Ішкі және сыртқы сауда

Сыртқы сауда– елдер арасындағы сауда.


Тауарлар мен көрсетілген қызметтер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан) тұрады. Келісімшартпен ресімделетін коммерциялық мәмілелер арқылы жүзеге асырылады.[1]

Дүниежүзілік экономиканы құрайтын ұлттық шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық экономикалық байланыстар (ХЭБ) жүйесімен тығыз байланысқан. Бұл байланыстар халықаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде дамиды.

Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың ең байырғы түрі – сыртқы сауда қатынастары орнай бастады. Дамыған елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты. Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңейе түсті. Соған қарамастан, сыртқы сауда халыкаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халыкаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие-қаржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралық туризм, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қамтиды. Ішкі сауда – экономиканың бір саласы. Ішкі сауда –бір ел ішіндегі сауда

Практикалық сабақ 5

1. Лексикалық тақырып:Ақша- кредит саясаты.Банк жүйесі. Ұлтық валюта.

2. Грамматикалық тақырып:Сан мөлшер категориясы.

Грамматикалық анықтағыш:

Көптік жалғауларының қолдану ерекшеліктері.Көптік мағына білдіретін барлық, барша, күллі, бірнеше, біраз, көр, көптеген, талай және т.б. сөздер қолданысы.Көп ұғымның сан есімдер арқылы берілуі.

Баға. Құн

Баға – өнімнің өзіндік құны. Ол мемлекет тарапынан бақылауда болады. Мемлекет баға саясатын жүргізу үшін заң қабылдайды.

Тауарды сатып аларда, біз тауардың сапасына, түр – түсіне және бағасына көңіл аударамыз. Баға дегеніміз өнімнің, бұйымның, тауардың, жұмыстардың, қызмет көрсетудің ақшалай құны. Ол өндірістік шығынға, істелген еңбек мөлшеріне, сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады. Бағаның мынадай түрлері бар: биржалық баға, әділ баға, шартты баға, көтерме сауда бағасы, еркін баға.

Құн – тауардың бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал жабдықты сатып алуға жұмсалған ақшалай шығын. Сонымен бірге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып алуға бөлінген ақшамыз.

Цена базисная – цена для определения качества, сорта товара. Она является исходной для определения окончательной цены фактически поставляемого товара.

Цена действительная – цена, по которой фактически совершается сделка.

Цена договорная – цена, устанавливаемая по договоренности между производителем (продавцом) и потребителем (покупателем) продукции.

Цена мировая – денежное выражение международной стоимости реализуемого на мировом рынке товара.

Ақша

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Тауардың тұтыну құнын ақшаға теңестіреді. Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген.

Ақшаның қызметі: құн өлшеуіші, бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналыс құралы, қор жинау құралы, қазына жасау құралы, төлем құралы, дүниежүзілік ақша қызметін атқарады.

Ақша айналымы дегеніміз – еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі. Ақшаның ең басты ерекшілігі де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттілігінде.

Қазақ елі Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізу – өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алды. Арыстан бейнеленген теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған.

Ғылым әлемін VIII ғасырдың басында жасалған Түргеш қағанатының теңгелері ерекше қызықтырып отыр.

Мыс, қола, күміс теңгелер шығаратын арнайы теңге сарайы болған. (Түркістандағы теңге сарайы).

Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында еркше міндет атқарды.

Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек хандардың атынан өндірілген күміс, мыс ақшалары кең таралып, айналымда болған.

Қазақ ақшалары тек қана сауда айналымы үшін ғана емес, өзінің дербес ел болғандығын дәлелдейді.

Тапсырма:

I. Мәтінмен жұмыс.

Табыс пен пайда

Табыс табу, пайда табу – үлкен өнер, үлкен еңбек. Ол қандай жолмен келеді? Табыс оңай жолмен келмейді. Кез – келген өндіруші еңбектенгенде, біріншіден, пайдалы өнім шығаруды ойлайды, екіншіден табыс әкелуді жоспарлайды.Табыс – бір уақыт кезеңінде кәсіпорындардың (фирма, компания, ЖШС т.б) өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен ақшалай қаражаты.

Бұл халықтың (жеке адамның, отбасының) өз мұқтаждарын қанағаттандыру үшін алатын ақшалай немесе заттай алатын қаражаты.

Кәсіпкер әр ісін түсетін пайданы болжап бастайды. Кейде болжал ақталуы мүмкін ақталған жағдайда ол пайдаға кенеледі. Ал ақталмаған жағдайда залал шегеді. Сонымен, пайда дегеніміз табыстың шығыстан асып түсетін ақшалай қаражат сомасы. Табыс - кәсіпорын не жеке адамның қызметтері үшін берілетін ақшалай қаражаты немесе материалдық ресурстары болып табылады. Пайда – таза табыс түрі, өндіріс шығыны мен табыстың айырмашылығы.

