Лем елдерін экономикалық тұрғыдан топтастыру тәсілдеріне шолу жасап, олардың негізгі көрсеткіштерін атап өтіңіз.

Лемдік экономикадағы либерализациялау үдерістерінің мәні мен басты бағыттарына сипаттама беріңіз.

Либерализация – экономикалық іс-әрекеттердің еркіндігін кеңейту, экономикалық шектеулерді алып тастау немесе қысқарту. ХХ ғасырда экономиканы мемлекеттік реттеу басым болды, бірақ соңғы он жылдықта экономиканың байқалады. Ырықсызданудың екі түрі бар: ішкі және сыртқы экономикалық ырықсыздану. Ішкіэкономикалық ырықсыздану 1980 жылдардан бастап әсіресе өтпелі экономикалы елдерде жедел дамып келеді.Трансформацияның мәні мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтуінде және нарықтық реттеудің дамуы. Бұл елдердің тобында мемлекеттік реттеу азаяды. XX ғасырдың 50—60 жж сыртқы экономикалық ырықсыздану дамыған мемлекеттерде протекционизмді ауыстыра бастады. Ол халықаралық экономикалық қатынастардың барлық нысанын қамтыды: халықаралық сауда, капитал миграциясы, валюта-қаржы аясы.

Шамалы шектеу тек халықаралық жұмыс күшінің миграциясы аясында сезіледі. Дамушы мемлекеттерде және өтпелі экономикалы елдерде сыртқыэкономикалық ырықсыздану кейінірек басталды, себебі олар өзінің бәсекеге қабілетсіз салаларын қорғау мақсатында протекционисттік шараларды қолданды.

Бұл екі топта капиталды келтіру мен алып кетуге шектеу,сонымен қатар валюта-қаржы қатынастарын және жұмыс күшінің халықаралық миграциясын мемлекеттік реттеу сақталып отыр. Сыртқыэкономикалық ырықсызданумен қатар сыртқы саудада тарифтік емес шектеулер сақталуда (импортқа квота салу, антидемпингтік заңнама, рәсімдеу ережесі мен импорттық тауарларды бағалау.)

Ұлттық экономикаларда шетел капиталына жабық салалар сақталуда. Осыдан қорытынды жасасақ, тіпті дамыған елдердің сыртқы экономикалық саясатында ырықсыздану протекционизммен қатар жүреді.

Либерализацияның басты құралы – жекешендіру. Либерализацияның екі жағы бар: ішкі либерализация және сыртқы kиберализация.

Мемлекет экономиканы тікелей реттеуден бас тартсада, экономиканы тұрақтандыру және нығайту мақсатымен жанама құралдар арқылы экономиканы реттеп отыруы тиіс. Атқару тиіс қызметтері: салық жинау, мемлtкеттік бюджетін дефициті және инфляциямен күресу, ұлттық валютаны қадағалау, экономикалық заң бұзушылықпен күресу және т.б

.

лем елдерін экономикалық тұрғыдан топтастыру тәсілдеріне шолу жасап, олардың негізгі көрсеткіштерін атап өтіңіз.

Қазіргі таңда 240-қа жуық елдер бар, яғни, мемлекеттік рәсімделген тәуелсіз немесе белгілі бір территориясы бар және құқықтық қатынастарда мойындалған өзін-өзі басқаратын адамдар тобы. Олар ауданы, тұрғын халқы, этникалық және ұлттық құрамы, экономикалық және мәдени даму деңгейі мен ерекшеліктері, халықаралық еңбек бөлінісінде және жалпы халықаралық қатынастарда алатын орыны бойынша өте әр түрлі.

Әлемдегі елдердің қандай да бір жалғыз-ақ және жеткілікті топтастыру жоқ. Топтастырудың әр түрлі нұсқасы әр түрлі белгілерге (критерийлерге) негізделеді. Елдердің топ-топқа бөлінуі олардың тарихи, экономикалық, саяси және мәдени өркендеуінің ерекшелігіне байланысты. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, қазіргі кезде әлемнің барлық елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша тек қана екі топқа бөлуге болады: орталық және периферия.

