Тақырып. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық теорияның пәні және әдістері
Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Экономика факультеті
Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы
Syllabus
Пән Экономикалық теория негіздері ( 2 кредит )
Мамандық: _______
Курс __
Академиялық топ: ______________________________
Студент ____________________________
Оқытушы: Якудина Р.С.
Оқу жылы
Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Syllabus
Пән Экономикалық теория негіздері ( 2 кредит )
сабақ өткізілетін орын | ауд. уақыты | апта күндері | оқытушы | байл. тел email |
Гришина көшесі |
КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ:
“Экономикалық теория негіздері” пәні барлық экономикалық ғылымдардың жалпы теориялық тұғырнамасы болып табылады. Сонымен қатар гуманитарлық және әлеуметтік пәндер қатарындағы маңызды пәндердің бірі. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралы студенттерге логикалық ұғымдарды игеріп, олардың экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға және қоғамдағы экономикалық құбылыстарды толық түсуге негізделген.
КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:
Экономикалық дамудың заңдылықтарын нақты игере отырып, нарықтық қатынас жағдайында жұмыс жасай алатын, жоғары сұранысқа ие мамандарды дайындау курсты оқытудың негізгі мақсаттарына жатады. Сондықтан да курстың негізгі міндеттері студенттерді теориялық экономикада қалыптасқан негізгі түсініктермен, категориялармен, батыстық және отандық атақты ғалым-экономистердің теорияларымен, тұжырымдамаларымен таныстыру және студенттердің экономикалық ойлау дағдысын қалыптастыру болып табылады. Теориялық экономика негіздерін білмей, қоғамдағы экономикалық жағдайды түсініп, оған байланысты экономикалық тұжырым жасау мүмкін емес.
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:
Философия, әлеуметтану, саясаттану, информатика, экономикалық матиматика,
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:
Ақша, несие, банк, экономикалық ілімдер тарихы, салық және салық салу, микроэкономика, макроэкономика
ОҚЫТУ ӘДІСІ:
Бұл курс дәстүрлі дәріс сабағын талқылау әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядаға талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады.
Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс.
Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндетті. Оқытушы материалды әр студентке жеке бермейтіндіктен, материал болмаған жағдайда басқа студенттен көшіріп алу қажет.
Семинар сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары және дәріс материалдарының сұрақтары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады.
Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:
Ағымдық бақылау: курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (көрсеткіштерді математикалық есептеулер, талдаулар, салыстырула, жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, презентация, мәнжазба, эссе т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтып, меңгерген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.
Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар тапсырмаларын, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы: Үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындалады және уақытында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша жауап алу түрінде жүргізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.
Мәнжазба эссе: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде үш рет 6, 11 және 14 апталарда өткізіледі.
Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.
Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.
КУРСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ:
№ | Бақылау түрлері | Қорытынды балл | |||||||||||||||
Үй тапсырмасы | * | * | * | * | * | * | |||||||||||
Дара өзіндік тапсырма | * | * | * | * | * | * | |||||||||||
Аралық бақылау тесті | * | * | * | ||||||||||||||
Мәнжазба, эссе | * | ||||||||||||||||
Коллоквиум | * | * | |||||||||||||||
Қорытынды емтихан | * |
БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:
баға | Коэффициент | % |
А | 4,0 | 95-100% |
А- | 3,67 | 90-94% |
В+ | 3,33 | 85-89% |
В | 3,0 | 80-84% |
В- | 2,67 | 75-79% |
С+ | 2,33 | 70-74% |
С | 2,00 | 65-69% |
С- | 1,67 | 60-64% |
Д+ | 1,33 | 55-59% |
Д | 1,0 | 50-54% |
F | 0-49% |
СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДА ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ:
Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында кіруге міндетті. Қатысым семестр бойына тексеріледі. Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.
Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Мысалы: ылғи келіспей отыру, өзге студенттердің сөзін бөлу, теріс пікір білдіру, сонымен қатар қорқыту, күш көрсету, мезгілсіз телефонды пайдалану, біреудің арына тиісу, тапсырманы орындаудан бас тарту т.б.
· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда, оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеу құқы бар.
· Аудиториямен жұмыс уақытында сабаққа кедергісін келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндіріп қою қажет.
· Кейбір материалдар дәріс барысында оқуға берілуі мүмкін, сондықтан студенттер кітапхана қорының кітаптарын пайдаланулары тиіс.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан-2030. Қазақстан Республикасы Президентінің халықына жолдауы. "Егемен Қазақстан". 11.10.97 ж.
2. Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. – Ақтөбе.: “А-Полиграфия”, 2004. - 455 бет.
3. Я. Әубакіров, К. Нәрібаев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, “Санат”, 1998. - 479 бет.
4. Ш. Қашықов, Ө. Нұргалиев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Қарағанды.: ҚарМТУ, 1997. – 208 бет.
5. Экономическая теория. Учебник. Камаев В.Д. и колл. авторов. – М.: ВЛАДОС, 1998.
6. Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С.,3-е изд., Юристъ, 2001. – 896 стр.
