Бонтировкадан өткен қойларға ен салу және бонитировкалық кілттер
Бонитировкадан өтетін қойдың құлағына ен салу арқылы оның қай класқа жататыны ажыратылады. Бұл жұмыс арнаулы қысқаш-қайшы арқылы жүргізіледі. Қойдың класын ажырататын ен салу асылдандыру жұмысын ойдағыдай жүргізудің тура жолы және жұп таңдаудың негізгі кілті болып саналады.
Бонитировкалық ен салу төмендегіше жүргізіледі:
а) биязы жүнді қой тұқымдары және олардың будандары:
- элитаға жататын қойдың оң құлағының ұшы айыр тілік болып кертіледі. Оған қосымша, егер саулық элита таңдаулы топқа бөлінетін болса, онда оның сол құлағына да осындай белгі ен салынады;
- І класқа жататын қойдың оң құлағының астыңғы шетінен бір кертіледі;
- ІІ класқа жататын қойдың оң құлағының астыңғы шетінен екі кертіледі.
- класқа жатпайтын қойдың оң құлағының ұшын көлденеңінен шорт кесіп тастайды.
б) таза тұқымды биязылау жүнді қойлар:
- элитаға жататын қойдың оң құлағының ұшы айыр тілік болып кертіледі. Оған қосымша егер саулық элита (таңдаулы) топқа бөлінетін болса, онда оның сол құлағына да осындай ен салынады;
- І класқа жататын қойдың оң құлағының астыңғы шетінен бір кертіледі;
- ІІ класқа жататын қойдың оң құлағының астыңғы шетінен екі кертіледі;
в) биязылау жүнді қой тұқымдарының будандары:
- элита (таңдаулы) қойдың сол құлағының ұшы айыр тілік болып кертіледі;
- І класқа жататын қойдың сол құлағының астыңғы шетінен бір кертіледі;
- ІІ класқа жататын қойдың сол құлағының астыңғы шетінен екі кертіледі;
- ІІІ класқа жататын қойдың сол құлағының үстіңгі шетінен бір кертіледі;
- ІV класқа жататын қойдың сол құлағының үстіңгі шетінен бір астыңғы шетінен бір кертіледі.
г) ұяң және қылшық жүнді құйрықты қойлар:
- элита (таңдаулы) қойдың сол құлағының ұшы айыр тілік кертіледі;
- І класқа жататын қойдың сол құлағының астыңғы шетінен бір кертіледі;
- ІІ класқа жататын қойдың сол құлағының астыңғы шетінен екі кертіледі;
- ІІІ класқа жататын қойдың сол құлағының үстіңгі шетінен бір кертіледі.
Жарамсыздыққа жататын қойдың сол жақ құлағының ұшы көлденеңінен шорт кесіліп тасталады.
Асыл тұқымды қой шаруашылығында элита және 1 класты қойларға арнап жеке құжаттар ашылады. Жеке бонитировка жүргізгенде 57 үлгідегі құжат толтырылады. Жоғарыда келтірілген бонитировкалық кілттер арқылы жүргізіледі.
Селекциялық ядро құру арнайы актімен бекітіледі (облыстық басқарма) аталық із құру да арнайы құжатымен, актімен басталады. Қошқар өте жоғары, ерекше бағаланады.
58-Кесте. Қазақстанда өсірілетін және пайдаланылатын қой тұқымдарының бонитировка кілттері:
1. Биязы жүнді қой тұқымдары | |||
№ | Тұқымның аты | Арнаулы кілт | Тұқымның шифры |
Солтүстік қазақ мериносы | СКМ | ||
Оңтүстік қазақ мериносы | ОКМ | ||
Қазақтың биязы жүнді қойы | КТ | ||
Қазақтың арқар-мериносы | АК | ||
2. Биязылау жүнді қой тұқымдары | |||
Линкольн | Л | ||
Ромни-марш | РМ | ||
Цигай | Ц | ||
Гемпшир | Г | - | |
Қазақтың етті-жүнді биязылау қойы | ҚЕЖ | - | |
Батыс қазақстан етті-жүнді кроссбредті қойы | БҚЕЖ | - | |
Биязылау жүнді дегерес қойы | БЖД | ||
3. Ұяң және қылшық жүнді құйрықты қой тұқымдары | |||
Еділбай | ЕД | ||
Сараджы | С | ||
Ұяң жүнді дегерес қойы | ҰД | ||
Қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы | КҰҚ | ||
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы | ҚҚ | ||
Сарыарқа қой тұқымы | СА | - |
Қойдың келбеті, типі мен терісінің қатпарлығы биязы жүнді тұқымдар үшін “С” конституциясы, өнімділігі және терісінің молдығы, қатпарлығы жөнінен осы тұқымдар үшін ұнамды тип болып белгіленеді;
“С+” – жүн өнімділігі мол, терісінің қатпарлығы көп тип белгіленеді;
“С-”- терісінде қатпарлары аз, немесе жоқ, терісі мол емес, жүні сирек, бірақ та еттік қасиеттері жақсы тип белгіленеді.
Ойдың жүнінің қалыңдығы.
“ММ” – қойдың үстінде жүн өте қалың
“М+” – жүннің қалыңдығы жақсы.
“М-” – жүннің қалыңдығы нашар.
“М” – жүннің қалыңдығы орташа.
Ой жүнінің ұзындығы
Қойдың жүнінің ұзындығы, оның мүшелерінің әр жерінен линейка арқылы өлшеніп, Ұ әрпімен белгіленіп жазылады. Кілттің жанына жүннің ұзындығы жазылады. Мысалы: Д 8,5-жүнінің ұзындығы 8,5 см.
Ой жүнінің иректігі
“И” – жүнінің иректілігі жақсы, жабағыда анық айшықталған.
“И+” – жүнінің иректілігі өте жақсы, жабағыда шиыршықтанып көрінеді.
“И-”-жүнінің иректілігі нашар, жабағыда анық көріне бермейді.
Қой жүнінің жіңішкелігі: