Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер
Мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатқа ие, саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыруға жауаптылықта болатын мемлекеттiк қызметшi; Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қызметін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
Олар:
1) «А» корпусы – кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
3) «Б» корпусы – «А» корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
Сонымен, мемлекеттік қызметтегі қызметшілердің ақы төленетін лауазымдарға ие болуына қарай, мынадай әр түрлі лауазымдық функцияларды жүзеге асырады, олар:
- басқарушылық (орган, мекеме және т.б. басшылары)
- құқық қолданушылық (ІІО қызметкерлері және т.б.)
- әлеуметтік-мәдени (оқытушылар, дәргерлер және т.б.)
Сонымен, мемлекеттік қызмет, мемлекет пен азаматтың арасындағы қатынысты байланыстырушы звеносы болып саналады. Мемлекеттік қызметтің негізгі міндеттерінің ішінде, негізгі болып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғам негіздерін нығайту саналады.
Мемлекеттік қызмет түрлеріне тоқатала кетсек. Мемлекеттік қызметті түрлеріне бөлудің негізіне, мемлекеттік басқару саласындағы заңшығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтары жатқызылған.
Билік тармақтарына бөлу принципіне байланысты, мемлекеттік қызмет, заңшығарушы, атқарушы және сот билігі органдарындағы және басқа да мемлекетті органдардағы (прокуратура органдарындағы) қызмет болып бөлінеді.
ҚР ''Мемлекеттік қызмет туралы'' Заңның 7-бабында мемлекеттік қызметшілердің саралануы бекітілген, оларға:
Саяси лауазымдарға:
1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары және Парламент алаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
4) орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды бұзу үшін жауаптылық.
1. Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ заңда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазалар:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызмет негізін жетілдірудің маңызды нысаны – жергілікті мемлекеттік басқару органдары мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін көтеру. Мұның рөлі жыл өткен сайын аса береді. Мемлекеттік қызметшінің қазіргі кездегі еуропалық моделі өзінің маңыздылығы бойынша шенеуніктердің мынандай қасиеттерін бөліп көрсетеді:
1. тазалық ( әдептілік ) ;
2. ашық- жарқындық ;
3. әділдік ;
4. талдай білу ;
5. жауапкершілік сезімі ;
6. басқарудың жаңа әдістері мен техникасына құштарлық ;
7. тапсырмаға жасампаздық көзқарас.
Біздің елімізде мемлекеттік қызметшілерінің бойына осы аталған және басқа да кәсіптік қасиеттерді сіңіру үшін тиісті заң, қаулыларға сәйкес лауазымды тұлғалар өз кадрларының біліктілігін көтеруді ұйымдастырудың белгілі бір шараларын қолдануда.