Мұхамеджан Тынышбаев 9 страница
57.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еібегінің маңызы.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті. Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз; жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз». Н.Назарбаевтың сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі болған көпвекторлы саясат әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және ел үшін практикалық маңызы бар барлық мемлекеттермен достық және болжана алатын өзара қарым-қатынастарды дамытуды көздейді.
58.ҚР –ның рәміздері – туды, елтаңбаны, әнұранды бекіту.
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді.Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер– оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
ҚазақстанHYPERLINK "http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem"HYPERLINK "http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem"РеспубликасыныңHYPERLINK "http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem" HYPERLINK "http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem"МемлекеттікHYPERLINK "http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem" HYPERLINK "http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem"әнұраны
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
59.1993ж 28 қаңтарда қабылданған ҚР Конституциясының тарихи маңызын ашып көрсетіңіз.
1993 жылы қаңтардың 28-де тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының талқылау және қабылдау жөніндегі жұмыстары аяқталған болатын. Сол күні Жоғарғы Кеңестегі 312 депутаттың 309-ы Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдау жөніндегі ұсынысты қолдап, дауыс берді және ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тұңғыш Конституцияның түпнұсқа мәтіні табыс етілді.Бірақ уақыт өте келе тұңғыш Конституцияның кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалып, екі жыл өткеннен кейін қолданыста жүрген қазіргі Конституция қабылданды. 1995 жылғы 30-тамызда жаңа Конституция өмірге келгеннен бері 1993 жылғы қаңтардың 28-інде қабылданған ҚР Конституциясының мәтіні мемлекеттік мұражайда сақталып тұр.Төрт бөлімнен тұратын Негізгі Заң 21 тарау 131 баптан тұрды. 1993 жылғы Конституция Президенттің позициясын айтарлықтай күшейтті. Бұл құжаттың қабылдануымен Президент тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар елдің атқарушы билігінің бірыңғай жүйесінің басшысы болды. Конституцияда Қазақ КСР-ның заңнамасына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президенті мен Вице-Президентінің өз өкілеттіктерін кезекті президент сайлауына дейін сақтайтындықтары ерекше көрсетілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының президент лауазымына қатарынан ең көп екі мәрте сайлана алатыны туралы ережесі Қазақстан республикасының Президенті үшін-де күшінде болды. Президент Жоғарғы Кеңестің келісімін алып барып қана Премьер-Министр лауазымын және басқа мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларын бекітіп, қабылданатын заңдарға қол қоя алатын еді.1993 жылғы Конституция өтпелі кезеңнің ахуалын сипаттайтын құжат реттінде, жүріп жатқан реформаларға байланысты міндеттерді,, әлеуметтік –экономикалық және саяси мәселелерді шешуге бағытталды.Және де Негізгі заңда ҚР-дағы мелекеттік тіл –қазақ тілі екендігі, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі днп анықталды.Сонымен бірге басқа тілдерді де қолдауға, оларды қолдану аясының кеңіп, еркін дамуына кепілдік берілді.
60. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр конституциясын қабылдау
Конституциялық комиссияның қажырлы да ұзақ еңбегінің нәтижесінде 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі жариялы түрде дауыс беру арқылы түгелге жуық көпшілікпен Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды. Уақыт өте келе бұл Негізгі Заң өзінің әлсіз тұстарын көрсете бастады. Ал 1995 жылы 30 тамызда ҚР Президентінің жарлығына сай Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. 89,14% сайлаушылардың қолдауымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Қолданыстағы Конституцияда мемлекет адам құқықтарына шынайы кепілдіктер берген. Олар: әрбір азаматтың еңбек ету және кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігі; заң бойынша мөлшермен тегін медициналық көмек алуға; тегін орта білім алуға; діни – сенім бостандығы; конкурстық негізде ақысыз жоғары білім алуға; әлеуметтік қамсыздандыру. Бүгінде осы конституциялық негіздер әрбір Қазақстан азаматының өмірінен берік орын алды. Қазіргі қолданыстағы Конституция адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітіп, еліміздің азаматтарының құқық алдындағы теңдігін қамтамасыз етті. Бұл принциптер мемлекетіміздің экономикалық - әлеуметтік дамуына, іргесі мықты, азат ел құруға негіз болды.
93 пен 95 жылғы конституцияның айырмашылығы
Тұңғыш Конституция оның саяси маңыздылығына қарамастан көптеген түбегейлі мәселелерге жауап бере алған жоқ және қарама-қайшылықты болды. Жекелеген қағидалары қоғамда біржақты емес реакция ду туындатты. Қарастырылған мемлекетті ұйымдастыру ісі үшжақты билік синдромы мен ішкі қақтығыстардан қорғалған жоқ.
Жаңа Конституцияда адамдарды толғандырған сауалдарға жауаптар қамтылған. Ақыл-ойдың астан-кестең болып, билік тармақтары арасындағы үздіксіз дағдарыс кезеңі азаматтардың өз болашағына, өз балаларының болашағына, қоғам мен мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен жанжалсыздығына деген сенімі дәуіріне алмасты. Адам құқығының үстемдігі, сондай-ақ демократиялық, зайырлы, құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет мұраттарымен байытылған жаңа конституциялық кеңістік біртіндеп қалыптасты. Ата заң үстемдігі елдің зайырлылығын кепілдендіреді, оның құқықтық жүйесін жат әрі қауіпті құбылыстардың кіруінен қорғайды. Негізгі заң идеологиялық әрі саяси көптүрлілікке, пікір алуандығы мен меншік формаларының теңдігіне, мемлекеттік тілді дамытуға, орыс және Қазақстан халқының басқа тілдерін қолдануға, халықаралық құқық ұстанымдары мен нормаларын құрметтеуге кепілдік береді. Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқығы және бостандығы жиынтығы адам құқығы туралы халықаралық биллге сәйкес келеді әрі барлық азаматтардың тең құқылығына негізделеді. Бірлік пен биліктің бөлінуіне негізделген басқарудың президенттік формасы барлық тармақтағы органдардың бірлескен жұмысының ортақ нәтижесін - елдің өрлей дамуын қамтамасыз етеді.
61. Президенттің Қазақстан халқына алғашқы жолдауы «Қазақстан 2030»
1997 жылдың 10 қазанда ҚР Президентi Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған ең алғашқы Жолдауын жариялады «Қазақстан-2030». 2030 жылға қарай «Орталық Азия барысына» айналуды көздеді. Дамыған 50 елдің қатарына қосылу және соның жолында бар мүмкіндік пен ерік-жігерді жұмылдыру – Стратегияның ең басты мақсаты болды. Оның орындалу барысы кезекті жыл сайынғы Жолдауға дейін сарапталып отырды. Әр жылдағы халыққа арналған Жолдау «Қазақстан – 2030 » Стратегиясында көтерілген мәселелерден алына отырып, жеке дара кеңейтіле қарастырылып, уақыт талабына сай мақсаттарға қол жеткізу жолында міндеттер жүктеп отырды.
Жалпы, «Қазақстан стратегиясы-2030» төрт кезеңге бөлінді: 1997-2000 жылдар - дайындық кезеңі, 2000-2010 жылдар - бірінші кезең, 2010-2020 жылдар - екінші кезең және 2020-2030 жылдар - үшінші кезең. Осы кезеңдер аяқталған кезде Қазақстан дамыған елдер санатына енуі керек.
«Қазақстан – 2030» стратегиясы 7 бағыттан құралып, республиканың саяси-экономикалық, құқықтық-демократиялық, әлеуметтiк-мәдени және рухани дамуының ұзақмерзiмдi жоспарын қамтыды. 7 бағыт:
• Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
• Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
• Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
• Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
• Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
• Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
• Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Осы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін Президент Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында ел алдындағы аса маңызды жаңа міндеттерді белгілеп отырды. «Алдымен – экономика, cодан соң – саясат» деген айқын жолмен ілгерілеп жүрдік. Стратегия-2030 қабылданған 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі жағынан әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кірдік. 2006 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын айқындаған болатын. Бұл межеге 2013 жылы жеттік. 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті. 1999 жылдан бастап ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7,6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетті. Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды. Шикізат ресурстарынан түскен кіріс Ұлттық қорда жиналды. Осы жылдар ішінде халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болып қала берді. Сөйтіп, 15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайып, жұмыссыздар саны екі есе қысқарды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды. Ұлт денсаулығын жақсарту, білім беру ісінде едәуір ілгерілеуге қол жеткіздік. Міне, бұл 2012 жылғы көрсеткіштер. Осылайша, «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы негізгі міндеттерді республика мерзімінен бұрын орындады. Жаңа сын-қатерлерді лайықты қабылдау үшін ендігі жерде 2030 стратегиясының аясы жеткілікті емес. Сондықтан Президент осы жылдың соңында «Қазақстан-2050» стратегиясын жариялайды.
62. Назарбаевтың « Нұрлы жолы- Қазақстандық даму жолы» негізгі құндылығы және бірегейлігі
63. 2008 жылғы 6 ақпандағы ҚР президентінің қазақстан халқына «Қазқстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жолдауының негізгі идеяларын түсінліріңіз
Құрметті депутаттар,
мәжіліске қатысушылар, меймандар!
Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз.
Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менің тапсырмам бойынша Үкімет экономиканы орнықты өсіру бойынша шаралар қабылдады.
Қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді мына басым бағыттарда шешу үшін жұмылу қажет.
Бірінші – өндіруші сектор.
Мұнай-газ саласындағы басты бағыт – мемлекеттің халықаралық мұнай және энергетика рыноктарына ықпалды және жауа пты қатысушы ретіндегі ұстанымын күшейту.
Бұл үшін біз энергетика саласының стратегиялық маңызды буындарына мемлекеттің ықпалын дәйектілікпен күшейтеміз. Біз қазірдің өзінде Қашаған, Құм көл мұнай кен орындарын, Богатырь көмір разрезін, т.б. игеруде қазақстандық үлесті ұлғайттық.
Бұл біз үшін және қосымша құн салығы үлесі жоғары дайын өнімді халықаралық рынокқа шығаруды қамтамасыз ету үшін аса маңызды.
Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.
“Самұрық” холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауытиіс. Бұл үшін қазіргі тау-кен металлургия компаниялары акцияларының мемлекеттік пакеттерін бір жағына шығарып, оларды нақты басқаруға кірісу, сондай-ақ сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, қара және түсті металдардың барланған кен орындары қойнауын пайдалану құқығын өз қолымызға алуымыз қажет.
Үкіметпен бірлесіп, жаңа кен орындарын барлау мәселесін шешу қажет.
Екінші– экономиканың негізгі секторларын озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету.
Үкіметке электр энергетикасын, тасы малдау жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл секторлар бүгінде Қазақстан экономикасы дамуына анық “ілесе алмауда”.
Экономика мен тұрғындарды электр энергиясымен қамтасыз ету саласындағы бірінші кезектегі міндеттер Балқаш ЖЭС-ін, Екібастұз ГРЭС-2-нің үшінші энергоблогын, Мойнақ ГЭС-і және басқаларын салу құрылысы болып табылады.