Табыс – келешек үшін керек. Табысты тапқанда – бір бөлшегін өндірісті дамытуға, екінші бөлшегін қайырымдылыққа, тағы бір бөлшегін келешекке, енді бір бөлшегін өзіңіздің қажетіңізге жұмсауға болады.

Адамзат қоғамында алғаш рет өнім шығара бастағанда адам үшін ең қажетті – тамақ, киім, халық тұтынатын тауарларды шығарған. Әр өнім бағасын кеткен шығындар, салықтар, жалақы құрайды. Мемлекет өз жағдайын ойласа, өндірісті де ойлауы керек. Оған көмектесіп, көтерілуін қамтамасыз етуі қажет.

I. Мәтінмен жұмыс.

Банк қызметі

Банк – мамандырылған қаржы мекемесі. Оның негізгі қызметі: есеп айырысу, жиналған ақшаларды несие түрінде беру, кәсіпорындар,мекемелер мен тұлғалар арасындағы өзара төлемдер мен есептеулерде делдалдық қызмет көрсетеді. Банктің құзырына жаңа ақша шығару мен бағалы қағаздар шығару да кіреді. Банк республикадағы ақша айналымын реттейді.

“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы бойынша ҚР- ның Ұлттық банкі ҚР- ның Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.Ұлттық банк- ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. ҚР- ның Ұлттық банкінің негізгі міндеті- ҚР-ның ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Ұлттық банк Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге, ақша- несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасайды. Олардың орындалуын бақылайды және несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғайды.

Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару болып табылады. Сонымен қатар, банк ісін лицензиялау, бақылау және қадағалау қызметін атқарады. Валюталық операцияларды жүргізу ережелері мен тәртібін жасайды. Біркелкі валюталық саясатын жүргізеді.

Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына- ұлттық банк төрағасы, 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір- бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің 2 өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі.

Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

- мемлекеттік ақша- несиелік саясатын жасайды;

- Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;

- Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;

- Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;

Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгелейді;

Басқарма Директорлар кеңесі
Төраға Төрағаның орынбасарлары
Ұлттық банкінің орталық аппараты
Департтаменттер, дербес басқармалар және бөлімдер
Облыстық (аумақтық) басқармалар  
Ұлттық банкінің тәуелсіз бөлімшелері Мемлекеттік сақтау орыны Банкноттық фабрика Бағалы қағаздар фабрикасы Приборлық бақылаудың мемлекеттік инспекциясы.  

Мәтінмен жұмыс.

Лттық валюта

Валюта – француз тілінен valuta – “баға”, “құн” деген мағынаны білдіреді. Кез – келген елдің ақша жүйесі болады.

1993 жылғы 15 қарашада біздің еліміз өзінің ұлттық валютасын-теңгені айналысқа енгізді. Теңге - егеменді Қазақстанның ең бірінші ақша белгісі.

Теңге де мемлекеттік атрибуттары – ту, герб, әнүран сияқты мемлекеттің негізгі бейнелерінің бірі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер қатарынан орын алып отыр. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырады. Ресей жағы Қазақстанның экономикалық егемендігін шектейтін талаптар қойды. Сол себепті Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Теңгенің эскиздерін салу өзіміздің төрт суретшімізге тапсырылды. Олар: Хайрулла Ғабжалилов, Тимур Сүлейменов, Меңдыбай Алин және Ағымсалы Дүзелханов. Осы суретшілер салған ақша үлгілерді Ұлттық Банктің Басқармасы 1992 жылғы 27 тамызда бекітті. Қазақстанда банкнот фабрикасы болмағандықтан, жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның «Harison & son’s» фирмасымен шарт жасалды. Бұл фирма банкноттарды 400 жыл бойы шығарып келеді.

1993 жылғы 12 қарашада ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылғы 15 қарашадан бастап ұлттық валюта -теңге енгізілді.

Біздің теңге сапа және қорғау дәрежесі жағынан мықты валюталардың бірі болып саналады. Ол ТМД елдерінің банкаралық операциялар айналысындағы ең тартымды валюталардың бірі. Мысалы, 200 теңге купюрасының артқы бетінде (реверс) Қажы Ахмет Яссауи кесенесі бейнеленген. Кесененің қабырғалары мен күмбезінде Құран сурасын оқуға да болады. Бұл көп еңбекті талап ететін күрделі де қызықты жұмыс болды. 200 теңгелік банкноттың көлемі 144 х 69 мм. Басым түстері қоңыр және сары. Оның бет жағындағы (аверс) негізгі бейне – философ, ғалым әл – Фарабидің (870 – 950) портреті. 200 теңгенің сырт жағындағы (реверс) негізгі бейне – Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің сұлбасы.

Наши рекомендации