Орталық әлемдік экономиканың ядросын құрады және постиндустриялды, тиімді нарықты экономикасы бар ӛнеркәсібі дамыған елдерден (шартты түрде Батыс елдері деп аталатын) тұрады.

Периферия – бұл дамушы елдер, олардың дамыған елдермен салыстырғанда еңбек өнімділігі және тұрғын халықтың жан басына шаққандағы табыстары төмен.

Әлем елдерін топтастырудың критериилері:

· Жан басына шаққандағы ЖІӨ;

· Экономиканың салалық құрылымы;

· ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі;

· Өмір сүру деңгейі мен сапасы (білімділік деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, т.б.).

Ұлттық есеп шот жүйесі бойынша елдің іс - әрекетінің көрсеткіші ЖІӨ.

1) ЖІӨ - елде белгілі бір уақытта өндірілген тауарлар мен қызметтер жиынтығы.

2) ЖҰӨ - ЖІӨ және сыртқы экономикалық байланыстарды есепке алғандағы жиынтық.

Егер ЖІӨ жан басына шақсақ елдегі экономикалық даму деңгейін, табыстың деңгеійн көрсетеді. Бұл көрсеткіштер екі тәсілмен есептеледі.

1. Валюталық ағымдағы курс тәсілі;

2. Валюталық сатып алу қабілетімен көрсетіледі.

Әлем елдерін табыс деңгейі бойынша үлкен үш топқа топтастырады:

1. Жоғары табысты;

2. Орта табысты: а) орта табысы жоғары, б) орта табысы төмен;

3. Табысы төмен.

2012 ж. бойынша жоғары табысты елдер - 61, орта табысты елдер - 99, төмен табысты елдер - 33.

2012ж. бойынша жоғары табысты елдер: 1. Монако, 2. Лихтенштейн, 3. Бермуды, 4. Норвегия, 5. Швейцария, 6. Катар, 7. Люксембург, 9. Австралия, 10. Швеция, 73. Казахстан.

Бүкіләлемдік банктің әдістемесі бойынша елдердің классификациясы. Бүкіләлемдік банк өз методологиясы бойынша жылсайын әлемнің елдеріндегі жалпы ұлттық табыстың (ЖҰТ) жан басына шаққандағы көрсеткішті есептеп отыра барлық мемлекеттер мен территорияларды келесі топтарға бөледі:

Жан басына шаққандағы табыстары жоғары елдер (12276 долл. жоғары)

Жан басына шаққандағы табыстары орташа елдер (3976 долл. -12275 долл. дейін)

Жан басына шаққандағы табыстары төмен елдер (1005 долл. аз)

БҰҰ-ның классификациясы. Қазiргi кезде ХХ ғ. 90-ші жылдарынан бастап БҰҰ классификациясы бойынша барлық елдерi үш топқа бөлінеді:

өнеркәсiбi дамыған

дамушы

өтпелi экономикалы елдер

Бұл топтастырудің негізінде ұлттық экономикаларды даму деңгейі және нарықтық қатынастардың даму дәрежесі критерийі жатыр.

1990ж. БҰҰ - ы адамзаттың даму индексі деген көрсеткіш енгізген. Тек ғана елдегі тұрмыс дәрежесін ғана көрсетеді. 3 көрсеткіш бойынша құралады:

1. Жан басына шаққандағы табыс;

2. Денсаулық (өмір жас ұзақтығын алады);

3. Білім жүйесі (адамдар сауаттылығы).

Адамзат дамуының индексі үш топқа немесе төрт топқа бөлінеді:

1. Өте жоғары; (42 ел)

2. Жоғары; (43 ел)

3. Орта;(42 ел)

4. Төмен.(42 ел)

Наши рекомендации