Лексикология және оның салалары. 2 страница
Сабақты етістік[1] — табыс септігіндегі сөзді керек ететін етістік түрі. Табыс септікті тура толықтауышты меңгеру немесе меңгере алмау қасиетіне қарай етістіктер салт және сабақты болып бөлінеді.[2] Салт және сабақтылық категориясы етістіктің грамматикалық семантикасымен байланысты қалыптасқан құбылыс. Оның субъекті мен объектінің грамматикaлық (синтаксистік) қатынасын өзгертіп отыратын ішкі семантикалық мазмұны болады.[3] Мысалы, құданы шақыр, ақиқатын біл, қымызды сапыр.Салт және сабақты етістіктер жіктелімі ежелден қалыптасқан құбылыс. М.Қашқари “Диуани лұғат ат-түрк” сөздігінде бір етістіктің бірде салт, бірде сабақты тұлғада жұмсалуына көптеген деректер келтірген. Мысалы, Ол меңе үстерді — Ол мені жеңуге тырысты. Ол қылмыш ышын үстерді — Ол істеген ісінен тануға тырысты.[4] Мұндай тілдік деректер 11 ғасырда сабақты және салт етістік категорияларының көрініс тапқанын көрсетсе, екінші жағынан, қазіргі тілімізде де бір етістіктің бірде салт, бірде сабақты мәнде қолданылуы кең етек алғанын танытады. Сабақты етістіктер жасауда өзгелік етіс жұрнағы ерекше қызмет атқарады.[5] Қазақ тіліндегі салт етістіктер өзгелік етіс жұрнағы арқылы сабақты етістікке айналады. Мысалы, жеткіз, көндір, қуант, т.б.[6]
Салт етістік
Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы, қаладан қайт, ауылға қайт, жолдасыңмен қайт немесе түсінде келді, үйден келді, баламен келді, үйге келді т. б. болып қолданылса да, нені (ауылда т. б.) қайт? нені (қаланы т. б.) келді? деп айтуға болмайды. Сондықтан бұлар — салт етістіктер.
Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -р, -т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шам-ды сөн-дір-ді, бала кетті — бала-ны кет-ір-ді, гүл өседі — гүл-ді өс-ір-гді, ол өкпеледі — о-ны өкпеле-т-ті т. б. Ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: Әңгіме-ні, айтты — әңгіме айтылды, хат-ты жазды — хат жазылды, кітап-ты түгел оқыды — кітап түгел оқылды т. б.
Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.[1]
Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:
1. Қайрат баяндады;
2. балаларға баяндады;
3. Досанмен болған;
4. болған әңгіменің;
5. әңгіменің мән-жайын;
6. мән-жайын баяндады.
Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:
1. Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар арқылы, байланысады.
2. Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады.
3. Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады.
4. Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі.
Сөздердің байланысу түрлері
Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.
Иысу
Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз.
Мысалы:
|
|
Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз.
Меңгеру
Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.
Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару
Матасу
Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі
Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы.
Абысу
Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.
Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.
Жанасу
Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.
Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу.
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Әрбір сөздің білдіретін жеке ұғымы болады. Мысалы: қар деген сөздің білдіретін ұғымы — түсі ак, салқын, еріп, суға айналатын зат.
Парта — ағаштан жасалган оқушьшың мектептегі құралы, отыратын орны. Әр сөздін білдіретін осындай ұғымы оның мағынасы делінеді.
Сөз білдіретін мағына бірдей, біркелкі бола бермейді, Әдетте сөз мағынасы екі тұрғыдан екіге бөлініп қаралады: лексикалык, мағына және грамматикалық мағына.
Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы онын лексикалық мағынасы болады: Тау, тас, орман. Ал осы сөздерді сөз тұлғасы, сөз таптары, сөйлемдегі қызметі тұрғысынан қарастырғанда, олардың білдіретін мағыналары грамматикалық мағыналар болады: Тау мен тасты жел бұзар; Орман — ел байлығы деп, сөйлем құрастырсақ, тау, тас, орман, ел, байлық деген сөздер, бір жағынан, жеке-жеке ұғымның атауы болып, лексикалық мағынаны білдіреді. Екінші жағынан, ол сөздердің барлығы да жалпы зат атауы мәнін білдіріп, зат есім болып түр. Бұл — сол сөздердің грамматикалық мағынасы. Егер бұларға грамматикалық талдау (грамматикалық тұлғалары мен атқаратын қызметтеріне қарай) жасасақ, олардың әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп тұрғанын байқаған болар едік. Мысалы: тау және тасты деген сөздер әркайсысы белгілі бір ұғымды білдірсе (бұл — лексикалық мағынасы), оның үстіне бұл екі сөз де жалпьг жансыз зат атауы және табыс септік жалғауы арқылы бұзу қимылының тура объектісі мәнін (нені бұзар?) білдіріп тұр. Сондай-ақ жел — әрі жалпы жансыз зат атауы, әрі қимылды атқарушы (бастауыш)— не бұзар? Бұзар — жалпы қимылды білдіреді және -ар қосымшасы арқылы шақтық (болжалды келер шақ), 3-жақта түруы арқылы жақтық, баяндауыштық мәнде тұр. Бұлардың барлығы — грамматикалық мағыналар. Сондықтан сөзде бір лексикалық және бір я бірнеше грамматикалық мағына болады дейміз.
