Азақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінен мемлекеттік
емтихан сұрақтары (2016-2017 оқу жылы)
1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің мақсат-міндеттері.
Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, бізге қай жерде туғанымызды, туған еліміздің қандай екенін, біздің туған жерге деген қатынасымызды, отанымыздың кешегісі мен бүгінгісіне көз жіберуімізге мүмкіндік туғызады.
Қателіктер жібермеу үшін өз еліңнің тарихын білу керек. Тарихи оқиғалар тізбесін ғана емес, әкелер жерінің тарихының негізін, негізгі мағынасын білу керек.
Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу - әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
“Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.
Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор.
Келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өзі шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және осыған байланысты жаңа тарихи үрдістер - азаматтардың сана сезімінде елеулі өзгерістер туғызды. Әлемге, халыққа және оның тарихына деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Егер бұрын Қазақстан тарихы- Совет Одағының бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырылса, енді оны әлемдік тарих, Еуроазия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының; Орта Азия халықтарының тарихы тұрғысында қарастыру сезімі туып отыр.
Сондықтан да бүгін Қазақстан тарихын зерделеуде біз жалпы өркениеттік тұрғыны пайдаланамыз, себебі, Қазақстан тарихы- бүкіл әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады. Оның еуроазия мәдениеті мен тарихына жататындығына көңіл аударуымыз маңызды. Еуропа мен Азияның тоғысуында жатқан Қазақстан аймағы әрқилы халықтар, өркениеттер, мәдениеттерді байланыстыратын “көпір” болды.
Жалпытүрік ортақтықтағы, көшпелі өркениеттін жүйесінде, еуроазиялық халықтардын тарихи-мәдени ортақтықтын дамуында қазақ халқының орынының, мемлекеттілігінің ролін көрсету – қазақстан тарихының міндеттерінде маңызды орын алады. Қазақ этностын қалыптасуының негізгі кезеңдерін, оның шаруашылығын, тұрмысын, әлеуметтік құрылысын, және саяси жүйесін ұзақ тарихи уақыт бөлігінде анықтау Қазақстан тарихының міндеттеріне кіреді. Этногенез, мемлекеттілік, көрші этникалық ұйымдарымен, мемлекеттерімен қатынастар, отарлық соғыстар, ұлт-азаттық қозғалыстар – қазақ халқы тарихының негізгі мәселелерін қайта бағалауына, қайта ойлануына көмек ету – Қазақстан тарихының маңызды міндеттерінің бірі. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-таптық қатынастарын сипатталау, жұрттын әр түрлі әлеуметтік топтардын ролін көрсету тарихи ғылымының зор мәселелеріне жатады. Тарихи ғылымында кошпенділердін рухани әлемінің эволюциясы, олардын әлемдік өркениетіне қосқан үлесі, көшпелі дала мәдениеттін егіншілік-отырылықшық мәдениетімен, көрші Ресей, Қытай, Кіндік Азияның халықтарының мәдениеттерімен өзара байланысы және өзара ықпалы жаңа өркениеттік тұрғысынан көрсетіледі.
Қазақстан тарихы пән ретінде студенттердін дүниетанымдарын, азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді, яғни өз елінің, өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.
«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – оқушыларының дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру.
• оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
• оқушылардың басты назарын қоғам тарихына; адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;
• гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
• оқушыларда тарихты оқып-үйренудегі көпөлшемділігі және тарихи процестің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру;
• оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
• Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы ең бастысы оқушылардың назарын келесі мәселелерге аудару:
1. Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін зерттеу;
2. Көшпелі дүние жүйесіндегі қазақ халқының рөлін ашу және оның әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету;
3. Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этносының, тұрмысының, шаруашылығы мен әлеуметтік-саяси қондырғысының қалыптасу процесіне зер салу;
4. Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау.
Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз.
Қазақстан тарихы пәнінің негізгі мақсаттары мынадай:
- тарихи дәуірлерге талдау жасау;
- этностық тарихқа талдау жасау;
- түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;
- түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.
2. Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы (Сақтар, қаңлы, үйсін, ғұн мемлекеттері).
Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.
Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.
Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған».
Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун жазбасы», Сузінің, Ксеркстің «Дәвтер туралы жазба»). «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сактарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.
1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген
2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.
3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген.