Азақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығы Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XTV-XV ғ. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс. Көшпелі ақсүйектер басымдығы артқан Әбілхайыр хандығы және Моғолстанның ішкі саяси қақтығысының нәтижесінде құрылды. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру, тайпа көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылып, Әбілхайыр мен Есен-Бұғаның билігіне мойын ұсынбады. Сондықтан,ХҮ ғасырдың 40-50 жылдары олар Керей мен Жәнібектің маңына: Қаратау, Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады. 1446 жылы Әбілхайыр Созақ, Сығанақ, Аркөк, Аққорған қалаларын басып алғаннан кейін ұлыстар арасындағы тартыс күшейе түсті. ХҮ ғасырдың 50-жылдары ойраттар Түркістан аймағына жетті. Ал 1457 жылы Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі қазақ ру, тайпаларырының Керей мен Жәнібектің төңірегіне тығызырақ топтасуын тездетті.Әбілхайыр ханның билігіне наразылық жаппай көшу тасқынын туғызды. ХҮ ғасырдың 50-жылдарынан бастап 10 жыл бойы осы тасқын толастамады. Халық Жетісудың батысына, моғолстанға көшті. Қазақтардың бір мемлекетке бірігу қозғалысы осылайша басталды. Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, қазақ хандығының құрылуына негіз болды. 1465-1466 жылы қазақ хандығы құрылды.Хандықтың алғашқы территориясы: Батыс Жетісу, Шу Талас өңірі. Әбілхайыр ханның қазақ хандығының құрылуына бөгет жасауға ұмтылуынанеш нәтиже шықпады. 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа аттанған Әбілхайыр жолда қайтыс болды. Бұдан кейін Жәнібек пен Керей шекараны кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалармен Шығыс Дешті Қыпшақты қосуға ұмтылды. Бұл аймақтардың экономикалық және стратегиялық маңызы күшті болды. ХҮ ғ. 70-жылдар Сауран, Созақ түбінде, Қаратаудың асуында ірі шайқастар болды. Йассы мен Сығанақты біресе қазақ хандары , біресе Мұхаммед Шайбани басып алып отырды. Осы кездегі біріккен қазақ қолын басқарған-Бұрындық хан (1480-1511) ХҮғ. 80-90 жылдары Сыр бойындағы Сығанақ , Йассы, Сауранды өзбектер мен қазақтар кезекпен алып отырды. ХҮІ ғ. басы –Қазақ хандығы Ақ орда мен Моғолстанның біраз бөлігін иеленді. Жошы ұрпағы Астрахань, Сібір, Қазан хандықтарына кетті. Сонымен қорытып айтқанда, Қазақ хандығының қүрылуына XV ғасырдың екінші жартысында Щазақстан жерінде екі мемлекеттің - Әбілхайыр хандығы (көшпелі өзбектер мемлекеті) мен Моғолстанның ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты. Өйткені, бүл мемлекеттердегі көшпелі ақсүйек-сүлтандардың экономикалық куш-қуаты артып, олардың әрқайсысы өз иеліктеріне жеке билік жүргізуге үмтылды, феодалдық талас-тартыс күшейді. Сөйтіп, бүл мемжекеттердің тарихи біріккен елдігінен айрылып, күйреуіне алып келді.
Қазақ хандығының қүрылуы қазақ хащының тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Ол үлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ ру-тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде маңызды рөл атқарды. Қазақ хандығының қүрылуы Жетісу жеріндегі ру-тайпалардың оның қол астына бейбіт жолмен көшуін қамтамасыз етті. Қазақтардың біртүтас мемлекеттігінің пайда болуы қазақ жүздерінің, сондай-ақ қазақ халқы қалыптасуының шешуші факторларының бірі болды. XV ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның халқы Қазақстанның басқа аймақтарымен шаруашылық, этникалық және саяси қатынастары одан әрі жалғасып, күшейе түсті.«Тарихи Рашиди»: ХҮ ғасырдың 50-жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған.М. Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегіндегі деректерге сүйенсек, ХҮ ғасырдың 50-жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған. Моғолдардың ханы Есенбұға (1432–1464) Шу өзенінің бойынан жер бөліп берген. Сонымен бірге, Есенбұға Әбілқайыр хан билеп отырған "Көшпенді өзбектер мемлекеті» тұрғындарының бір бөлігінің Керей мен Жәнібектің қол астына өтуіне қарсы болмады.
Бұлтуралы тарих беттерінде былай делінген:
Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілқайыр билікті қолына алғансоң, көшпелі халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шумен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасады. Осы тұста Әбілқайыр ханның кенеттен қайтыс болуына байланысты Моғолстанға қарсы әскери жорық тоқтатылды. Әбілқайырдың өлімінен кейін «Көшпенді өзбектер мемлекетінде» хан тағы үшін күрес басталды. Керей менЖәнібек қоластындағы тайпалар өзбек ұлысына қайта оралған соң тақ тартысының қарқыны үдей түсті. Соғыс басталды. Әбілқайыр ханның ұлы, хан тағының мұрагері Шейх-Хайдар қолбасшыларының бағынбауы салдарынан жеңіліске ұшырады. Шейх-Хайдар үзеңгілестерінің көпшілігінің көзі жойылды, тірі қалғандары жан-жаққа босып кетті. Осылайша, «Көшпенді өзбектер мемлекетіндегі» билік Әбілқайыр хан әулетінен Керей мен Жәнібектің қолына өтті. Олар тағыда отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі-де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға"Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақболып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарады. Билік үшін күрес қазақтарды ңөзара бірігіп Қазақ хандығының құрылуына мұрындық болды.
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» еңбегінде Жәнібек пен Керей хандар 1465 жылы Шуөзенінің бойында Қозыбасы деген жерде қазақ хандығының іргесін қалады деп көрсетеді.Жәнібек хан - Жәнібек Әбусағит (туға нжылы мен өлген жылы белгісіз)- Қазақ хандығымен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. Керей хан- Болатұлы Керей хан (?-1473ж.)- қазақ хандығының негізін қалаушы, Көк Орданың ханы Өрістің (Орыстың) шөбересі.
26. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
. «Жеті жарғы» заңдар (Тәуке ханның заңдары). XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі қуқық (право) нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі.
Жеті жарғы» жеті заңнан құралды: 1. Жер дауы заңы (земельный закон) 2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон) 3. Әскери заң (военый закон) 4. Сот заңы (судебный закон) 5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон) 6. Құн заңы (закон о Куне) 7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах) Тәуке ханның сыртқы саясаты.
Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген. Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтардың бітімге келе қоюы мүмкін емес еді. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді . Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар біріккен, қазақтар бытыраңқы болды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды.