Кесте. Елтіріде өрнектің әртүрлі орналасуына қарай бұйраның орташа ұзындығы, см
Өрнектің орналасуы | Елтірінің топографиялық учаскелеріндегі бұйра ұзындығы | |||
Жамба-сында (см) | Арқасын-да (см) | Шоқты-ғында (см) | Бүйірінде (см) | |
А. Паралелль шоғырланған | 7,6 | 6,9 | 3,5 | 4,0 |
Б. Паралелль түзу | 8,0 | 7,1 | 6,3 | 6,5 |
В. Аралас | 2,2 | 1,5 | 1,3 | |
Г. Шырша тәрізді | 7,5 | 6,9 | 6,2 | 4,5 |
Құрамдас: А + Б А + В Б + В | 6,4 5,8 3,2 | 5,2 4,1 3,7 | 3,5 2,0 2,3 | 3,2 2,1 1,7 |
Жоғарыда аталған типтермен қоса, бұйрадан өрнектердің орналасуынының ассиметриялық құбылысы болады. Елтірілердің көпшілігінде бұйралар бауырдан арқаға қарай симметриялы орналасады. Бұл жоғары бағаланады. Алайда, кейбір елтірілерде әсіресе, қаракөлшеде бұйраның орналасуында айқын ассиметрия (47 %) байқалады, бұйраның оң жағы сол жағына мүлде ұқсамайды. Асимметрия құбылысы құрсақтағы төлге механикалық әсер етуден (қысылудан) болады. Оған қоса, іштегі төлдің үнемі бір жағында жатып дамуы да әсер етуі мүмкін.
Өрнегі айқын және ішінара ассимметриялы елтірілердің көпшілігі қаракөлше тобындағы, тықыр елтірі мен қаракөлшеде байқалады. Қаракөл қаракөлшеге және қаракөл тобына ауысқан сайын ассимметрия құбылысы едәуір азаяды, ал бұйрасы дамыған елтірілер мүлде кездеспейді.
Қаракөл елтірісі өрнегіндегі ассиметрия өте сирек кездеседі, дегенмен, бұл құбылыс көбінесе мәскеулік жакет және 1 жұқа қабырғалы елтірі сорттарында байқалады (5-тен 15%-ға дейін). Біздің бақылауымызда бұйрадағы ассиметриялық өрнек көбінесе көлемі шағын елтірілерде ғана байқалады, мұның өзі көп төлдіктен немесе іштегі төлдердің бір-біріне үйкеліп әсер етуіне болуы мүмкін.
Қабырғалы және жакеттік елтірі топтарында кейде өрнегі көмескі елтірілерде кездеседі: жамбас тұсында олар параллель шоғырланып, ал арқасынан шоқтығына дейін және бүйірлерінде параллель түзу орналасады. Ал кейбір елтірілердің жамбас тұсында параллель шоғырланып, ал арқасынан шоқтығына дейін аралас бұйралар кездеседі. Мұндай елтірілер жакет және кавказдық тауарлары топтарда кездеседі.
Бұйрадағы өрнектің орналасуын тірі қозыда арқасынан бастап, ал сыпырылған елтіріде – кез келген тұсынан бағалайды.
Ең бағалы елтіріге бұйрасы лира тәрізді және параллель шоғырланып орналасқандары жатады, ал бұлардың түзілуіне көбінесе ұзын жартылай шеңберлі толқындау бұйра қатысады. Бұйрасы параллель-түзу орналасқан елтірілер әдемі келеді, бұлардың түзілуіне ұзын және ұзындығы орташа толқындау бұйра мен енсіз жал бұйралар қатысады. Бұйралары құрамалы орналасқан елтірілердің сапасы төмендеу, олардың өрнегі орташа, ішінара ұзын толқындау бұйра, және ұзындығы орташа жал бұйра келеді. Ал сапасы өте төменіне қысқа, орташа толқындардың, бұршақгүлдің, қысқа жал бұйраның аралас, бұрыс орналасқандары жатады.
Қаракөлді өңдеу процесінде бұйрадағы өрнектің орналасуы мүлде дерлік өзгермейді, оны көзбен анықтауға, суретке түсіруге және суретін салуға болады.
Бұйраның ашық жағыдегеніміз, оралатын талшықтар ұшының иілген, яғни кіретін жағы.
Елтірі бұйрасының осы белгілеріне қаракөл өсірушілер мен тауартанушылар ерекше мән береді. Елтірідегі бұйраның ашық жағы басына қарай бағытталса, ол өңдеу процесінде жақсара түседі, ал құйрығына қарай бағытталса керісінше нашарлай түседі.
Елтірілердің көпшілігінде бұйраның ашық жағы негізінен бүйірінен арқасына қарай бағытталады.
Өрнегі паралелль шоғырланған елтіріде бұйраның ашық жағы үнемі (96%) ішкі сызықтың жартылай шеңберіне, бауырынан – арқасына, жамбасынан басына қарай бағытталады.
Бұйра паралелль түзу орналасқанда, оның ашық жағы не басына (58%), не құйрығына (42%) бағытталады.
Өрнегі көмескі, аралас бұйралардың ашық жағы: басына 40,1% болған жағдайда, құйрығына – 16,2% және зара қарама – қарсы орналасқанда 43,7% жағдайда бағытталады. Тері илеу өндірісінде, әсіресе қаракөл елтірісінен қысқа тон тіккенде бұйрасының ашық жағы басына немесе құрсағынан арқасына қарай бағытталған елтірілерді таңдайды. Демек, тұқыммен селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгенде осы белгілерге айрықша көңіл бөлу қажет.
Бұйралардың ара қатынасы. Әрбір қаракөл елтірісінде 500 – ден астам бұйра болады, олардың формасы мен типі алуан түрлі. Сондықтан, елтірінің әртүрлі тауарлық типтері мен сорттары бұйра типі, олардың сапасы бойынша ғана емес, елтірінің стандартты аумағындағы әртүрлі бұйраның ара қатынасы бойынша да біркелкі емес. Елтірінің осындай маңызды көрсеткіштері селекция кезінде де, сондай – ақ елтірінің тауарлық қасиетін бағалағанда және сату үшін тобымен жұптағанда да ескереді.
Елтірідегі бұйраны И. Н. Дьячков пен Р. Т. Письменныйдың әдістері бойынша есептейді. Елтірі аумағын теңдей 10 шаршыға бөледі. Әрбір шаршыдағы түрліше типтегі бұйра санын есептеу елтірідегі олардың санын тез анықтауға мүмкіндік береді, демек қозыдағы және шикізаттағы қаракөл сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Елтірідегі қолайлы және қолайсыз бұйра типтерін анықтау қозыдағы және шикізаттағы қаракөл сапасын бағалаудың басты элементі болып саналады.