Азақ зиялыларының атқарған қоғамдық-саяси қызметі

Қазақ халқының азаттық күресіне ХІХ-XX ғасырларда қалыптасқан қазақ зиялылары үлкен үлес қосты. Олар, атап айтқанда, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар еді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады.

1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында бес облыстан келген қазақ халқы делегаттарының съезі өтті. Ондағы мақсат кадеттер үлгісімен қазақтың саяси партиясын құру еді. Ол партия қазақ халқының ұлттық мүдделерін қорғауға тиісті болатын. 1906 жылы Семей қаласында қазақтардың съезі шақырылды. Онда қабылданған негізгі бағдарламада дін бостандығы, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселелері қамтылды. Съезге қатысушылар сонымен қатар қазақ балалары үшін мектеп, медреселер мен университет ашу, Қазақстанға Ресейдің ішкі жағынан шаруаларды қоныс аудару үрдісін шектеу талаптарын да көтерді.

Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы[өңдеу]

Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады.

1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.

Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.

1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан - Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан - Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды.[1]

Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан - Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан - Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан - Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.

II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».

Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бірқатар үндеулер де жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».

Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмет етті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларын да ешқашан есінен шығарған емес.

Шәймерден Қосшығұлұлы (1874—1937) І және II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланды. Ол өз жерлестерінің арасында өте беделді әрі құрметті азамат еді. Қазақ халқының шын мәніндегі біртуар ұлы болатын. Ш. Қосшығұлұлы өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғады. Сол үшін полиция тарапынан талай рет қуғын-сүргінге ұшырады.[1]

II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары[өңдеу]

Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар, соның ішінде қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Патша үкіметі Қазақстанның байырғы халқы сайлауға қатысуға әлі дайын емес деп санады. Сондықтан да 1907—1917 жылдарда қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ. Патша үкіметінің бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. 1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Костанай сияқты тағы да басқа қалаларда наразылық митингілері болып өтті. 1908 жылы Ә. Бөкейханов Выборг үндеуіне қол қойды. Ол үндеу II Мемлекеттік Думаның таратылуына қарсылық ретінде қабылданған болатын.

Келесі шақырылған Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының мүдделерін Т. Седелъников, В. Недоносков, Н. Бородин, И.И. Космодемияновский, А. Виноградов, Н. Скалозубов сияқты орыс депутаттары белсене қорғады. Орынбор губерниясынан сайланған депутат Т.И. Седельников Мемлекеттік Дума мәжілісінде былай деп ашық айтты: «Жүздеген мың қырғыздар... мүлде жерсіз қалып отыр, ұлтарақтай ғана болмашы жері бар қырғыздардың саны кем дегенде миллионға жетеді». Қазақтардың жерге қатысты құқығын башқұрт Ш. Сыртланов, татар депутаты С. Максудов қорғады.

Закавказьелік депутат X. Мамедов III Мемлекеттік Думаның мінберінен бүкіл мұсылман фракциясының атынан сөйлеген сөзінде Ресейдің ішкі аймағынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударуды онда қазақтардың жерге қатысты занды құқықтары шешілгенге дейін тоқтата тұруға шақырды. Қазақтың белгілі саяси қайраткерлердің бірі Мұстафа Шоқай Думаға депутат болмаса да, III және IV Мемлекеттік Думалардағы мұсылман фракциясының құрамына кіріп, ондағы мұсылман депутаттардың назарын қазақтардың бастан кешіріп отырған ауыр халіне аударды.

Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы[өңдеу]

1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.

Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.[1]

6. Дінмұхаммед Қонаев саяси қайраткер!

Қазақстан тарихында Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың өмірі мен қызметі халық үшін қалай өмір сүру мен еңбек ету керектігінің тамаша үлгісі болып қалады. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, 8 Ленин орденімен, КСРО, шетелдік мемлекеттердің басқа ордендерімен және медальдарымен марапатталған [1, 15-б.].

Қазақстанның көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері, ғалым, Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев 1912 жылғы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келген. Чернышевский атындағы № 19 бірінші сатылы мектепте оқыды. Төртінші сыныпты бітірген соң 14-ші мектепте оқыды. Дінмұхамед оқу озаты болмаған, бірақ қиын ғылымдарды үлкен сүйсінушілікпен меңгерген. Мектептегі сабақтарынан кейін республика Мемлекеттік жоспарының аудандандыру секторында статист болып жұмыс істеген, ал кешке институтқа даярлық курстарында білім алған.

1931 жылы жас Д.А. Қонаев Мәскеуге Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен М.И. Калинин атындағы Мәскеу түсті металдар және алтын институтына оқуға түсу үшін барады. 1936 жылғы шілде айында Д.А. Қонаев институттың тау-кен факультетін бітіріп, Қоңырат-Балқаш құрылысына жіберіледі. Өзінің Балқаш-Қоңыратқа жіберілгені туралы кейіннен былай деп жазған: «Мұнда менің еңбек жолым басталды. Мен бұл өлкеге бөтен емес едім. Осы жерде бес айлық практикадан өткенде, Қоңыратпен және оның адамдарымен танысқан болатынмын. Ол кезде мен жаңа ғана құрылған шығыс үйіндінің ондығы болып жұмыс істегенмін. Жұмыс істеп жүріп, «Жылына 90 мың тонна қара мыс өндіру үшін Қоңырат карьерінің қуатын анықтау» тақырыбына арналған дипломдық жұмысыма материал жинадым. Дипломымды «өте жақсы» деген бағамен қорғадым. Менің еңбек жолындағы алғашқы қадамдарым Қазақстанның түсті металлургиясымен байланысты болды. Мен өзімнің елімізде Орталық Қазақстандағы қуатты мыс өнеркәсібінің, сонан кейін Рудалы Алтайда қорғасын-мырыш өнеркәсібінің қалыптас-тыруға қатысушылардың бірі болғанымды осы күнге дейін мақтаныш етемін» [2, 45-б.]. Осында болғанда, Д.А. Қонаев бұрғылау станогының машинисі, шебер, ауысымдық инженер, Қоңырат кенішінің директоры қызметтерін атқарды. 1938 жылғы қараша айында тұңғыш Балқаш мысы алынды. Д.А. Қонаев мемлекеттік награда – «Еңбектегі озаттығы үшін» медалін иеленді.

1939 жылғы қыркүйек айында Дінмұхамед Ахмедұлын Риддер руда басқармасының директоры ретінде Риддер полиметалл комбинатына жібереді. Соғыс алдындағы КСРО шекараларындағы жағдай стратегиялық мақсат – металлургия өнеркәсібіне қойылатын талаптарды күшейтті. Қысқа мерзім ішінде кеніштің жаңа директоры өндіріс көлемдерін көп есе ұлғайтып, оны артта қалушылар қатарынан озықтар қатарына шығарды. 1941 ж. Риддер Лениногорск деп қайта аталды. Соғыс жылдарында жауға атылған 10 оқтың 9 оғы Лениногорск қорғасынынан балқытылды.

Д.А.Қонаевтың жеке тұлғасының қалыптасуы, оның дамуы сталиндік дәуір, қатаң орталықтандырылған әкімшілік жүйесі жағдайларында болған, бұл Қазақстанның болашақ көшбасшысының саяси социализациялануының себебі болды. Д.А. Қонаевтың тағдыры әлеуметтік-саяси процестердің әсерімен қалыптасты, оларға бір жағынан — жалпыға ортақ оптимизм және халықтың социализм мұраттарына мұқалмай сенуі, екінші жағынан, қуғын-сүргін, тарихты, этникалық мәдениетті және дәстүрлерді «күйдіретін» жүйенің қатаң еріктік шешімдері тән болды, бұл Қазақстанның болашақ басшысына әсерін тигізбей қоймады [3, 76-б.].

1942 ж. сәуірде Д.А. Қонаев ОК билігіне шақырылып, онда 20 сәуірде республиканың Кеңестік халық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады. 1942 ж. 6 маусымнан бастап Д.А. Қонаев ҚазКСР Халық Комиссарлары Кеңесінде жұмыс істей бастады. Оның міндеттерінің шеңбері түсті металлургия кәсіпорындарының, көмір және мұнай өнеркәсібінің, электр станцияларының, темір жолдардың, автокөліктің, қорғаныс зауыттарының жұмысын үйлестіру болып анықталды. 30 жасында Д.А. Қонаевқа мемлекеттік басқарудың аса жауапты бөлігі, қазіргі шамамен — Премьер-министр орынбасарының постысы тапсырылған. 1949 ж. ақпанның аяғында Қазақстан коммунистерінің 6-шы съезінде Д.А. Қонаев алғаш рет ОК мүшесі болып сайланды [4, 70-71-б.].

1951 ж. желтоқсан айында Д.А. Қонаевты сол кездегі ҚКП ОК бірінші хатшысы Ж.А. Шаяхметов шақырып алып, Қазақстан тарихын идеологиялық жариялау бойынша жағдайды түзету қажеттілігіне байланысты ғылымдар Академиясын басқаруды ұсынды, ол ұсыныстан бас тартты. 2 айдан соң ОК-ға шақыру қайталанды. Бұл жолы Ж.А. Шаяхметов Д.А. Қонаевтың ғылым басқармасына ауысуға келісімін алды [8]. 1952 жылғы 16-17 сәуірде республиканың ғылымдар Академиясының жалпы жиналысының сессиясы өтті. ОК идеология жөніндегі хатшысының қысымымен бірінші күні академиктер М.П.Русаков және А.К. Жұбанов, корреспондент мүшесі К.Д. Жұмалиев атақтарынан айырылды. Кейіннен оларға қатысты әділдікті орнату мүмкін болды. 17 сәуірде ірі қазақ ғалымы Қ.И. Сәтпаев құпия дауыс берумен Ғылымдар Академиясы Президенті қызметінен және Төралқасының мүшесінен босатылды. Оның орнына бірауыздан Д.А. Қонаев сайланды.

Сталиннің өлімінен кейін елді Н.С. Хрущев басқарды. Л.П. Берия қамауға алынып, атылды, Г.В. Маленков – КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды және біртіндеп саяси бейболымға жіберілді. Н.С.Хрущев партияның және елдің толық билеуші қожайыны болды. Ол кезде Орталықта Қазақстандағы экономиканың, әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы жағдайға наразылық өрби берді [5, 86-б.].

ҚКП ОК Пленумында 1954 ж. ақпанда селоны қанағаттанарлықсыз басқарғаны үшін бірінші хатшы Ж.А. Шаяхметов өз орнынан босатылды. Көп ұзамай Қазақстанның КП VII съезінде бірінші хатшы — П.К. Пономаренко, екінші хатшы Л.И. Брежнев болып сайланды. Алғашқы жұмыс күндерінен бастап ғылымдар Академиясының Президенті мен партияның жаңа басшылығы арасында іскерлік, ізгі қатынастар қалыптасты, олар академиялық институттардың материалдық-техникалық базасын нығайтуда елеулі роль атқарды [6, 270-б.]. 1954 жылғы 30 қарашада республикалық ғылымдар Академиясы жалпы жиналысының сессиясы өтті, оған 13 академик және 17 корреспондент мүшесі сайланды, ал Қ.И. Сәтпаев Геологиялық ғылымдар институтының директоры қызметіне бекітілді.

1955 ж. наурызда Мәскеуде КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өтті, онда ҚазКСР ғылымдар Академиясы Президентінің сөз сөйлеуі жоспарланды. Қазақ тұрақты өкілеттігі ғимаратында баяндама жасауға дайындалып жатқанда, Д.А. Қонаев шұғыл түрде П.К. Пономаренкоға және Л.И. Брежневке шақырылды. Мұнда оның ОК бюросында республиканың Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметіне бекітілгенін және ғылымдар Академиясының Президенті қызметінен босатылғанын хабарлайды. Д.А. Қонаевтың табандылығымен республикалық ғылымдар Академиясының Президенті болып оның негізін қалаушы Қ.И. Сатпаев сайланды.

1955 жылғы 1 сәуірден бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Қазақ республикасы құрылғаннан бастап сегізінші Төрағасы Д.А. Қонаев өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға кірісті. Ол республика үкіметінің басшысы болғанда түсті металлургия, құрылыс-жинақтау жұмыстары, геология, энергетика және т.б. министрліктер ұйымдастырылды.

1960 ж. 19 қаңтарда Д.А. Қонаев ҚКП ОК Бірінші хатшысы болып бірауыздан сайланды. 1962 ж. желтоқсан айында мақта өсіру аудандарын Өзбекстанға беру туралы Н.С. Хрущевпен келіспеушіліктерден, Д.А. Қонаевты ҚКП ОК Бірінші хатшысы міндеттерінен босатып, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы етіп тағайындайды [7, 2-3-б.].

1964 ж. қазан айында Д.А. Қонаев Мәскеуде болып, Бірінші хатшы қызметінен Н.С. Хрущевті босатып, осы постқа Л.И. Брежневті сайлаған, КОКП ОК Пленумына қатысады. 1964 жылғы қараша айында Қазақстан Компартиясы ОК бюросының барлық мүшелері мен ҚазКСР Министрлер Кеңесі Төрағаларының орынбасарларын Мәскеуге шақырып, Д.А. Қонаевты ҚКП ОК Бірінші хатшысы етіп тағайындайды.

1982 ж. 10 қарашада Д.А. Қонаевты Мәскеуге Саяси бюроның мәжілісіне шұғыл түрде шақырды. Мәжілісті ашып, Ю.В. Андропов Саяси бюроның мүшелеріне Брежневтің қайтыс болғанын хабарлайды. Үнсіздікті К.У. Черненко бұзып, Ю.В. Андроповты КОКП ОК Бас хатшысы етіп сайлауды ұсынды. 12 қарашада КОКП ОК Пленумында жаңа Бас хатшыны сайлау өтті. Бұл геронтократияны – елді ақсақалдардың билеуін тоқтатудың басы болды. Ю.В. Андроповтың аз уақыт басқаруынан кейін КОКП ОК Бас хатшысы болып К.У.Черненко сайланды. 1985 ж. наурызда К.У. Черненко қайтыс болды және КОКП ОК Бас хатшысы постысына бірауыздан М.С. Горбачев сайланды. Елде «қайта құру» дәуірі басталды.

1985 ж. Қазақстан Компартиясының XVI съезі — Д.А. Қонаевтың басшылығымен өткен соңғы съезд болды, онда ол ҚКП ОК есептік баяндамасымен сөз сөйледі. Ол — ОК мүшесі, ал съезден кейінгі пленумда ҚКП ОК Бірінші хатшысы болып қайта сайланды. 1986 ж. күзде Д.А. Қонаев М.С.Горбачевке зейнеткерлікке шығу туралы мәселені қарастыру өтінішін ұсынды. Бас хатшы оның өтінішін бірден қолдады. 1986 ж. 11 желтоқсанда Д.А. Қонаевтың қатысуынсыз Саяси бюроның мәжілісі болды, онда оның зейнеткерлікке кетуі туралы шешім қабылданды. 16 желтоқсанда таңертең Д.А.Қонаевты зейнеткерлікке шығарып салған және Бірінші хатшы етіп Г.В.Колбинді тағайындаған, ҚКП ОК Пленумы болды.

Партиялық және шаруашылық басқарудың барлық жолдары тоғысқан, Үкімет төрағасының және Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы постысында 30 жылдан астам уақыт болып, Д.А. Қонаев Қазақстанның гүлденуі, оның өндірістік күштерінің дамуы, халық игілін арттыру үшін өте көп еңбек етті. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Балқаш, Жезқазған кен-металлургия комбинаттары құрылды және дамыды. Оның көмегімен химия, металлургия институттары пайда болды, қазақстандық ВАСХНИЛ, Ақмоладағы Бураевский институты әлеуметтік тапсырыстар пакетін алды, ядролық физика саласында қарқынды жұмыстар басталды; Орта Азия әскери округі, әскери-инженерлік база құрылды.

