Банк қызметінің өтімділігі: түсінігі және басқару

Шетел тәжірибесінде ком-қбанктің өтімділігі мынадай 2 әдіспен бағаланады: *баланстың өтімділігін көрсететін ж/е баланстар бойынша есептелінетін қаржылық коэфф.-р негізінде; *сәйкес кезеңдеріндегі банк балансының активтері мен пассивтері бойынша айналымдардың талдауын ескеріп, өтімді қаражаттарға әлеуетті қажеттілігін анықтау негізінде. Коэфф.-к әдіс баланс баптары арасында белгілі бір сандық қатынастарды бекітуді білдіреді. Бұл әдіс әртүрлі көрсеткіштерді пайдаланады. Алғашқы тобының 2 көрсеткіші өтімді активтер мен депозиттер арасындағы қатынасты көрсетеді: 1. алғашқы резервтер (касса+орталық банктегі корреспонденттік шот) / депозиттер. 2. (Алғашқы резервтер+екінші реттегі(мем-к бағалы қағаздар)резервтер) / депозиттер. 1-ші көрсеткіш деңгейі банктің өтімділігін қамтамасыз ету үшін 5-10% дан төмен болмау керек, ал екіншінің деңгейі 15-25%-дан, Жапонияда 30%-дан төмен емес болуы міндетті. АҚШ-та өтімділікті бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады. Оның бірі – берілген несиелер мен депозиттер сомаларының қатынасы. Банктің ресурс базасының сапасын сипаттайтын көрсеткіштер тобы да қарастырылады. Депозиттер тұрақтылық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш негізгі депозиттер (талап ету деп.+жинақ шоттар) сомасының жалпы депозиттер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Банктің ресурс базасының сапалығы коммерциялық банктің сыртқы көздеріне банкаралық несиелерге шығу мүмкінділік көрсеткішпен сипатталады. Формуласы: Орталық банк ж/е басқа да банктерден алынған қарыздар / тартылған қаражаттар сомасы. Банктің бар активтері мен пассивтері бойынша қолма-қол қаражаттарының ағыны негізінде өтімділікті бағалау тәжірибесі біртіндеп енгізілді. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар. Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі.

Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау кабілеттігі.

Банктің міндеттемелерін нақты және әлеуетті деп екіге бөледі. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал, әлеуетті немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу және т.б. арқылы көрсетіледі.

Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақтысында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады.

Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы кағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.

Банк өтімділігі мынадай қызметтерді аткарады:

депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;

тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;

активтерді зиянсыз сату;

тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.

Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:

банк капиталының базасы;

банк активтерінің сапасы;

депозиттердің сапасы;

сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;

мерзімі бойынша актнвтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;

сауатты менеджмент;

банктің жоғары дәрежелі беделі.

Банк капиталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін корғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.

Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.

Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немеее осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті.

Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.

Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшалай формаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне және т.б. факторларға байланысты.

Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.

Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу кабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту кабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.

Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың кұрылымы; бағалы қағаздар портфелінің кұрылымы, валюталар кұрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдық кұрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.

Банк өтімділігін анықтайтын фактор банктің депозиттік базасының сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұ.л депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етудің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал, мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.

Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге деген тәуелділігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың кұрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз базасының дамуы перспективаларының жоқтығын көрсетеді.

Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзім мен сома бойынша сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктің клиенттер алдында міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді

Наши рекомендации