалық деңгейі, пайдалану жағдайы, инженерлік құралдары мен жабдықтары.

АЖ ТПЖ= ТД + ПЖ + ИЖ

Жолдың транспортты-пайдалану жағдайының көрсеткіштері тиісінше техникалық деңгей (ТДК), пайдалану жағдай (ПЖК), инженерлік құралдар мен жабдықтар (ИЖК) көрсеткіштерін қамтиды.

АЖ ТПЖК = ТДК + ПЖК + ИЖК

Жол ұйымдарында жолды күту және жөндеу есептерін шығарған кезде транспортты-пайдалану жағдайын бағалау өте маңызды.Алайда жүргізуші, жолаушы, автомобиль иесі және жүк тасымалдайтын кәсіпорындар позициясында жолдың тұтынушылық құрамын бағалау маңыздырақ, себебі оны транспортты-пайдалану жағдайымен қамтамасыз етеді. Жолдың тұтынушылық құрамы – транспортты-пайдалану көрсеткіш- терімен бағаланатын транспортты-пайдалану сапасы, яғни қамтамасыз етілген жылдамдық пен өткізу қабілеттілігі, қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығы, автомобильдердің рұқсат етілген осьтік жүктемесі және жүк көтеру күші (жалпы салмағы).

Жолдың транспортты- пайдалану сапасына берілген жолдағы автомобиль жұмысының транспортты-экономикалық көрсеткіштері (АЖ ТПК)(көлік ағынының орташа жылдамдығы, автомобиль өнімділігі, тасымалдың өзіндік құны, жанармай шығыны және тағы басқа) тәуелді.Осылайша, көлік ағымдары АЖ ТПК жол шарттарының жүйесінің тиімділігімен сипатталады.Осы негізге сүйенсек жолдың транспортты-пайдалану көрсеткішінің сапасында көлік ағымының орташа жылдамдығын қолдану шартты деп санауға болады, себебі қарқындылық пен көлік ағымының құрамы жол сапасына қарағанда көлік ағымының құрамына әсері зор.Қамтамасыз етілген көрсеткіш бұл ықпалдан тазартылды.

Берілген жолдағы АЖ ТПК есептегенде және салыстырғанда жолдың өзінің технико-экономикалық көрсеткішін қабылдайды.Бұл есептерде көлік ағымының орташа жылдамдығы «жол шарттары-көлік ағымы» жүйесінде маңызды сипаттама болып табылады.

Іс жүзінде жолдың техникалық деңгейін және пайдалану жағдайын бағалау үшін АЖ ТПК негізгі көрсеткіштер жүйесін қолданады.

Есептік жылдамдықты қамтамасыз ететін пайдалану коэффициенті – әраймақтағы автомобильдің нақты максимальді жылдамдығының ʋн max

ҚНжЕ 3.03.06-2009 бойынша қабылданған аймақ рельефі мен берілген жол санатының есептік жылдамдығына ʋеқатынасы.

Ке.пжн max е

Ке.пж = 150 / 100 = 1,5

Жол қолайлы жағдайда (жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ, қатты жел, шаңды дауыл, тұман жоқ кезде) Ке.пж ≥1 мәнін қамтамасыз етуі керек.Қолайсыз табиғи-климаттық жағдайларда қамтамасыз етілген жылдамдықты шекті төмендетуге болады, бірақ күзгі-көктемгі және қысқы кезеңдерде (Ке.пж ≥ 0,75)25% көп емес, ал қатты жаңбыр, тұман, шаңды дауыл, боран, көктайғақ, қар кезінде (Ке.пж ≥ 0,5)50% көп емес.

Жол санаттарындағы әр-түрлі есептік жылдамдықтарды ескере отырып, жол жағдайын және сапасын бағалау үшін бір базалық есептік жылдамдықты ʋбе=120 км/сағ қабылдайды.Онда базалық есептік жылдамдықпен қамтамасыз етілген коэффициент,

Ке.жн max /120

Ке.ж = 150/120 = 1,25

Бұл әдіс бір көрсеткіш бойынша барлық жолдардың сапасын бағалауға және салыстыруға мүмкіндік береді.Бұл жағдайда есептік жылдамдықпен қамтамасыз етілген пайдалану коэффициенті

Ке.пж =(ʋбе/ ʋе)× Ке.ж

немесе Ке.ж = 120×Ке.ж / ʋе

Ке.пж = (150/100)×1,25 = 1,5

Автомобиль жолында және берілген телімде өткізу қабілеті мен жүктеме қозғалыс деңгейін 4000 авт/тәу астам автомобильдердің нақты қарқындылығын жол жағдайынада, қозғалыс шартына, жазғы, күзгі-көктемгі, қысқы кезеңдерде тексереді.Қозғалыс қарқындылығының көрсеткіші аз жолдарды және телімдерді тексермейді.

Автомобиль жолында өткізу қабілеті – берілген жолдан бірлік уақытта автомобильдердің максимальді санын өткізу.

Жолдың қозғалыспен жүктелу деңгейі – жеңіл автокөліктің нақты қозғалыс қарқындылығының N(авс/сағ) өткізу қабілетіне қатынасы P (авт/сағ).N = 1100 авс/сағ; Р = 1600 авс/сағ.

Z = N/P

Z = 1100 /1600 =0,687

Жүктеме деңгейі келесі мәннен аспауы керек: Zаспауы керек

Әуежайға, темір-жол станцияларына кіру – 0,5

Қалалық емес автомобиль магистральдары – 0,6

Қалаға кіру, қаланы айналып өту немесе сақиналы жолдар – 0,65

II және III санаттағы автомобиль жолдары – 0,7

IV санаттағы автомобиль жолдары – 0,75

Қолайсыз кезеңдерде жүктеме деңгейін көбейтуге болады, бірақ 15%

көп емес.

Қозғалыс қауіпсіздігінің көрсеткіштері – төтенше жағдай И, апаттық Ка және қауіпсіздік Кқкоэффициентері.

Жол телімінің төтенше жағдай коэффициенті ТЖД (1млн авт-км):

И = 106 А/365LNn

мұндағы А – 1 жылдағы төтенше жағдай саны; L – жол ұзындығы, км;

N – орташажылдық тәуліктік қозғалыс қарқындылығы (берілген қозғалыс саны бойынша алынады), авт/тәу; n–төтенше жағдай болған жыл саны.

ТЖД қозғалысқа қауіпті телімдерді төтенше жағдай коэффициенті арқылы бағалайды.

И <0,4 0,41-0,8 0,81-1,2 >1,2
Телім сипаттамасы қауіпсіз аз қауіпті қауіпті аса қауіпті

Кесте 3. Төтенше жағдай коэффициенті

Әр кезеңге байланысты апаттық жиынтық коэффициентін жоспардың, профильдің, жамылғы сипаттамасының, қозғалыс қарқындылығының жеке элементтеріні ықпалын ескере отырып анықтайды.

Ка = К1К2...К18

Апаттық коэффициенттің қозғалысқа қауіптілік деңгейін әр кезеңнің қорытынды апаттық коэффициентне байланысты анықтайды (жазық және таулы аудандарда).

Кесте 4. Апаттық коэффициентті

Ка 0-10 10-20 20-40 >40
Телім сипаттамасы қауіпсіз аз қауіпті қауіпті аса қауіпті

Таулы аудандар мен үлкен көлемдегі ұзынабойлық еңістіктері 50о/оо көп және жобадағы қисық радиусы 300 м кем жолдарда қауіптілік деңгейін мезгілдік жиынтық апаттық коэффициентінің іргелес аудандарға қатынасы арқылы анықтайды:

Кесте 5. Апаттық коэффициентті

Мезгілдік және іргелес телімдегі Ка айырмашылығы, % 20 дейн 20-40 40-100 >100
Телім сипаттамасы қауіпсіз аз қауіпті қауіпті аса қауіпті

Әр кезеңге байланысты қауіпсіздік коэффициентін телімдегі максимальді жылдамдықтың сол телімнен шығатын көліктің максимальді жылдамдығына қатынасы немесе телімде,телімнен шағатын есептік жылдамдықты қамтамасыз ететін пайдалану коэффициенттің қатынасы арқылы анықтайды.

Кқ = ʋтен max шн max

немесе Кқ = Ктее.пж/ Кше.пж

Қауіпсіздік коэффициентіне байланысты телімдегі қозғалыс қауіпсіз- дігін бағалайды.

Кесте 6. Қауіпсіздік коэффициенті

Кқ >0,8 0,6-0,8 0,4-0,6 0,4
Телім сипаттамасы қауіпсіз аз қауіпті қауіпті аса қауіпті

Жол жамылғысының беріктік көрсеткіші – қосымша беріктік коэффициенті жол жамылғысының нақты серпімділік модулінің Ен қозғалыс құрамын және қарқындылығын бағалайтын қажетті серпімділік модуліне Ет қатынасы.Ет= 230 МПа; Ен = 250 МПа.

Кқ.бк = Ен / Ет Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері - student2.ru 1

Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері - student2.ru

Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері - student2.ru

Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері - student2.ru

Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері - student2.ru

Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері - student2.ru

Кбер = 250/ 250 = 1> 0,7

Сонымен, 2.1 шарты орындалады, яғни жол төсемінің беріктігі пайдалану жағдайына сәйкес келеді және жол төсемі күшейтуді талап етпейді.

Қосымша беріктік коэффициенті:

Кқ.бк = [λ] /λ Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері - student2.ru 1

мұндағы [λ] - жамылғыда рұқсат етілген иілу; λ - нақты иілу.

Қосымша беріктік коэффициентінің беріктік коэффициенттен айырма-

шылығы бар, жол жамылғысының нақты серпімділік модулінің жобада

қарастырылған бір жылдағы есептік перспективалық ағымы мен қозғалыс

құрамын және қарқындылығын бағалайтын қажетті серпімділік модуліне

қатынасы деп қабылданады.

Кб = Ен/ Ет.б

Жүру бөлігінің тегістігінің нақты көрсеткіш мәні 170 см/км, ал жіберілетін мәні 160 см/км.

Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері - student2.ru

Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері - student2.ru

Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері - student2.ru

Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері - student2.ru

Жолдың пайдалану жағдайының және техникалық деңгейінің көрсеткіштері - student2.ru

Наши рекомендации