7. Политическая экономия. Учебник для ВУЗов. Медведев В.А., Абалкин Л.И., Ожерельев О.И. и др. М.: Политиздат, 1990.
8. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ұ.Е., Байжомартов Ұ.С. Нарықты экономика негіздері. Оқу-методикалық құралы. I бөлім. Ақтөбе, 1993. – 127 бет.
9. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ұ.Е., Байжомартов Ұ.С. Нарықты экономика негіздері. Оқу-методикалық құралы. II бөлім. Ақтөбе, 1993. – 108 бет.
10. Курс экономической теории. Общие основы экономической теории, микроэкономика, макроэкономика, переходная экономика. Учебное пособие. Сидорович А.В. и колл. авторов. М.:МГУ им. М.В.Ломоносова, изд-во ДИС, 1997.
11. Курс экономики. Учебник. Под ред. Райзберга Б.А. 3-е изд. доп. – М.:ИНФРА-М, 2001. – 716 бет.
12. П. Самуэльсон, С. Нордхаус. Экономикс. Оқу құралы. Алматы. 1996.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
1. К.Н.Нәрібаев, Е.Б.Жатқанбаев, Қ.С.Мұхтарова. Экономикадағы ғылыми зерттеу әдістері. Оқу құралы. – Алматы.: Қазақ университеті, 1999. – 242 бет.
2. Экономическая энциклопедия. Политическая экономия (в 4-х томах). – М.: "Советская энциклопедия", 1980.
3. Макконнелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика (в 2-х томах). Пер. с англ. М.: "Республика", 1992.
4. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. – М.:Дело, 1992.
5. Современный маркетинг. Под ред. Хруцкого В.Е. – М.:Финансы и статистика, 1991.
ПӘННІҢ ОҚУ ЖОСПАРЫ:
Апталар | Тақырыптар |
Экономикалық теорияның пәні және әдістері. | |
Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы. | |
Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік. | |
Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары. | |
Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс Ақша. | |
Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері. Сұраныс пен ұсыныс. | |
Бәсеке және монополия. | |
Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым. | |
Өндіріс шығындары. | |
Өндіріс факторларынан түсетін табыстар. Жүйе ретіндегі ұлттық экономика. | |
Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу. | |
Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық. | |
Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары. | |
Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты. | |
Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. |
тақырып. Сабақтың тақырыбы: Экономикалық теорияның пәні және әдістері.
Үй тапсырмасы
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз
1. Жүйелі ғылым ретінде қалыптасқан экономикалық теория қандай негізгі кезеңдерден тұрады?
2. Меркантилистік мектептің кемшілігі неде?
3. Физиократтардың негізін қалаушы кім және олардың алға қойған мәселесінің мәні неде?
4. Экономикалық теорияның зерттеу пәніне не жатады?
5. Экономикалық теорияның басқа ғылымдармен байланысы қандай?
6. Экономикадағы шектеулі мүмкіншіліктер қалай шешіледі?
7. Экономикалық теория неліктен гуманитарлық ғылымдар қатары на жатады?
8. Экономика ғылымының әдістемесі дегеніміз не?
9. П.Самуэльсон бойынша экономикалық теория пәніне не жатады?
10. Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмашылықтары қандай?
11. Экономикалық категория дегеніміз не?
12. Экономикалық заңдар ұғымын қалай түсінесіз?
13. Экономикалық заңдардың қандай түрлерін білесіз?
Тест тапсырмалары
Нұсқа 1
1. Маржиналистік бағыттағы экономистер қолданбайтын термин:
A) құндылықтың шегі;
B) пайдалылық;
C) экономикалық игілік;
D) шекті шығындар;
E) шекті өнімділік.
2. Саяси экономия терминің ең алғаш өз еңбегінің атауы ретінде ғылыми қолданысқа енгізген:
A) Адам Смит;
B) Аристөтель;
C) Антуан де Монкретьен;
D) Карл Маркс;
E) Альфред Маршалл.
3. Берілген теориялардың қайсысы К. Маркс іліміне тән:
A) шекті пайдалылық теориясы;
B) қосымша құн теориясы;
C) экономикалық өсу теориясы;
D) монетаристік теория;
E) субьективті құндылықтар теориясы.
4. Экономия атауын алғашқы болып ұсынған:
A) В.И.Ленин;
B) Аристөтель;
C) К.Маркс;
D) Ксенофонт;
E) Ф.Энгельс.
5. Төмендегі экономистердің қайсысы алғаш рет экономикалық кестені жасады:
A) А.Смит;
B) К.Маркс;
C) Д.Рикардо;
D) Ф.Кенэ;
E) А.Тюрго.
6. Экономикалық теория пәнін ең толық ашатын анықтаманы таңдаңыз:
A) экономика қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын зерттейді;
B) экономика тауарлардың өндірісі мен бөлінісін камтитын іс-шараларды зерттейді;
C) экономика халық шаруашылығына әсер ететін экономика өлшемдерін (баға, өндіріс, жұмыссыздық және т.б.) зерттейді;
D) экономика ақша, банк жүйесін, капиталды зерттейді.
E) экономика қоғам мүшелеріне қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіруде қолданылатын шектеулі ресурстардың тиімді пайдаланылуын зерттейді.