Олхат,рәсімделуі,сақталуы мен жарамсыз деп танылуы
Қолхат - қағаз иесінің біреуден немесе мекемеден белгілі бір құндылықтарды (құжат, мүлік, зат, ақша) алғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі. Қолхатта алынған заттың аты, саны, көлемі толық көсетіледі. Сандық номиналдар әуелі санмен содан соң жақша ішіне сөзбен жазылады. Қолхат мәтінінде түзетулер, қандай да бір өзгертулер жасауға болмайды. Мұндай жағдайда қолхат өз күшін жояды. Қолхат мәтіні мен қойылған қолдың арасында бос орын болмауы керек. Егер болған жағдайда ирек сызықпен толтырылуы қажет. Қолхат бағалы қағаздар дәрежесінде сақталады. Қолхат жеке адамдардың арасында 1 дана болып жасалып, алынған зат, ақша, құжат т.б. қайтарылған уақытта жойылады немесе қолхат иесіне қайтарылып беріледі. Ал егер нотариалды түрде бекітілсе 3 дана күйінде жасалып, 1-данасы қолхат иесіне, 2-данасы затты немесе ақша, құжатты берушіде, 3-данасы нотариусте сақталады. Егер куәлар болса аты-жөні көрсетіліп, соңына қол қояды.
Ызметтік хаттар,оларды рәсімдеуге қоятын нег талаптар
Мекемелерде ең көп тараған іс қағаздарының түрі – қызмет бабындағы әртүрлі хаттар. Бұл қағаздар территориялық жағынан алшақ жатқан мекемелерді өзара байланыстырады. Мұндай хаттар арқылы мекемелер арасында келіссөздер жүргізіледі. Осыған сәйкес хаттардың да түрлері айқындалады. Бұл хаттардың ерекшелігі тек мазмұнында ғана, ал жазылу формаларында ешқандай өзгешелік жоқ . Сондықтан арнаулы ат қоймай –ақ, қандай хат екенін мазмұнынан байқауға болады. Қағаздың оң жақ бұрышына хаттың кімге бағытталғаны, одан төмен жаңа жолдан мазмұны жазылады, соңынан хат иесінің қолы қойылады. Ұйымның өз ішіне арналған қызметтік хатта жазған адамның қолы қойылады, мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар мекеменің атауы, құрылымдық бөлімшенің атауы, құжат аты, мәтін тақырыбы, кімге арналғаны көрсетіледі. Қызметтік хат мекеменің атынан жоғары жаққа арналса мекеме басшысы қол қояды.
Кепілхат,өзіндік ерекшелігі ,рәсімделуі
Кепілхат – қағаз иесінің біреуден не мекемеден бір затты (бағалы зат, құжат, ақша) алғандығын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсететін құжат. Деректемелері: • Құжаттың аты; • Кепілхат беретін адамның қызметі, аты-жөні, тегі, жеке басын куәландыратын құжаты, нөмірі, берілген уақыты, кім бергені; Ақша немесе құнды заттардың аты мен құны, саны; • Уақыты мен кепілхат берушінің қолы; • Заттың қайтарылу мерзімі; • Келісілген өзге де шарттар; • Уақыты мен кепілхат берушінің қолы; Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат пен кепілхат бір-біріне ұқсас.Кепілхат 3дана етіп жасалынады.
Келісімшарт,жасалу жағдайлары,негізгі түрлері Келісімшарт - тараптар арасында қандай да бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат. Келісімшарт қатысатын адамдар санына қарай екіжақты, көпжақтыболады. Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы, пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі. Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе сақталады. Қалған даналары қатысушы тараптарға беріледі.
Келісімшарт бірнеше тілде жасалу тәртібі мен бұзылу жағдайлары
Келісім шарт бірнеше тілде жасалуы мүмкін. Егер тараптар арасында қандай да бір дау-талас туындаған жағдайда келісімшарт мәтінінде басымдылық берілетін тілдік нұсқасы көрсетілмесе,сот ісі жүргізілетін тілдегі нұсқасы күшіне енеді.Мысылы: қазақ жіне орыс тілінде жасалған келісімшарттың мәтінінде дау- талас туындаған жағдайда қазақ тілігндегі нұсқасы басшылыққа алынады деп көрсетілсе, онда осы нұсқа басымдыққа ие болады.