Д.А.Қонаев республиканың ауыл шаруашылығының көтерілуіне үлкен көңіл бөлді. Ол агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық қайта қарулануы қалай жүріп жатқанын, асыл тұқымды мал және тұқым өсіруді, өндіріске жаңа технологияларды ендіруді, ауылды қайта құруды және ауыл еңбеккерлерінің тұрмысын үнемі қадағалады. АӨК үшін жауап беретін министрлерді өзіне жиі шақырған, ғалымдармен, мамандармен және өндіріс озаттарымен кеңескен.

Д.А. Қонаевтың қамқорлығы мен қолдауын үнемі сезінген, ауыл еңбеккерлерінің екпінді еңбегінің арқасында республика Кеңес Одағының ірі астық және мал шаруашылығы базасына айналды. Тың игеру жылдарында Қазақстан елімізге бір миллиард пұттан астам нанды — 9 рет, ал оныншы бесжылдықта жыл сайын дерлік сатты. Астықтың жалпы өндірісі — 27-28 миллион тоннаға, ал кейбір жылдары 34 миллион тоннаға жетті. Халықтың жан басына 1500-ден 2000 килограмға дейін бидай өндірілді. Салыстыру үшін: КСРО-да бұл көрсеткіш 1984 жылы — 712, АҚШ-та — 1331, Францияда — 1075, ГФР-да 448 килограмды құраған. Мемлекеттік ресурстарға бидайдың күшті сорттарын жеткізу жалпы алғанда КСРО-да осы дақылды дайындаудың жалпы көлемінен 70 пайызға жетті.

1987 жылғы 1 қаңтарда ірі қара малдың басы — 9,5 миллионға, қойлардың басы 36,5 миллионға жетті. Ет, сүт, жұмыртқа, жүн және басқа өнім өндіру және дайындау көлемдері өсті. Ауылда күрделі құрылыстың ауқымы өлшеусіз артты, оған тыңды көтерудің алдындағы барлық жылдарда Қазақстанның бүкіл ауыл шаруашылығына салынған қаржыға қарағанда 7 есе көп қаржы салынды. Егер 1940 жылы республикада 194 совхоз болса, онда 1985 жылы оның саны 2 мыңнан асты. Тың игеруге жұмсалған шығындар артығымен өтелді.

Жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ауыл шаруашылығының жүздеген мың еңбек озаттары КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталды, ал олардың көпшілігі Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді.

Ірі республиканың басшысы ретінде Д.А. Қонаев Қазақстандағы шаруашылық құрылысының көптеген проблемалары бойынша күрделі мәселелерді одақ органдарында табанды және тиімді шешкен. Сондай-ақ әдеттегідей қолдау тапқан. Сонымен бірге КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі ретінде оның орталыққа қарсы тұруы қиын болды, Мәскеуде әдептілік, икемділік, ал кейде кішіпейілділік танытуға тура келген.

Ол шетелде және кеңес мемлекетінде үлкен беделге ие болған. КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, сегіз Ленин орденінің кавалері, академик – міне, оның еңбегіне, талантына, ойы мен өзінің жарқын өмірін арнаған, ісіне берілгендігіне көрсетілген құрмет.

Нағыз интернационалист ретінде Д.А. Қонаев өзінің көп ұлтты халқын жақсы біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сүйген, оның патриотизмін, еңбек сүйгіштігін, өзін-өзі құрбандыққа шалуын және рухани ұлылығын жоғары бағалаған.

Д.А.Қонаев көрнекті мәдениет қайраткерлерімен, музыканттармен, композиторлармен, суретшілермен, сәулетшілермен достық қарым-қатынаста болған. Әдебиетті, өнерді жақсы білген. Атақты қазақстандықтарға таң қалудан шаршамаған. Ол ақын Олжас Сүлейменов, әртістер К. Байсейітова, Б. Төлегенова, Е. Серкебаев, А. Әшімов, сәулетші Ю.Г. Ратушный және көптеген басқа атақты адамдар туралы көптеген жақсы және ізгілікті сөздер айтқан.

