Скери демократияның қалыптасу мәселелерін анықтаңыз? 3 страница
Ғалымдардың пікірінше, палеолит пен мезолит дәуірінде әйелдер ерлерге қарағанда қысқа өмір сүрген, оның себебі бала туу кезіндегі әртүрлі жағдайлар әсерінен деп түсіндіріледі. Осыған байланысты, алғашқы адамдардың қауымдарында ересек аталық организдер аналықтарға қарағанда көбірек болған.
. Табиғи жағдайларда тіршілік ететін маймылдарда ұрғашылары үшін таласу кездеспейді. Павиандардың қауымдарында ересек аталықтары мен аналықтары сандарының қатынасы 1:2 немесе 1:3 болған. Бұндай қауымдарда павиандар бұл үшін таласпаған. Тек бір ғана қауымды үш аталық басқарған және онда үстемдік етуші көсем болмаған, олардың алтауына 7 аналықтан келіп, әдетте белгілі бір кезеңде бос аналықтардың біреуі ғана экструс күйін басынан өткізіп, аталықтарының арасында осы аналық үшін талас туатын. Осындай таластар кезінде олар бір-біріне біраз зақым келтіретін болған.
Бұл қауымдағы күрестер мен конфликттердің негізгі себебі, ондағы павиандардың жыныстық арақатынастарының ерекшелігінен болды.
Сонымен, алғашқы адамдардың қауымдарында аналықтарға қарағанда аталықтары көп болды, олай болса олардың арасында аналықтар үшін күрес те жиі болған болуы керек.
Оңтүстік африкалық австралопитектердің Р.Дарт сипаттаған материалдарында Стеркфонтейн мен Макапансгаттан табылған 16 бас сүйектердің барлығында да жарақаттар болған. Бұл алғашқы адамдардың сол кезде – ақ түрлі қарулар қолданғандарын көрсетеді. Алғашқы қауымдар эволюциясының ертедегі кезеңдерінде жұптар болғанымен, олардағы жыныстық қатынастардың қалыптасуын немесе ыдырауын реттейтін ешқандай әлеуметтік нормалар (ережелер) болған жоқ. Оның үстіне, олардағы ерлердің саны әйелдерге қарағанда көп болды. Бұндай жағдайда жұптардың болуы еркектер арасында бәсекелестік туғызды. Ер адамдардың бас сүйектеріндегі жарақаттарды зерттей отырып, архантроптардың ертедегі қауымында әйелдер үшін қанды қақтығысулар болып тұрғанын аңғару қиын емес.
21.. ..22..Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.
Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.
Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін және неолит 5 мың жыл бұрын бітті. Қола дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы жылдың басына дейін, темір ғасыры басталғанға дейін созылды. Қола дәуірінен бастап алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан көне дәуір өркениетінің ескерткіштері негізінде уақытты календар бойынша белгілеу пайда болды .
Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Алғашқы қауымның ерте кезеңінде тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін шаруашылық болды.
Бұл типологиялық қатар – алғашқы қауым (алғашқы адам үйірй отары), ертедегі және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді.
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері – туыстар мен туыстық қауымлар пайда болды. Дәл осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның негізгі белгілері - өндірістегі ұжымшылдық, жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т.б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі – ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі) және неолит.
Алғашқы қауымдық кезең - қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым – кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен сипатталады.
Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке үй шаруашылығы меншіктері мен теңдей бөлу еңбегіне қарай бөлумен алмасып, қауымдық-туыстық байланыстар үзіліп, алғашқы қауымдық - көршілік түрлері пайда болды. Эксплуатацияның алғашқы нысандары пайда болып, олармен бірге негізгі өнім қоры - қосалқы өнімге айнала бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің бастамасы түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі, кейбір қарқынды дамыған қоғамдарда неолит кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда металдық кезеңнің біршама бөлігіне сәйкес келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі - қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы – 5 мыңдай жыл бұрын байқалған делінеді. Ал нашар дамыған қоғамдар бұл кезеңді әлі күнге дейін өткен жоқ.
Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық және палеоантропологиялық схемалардың аса маңызды буындарымен төмендегіше салыстыруға болады. Бұл кезеңдердің абсолютті (нақты) жасын айту қиын, себебі, біріншіден, олардың археологиялық және палеоантропологиялық кезеңдермен арақатынасы жөніндегі көзқарастар түрліше, екіншіден, ертедегі алғашқы қауымдық кезеңінен бастап, адамзат қоғамы біртекті дамыған жоқ, соның әсерінен жоғарыда айтылған әртүрлі қоғамдар қалыптасты.
Кестеде берілген шкала адамдар жасаған және қолданған құралдар негізінде жасалған. Тас дәуірі– тастан жасалған құралдарды пайдалану кезеңі болды да, ол палеолит (ертедегі тас дәуірі), төменгі палеолит (австралопитектер мен “тік жүретін адам” ), ортаңғы палеолит (неандерталдықтар), жоғары палеолит (38 мың жыл) - “саналы адамның” үңгірлерде тіршілік етуі кезеңдеріне бөлінді. Мезолитте (ортаңғы тас) қоғамдық құрылымның аң аулау, жинау түрі басым болды.
Неолитте (жаңа тас дәуірі) 9-5 мың жыл бұрын аса маңызды оқиға орын алғандығы белгілі, ол неолит революциясыдеген атқа ие болды. Нақты айтқанда – жабайы жануарларды қолға үйретті, өсімдіктер өсіру, бір орында тұрақтап тіршілік ету қалыптасты. Аң аулау – жинау шаруашылығы мал, егін өсіру шаруашылықтарына айналды. й жануарлары мен мәдени өсімдіктердің жасанды сұрыптау мен гибридтеу нәтижесінде алынған тұқымдары мен сорттары, мата тоқу, металлургия т.б. пайда болды.
Мәдени дамудың келесі кезеңдері “үштік ғасыр” деп аталатын – мыс, қола, темір ғасырларынан тұрады. Олардың әрқайсысы кейіннен белгілі болғандай, белгілі бір кезеңдерді басынан өткізіп, жекелеген мәдениеттің даму кезеңдері болып, олардың уақыты әр мәдениеттің даму уақытына сәйкес болды. Осы “ғасырлардың” ауысу реті әр жерде және жалпы бұл жүйені қазіргі кезде көпшілік мойындамай отыр, бірақ оның орнына жетілдірілген басқа жүйе әлі жасалған жоқ.
23... Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған — атақты американ этнологі Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын жабайылық, тағылық (варварлық ) және өркениеттік (цивилизация) деп үш кезеңге бөлді. Аталған әрбір кезеңде адамзат баласы өзінің дамуы барысында белгілі бір жетістіктерге жетіл отырды. Мысалы, жабайылық кезеңінде адамзат калыптасу үдерісінен өтіп, өзара қатынас құрды — сөйлеу тілі пайда болды, отты бағындырды, балық аулауды игерді, садақ пен жебені пайдаланды. Тағылық кезеңде адамзат баласы құмыра жасауды, егін салу мен мал бағуды үйренді, темірді өзіне бағындырды, ал өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққаннан басталады. Л.Г.Морган адамзат баласы тарихын эволюцияльқ даму тұрғысынан карастырып, тарих кезеңдерін материалдық өндірістегі белгілі бір жетістіктермен байланыстырды. Оның бұл бағыты кейінгікезендерге бөлу ісіне дұрыс жол сілтеді.
Тас дәуірінің кезеңдерін жете түсіну үшін, осы дәуірдің геологиялық, археологиялық деректерін нақты білу қажет-ақ. Геологиялық кезеңге бөлу бойынша, шамамен 67 млн жыл бүрын кайназой дәуірі басталды. Осы дәуірде жер бетінде сүтқоректі жануарлар, құстар, әр түрлі өсімдіктер пайда болды. Кайназой дәуірі үштік және төрттік кезеңдерге бөлінеді. Адамзат баласының тарихы осы төрттік кезеңмен байланысты.
Палеолит Олдувай кезеңінен басталады. Олдувай кезеңі мөлшермен б.з.д 2,5-млн жылдықтан 840-мыңжылдыққа дейін; шелль-ашель кезеңдері б.з.д 840-мыңжылдықтан 140-мыңжылдыққа дейін созылады. Ашелль-мустье дәуірі 140—40-мыңжылдықтар арасын алып жатыр. Соңғы палеолитке (мустье) б.з.д 40—12-мыңжылдыктар жатады.
Бүгінгі таңда бір топ ғалымдар палеолит дәуірін: ерте (төменгі) палеолит, орта палеолит және соңғы (жоғары) палеолит деп үш үлкен кезеңге бөлсе, енді бір топ ғалымдар палеолитті: ерте (төменгі) палеолит жөне соңгы(жоғары) палеолит деп екі үлкен кезеңге бөледі.
Палеолитті үш кезеңге бөлушілер ерте (төменгі) палеолитке олдувайдан бастап кейінгі ашельге дейінгі кезеңді, ал мустьені — орта немесе соңғы палеолитке жатқызады. Сонымен бірге соңғы немесе жоғары палеолитке — оринъяк, солютре, мадлен мәдениеттерін жатқызады. Екі топтағы археологтардың бұл мәселедегі таласы мустье кезеңіне байланысты екен, біреулері оны палеолиттің орта дәуірі деп есептесе, екіншілері мустьені соңғы палеолитке қосып жібереді. Тас дәуіріне арналған еңбектерде ғалымдар кейде геологиялық, кейде археологиялық мәліметтерді пайдаланады. Сондықтан жер тарихының геологиялық және археологиялық кезеңге бөлінуін салыстыра білу қажет. Геологиялық кезеңге бөлуге сүйенсек, плейстоцен толығымен палеолитке және жартылай мезолитке сөйкес келеді. Ал голоцен (мұз қайтқаннан кейінгі дәуір) неолит заманына сай келеді.
24.Адамның шығу тегі мен эволюциясын, оның жануар ата-тектерінің тіршілігі қандай биологиялық заңдылықтарға тәуелді болғанын, биологиялық заңдылықтардан әлеуметтік заңдылықтарға көшу процесін зерттеумен жаратылыстанудың саласы – антропология (грек тілінен anthropos – адам) – айналысады. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Адамның, адам болып қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған әлеуметтік тарихи жағдайлар әсер етеді. Антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұрады.
Антропогенез – жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны мен адамның адам болып қалыптасуын зерттейді.
Морфология- әрбір адам типінің өзгерісін жасқа байланысты өзгеруін, жынысқы байланыстыөзгеруі, жынысқа байланысты белгілерін және тұрмыс жағдайын зерттейді.
Этникалық антропология - өткен дәуірден және қазіргі жер шарындағы халықтың антропологиялық құрамын, нәсілдік қалыптасуын, көшіп қону тарихын зерттейді.
Физикалық антрополгия – адамның физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерімен олардың әртүрлі өзгерістерін зерттейді.
Адам жануарлар дүниесіне жатады деген ұғым зерттеушілердің ойында болғанымен, оны сол кездегі діннің дамуына байланысты идеалистік көзқарасқа қарсы шығу мүмкін болиады. Бірінші болып жануарларды жіктеудің негізін қалаған К.Линней, түр өзгермейді деген ұғымнан таймаған. Ол «адамды жаратушы құдай» деген ұғымнан таймаған. Ол адамдарды приматтар отрядына, сүтқоректілер класына жатқызған. Осы отрядқа Линней, маймыл мен жартылай маймылдарды да кіргізген. К.Линнейдің ұсынысы бойынша адам туыстық және түрлік атаққа ие болды (Homo sapiens – человек разумный – ақалды адам).
25. Адамның табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ған түсіндіруге болады. Материалистік көзқарас Римнің натурфилософы Лукреция Караның «Зат тұрғысы» - «О природе вещей» атты шығармасында берілген.
Адам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай табиғи әсерлердің нәтижесінде ертеде тіршілік еткен адамтектес маймылдардың денесінде елеулі анатомиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Адамтектес маймылдар бірте- бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қолдары еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыпталу адамдардың жеке топтарының еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуіне, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасалуына колайлы жағдай туғызды.
«Түрдің шығу тегі» деген еңбегінде Ч.Дарвин болашақта эволюцияның ілім, адамның шығу тегін анықтауға үлесін қосады деп көрсетті. 1871 жылы «Адамның тегі» деген Ч.Дарвиннің жаңа кітабы шықты. Осылайша, антропогенез теориясының биологиялық негізі қаланды. Бірақ, «Ақылды адамның» шығу процесі биолигиялық проблема емес деп ойлаймын. Адам эволюциясының негізгі факторы еңбек ету. Антропогенездің еңбекке байланысты теориясын ұсынған және дәлелдеген Ф.Энгельс. Адамның шығу тегі туралы сұрақ осы күнге дейін идеологиялық күрес аренасы. Күмәні жоқ дәлелдемелердің қысылуымен адамның агтропоморфты бастамалардан шыққаны мойындалды. Фридрих Энгельс Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде жекелей сұрыпталумен бірге, топтық сұрыпталу жүріп отырды. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820—1895) өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.
Ол: "Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз",-деді.
26. Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
1.мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);
2.Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);
3.Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);
4.Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);
5.Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);
Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеум. ұйымдасу мен реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді. Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және батыс деп бөліп, “ғаламдық Өркениет” және “техногендік Өркениет” ұғымдары да қолданылады.
27. Неандерталь адамы (Homo neanderthalensіs) – қаңқа қалдықтары ғана сақталған ертедегі адамдардың жеке тобы. Олар ауызекі сөзде ертедегі адамдар, ал ғылыми әдебиеттерде палеоантроптар (грекше “palaіos” – ертедегі “anthropos” – адам) деп аталады. Адамның тарихи даму кезеңінде Неандерталь адамы ежелгі адамдар (архантроптар) мен қазіргі адамдардың (неоантроптар) арғы тегін жалғастырушылар деп есептеледі. Неандерталь адамының ең алғашқы қаңқасы 1856 жылы Батыс Германиядағы Дюссель өзенінің Неандерталь аңғарынан табылды. Сондықтан да оны ағылшын геологі Вильям Кинг 1863 жылы “Неандерталь адамы” деп атауды ұсынды. Неандерталь адамдарының қаңқа-қалдықтары кейін Еуропаның, Африканың және Азияның көптеген аймақтарынан табылған. Ғалымдар бұл қаңқа қалдықтарын зерттеудің нәтижесінде Неандерталь адамының екі бағытта дамығанын анықтады. Олардың бір тобының дене тұрқы ірі, бұлшық еттері өте жақсы дамыған, маңдайы тайқы, шүйдесі қысқа, қабағы шығыңқы, иегі айқын білінбейді және тістері ірі, әрі жалпақ болған. Миының салмағы орташа 1400 – 1500 грамм. Олар топ құрып, бір-бірімен жеке сөздерді пайдалану арқылы қарым-қатынас жасаған. Неандерталь адамының екінші тобының маңдайы тіктеу, әрі биік, қабағы онша айқын емес, жақ сүйектері жұқа, иегі жақсы дамымаған. Дене тұрқы бірінші топтағылармен салыстырғанда шағын, миының маңдай бөлігі үлкен. Олар топтанып ірі жануарларды аулаған, отты пайдалана білген. Орта жағдайларының қолайсыз мерзімдерінде аулаған жануарларының терісін үстеріне жамылып, үңгірлерге тығылған. Антрополог ғалымдардың пікірі бойынша Неандерталь адамдары бұдан 300 – 350 мың жыл бұрын Еуропада, Африкада және Азияда өмір сүрген. Қазіргі кезде олардың 400-ден астам қаңқа қалдықтары Франция, Бельгия, Қырым, Солтүстік Кавказ, Израиль, Ирак, Өзбекстан, т.б өңірлерден табылды. Олар өсімдіктердің тамырларын, жемістерін жинап, аң аулаумен шұғылданған. Тастан, сүйектерден еңбек құралдарын жасап, өлген адамдарды жерлеу рәсімін қалыптастырған. Олардың арасында бірін-бірі жеу (каннибализм) орын алды. Неандерталь адамы орташа есеппен 30 жас өмір сүрген. Неандерталь адамдарының қаңқа қалдықтары Қазақстан жерінен әзірше табылған жоқ, бірақ олардың қоныс орындары, пайдаланған еңбек құралдары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, т.б. өңірлерден анықталды.
28-31
32.Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Чарлз Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:
1.ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;