Станция жұмысының тәуліктік жоспар – графигін құрастыру

Парктегі құрамдарды өңдеудің уақыт нормативтерін, поездық және маневрлік операциялардың ұзақтығын, маневрлік құралдардың, механикаландыру бригадалары мен кұралдарының сұраныстағы мөлшерін есептегеннен кейін, станция жұмысын кешенді талдау қажет. Бұл үшін тәуліктік жоспар-кестелерін құрады.

Тәуліктік жоспар-кесте дегеніміз – станция жұмысының: поездар қабылдануының, олардың парктегі өңделуінің және жөнелтілуінің графиктік суреттелуі. Жоспар-кестеде сондай-ақ вагондарды жүк бекеттеріне жіберу (жинау), тиеп-түсіру жұмыстары, контейнерлерді сұрыптау және шағын жөнелтулерді қоса санағандағы жергілікті вагондардың өңделулері көрсетіледі. Тәуліктік жоспар-кестенің мақсаты - станцияның барлық цехтарының жұмысын, олардың поездардың келу және жөнелтілу кестесімен, кәсіпорындардың кірме жолдары жұмысымен өзара әрекеттерін келістіру, байланыстыру, жеке парктердің, жолдардың, мойыншалардың, маневрлік локомотивтердің жүктелуін анықтау, станциядағы әртүрлі өңдеу категориялары бар вагондарының тұру уақытының нормаларын анықтау. Жоспар-кестеде операцияаралық интервалдар, поездардың біркелкі еместігінен бос тұрулар, жол дамуының жетіспеушілігі, маневрлік локомотивтер саны және т.б. көрінеді. Тәуліктік жоспар-кестені құру барысындағы жұмысты қайта үлестіру, поездарды жинауды, жөнелтуді және тапсыруды реттеу, технологиялық процесті жетілдіруге, жұмыс көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Жоспар-кестені бір тәулікке құрастырады.

Онда уақыт көлемінде мыналар көрсетіледі:

- барлық станцияға жанасатын бағыттардан жүріс кестесі бойынша поездардың келуі;

- олардың қабылдау паркінде қабылдау (стрелкалы мойыншада тұру), құрамдарды өңдеу, келесі операцияларды күтіп тұру уақытын көрсетіп орналасуы;

- поездық және маневрлік қозғалыстардың қабылдау паркінің мойыншаларындағы, сұрыптау паркінің шығу мойыншасындағы, жергілікті вагондарды жіберу және жинау маршруттарындағы, жөнелту паркінің мойыншаларындағы көп жүктелген стрелкаларда орналасуы;

- әрбір маневрлік локомотивпен орындалатын операцияларды көрсете
отырып құрамдарды тарату және құрылғылардың (дөңес, тартымдық жол)
бос еместігі;

құрамдардың жиналуының аяқталу кезеңдерін көрсете отырып, вагондардың сұрыптау жолдарында жиналуы, құрамдардың құрылуы және шығарылуы аяқталғаннан кейінгі сұрыптау жолдарының бос еместігі;

- құрылудың аяқталу операцияларын бекітіп және жөнелту паркіне әрбір құрамды шығару арқылы тартымдық жолдар мен жеке маневрлік локомотивтердің жұмысы;

- жергілікті вагондардың маневрлік локомотивтермен жібірілуі және жиналуы

- жүк пункттерінің жұмысы (жіберу уақыты, тиеп-түсіру, келесі операцияларды күтіп бос тұру);

- құрамдарды өңдеу және жөнелтілуді күтіп тұру операцияларын
көрсете отырып, поездардың жөнелту және транзитті парктерде орналасуы;

- поездардың кесте бойынша барлық станцияға жанасатын бағыттарға
жөнелтілуі.

Жоспар-кестені құрастырған кезде міндетті түрде әртүрлі қозғалыстардың қастасуын, операциялардың орындалуынан кейінгі құрылғылардың (жолдар, дөңестер, тартымдық жолдар), локомотивтер мен бригадалардың босау уақыттарын есепке алады. Бұл жеткіліксіз жол дамуы салдарынан станцияның қабылдай алмауынан болған операцияаралық тұруды және поездың бос тұруын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндағы міндеттің орындалуы, жеке қайта құру іс-шараларының арқасында, қосымша өңдеу қуаттылығын енгізе отырып, құрылғылардың мамандануын өзгертіп, мүмкін болатын шығындардың алдын алумен немесе оны азайтумен байланысты болмақ.

Нақты станцияның тәуліктік жоспар-кестесінің формасын, оның жол дамуының схемасын есепке алып, әрбір қабылдап-жөнелту, сұрыптау, дөңестік және тартымдық жолдарының, маневрлік локомотивтің, барлық маңызды жүк пункттерінің жұмысын көрсетіп, жүрісті лимиттейтін стрелкалардың жүктелуін бақылау отырып әзірлейді.

Жоспар-кестені кұру үшін, станцияның жұмыс технологиясын анықтайтын есеп нормативтерін пайдаланады:

- станцияның және жүк пункттерінің схемасы;

- парктер мен жолдардың мамандануы;

- техникалық-реттеу актісі;

- жақын жатқан учаскелердегі поездардың жүріс кестесі;

- поездардың құрылу жоспары және тасымалдар маршруттауының
жоспары;

- барлық категориялы поездар өңделуінің операциялық кестелері;

- барлық маневрлер түріне арналған уақыт нормалары және поездар мен вагондарды өңдеу операциялары;

- кірме жолдарды пайдалану келісімдері;

- вагондарды жіберу және жинау;

- кәсіпорынның станциялары мен кірме жолдарының бірегей
технологиялық жұмыс процесі.

Келетін поездардың құрамы, олардың саны өзгеріп тұрады. Сондықтан да жоспар-кестені жұмыстың өзіне тән жағдайлары бойынша, поездардың жүріс кестесімен белгіленген қозғалыс өлшемдеріне құрған жөн. Құрылу жоспарының тағайындалуы бойынша таратылуға келген құрамдардың орналасуын, станция жолдарында және тиеп-түсіру пункттеріндегі тәулік басындағы вагондар мен құрамдардың санын анықтама қағаздары бойынша және маневрлік диспетчердің өткен жылдың орташа есеппен бір декадасына орындалған кестелері бойынша анықтайды. Тиеу және түсіру өлшемдерін ағымдағы жылдың жоспарынан алады. Әдетте, талдау арқылы әрбір қайта өңделетін құрамдардың түрі бойынша орташа орналасуды бекітеді.

Жеке элементтердің жұмысын графиктік тексеру станция ерекшеліктерімен анықталады. Учаскелік станциялар үшін транзиттік поездардың үлкен ағыны кезінде, жоспар-кестеде олардың құрамдарының өңделуін топтармен және техникалық және коммерциялық тексерістер бригадаларымен көрсетіп, стрелкалы мойыншалардың жүктелуін бақылау аса маңызды болмақ; сұрыптау станциялары үшін - құрамдардың таратылу және құрылу операцияларын; жүк станциялары үшін - вагондардың берілуін және жиналуын, тиеп-түсіру пункттеріндегі операцияларды және автокөлік жұмысын көрсетеді.

Жоспар-кестені, ондағы өзара әрекет етуші процестер мен элементтер бір-бірімен қатар, шағын орналасатындай етіп жинақтаған дұрыс. Бұл мүмкін болатын қозғалыстардың қастасуын, операциялардың өз кезегімен жүруін бақылауды жеңілдетеді. Жоспар-кестені құрастырушы маман, технологияны графиктік тексеру кезінде оны толық есепке алу үшін станцияның жұмыс ерекшеліктерімен жақсы таныс болуы керек. Жоспар-кестені құру барысында анықталған кері құбылыстарды технологияны жетілдіру жолымен жоюға болады.

Тәуліктік жоспар-кестені жаңа технологиялық процесті дайындағаннан кейін, жаңа жүріс кестесін және поездардың кұрылу жоспарын енгізгеннен кейін кұрастырады. Ол техникалық құралдардың және берілген жұмыс көлемін орындайтын кадрлардың сұранысын нақтылауға, құрал-жабдықты пайдалану тәсілдерін белгілеуге, әртүрлі категориялы вагондар мен поездардың станцияда тұруының уақыт нормаларын, техникалық құралдардың пайдалану көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік береді.

Транзитті поездан ақау вагондарды ағыту кезінде маневрлік диспетчер оны станциядағы сондай міндеттегі вагондармен толықтырылуын қамтамасыз етеді.

«Evolution» сериялы ТЭ33А магистральді жүк бір секциялы тепловозы – қуаттылығы 3356 кВТ (4562 а.к.) тартым күшін осьтік реттейтін ауыспалы - айнымалы токты электрлі берілісті техникалық жағынан үздік және үнемді тепловоз.

Артықшылықтары:GEVO 12-цилиндрлік дизельді қозғалтқышы 2ТЭ10М және 2ТЭ116 локомотивтерінде орнатылған 10Д100 және Д49 дизель қозғалтқыштарымен салыстырғанда сәйкесінше техникалық қызмет көрсету, отыны және майы бойынша жылына АҚШ-тың 150 мың.долларынан астам көлемде үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Жөндеу аралық кезең 2ТЭ10М, 2ТЭ116 тепловоздары үшін 18 тәулікті құраса, бұнда жөндеу аралық кезең 92 тәулікті құрайды.

ТЭ33А бір секциялы жүк тепловозы 6000 тоннаға дейінгі салмақты поездарды алып жүруге қабылетті.

Жылына екіден кем бас тарту деңгейіндегі тепловоздың жоғары сенімділігі.

Атмосфераға шығарынды деңгейі UIC III A эмиссиясы бойынша стандарттарға, МЕМСТ Р 50953-96, МЕМСТ Р 50952-96 экологиялық талаптарына сәйкес келеді. 2ТЭ10М және 2ТЭ116 локомотивтерімен салыстырғанда атмосфераға залалды заттардың шығарылуы 40 пайыздан аса төмендетілді.

ТЭҚ-да ауысымды токты пайдалану үлкен тартымды күшпен қамтамасыз етеді және доңғалақтардың төсеммен ілінісуінің осьтік бақылауының нәтижесінде доңғалақтардың тұрып қалуын төмендетуге мүмкіндік береді.

Микропроцессорлық басқару жүйесі қозғалыс параметрін және жабдықтар жұмысын, диагностикалауға мүмкіндік береді, оператордың жұмысын жеңілдетеді.

Наши рекомендации