Оның Алматыны салу және көркейтуде жасаған игі істері аз емес. Оның бастамасы бойынша тұрғызылған Республика Сарайы, Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, Б. Шолақ атындағы «Медеу» спорт кешені, Республика алаңы, «Қазақстан», «Жетісу», «Алматы», «Алатау» қонақ үйлері, цирк, аэровокзал, әуежай және көптеген басқа ғимараттар Қазақстан Республикасының визит карточкасы болды. Д.А. Қонаев республиканың мәдениетін өте жоғары бағалаған және үнемі қолдаған.

Д.А. Қонаевтың Қазақстан экономикасы мен мәдениетіне қосқан үлесі орасан. Өзінің игі істерімен ол Отанының даңқын биікке асқақтатты, өзінің есімін мәңгі етті және Қазақстан деп аталатын елінің тарихында мәңгілікке қалды.

Азақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы XIII-XV ғғ. Түркі және Моңғол мемлекеттері.

Моңғол мемлекетінің құрылуы (XIII ғ.). Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азияны басып алуы. Ұлыстардың құрылуы.

1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды .

Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.

Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.

1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды.

Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.

Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басын алынды.

Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.

1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Қайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.

1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады.

Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Қайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.

Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы ерлікпен қорғанды. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі.

Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты.

Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.

1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді.

Ұлыстардың құрылуы. Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.

Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.

Алтын Орда (1243-XV ғ. Ортасы): құрылуы, этникалық құрамы, билік жүйесі.

1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отырды. 1235 жылы Монғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайда Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі, ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашы- лардың қолында билік көп болды. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда- да монғолдар басым тайпа болған жоқ. ХІV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деп аталынған. Сонымен қатар Алтын Орда Берке ханның тұсында біртұтас монғол империясынан, бөлек тәуелсіз мемлекет болды. Кейін Алтын Ордада Мөңке хан өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орда ХІV ғасырдың І жартысында, Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында едәуір көтерілді. Өзбек ханның тұсында 1312 жылы мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың ІІ жартысы. 1359—1379 жылдар Алтын Орда тарихында “Ұлы дүрбелең” кезеңі деп аталынды. Кейін Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы өз билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып 1382 жылы Мәскеуді өртеді. Солтүстік пен Батыста Ақсақ Темірдің басқын- шылық жоспарларына Алтын Орда мемлекеті кедергі жасады. Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқас 1395 жылы болды. Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес-тартыс Сыпыра жыраудың жырларында бар. Алтын Ордада әскер ісін және дипломатиялық қатынастарды “беклербектер” басқарды. Ал, “басқақтар” алым-салық жинаумен айналысты. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Алтын Орданың ыдырау себебі мыналар:

- этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;

- шаруашылығының өркендеуі нашар болды; - билік үшін талас күшейді;

- езілген халықтың азаттық күресі күшейді.

Әмір Темір әскерлерінің 1389-1391 және 1395 жылдардағы жорықтары нәтижесінде Алтын Орда талқандалды. Алтын Орда ХV ғасырдың ортасына қарай біржола құлады. Шаруашылығы және мәдениеті. Көшпелі мал шаруашылы- ғы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтары- ның басты шаруашылығы осы екеуі. Алтын Орда халықтары, негізінен, мұсылмандар болды. Алтын Орда мемлекетінде ал- ғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кей- іннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылды.

XIV-XV ғғ. Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері: этникалық құрамы, саяси жағдайы.

Алтын орданың тарихын зерттеушілер Көк Орда, Ақ Орда деген терминдердің шығуын Жошы ұлысының әр бөліктері деген пікірді ұстанады. Бірақ Ақ, Көк Орданың туу кезеңі туралы әр түрлі қайшы пікірлер айтылуда. Батудың Алтын Орданы басқару кезеңінде енші жерлер, облыстар Жошыдың басқа ұлдарының меншігінде болған. Ақ Орда – Шибанда, Көк – Орда-Еженде Жошылықтардың генеологиясы бойынша оның үлкен ұлы Орда-Ежен Бату ханның келісім берген. Орда-Ежен еншілікке әкесінің резиденциясын Ертістің бойында Алакөл көлінің жанында орналасқан Көк Орданы алды. Осы оқиғаға байланысты Үтеміш қожаның аңызын келтіре кету керек: Шыңғысхан Жошының мұрагерлік мәселесін қарастырғанда Орда-Еженге көк түсті киіз үй қойған, соған байланысты Көк Орда.

Ақ Орда: Берке ханның өлімінен кейін 1266-67жж Абул Гази жазғандай, Меңгі-Темір хан таққа отырып, ұлыста тәртіп орната бастады. Ақ Орда орналасқан аймақты ол Шибан ханның ұлы Бахадур ханға еншілікке берді.

Көк Орда термины ресми атау ретінде Жошының тірі кезінде қолданылған:

1. оның ордасын, Алакөл маңайындағы білдіру үшін;

2. бұл термин Жошының ұлдары Орда-Ежен ұрпақтарының иеліктерін білдіру үшін;

3. Көк Орда жошылықтардың сол қанаттың ханзадалары деп атаған

Ақ Орда.

а) Ақ Орда сөзтіркесі алғаш рет 1266-67 жылдардағы оқиғаларды сипаттауда Алтын Орда ханы Меңгі- Темірдің билегенге дейін болғанын білдіреді;

б) Ақ Орда термині Шибан ұрпақтары иеліктеріне қатысты, себебі олардың географиялық орналасуы Алтын Орданың алғашқы хандарының жеке сарайлары мен Орда- Ежен иеліктерінің аралықтарында болды. Орда-Ежен иеліктері алғашқыда Жошы ұлысының ең шығысында орналасты;

в) Ақ Орда ханзадалары Жошылықтардың әскерінің оң қанатына кірді. Ұлыстар – Шыңғысхан династиясының билеушілер мүшелерінің меншік иеліктері, өсуіне және өз бетімен бөлінуіне қарай мемлекеттікті білдірді.

Көк Орда және Ақ Орда XIV ғасырдың екінші жартысында Өзбек ұлысына орын беріп, кейіннен бұл ұғым Жошы ұлысында қолданылмады.

Ақ Орда аумағы XIV ғасырдың ІІ-ші жартысында Алтын Ордадан тәуелділігінің әлсіреуіне қарай біртіндеп қалыптасты.

Орда-Ежен ұлысы алғашқыда Ертіс маңайынан Жетісудың солтүстік-шығыс жағында орналасты. XIV ғасырда Орда-Ежен билеушілері өз биліктерін Шибанға да жүргізді, яғни қазіргі Қазақстанның барлық аумағына, Жетісудан басқа. Жетісу Шағатайлар мемлекеті құрамына кірген. Ақ Орданың саяси орталығы Қазақстанның оңтүстігіне ауысты. Астанасы Сығанақ қаласы болды.

Ақ Ордада түркі тілдес тайпалар қоныстанған, сондай-ақ шығыс далаларынан қоныс аударған түркі тілдес моңғол тайпалары: қыпшақтар, найман, үйсін, арғын, қарлұқ, керейт, қаңғы, қоңырат, маңғыттар т.б.

Көшпелі аудандарда малға жеке меншік болғанда жайылымдарға билік ету ірі ақсүйектерге берілген, сондықтан олар жайылымдардық да меншік иелері болды, сөйтіп олар барлық қауымдастық иелігін де меншіктенді. Сондай-ақ, кейбір басылымдарда Ақ Ордада инджу, мильк, сайургал ақсүйектерінің жер иеленудің мұрагерлік түрін қолданғаны туралы айтылған. Қарапайым көшпенділер мен егіншілерді пайдаланудың әр түрлері орын алған, ол үшін пайдасына алым салық төлеген. Малшылар – зекет төлеген, етпен, яғни соғым, сыбаға ретінде. Егіншілер – бадж, харадж. Әскер үшін тагар жиналған. Мұсылман дінбасылары вакф жерлерін иеленген.

Мемлекет басына Орда-Ежен ханы тұрды, оған Жошының жер иелері бағынатын және өз жер иеліктерінде және қол астындағы тайпаларға әкімшілік саяси билікті жүзеге асыратын ірі көшпелі ақсүйектер (бек, әмір, бағадурлар) кірді.

Наши рекомендации