Создер толық (лексикалық) мағынасы бар негізгі сөздер және лексикалық мағынаны білдіре алмайтын көмекші сөздер болып та бөлінеді: Жұмыстан кейін киноға бардым десек, сөйлемдегі жұмы-стан, киноға, бардым дегендер — толық мағыналы сөздер, өйткені олардың әрқайсысы өздігінен тұрып белгілі бір ұғымды білдіре алады. Ал сөйлемдегі кейін сөзі өздігінен тұрып ешбір ұғым білдіре алмайды, өзінің алдындағы сөзге тіркесіп барып мезгілді, уақытты білдіреді. Сондықтан кейін сөзін көмекші сөз дейміз. Асқар келгенде, Ботагөз ұйықтап қалып еді деген сөйлемде Асқар келгенде, Ботагөз, уйықтап негізгі толық мағынаны, ал қалып еді сөздері көмекші мағынаны білдіріп тұр. Калып еді етістіктері өздігінен толық мағынаны білдіре алмай, ұйықтап көсемшесіне тіркесіп барып бір істі, әрекетті (бір мағынаны) білдіреді.
Сонымен, сөздер толық, негізгі, көмекші, қосымша мағыналарды да білдіре алады. Сөз бір мағынаны да, бірнеше мағынаны да білдіреді.
Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады.[1]
Сөз таптары орыс. части речи — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:
· а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады);
· ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;
· б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.
Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Сан есім
4. Есімдік
5. Етістік
6. Үстеу
7. Еліктеу сөздер
8. Шылау
9. Одағай
Еліктеу сөздер қазақ тілінде бөлек сөз табы болса, орыс тілінде одағайлардың құрамына кіреді. Қазақ тілінде предлог жоқ, союз, частицы орыс тілінде бөлек сөз таптары, ал қазақ тілінде олар шылау сөзтабына біріктіріледі.
Сөз таптары толық мағыналы сөздер (зат есім, сын есім, етістік, үстеу) және көмекші сөздер (шылау, демеулік, частицы, артикль т. б.) болып табылады. Типологиялықтұрғыда есімдік пен сан есімді жеке сөзтабы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі. Олар синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты болып келеді. Кейбір тілдерде басқа сөз таптарының құрамында қаралады. Мысалы, үш, төрт есептік сан есімдері — зат есім-сан есімдер, үшінші, төртінші реттік сан есімдері сын есім-сан есім түрінде қаралады. Есімдік пен сан есім дәстүр бойынша толық мағыналы сөз таптарына жатқызылып жүр. Сөздерді тапқа бөлу мәселесі өте көне дәуірлерден басталады (Аристотель, т. б. грек ғалымдары, үнді ғалымдары Панини, Яска т. б.). Тіл білімінде сөз таптарын жіктеу мәселесі күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Оған байланысты проблемалар аз емес.[1]
Сөз (орыс. слово, ағылш. word) – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады. [1] Сөзді құраушы бірлік –дыбыс, ал мағына – Сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай,шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды. Сөздің негізгі белгілері:
1. Құрылымдық тұтастығы: яғни, сөз белгілі бір дыбыс жиынтығынан тұрып, дайын күйінде жұмсалады;
2. Семантикалық тұтастығы: құрамында қанша буын не сөз болғанына қарамастан бір ұғымды анықтап, бір мағына береді;
3. Грамматикалық тұтастығы: сөз ішкі мағыналық құрылымына қарай грамматикалық топтарға бірігіп, грамматикалық категориялар негізінде түрленеді;
4. Танымдық тұтастығы: сөздің ішкі мағыналық құрылымы халықтық дүниетаным негізінде анықталады.
Ішкі мағыналық құрылымы мен қызметіне қарай сөздер атау және көмекші сөздер болып бөлінеді. Атау сөздер зат пен құбылысты, болмысты оның ерекше белгілері арқылы таңбалайды; көмекші сөздерде мұндай атауыштық қабілет жоқ, олар қызметтік-грамматикалық мәнге ие. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарыболады. Тілді жүйелі құрылым ретінде зерттеу сөзді анықтаудың төмендегідей міндеттерін көрсетеді: сөзді тілдік бірлік ретінде тану; оны анықтаудың негізгі шарттарын айқындау; сөздің мағыналық жағын зерделеу; лексиканың жүйелілігін зерттеу; сөздің лебіз бен мәтіндік бірлік ретіндегі ерекшелігін тану. Сөз жүйелі құрылым ретінде түрлі бағыттағы зерттеу нысаны болып табылады. Сөздер семантикалық-грамматикалық белгілері (сөз таптары), сөзжасамдық байланыстары (сөзжасамдық ұя), семантикалық қатынастары, мағыналық, концептік өрістері арқылы өзіндік тілдік жүйелерді құрайды.[2]
Лексика[өңдеу]
Лексика – бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам деген ұғымды білдіреді. Тілдің лексикасын, сөздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология, фразеология, диалектология т.б. тарауларға бөлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу нысаны – сөз. Сөз белгілі ұғым атауы болып, әр алуан мағынаны білдіреді.
Қазақ тілінде лексикалық мағынасы жоқ сөздер де кездеседі. Мысалы, қаралы, сияқты, бірге, дейін, кейін, секілді, соң, таман, тарта, үшін. Бұл сөздер жеке тұрғанда ешқандай мағынаға ие бола алмайды, мағынасы бар сөздермен тіркесіп қолданылады. Мысалы, жүз қаралы, батыр сияқты, анасымен бірге, мектепке дейін, дайындықтан кейін, әкесі секілді, үйге таман, мыңға тарта, туған жер үшін. Көмекші есімдер зат есім сияқты түрленіп қолданылады. Мысалы, Ауылдың жанында бір қора мал жайылып жүр. Ауылдың жанында – қайда? – пысықтауыш. Сонымен қатар, жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтын, алдындағы есім сөзге көмекшілік қызмет атқаратын сөздер де кездеседі. Ондай сөздер көмекші есімдер деп аталады. Көмекші есімдер зат есіммен ілік септігі арқылы байланысады, яғни, зат есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы, қаланың сырты, жердің асты, үстелдің үсті, мектептің алды, дүкеннің қасы, үйдің жаны, ауылдың маңы, ыдыстың тү(п)бі, көшенің арасы, бөлменің іші.
Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.
Сөздердің тура мағынасы – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б.
Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз. [3]
Топтастырылуы[өңдеу]
Сөзді топтастыру принципі үш түрлі болады:
· лексикалық-семантикалық сипаты;
· синтаксистік қызметі;
· морфологиялық белгісі.
Сөз таптары
Сөздер лексикалық мағанасына қарай бірнеше сөз таптарына топтастырылады. Сөз табы - лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сөздер тобы. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
Рамына қарай
Сөздер құрамына қарай дара сөздер мен күрделі сөздер болып екіге бөлінеді.
Олданылуына қарай
· Жалпы қолданыстағы сөздер - халықтың тұрмыстық өмірінде қолданылатын сөздер.
· Көнерген сөздер - қолданыстан шығып қалған, тарихи аңыздар мен шығармаларда кездесетін сөздер. Өз кезегінде, көнерген сөз архаизм және историзм сөздер болып екіге бөлінеді.
· Неологизм - жаңа технологиялар мен техниканың, ғылым ауқымының кеңеюі әсеріне қолданысқа енген жаңа сөздер.
· Кәсіби сөздер - белгілі бір шаруашылық, не еңбек саласына қатысты, сол кәсіптің мамандарына түсінуге қиындық тудырмайтын сөздер.
· Эвфемизм - құлаққа жағымсыз, дөрекі естілетін сөздерге мағыналас жұмсақ та мәдениетті сөздерге айналдырып қолдану.
· Дисфемизм - мәдениетсіз, дөрекі, тыңдаушы құлағына түрпідей тиетін сөздер.
Сөздің технологиядағы қолданылуы[өңдеу]
1. Таңба ретінде пайдаланылатын бедербелгі тізбегі;
2. Абстрактілік алфавиттегі символдар тізбегі;
3. Грамматиканы тудырушы негізгі алфавиттегі символдар тізбегі; кейбір алфавиттегі мағыналық мәні бар символдар тізбекшесі; табиғи тілдің сөзін өзініңформасымен ұқсататын лексема;
4. Табиғи тіл сөзі;
5. Жадтың бір ұяшығына ғана орналастырылатын және біртұтас қарастырылатын биттер немесе символдар жинағы. Сөз команда/командаларды және алфавиттік-цифрлық ақпаратты өрнектеуге пайдаланылады, ал ұзындығы тұрақты да, айнымалы да болады.
Сөздік қор[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сөздік қор, тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға қарағанда сөздік қордағы сөздердің көлемі шағын болады. Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар. Негізгі сөздік қорға қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері енеді: туыстық атаулары (ата, құда, нағашы); мал (сиыр, түйе, құлын); хайуанат (қасқыр, түлкі, қоян); ағаш (қарағай, емен, тобылғы); киіз үй (шаңырақ, кереге, уық); заттың сапалық, сындық атаулары (жақсы, қатты, жылы), т.б. Ежелден тілге әбден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздер де (кітап, ғылым, намаз) сөздік қорға жатады. Сөздік қордың басты белгісі – тұрақтылық, онда жалпыхалықтық сипат басым келеді. Сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға ұйтқы болып, сөздік құрамды байытады. Мысалы, жер сөзінен жершіл, жерлес, жер үй, жертөле, т.б. сөздер жасалған. Негізгі сөздік қорға стильдік қабаттасулар тән емес, оларды стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды.
Сөздік құрам[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады.